Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07114 Көліктік-технологиялық жүйелер инжинирингі в Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті

  • Машиналардың динамикасы мен беріктігі
    Несиелер: 5

    Пән уақыт бойынша өзгеретін жүктемелердің әсерінен машиналар мен жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелерін оқып-үйренуге бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Машина динамикасының негізгі түсініктері; Машиналардағы күштер; Машиналар мен қозғалтқыштардың динамикалық модельдері; Механизмнің күштік талдауы; Қатты звенолары бар машиналар мен жабдықтардың динамикасы мен беріктігі; Қатты механизмнің инерциялық және күштік сипаттамаларын келтіру; Механизмнің қозғалыс теңдеуін құру; Механизмнің қозғалыс заңын анықтау; Машина агрегатының қозғалыс теңдеулері және оларды талдау; Қозғалтқыш сипаттамаларының машина қозғалысына әсері; Серпімді звенолары бар машиналар мен жабдықтардың динамикасы мен беріктігі; Механизмнің келтірілген сипаттамаларын анықтау; Серпімді модельдің қозғалыс теңдеулерін құру; Параметрлері тұрақты серпімді механизмдердің динамикасы; Серпімді негіздегі машинаның тербелісі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында магистранттар өз кәсіби қызметінде қажетті практикалық дағдыларды меңгеріп, ғылыми стилдің грамматикалық сипаттамаларын ауызша және жазбаша түрде жеткізіп, ақпараттық және кәсіби мазмұндағы хабарларды тыңдап түсінуге, монолог және диалогтық формаларда ауызша хабарлама жасауға, магистранттың ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша жазбаша баяндама дайындауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Трибология және триботехника негіздері
    Несиелер: 4

    Пән үйкеліс, тозу және майлаудың теориялық негіздері, триботехникалық материалдар, машиналар мен жабдықтардың үйкеліс бірліктерін сынау әдістері бойынша білім алуға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Үйкеліс беттерінің физикалық-механикалық қасиеттері; Микрогеометрия және беттік байланыс; Үйкелістің негізгі заңдары; Денелердің қатты беттерінің тозуы; Майлау материалдары; Үйкеліс және антифрикционды материалдар; Үйкеліс тораптарының төзімділігін арттырудың негізгі жолдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Инновациялық қызмет және патенттану
    Несиелер: 5

    Пән зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың және патенттанудың тәжірибелік аспектілерін үйренуге және кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ететін инновациялық қызмет туралы түсінік алуға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Зияткерлік меншік инновацияның негізі ретінде; Зияткерлік меншікті қорғау; Патент, құрылым, дизайн; Инновация негіздері; Инновацияларды басқару; Қазақстан Республикасындағы инновациялық тәжірибе.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы
    Несиелер: 5

    Өнертапқыштық пен рационализацияның негізгі ұғымдары; техникалық жүйелерді дамыту заңдары; жаңа техникалық шешімдерді іздеу әдістері; техникалық қайшылықтарды шешу қағидаттары; техникалық шешімдерді синтездеу тәсілдері; оңтайлы техникалық шешімдерді іздеу әдістері; зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қою; талдау, гипотезаларды ұсыну, қолда бар ақпаратты қорыту принциптері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Адам туралы ғылым жүйесіндегі педагогиканың орны, заманауи парадигма, жоғары білім берудің әдіснамасы мен мазмұны, жоғары мектеп дидактикасы, оқытудың дәстүрлі, инновациялық әдістері, формалары мен технологиялары, Кредиттік оқыту жүйесі, ЖОО-дағы ОӨЖ, СҒЗЖ және тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі, жоғары білім берудегі менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Басқару психологиясының пәні, міндеттері, категориялары және әдістері. Басқарудың психологиялық заңдары және басқару процесінің элементтері. Негізгі басқару функцияларының ерекшеліктері. Тұлға басқару субъектісі ретінде. Басшы тұлғасының ерекшеліктері. Басшылық стилі. Басшылықтың эффективті психологиялық критерилері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми экспериментті жоспарлау және эксперименттік мәліметтерді өңдеу
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми тәжірибелерді тұжырымдау, жоспарлау және өңдеу кезінде туындайтын практикалық сұрақтар мен міндеттерді қарастыру бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Эксперимент зерттеу құралы ретінде; Экспериментті жоспарлау әдістері; Эксперименттік мәліметтерді алдын ала өңдеу; Пассивті эксперимент нәтижелерін талдау; Эмпирикалық тәуелділіктер; Бақылау нәтижелеріндегі қателерді бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулер әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән ғылым туралы жалпы мағлұматтарды, ғылыми зерттеу әдіснамасын қалыптастыруды және зерттеу жұмысын ұйымдастыруды қарастырады. Пәннің мақсаты – ғылыми зерттеу негіздерін және ғылыми-техникалық шығармашылық әдістемесін көрсету арқылы білім алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Ғылыми білімнің әдістемелік негіздері; Ғылыми зерттеу бағытын таңдау; Ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және өңдеу; Теориялық және эксперименттік зерттеулер; Эксперименттік зерттеулердің нәтижелерін өңдеу; Өнертапқыштық шығармашылықтың негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көліктік-технологиялық жүйелердің заманауи мәселелері және даму тенденциялары
    Несиелер: 5

