Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02222 Тарих в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша тарих ғылымындағы заманауи методологиялар мен институционалдық тарихи жадыны сақтау мен дамытуды қамтамасыз ететен, ғылыми-зерттеу, білім беру, мәдени-ағарту қызметінде, тарихи ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін қолдана алатын білікті ғылыми кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M053 Тарих
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Проблемалық тарихнама
Демография тарихнамасы және дереккөздері
Шетел тілі (кәсіби)
Орталық Азия елдері дамуының тарихи бағыттары
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Басқару психологиясы
Орталық Азиядағы іргелі мәдени тәжірибелер: тарих және қазіргі заман
Жоғары мектептің педагогикасы
Ғылым тарихы мен философиясы
Демографиялық үдерістерді зерттеудегі жаңа методологиялық бағыттар
Компаративті деректану
-
2 Оқу жылы
Адам капиталының даму индексі: сын-қатерлер мен шешімдер
Қазіргі Қазақстанның этнодемографиялық дамуы
Орталық Азия тарихы экологиялық және экономикалық сана жүйесі ретінде
XXI ғасырдағы демографиялық және көші-қон үрдістері/ /
Қазіргі Орталық Азиядағы этнографиялық және дәстүрлі тәжірибелер
Оқыту нәтижелері
- Орталық Азия елдерінің тарихи демографиясы мен тарихы бойынша архив мекемелерінде археография саласындағы жұмыстар әдістерін пайдалана отырып, библиографиялық және архивтік деректанулық эвристика жұмыстарын жүргізу.
- Қазақстандық жастар үшін тәрбие жұмысының әдістемесін пайдалана отырып, тарихи-мәдени, рухани және патриоттық сана қалыптастыру негізінде әкімшілік және ғылыми мекемелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жобаларын әзірлеу.
- Ғаламдық тарихи зерттеулер бойынша халықаралық социумда жарияланымдар дайындауда араб, парсы, ағылшын, неміс, түрік, қырғыз, тәжік және т.б. тілдерде көптілді, көп мәдениетті және тілдік лингвомәдени білімдерін қолдану және меңгеру.
- Орталық Азия елдерінің отан тарихында кездесетін демография және көші-қон дамуын талдау, синтездеу, дереккөздерді зерттеудің жүйелік тәсілі, салыстырмалы генетикалық әдіс, салыстырмалы түрде әр түрлі нысандар мен құбылыстардың өзара әсері, ғылыми материалға баға бере отырып, болашақта өз зерттеулерінде қолдану
- Тарих ғылымы бойынша ежелгі заманнан бастап, қазіргі заманға дейінгі гранттық және бағдарламалық-нысаналы жобалар аясындағы ғылыми жарияланымдардағы ғылыми иррационалдылықты сынақтан өткізу және әзірлеу.
- Орталық Азия тарихы мен демографиясына байланысты тарих ғылымының өзекті мәселелері бойынша бастапқы зерттеулерге сүйене отырып, жоғары импакт факторлы ғылыми жарияланымдар дайындау. Заманауи тарихнама мен методологияны, контент-талдауды, математикалық әдісті, BigData өңдеудің инновациялық цифрлық технологияларын пайдалана отырып, өзіндік қорытындылар мен ұсыныстар жасау.
- Тарих пәнін оқытуда инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдістемелер, бағалау құралдарын әзірлеу, топта әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік құралдар, өзін-өзі талдау, өзін-өзі реттеу, қабылдау дағдылары, көпшілік ғылыми пікірталастарға қатысуды қолдану.
- BigData өңдеудің инновациялық сандық технологияларының механизмдері, тетіктері, қажетті ғылыми факторлары, шарттары, әдістері, тетіктер жүйесін қоса алғанда, тарихи процестегі инновациялар стратегиясын әзірлеу үшін инновациялық қызмет әдіснамасын қолдана отырып, сенімді ғылыми нәтиже алу үшін пәнаралық зерттеулер жүргізу.
- Орталық Азия елдерінің тарих ғылымындағы, демография және мәдени аспектілерінің іргелі және қолданбалы зерттеулер саласының ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және жұмысқа белсенді қатысу.
- Орталық Азия елдерінің тарихы, тарихи демографиясы мен мәдени тәжірибесі бойынша қазіргі заманғы әдіснамалық құралдарды, ақпаратты өңдеудің инновациялық әдістерін пайдалана отырып, ғылыми зерттеу жүргізу және институционалдық жадты дамыту нәтижесінде тарих ғылымының қолданбалы аспектілері бойынша ұсынымдар беру.
- Ғылыми зерттеу нәтижелері стандартты емес жағдайларда, инновациялық тәсілдер енгізу жолымен, зерттеушінің араласуы барысында халықтың көбеюі және көші-қон үдерісіне ғылыми эксперимент жасай отырып, тарих ғылымы саласындағы жекелеген пән бағыттарына аналитикалық шолулар жасау.
- Проблемалық тарихнамада және Компаративті деректануда зерттеу нысанын шығаратын ғылыми жүйені модельдеуге негізделген тарихнамалық ретроспективті әдістер негізінде тарих ғылымындағы ғылыми тенденциялардың даму перспективаларын бағалау