Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M07124 Күн энергетикасы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - күн энергетикасы саласында фотоэлектрлік және жылулық күн түрлендіргіштерімен байланысты ғылыми зерттеулерді жүргізе алатын, фотоэлектрлік және жылулық күн энергиясы жүйелерін модельдеу және жобалау үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана алатын, ғылыми-зерттеу институттарында, индустриялық-инновациялық орталықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M099 Энергетика және электр техникасы

Оқыту нәтижелері

  • Күн энергиясын концентрациялаудың, күнді бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану, кешенді автоматтандырылған жоғары тиімді жүйелерді жобалау мақсатында энергожүйелердің шығыс қуатына, олардың техникалық параметрлері мен сипаттамаларына модельдеу және есептеулер жүргізу.
  • Күнді бақылау жүйесін, күн концентраторларын, күн жылумен жабдықтау жүйелерін және электр энергиясын жинақтау жүйелерін пайдалана отырып, заманауи фотоэлектрлік түрлендіргіштер негізінде энергия жүйелерін әзірлеу үшін автономды интеллектуалды мониторинг және басқару жүйелерін жобалау дағдыларын жүйелеу.
  • Белсенді дүниетанымдық және азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қалпына келетін энергетика саласындағы әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктерді, соның ішінде шет тіліндегілермен қоса талдау, педагогикалық және кәсіби қызметте тұлғалық-бағдарлы тәсілді қолдану, сондай-ақ ғылыми дайындамаларды еңгізу мақсатында одан әрі жеке және кәсіби даму бағыттарын анықтау.
  • Тиімді фотоэлектрлік жүйелерді әзірлеу мақсатында күн элементтерін тұрмыстық және коммерциялық пайдалану үшін, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан қолданудың артықшылықтарын анықтау.
  • Күн жылуымен жабдықтауда және фотоэлектрлік энергожүйелерде энергияны тасымалдау мен пайдалануға, шығысындағы энергияны болжау мен өндіруге байланысты күрделі инженерлік тапсырмаларды шешу үшін жүйелі және инженерлік әдістерді қолдану.
  • Дәстүрлі энергия жүйелерімен қатар қалпына келетін энергия көздерін кеңінен қолдану мақсатында автоматтандырылған интеллектуалды фотоэлектрлік жүйелер мен жылу энергожүйелерін, сондай-ақ гибридті жүйелерді жобалаудың технологияларын, дағдылары мен икемділіктерін біріктіру.
  • Күн энергетикасы мен жылу жүйелері саласында зерттеулер жүргізу, энергия жүйелерінің негізгі электротехникалық, күштік және энергетикалық параметрлерін өлшеу үшін техникалық құралдарды пайдалану дағдыларын, сондай-ақ жабдықтарды тестілеу және диагностикалау дағдыларын меңгеру.
  • Заманауи Smart Grid тұжырымдамасына сәйкес келетін энергия жүйелерін құру үшін интеллектуалды технологияларды пайдалана отырып, күн энергиясы негізінде электрді өндірудің және тасымалдаудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу.
  • Фотоэлектрлік түрлендіргіштерге арналған әр түрлі материалдарды бағалау және тиімді фотоқабылдағыштарды әзірлеу мақсатында гелиоқабылдағыштарды дайындау технологиясын талдау.
  • Электронды басқару блоктарын, күштік электрондық блоктарды, энергияны жинақтау құрылғыларын, күнді бақылау жүйелерін, күн концентраторлары мен электр станциясының құрауыштарын есептеу және жобалау, сондай-ақ фотоэлектростанциялардың шығыс қуатын болжау үшін алынған деректермен жұмыс істеу кезінде ғылыми және жүйелік тәсілді қолдану.
  • Күн жылумен жабдықтау жүйелері, энергияны сақтау және тасымалдау жүйелері тиімділігінің параметрлері мен пайдалану режимдерін оңтайландыру мақсатында моделдеу және есептеу жүргізу.
  • Фотоэлектрлік элементтердің, күн жылу станцияларының негізгі сипаттамаларын және электр энергиясын түрлендіру мен жинақтаудың физикалық негіздерін түсіндіре отырып оларды кеңінен енгізу мен пайдаланудың перспективаларын талдау.
Top