    Пән көліктік және көліктік-технологиялық машиналар мен жабдықтардың конструкциялары мен техникалық эксплуатациясының заманауи мәселелері мен даму бағыттары саласындағы білім кешенін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Көліктік-технологиялық машиналардың техникалық дамуының ерекшеліктері; Көліктік-технологиялық машиналарды басқару жүйесін дамуы; Күштік жетектің дамуының негізгі бағыттары; Гидравликалық, пневматикалық жүйелердің негізгі элементтерінің дамуы; Жұмыс жабдықтарының дамуының негізгі бағыттары; Көліктік-технологиялық машиналардың функционалдығын кеңейту; Көліктік-технологиялық машиналардың конструкцияларында заманауи материалдар мен технологияларды қолдану; Пилотсыз көлік құралдары мен технологиялар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көліктік-технологиялық машиналарды пайдалануды ұйымдастыру
    Несиелер: 6

    Пән көліктік және көліктік-технологиялық машиналарды техникалық пайдалануды жоспарлаудың, ұйымдастырудың және басқарудың заманауи әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Көліктік-технологиялық машиналарды техникалық пайдаланудың негізгі міндеттері; Көліктік-технологиялық машиналардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету негіздері. Пайдалану кезіндегі машиналардың параметрлерінің өзгеру сипаты. Көліктік-технологиялық машиналардың пайдалану кезіндегі техникалық жағдайының өзгеруінің негізгі себептері. Көліктік-технологиялық машиналардың қасиеттері мен сенімділігінің негізгі көрсеткіштері. Кәсіпорын деңгейіндегі инженерлік-техникалық қызметтің міндеттері, құрылымы мен ресурстары; Көліктік-технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру нысандары мен әдістері; Техникалық қызмет көрсету және жөндеу өндірісін жедел-өндірістік басқару; Көліктік-технологиялық машиналарды техникалық пайдалану кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Ғылымның дүниетанымдық негіздері мен функциялары, ғылымның қалыптасу кезеңдері, ғылыми танымның құрылымы мен деңгейлері, ғылымның философиялық негіздері мен әлемнің ғылыми көрінісі, ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революциялар, жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, қазіргі жаһандық өркениеттің философиялық мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көліктік-технологиялық машиналарды жасаудың әдістемесі мен принциптері
    Несиелер: 5

    Пән көліктік және технологиялық машиналарды жобалау және конструкторлау саласындағы негізгі инженерлік технологияларды қарастырады. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Жобалаудың негізгі әдістері мен принциптері; Машиналар мен механизмдерді жобалаудың міндеттері мен жалпы ережелері; Машиналар мен механизмдерді жобалау және конструкторлау кезеңдері; Конструктивті схеманы таңдау және бұйымды үйлестіру; Конструктивті сабақтастық; Материал шығыны және бөлшектер мен тораптарды жеңілдету; Конструкцияның қатаңдығын арттыру жолдары; Машиналардың сенімділігін арттырудың негізгі жолдары; Техникалық жобаны және жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезеңіндегі процедуралар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Машиналардың сенімділігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары
    Несиелер: 5

    Пән машина сенімділігі теориясы, ақаулар мен ақауларға әкелетін физикалық процестер, жұмыс кезінде машиналардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша білімдер мен құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Сенімділік теориясының негізгі түсініктері, ережелері және анықтамалары; Сенімділіктің негізгі көрсеткіштерін статистикалық бағалау; Машиналардың жұмыс қабілеттілігін жоғалту себептері және сенімділігінің физикалық мәні; Машиналарды сенімділікке есептеу әдістері; Машиналарды сенімділікке сынау әдістері; Машиналардың сенімділігін арттырудың негізгі бағыттары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық модельдеу және компьютерлік инженерлік талдау
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі заманғы CAE жүйелерін пайдалана отырып, әртүрлі функционалдық мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды математикалық және компьютерлік модельдеу, жобалау және конструкторлау саласында жүйелі білімді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Модельдеудің анықтамасы мен мақсаты; Математикалық модельдердің классификациясы; Математикалық модельдерді құрудың жүйелік принциптері; Математикалық модельдерді құру кезеңдері; Компьютерлік модельдеу және есептеу эксперименті; Математикалық модельдеудің негізгі бағдарламалық жүйелері мен инженерлік технологиялары; Шекті элементтер әдісімен кернеу-деформация күйін модельдеу; Машина механизмдерінің динамикалық жұмысын модельдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • PLM жүйелері
    Несиелер: 4

