Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M03207 IT Архивтану және құжаттану в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Құжаттанудың теориялық мәселелері
    Несиелер: 6

    Мақсаты - магистранттардың құжаттанудың теориялық және методологиялық мәселелерін және оларды шешу жөніндегі ұсыныстарын талдау қабілетін қалыптастыру. Құжаттанудың ғылым ретінде дамуы. Құжаттау және құжаттың пайда болуы үдерістерін құқықтық және нормативтік реттеудің теориялық аспектілері. Құжаттанулық зерттеулердегі басқару құжаттамасын жіктеу мәселелері. Қолданбалы құжаттық әзірлемелерде жүйелік тәсілді қолдану және т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін базалық білім мен дағдылар жүйесін қалыптастыру. Ғылыми мақаланы ұйымдастыру, ғылыми жарияланымдардың халықаралық жүйесі, халықаралық ғылыми жарияланымдар жүйесіндегі авторлық құқықтар, Халықаралық ғылыми жарияланымдар жүйесіндегі библиометрикалық (ғылымиметрикалық) индикаторлар: ғылыми дәйексөз алу индексі және импакт-фактор қарастырылатын болады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқарудағы ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - басқарудың ақпараттық жүйелерін пайдаланудың практикалық мәселелерін шешуде теориялық білім мен оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру. Ақпараттық жүйе түсінігі. Басқарудың ақпараттық жүйелерінің құрамы, құрылымы, жіктелуі, сипаттамалары. ҚБҚ АЖ автоматтандырудың негізгі кезеңдері. ЭҚЖ негізгі бағдарламалық өнімдері. Құжатталған ақпаратты басқарудың автоматтандыру теориясы мен тәжірибесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: магистранттарда іскерлік және ғылыми салаларда қарым-қатынас жасауға қажетті дағдыларды қалыптастыру, халықаралық ғылыми ұжымдарда ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге мүмкіндік беретін коммуникативтік құзыреттіліктерді жүзеге асыру. Мыналар зерттелетін болады: ауызша, жазбаша және электронды коммуникация әдістері; ағылшын тілінде өнімді кәсіби маңызды мәтіндерді құру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұйымдарда құжаттарды басқару технологиясы
    Несиелер: 6

    Мақсаты: магистранттардың базалық (желілік / компьютерлік) құжаттарды басқару технологияларын модельдеудің негізгі принциптерін сипаттау және бағалау мүмкіндігін, сондай-ақ оларды қазіргі заманғы ҚБҚ-да сұранысқа ие ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуде қолдануға қабілетін қалыптастыру. Ұйымда құжаттарды басқару әдістері мен технологиялары, құжаттардың құрамын ретке келтіру қағидалары; басқарудың ақпараттық-құжаттамалық қамтамасыз етудің даму үрдісі және т.б. қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: магистранттарда ғылыми менеджменттің заманауи психологиялық тәсілдерін қолдану үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Мыналар оқытылады: басқарушылық өзара әрекеттестіктің теориялық негіздері, негізгі басқару функцияларын жүзеге асырудың психологиялық ерекшеліктері, басқарушылық қызмет субъектісінің психологиясы, басқару саласындағы психологиялық зерттеу әдістері. белсенділік пен өзара әрекеттесу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Археографияның теориялық-методологиялық мәселелері
    Несиелер: 6

    Мақсаты - магистранттардың археографиялық қызметтің түрлі салаларында теориялық білім мен практикалық дағдыларын, жарияланған архив құжаттарымен жұмыс жасаудың негізгі заңдылықтарын жүйелі тұрғыда талдау қабілетін қалыптастыру. Археографиялық теориялар, құжаттық басылымдағы құжаттарды жүйелеу, құжаттық басылымдардың типологиясы, құжаттық басылымның моделі, оны дайындау, құжаттық басылым тарихи және археографиялық түсінік ретінде және т.б. қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Архив құжаттарына қол жеткізудің сандық технологиялары
    Несиелер: 9

