Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06106 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Қауіпсіздікті инженерлі-техникалық қамтамасыз ету әдістері мен құралдары
    Несиелер: 5

    Пән ақпаратты қорғауды қамтамасыз етудің кешенді жүйесін ұйымдастырудағы базалық ғылыми білімдер мен дағдыларды таныстырады. Қауіпсіздік жүйесін бағалау өлшемдері мен стандарттар кешенін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Пәнді оқу барысында әртүрлі қауіпсіздік жүйелерінің аппараттық және программалық қамтамасыз ету құрамына кіретін заманауи әдістемелік және техникалық құралдар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары білім берудегі жаңа парадигмалар. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі замағы білім беру технологиялары. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ақпаратты қорғауды басқару
    Несиелер: 5

    Пән ұйымдардың, объектілер мен жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басқару процестерінің рөлін түсінуді қалыптастыруға; ұйымдардың, объектілер мен жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін басқарудың негізгі әдістерімен танысуға; ақпараттық қауіпсіздікті басқару процестерін жүзеге асырудың қазіргі заманғы әдістеріне үйретуге; алынған білімді практикада тиімді қолдануға үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Объектілердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәнде ақпаратты қорғау ұғымдары және ақпараттық қауіпсіздіктің нормативтік-құқықтық негіздері; қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері мен әдістері; қауіптер, ақпаратқа рұқсат етілмеген қол жеткізу арналары; қауіпсіздік мәселелерін шешу жолдары оқытылады, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдары, оларды тәжірибеде тиімді қолдана білу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Программалық құралдар көмегімен криптоталдау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында шифрлау жүйелерінің заманауи архитектуралары, криптоталдау әдістері мен міндеттері, қорғалған криптожүйелерді программалау логикасы, криптографиялық примитивтердің қауіпсіздігін бағалау, криптографиялық шабуылдарды программалық жүзеге асырылымы, криптоталдауды орындаудың программалық тәсілі және олардың жұмыс принциптері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Деректер қоймасы
    Несиелер: 5

    Пән теориялық аспектілерді және деректерді талдау модельдерін құрудың тәжірибелік дағдыларын меңгертуге; Rapid Miner аспаптық ортасында модельдерді құру бойынша жұмыстың тәжірибелік дағдыларын, оның ішінде қосымшалар кодтарына кірістіруді бекітуге мақсатты. Пәннің мазмұны OLAP технологияларды, көп өлшемді текшелерді, Data Mining әдістерін қамтиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қауіпсіздікті инженерлі-техникалық қаматамасыз етуді басқару
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық жүйелерді кешенді қорғау әдістерін зерттеуге бағытталған. Қауіпсіздік жүйелерін бағалау стандарттары мен критерийлерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді, сондай-ақ магистранттарға әртүрлі ақпараттық жүйелердің қауіпсіздік саясатына негізделген қауіпсіздік жүйелерін инженерлік-техникалық ұйымдастыруды және ақпараттық желілерді жобалау қағидаттарын үйретуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Деректер базасын және қосымшаларды қорғау әдістері
    Несиелер: 5

    Пән деректер қорының қауіпсіздік үрдістерін, бақылау тізімдерінің аудитін және қауіпсіздікті баптау әдістерін қарастырады. Курс деректер базасында сақталатын мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында принциптерді, әдістерді, процедуралар мен әдіснамаларды тереңдетіп оқытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің спецификациясы және верификациясы
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін верификациялау әдіснамасын, жүйелердің дұрыс емес мінез-құлқын анықтау әдістерін, қателердің тіркелген көріністерін оқшаулауды, сондай-ақ қателердің локализацияланған көріністерін талдау әдістерін, қателерді жіктеу және олардың ерекшеліктерін, әзірлеудің барлық деңгейлерінде программалық қамтамаға қойылатын талаптарды оқытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мобильді технологиялар қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән мобильді технологиялардың қауіпсіздік әдістерін қарастырады, желідегі мобильді қосымшалардың қауіпсіздігінің негізгі аспектілерін меңгеруге мүмкіндік береді, бағдарламалық қамтамасыз етуді қорғау жүйесінің жіктелуі, мобильді құрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері, қауіпсіздік сертификаттары, мобильді технологияларда ақпаратты қорғау принциптері мен әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бұлтты технологиялар қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән бұлтты технологиялардың қауіпсіздік әдістерін, жобалау шаблондарын және бұлтты қызметтерді жеткізушілерге қолданылатын нақты үздік тәжірибелерді, бұлтты технологиялар қауіпсіздігінің негізгі аспектілерін, бұлтты есептеулердің концепциялары мен қауіптерін және оларды қорғау әдістерін, сондай-ақ осы саладағы жобаларды құруды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару стандарттары
    Несиелер: 5