    Пән ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, машина жасау өнімдерінің өмірлік циклін басқару әдістері мен құралдары туралы кәсіби білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Өнімнің өмірлік циклі туралы түсінік; Өнімдердің өмірлік циклінің кезеңдері; Өнімдердің өмірлік циклін компьютерлік ақпараттық қамтамасыз ету; Өнімдердің сандық егіздері; PLM-жүйелерінің міндеттері мен функциялары; PLM жүйелерінің эволюциясы; PLM-жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етуінің негізгі компоненттері; Бұлтты PLM жүйелерінің ерекшеліктері; Платформалық PLM жүйелерінің ерекшеліктері; PLM-жүйелерін әзірлеу және енгізу кезеңдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Вибродиагностика және бұзбайтын бақылау
    Несиелер: 4

    Пән машиналар мен жабдықтарды вибродиагностикалау және бұзбай сынаудың теориялық негіздерін, әдістері мен құралдарын оқуға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Бұзбайтын бақылаудың түрлері мен әдістерінің классификациясы; Бұзбайтын бақылау әдістерін қолданудың негізгі әдістері мен бағыттары; Бұзбайтын бақылаудың вибродиагностикалық әдісінің жалпы мәселелері; Вибрацияны талдауы; Вибрация деректерін жинау; Вибродиагностикалық бақылау үшін қолданылатын жабдық; Мерзімді және үздіксіз вибрациялық бақылауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету туралы жалпы ақпарат; Машиналардың техникалық жағдайын диагностикалық бағалау әдістемесі; Вибрацияны қалыпқа келтіру және машиналардың техникалық жағдайын тану әдістемесі; Жабдықты вибрациялық реттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Аддитивті технологиялар
    Несиелер: 4

    Пән аддитивті технологияларды пайдалана отырып, машина жасау бұйымдарын әзірлеу, жобалау және өндіру саласында жүйелі білімді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Аддитивті технологиялардың негізгі ұғымдары, терминдері мен анықтамалары; Аддитивті өндіріс туралы жалпы түсінік; Аддитивті технологиялар әдістерінің классификациясы; Аддитивті технологияларға арналған материалдар; Полимерлі және композиттік материалдарды қолданатын аддитивтік технологиялар; Металдарды қолданатын аддитивті технологиялар; Аддитивті технологияларға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету; Объектінің 3D моделін жасау және басып шығаруға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық өндіріс технологиялары
    Несиелер: 4

    Пән цифрлық өндірістің негізгі әдістері, заманауи тәсілдер мен цифрлық өндірісті енгізу жолдары туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің негізгі бөлімдерінің тақырыптары: Цифрлық өндіріс түсінігі; Цифрлық өндірістің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері; Заманауи цифрлық өндірістің техникалық құралдары; Цифрлық өндірістің негізгі технологиялары; Цифрлық өндірісті бағдарламалық қамтамасыз ету; Аддитивті өндіріс технологиялары және прототиптеу; 3D сканерлеу арқылы реверс инженерия; Цифрлық өндірісті компьютерлік дайындау; Цифрлық өндірісті жобалау әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Код ON1

    зерттеу үшін тарихи-философиялық және жүйелік-аналитикалық әдістерді қолдану

  • Код ON2

    шетел тілінде ауызша және жазбаша коммуникацияларды құру

  • Код ON3

    оқу жұмысының әртүрлі түрлерін ұйымдастырудың және оқу материалдарын жасаудың негізгі әдістемелік тәсілдерін қолдану

  • Код ON4

    кәсіби қызметте басқару психологиясының заманауи теориялары мен әдістерін қолдану

  • Код ON5

    қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, тиісті кәсіби салада ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру

  • Код ON6

    зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды генерациялау үшін көлік саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдау және бағалау жүргізу

  • Код ON7

    көліктік және технологиялық машиналарды жобалаудың заманауи әдістері мен принциптерін қолдану

  • Код ON8

    көлік-технологиялық машиналарды зерттеуде, жобалауда және пайдалануда техникалық ғылымның теориялық ережелерін қолдану

  • Код ON9

    көлік-технологиялық машиналардың беріктігін, сенімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін пайдаланудың прогрессивті әдістерін қолдану

  • Код ON10

    қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, техникалық объектілерді моделдеу және инженерлік талдау жүргізу

  • Код ON11

    көлік-технологиялық машиналарды зерттеу, жобалау және пайдалануда ғылым мен технологияның заманауи жетістіктерін қолдану

Top