Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B04129 Маркетинг в Нархоз Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Үнемі өзгеретін ортада заманауи әдістерді, құралдарды және цифрлық технологияларды қолдана отырып, тұтынушылармен ұзақмерзімді қарым-қатынас құру үшін брендтік стратегияны және тұрақты бәсекелестік артықшылықты жасай алатын, әлеуметтік жауапты, білімді маркетологты даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B047 Маркетинг және жарнама
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Көпшілік алдында сөйлеу мен академиялық жазылымның тұрақты дағдыларын көрсетіп, ішкі және сыртқы қызығушы жақтар үшін қаржылық, басқарушылық және маркетингтік ақпараттарды талдайды және ұсынады, маркетингтік мәселелерді креативті және тиімді шешеді.
  • Халықаралық және жергілікті нарықтарда дәстүрлі және сандық маркетингтік әдістерді қолдана отырып, біріктірілген маркетингтік коммуникациялар мен сатуларды, логистикалық жүйені басқару үдерісін үйлестіреді.
  • Әлеуметтік танымның көзқарастары, академиялық шыншылдық, зерттеу нормалары мен этикалық салдарды, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын есепке ала отырып, түрлі сараптамалық әдістерді қолданып, өзекті ақпараттарды талдай отырып, өз бетінше шешімдер қабылдайды және оның салдарларын бағалайды.
  • Кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыру мен жеке әлеуетті ашу үшін кәсіби саладағы озық тәжірибелерге негізделген өзіндік білім алуды дағдыға енгізеді және көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
  • Интерактивті маркетинг және тұтынушы мінез-құлқының басты көрсеткіштерін ескеру, маркетингтік мүмкіндіктерді анықтау, құнды ұсыныс әзірлеу арқылы тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды дамыту үшін жекелеген өнімдер мен брендтердің маркетингтік стратегиялары мен тактикаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.
  • Жергілікті және халықаралық нарықтардағы тұтынушылар мен стейкхолдерлердің мінез-құлқын басқару және бенчмаркинг негізінде өзара қарым-қатынас маркетингінің тұжырымдамасын жүзеге асыруға қатысады.
  • Этикалық және тұрақты маркетинг қағидаларын, сондай-ақ клиенттік нарықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникациялық науқан мен брендтің позициясын жоспарлайды.
  • Маркетингтік зерттеулер тұжырымдамасын әзірлеп жүзеге асыруға, нарықтың даму үрдісі мен үдерістерін, компанияның ішкі әлеуетін талдау негізінде маркетингтік қызметті жоспарлауға қатысады.
  • Жаһандық ауқымда халықаралық маркетингтік ортаны зерттейді және этикалық маркетинг пен тұрақты даму дилеммасын түсінетіндігін көрсете отырып, тауарларды әкелу ережелері мен өнімді өткізу болжамдарын ескере отырып, әлемдік нарыққа шығу кезінде маркетинг стратегиясын әзірлейді.
  • Басқару мен бизнес аясында кәсіби функцияларды жүзеге асыруда сәйкес сандық технология, теория мен құралдарды пайдаланады.
  • Топта жұмыс істей алу қабілетін көрсету арқылы зерттеулерге сүйеніп, дәлелдемелерді құрастыруға, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларды көрсету, маркетингтік контентті сыни тұрғыда түсіну арқылы шешім қабылдаушы тұлғалардың іс-әрекеті мен мінез-құлығына ықпал етеді.
  • Мансаптық өсу мүмкіндіктерін қолдану және маркетинг маманының кәсіби функцияларын жүзеге асыру үшін менеджмент, қаржылық есеп функционалдық аяларында, болашақты болжау мен деректерді сараптаудағы парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді, басты тұжырымдарды біріктіреді.
Top