    Мақсаты: архив ақпаратына қол жеткізуді қамтамасыз етудің заманауи нысандары мен жолдары, ғылыми айналымға архив құжаттарын енгізу, Қазақстан архивтерінің ақпараттық қызметі, «Архив 2025» бағдарламасы және оның құжаттық мұраны насихаттаудағы рөлі туралы кешенді түсінік беру. Курсты оқыту барысында архив ісі үрдісінде нормативтік-методикалық базаны қолдану, компьютерлендіру формасы, әдісі және әдістемесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құжаттамалық база мәліметтерінің жобалау методологиясы мен технологиялары
    Несиелер: 9

    Мақсаты: компьютерлік ортадағы құжаттық мәліметтер базасын жобалау және жасау, каталогтық МБ мен электрондық МБ айырмашылықтары, ерекшеліктері, кемшіліктері мен артықшылықтарын ажырата білу. Мәліметтер банкі, құжаттық ақпараттар мәліметтер базасының типологиясы, ақпараттық сақтау қоймалары, нысанға негізделген мәліметтер базалары, құжаттық мәліметтер базасының ерекшеліктері, мазмұнды басқару, танымал құжаттық мәліметтер базалары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: ғылымның пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын, қазіргі ғылым философиясының негізгі концепцияларын түсінуге және анықтауға қажетті құзыреттіліктерді магистранттарда қалыптастыру. Мыналар зерттелетін болады: әртүрлі фактілер мен құбылыстарды талдау және бағалау үшін ғылым философиясының ұстанымдары мен категориялары;ғылыми зерттеу құрылымындағы мәселенің,гипотезаның, философиялық, жалпы ғылыми, арнайы, қолданбалы және пәнаралық әдістеменің функцияларын; тұтас жүйелі ғылыми көзқарасты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи құжаттың құнын бағалау
    Несиелер: 9

    Мақсаты: магистранттардың экономика тұрғысынан тарихи құжат тарихи мүлік объектісі ретінде, тарихи мүліктің нарықтық құны туралык, сақтандыру, сатып алу, сату мақсаттары үшін мүлік объектісі ретінде бағалау әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру. Тарихи құжатты бағалаудың теориялық және пракикалық негіздері. Бағалау әдіснамасы және әдістері. Құжаттардың физикалық жай-күйіне бағалау жүргізу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Электронды құжаттардың құндылығын сараптау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты магистранттардың электрондық құжаттарды сараптау және оларды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде жұмыс істеу дағдылары мен теориялық білімін қалыптастыру. ЭҚ сараптау ерекшеліктер. Ақпараттық жүйелердегі сараптамалық жұмыстарды автоматтандыру үдерістері, мүмкіндіктері, кемшіліктері, перспективалары. Архивердегі электрондық құжаттардың құндылығын сараптау принциптері мен өлшемдері. Сараптамалық қорытынды және т.б. қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Архивтанудың теориялық мәселелері
    Несиелер: 9

    Мақсаты - қазіргі заманғы қоғамдағы құжаттардың рөлі мен орнын көрсететін әртүрлі теорияларды, тұжырымдамаларды, ережелерді қалыптастыру, мемлекеттіліктің және экономиканың дамуы тұрғыда архивтану теориясының архив тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ету туралы түсініктерін қалыптастыру. Құжат теориясының архивтанулық аспектісі. Қорландыру мәселелері. Архив құжаттарын жіктеу, сипаттау және пайдаланудың теориялық негіздері және т.б. қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Архив мекемелерін басқару үдерістерін жобалау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты магистранттардың архив ісін басқару және архив жұмысын жобалау туралы теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Архив ісін басқару. Қазақстанның арив мекемелерін басқарудың әдістері мен формалары. Шет елдердегі архив ісінің экономикасы. Архив ісін басқарудың нормативтік-құқықтық және әдістемелік негізі және т.б. қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құжаттарды сақтау және пайдаланудын «бұлтты қызметтері»
    Несиелер: 9