    Пән ұжымдағы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің (АҚБЖ) стандарттарын, сондай-ақ белгілі бір объектінің ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйелерін (АҚБЖ) әзірлеу, іске асыру, пайдалану, талдау, сүйемелдеу және жетілдіруге арналған негізгі тәсілдерді үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ақпарат қорғауға арналған программалық камтаманы әзірлеудің технологиялары
    Несиелер: 5

    Курс вирусты, шпиондық, зиянды программалық қамтаманы анықтау, басып кіруді анықтау, трафикті талдау және т.б. технологияларды үйретуді қамтиды. Бұл ретте мамандандырылған құралдар мен әзірлеудің тәсілдерін қолдануға назар аударылады, сондай-ақ программалық қамтамасыз етуге қауіпсіздік шараларын ықпалдастыру технологияларын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Белгісіздік жағдайында шешім қабылдау
    Несиелер: 6

    Пән белгісіздік жағдайында шешім қабылдау алгоритмдері мен әдістерінің теориялық аспектілерін, жобаларды тиімді басқару үшін математикалық модельдерді қолдану мәселелерін, тиісті программалық құралдарды қолдану тәсілдерін, белгісіздік жағдайында практикалық есептерді шешу мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Желілік киберқауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пән желілік қауіпсіздікті зерттеуге бағытталған, аутентификациялық ақпаратты сақтау және беру құралдары мен әдістерін, TCP/IP желілеріндегі шабуылдарды жүзеге асыру механизмдерімен, желі абоненттерін идентификациялау және аутентификациялаудың негізгі хаттамаларымен таныстырады, қорғаныс механизмдері мен желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарын қолдану дағдыларына үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы оқиғаларды тергеу әдістері
    Несиелер: 6

    Пән ұжымның қауіпсіздік қызметі (ақпараттық қауіпсіздік бөлімі) қызметінің қазіргі заманғы әдістері мен аспектілерін, соның ішінде мұндай оқиғалардың алдын алу, олардың келтірген залалын жою, хакерлік белсенділіктің жолын кесу, ақпаратты заңсыз алу арналарын жабу және кінәлі тұлғаларды анықтау әдістерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Пән ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін ұйымдастырудың заманауи әдістерін, ақпараттың жоғалуын, ұрлануын, бұрмалануын, қолдан жасалуын болдырмау әдістерін және басқа да рұқсатсыз қолдануды, ақпараттың таралуының барлық мүмкін арналарын жіктеуді және жоюды, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін есептеу әдістерін зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және бағалау
    Несиелер: 6

    Пән ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау және бағалау негіздері туралы жүйелі білім алуға, практикалық қызметте алынған білімді іске асыруға бағытталған. Пән ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің деңгейін зерттеуге, инциденттің салдарлары мен ықтималдығын бағалауға, тәжірибелік есептерді шешуге және мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін жобалау
    Несиелер: 6

    Пән кәсіпорындағы ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жобалаудың әдістері мен тәсілдерін оқытады. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістері, компьютерлік модельдеу және оларды сертификаттау зерттелді. Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйелерінің архитектурасы, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін жобалау үшін программалық қосымшалар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады

  • Код ON2

    Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу

  • Код ON3

    Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігін арттыру және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

  • Код ON4

    Кәсіби қызметте ақпараттық қауіпсіздікті жобалау және басқару жүйелері ерекшеліктерін анықтау және тексеру әдістемесін қолдану және АҚБЖ жобалау

  • Код ON5

    Ақпараттық қауіпсіздік қауіпі мен киберқауіпсіздік жүйесінің негізгі ұғымдары мен санаттарын білу

  • Код ON6

    Ақпарат қорғау үшін сәйкес технологияны қолдану

  • Код ON7

    АҚ осалдық мониторинг жүйелерін, ақпараттық қауіпсіздік мониторинг жүйелерін және ақпараттың жайылып кетуін алдын-алу жүйелерін әзірлеу және ұйымның қауіпсіздік оқиғаларына жауап беру

Top