    Мақсаты - магистранттардың архивтерде жұмыс жасау үшін «бұлтты сервистер» туралы түсініктерін қалыптастыру, электрондық мемлекеттік басқару саласында білім беру және оларды ЭҮ құжаттық коммуникацияларды басқарудың практикалық міндеттерін шешуде қолдану. Деректерді «бұлтты» сақтау мәліметтерінің сипаттамасы. Бұлтты технологиялардың пайда болуы. Бұлтты сақтау қоймаларына шолу. «Бұлтта» файлдарды сақтау қауіпсіздігі. Қолжетімді сервистерді салыстырмалы талдау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON4

    Кәсіпорында электронды архив құру бойынша жұмыс жобалары мен бизнес-сұлбаларды моделдеу және БҚҚ және архив ісі үшін бағдарламалық өнімдер мен технологиялық шешімдерді ұсыну.

  • Код ON10

    Архив құжаттарының мәтіндерін сканерлеу, тану үшін техникалық құралдарды таңдау әдістемесін пайдалана отырып, архив материалдарын цифрлаудың заманауи құралдарымен жұмыс істеу және оларды жариялауға дайындау.

  • Код ON8

    Қолданыстағы нормативтік, құқықтық, әдістемелік база негізінде мекеменің (ұйымның) электронды архивін құру, құжаттарды электрондық форматқа айырбастаудың негізгі процедуралары мен технологиясын білу, құжаттардың электронды мәліметтер базасына сақталуын қамтамасыз ету және архив ісінде бұлтты серверлерді пайдалану жөнінде оңтайлы шешімдерді ұсыну.

  • Код ON3

    Халықаралық және ұлттық стандарттар, нормалар, ақпараттық қауіпсіздік ережелері негізінде құжаттарды басқару жүйелерін құру.

  • Код ON6

    Мекемелер мен мемлекеттік архивтердің ақпараттық жүйелерінде ақпаратты қорғау әдістері мен технологияларын ұсыну.

  • Код ON5

    Ұйымдарда электронды архивтерді құрудың жобалар бойынша сараптамалық қорытынды жасау, теориялық және практикалық білім негізінде БҚҚ жетілдіру жолдарын ұсыну.

  • Код ON11

    IT құжаттану, архивтану және археография салаларында қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде қазіргі заманғы әдіснаманы және практикалық тәжірибені пайдалана отырып, ұсыныстар жасау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу.

  • Код ON1

    Электрондық құжат айналымы жүйесін (ЭҚЖ, ЭҚЖ құрамындағы е-архив, workflow-жүйелер, ЕСМ-жүйелер) енгізе отырып және ақпараттық өнімдер мен IT-қызметтердің қазіргі заманғы шетелдік нарығындағы жағдайды зерделеп, ЭҚЖ жүйесінің мүмкіндіктерін бағалай отырып, ұйымдарда құжаттарды басқару міндеттерін шешу.

  • Код ON7

    Мемлекеттік сақтауға электрондық құжаттарды іріктеу және құндылығын сараптау өлшемдері негізінде ведомстволық және мемлекеттік архивтерді электронды құжаттармен толықтыру бойынша жұмыс жүргізу, ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін әзірлеп, тарихи құжаттың құнын анықтау( кіріс, шығын, салыстырмалы әдістер), архивтік ақпаратқа қол жеткізу, архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізу.

  • Код ON2

    IT-технологияларды мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерге ҚР Ұлттық архив қорының нормативтік базасына және құжат айналымына негізделген әдістері мен әдістемесі арқылы енгізу.

  • Код ON9

    Теориялық білімдерді және практикалық дағдыларды пайдалана отырып, электрондық ортада құжаттардың жұмыс істеуі бойынша әдістемелік қамтамасыз етуді (жадынамалар, нұсқаулықтар, ережелер, құралдар, анықтамалық-ақпараттық шолулар) әзірлеу.

  • Код ON12

    Білім алушылардың мәдени және тілдік қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға ықпал ету, магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, әріптестерімен кәсіби қарым-қатынас жасай отырып әзірленген әдістемелік ұсынымдар негізінде құжаттану және архивтану бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жүргізу, кәсіби қызметте ғылымның тарихы мен философиясы, басқару психологиясы және жоғары мектеп педагогикасы бойынша білімдерін пайдалану.

Top