Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B03206 Спорт журналистикасы в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Қазақстандағы спорт журналистикасының дамуы
    Несиелер: 5

    Қазақстандағы спорт журналистикасының қалыптасуы, даму барысы, бүгінгі жағдайы, айырмашылығы мен өзіндік ерекшелігін болашақ спорт журналисі жан-жақты зерделеп, меңгеруі керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Спорт журналистикасы және қазақ ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазақ ауыз әдебиетін оқу арқылы ұлттық құндылықтарды зерделеу, сөздік қорды көбейту, спорт журналистикасындағы тілдік норманы қалыптастыру жолдарын меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 8

    Студент бұл пәнді оқу барысында журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, өзгешеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы мен журналист жұмысының әдістерімен танысады. Сондай-ақ, журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктері студенттерге жете түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен практикасын оқып-үйрену, аталған саланың ішкі қыр-сыры, ондағы қызмет түрлері, атқаратын міндеттері мен функцияларын білу

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Спорттық ойын түрлері: теориясы
    Несиелер: 8

    Дәстүрлі және жаңа БАҚ-та әлемде миллиондар ұнататын спорттық ойын түрлерін (футбол, хоккей (көгалдағы, допты және шайбалы), баскетбол, волейбол, шахмат, т.б.) зерделеу, студенттердің спорттың осы түрлері бойынша мазмұнды материал жазуы, бағдарлама түсіруі, хабар таратуы үшін осы саланы терең біліп шығуына ықпал ету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бұқаралық спорт және саламатты өмір салты
    Несиелер: 8

    Студенттердің бұқаралық спорттың ерекшеліктерін, адам денсаулығына пайдасын, саламатты өмір салтын қалыптастыру, оны алдағы журналистік практикада дұрыс қолдана білуін қамтамасыз ету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні "Бизнес, басқару және құқық" бағытындағы білім алушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сынды мемлекеттік құжаттар сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер дәрежесіне көтерді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесу, адамның қоршаған ортасының қауіпсіздігі, қоршаған орта факторлары және қоршаған орта сапасының жаһандық өзгеруі және олардың салдары туралы білім беру. Сұрақтар: су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, әуе бассейні, жер ресурстарының сарқылуы, экологиялық тәуекелдер, азық-түлік қауіпсіздігі, адамның қызметімен байланысты табиғи және техногендік апаттар және олардан қорғану жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Спорт шолушысы
    Несиелер: 8

    Дәстүрлі және жаңа БАҚ-тағы спорт шолушысының жұмыс стилі, сөйлеу мәнері, спортты білу, меңгеру деңгейі, спортшы тұлғасын аша білу құпиясын жан-жақты үйрену

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ журналистикасының тарихы
    Несиелер: 7

    Студенттердің «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналынан басталатын қазақ журналистикасының даму кезеңдерін, тарихын, қазақ журналистикасының бастауында тұрған белгілі публицистер мен жетекші тұлғалардың шығармашылық ерекшеліктерін біледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес идея және бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Интернет және спорт журналистикасы
    Несиелер: 8

    Жаһандық желіге айналған Интернет спорт журналистикасының дамуына да ықпал-әсерін тигізуде. Оқу курсы барысында бүгінде Интернетті еркін меңгерген студенттер спорттық ақпараттың порталдар мен сайттар, әлеуметтік желілер арқылы таратылу ерекшеліктерін, әдіс-тәсілдерін меңгеріп шығуы тиіс

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Олимпиадалық қозғалыс: антикалық заманнан бүгінге дейін
    Несиелер: 6

    Олимпиаданың спорт тарихында алатын орны ерекше. Ол антикалық заманнан бері талай даму сатыларынан өтті. Небәрі жеті спорт түрінен басталған қозғалыс бүгінде 30-дан астам спорт түрін қамтиды. Бұл пән сол олимпиаданың антикалық дәуір мен қазіргі кезең аралығындағы даму барысын білуді міндеттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлемдік спорт журналистикасы: ізденіс, тәжірибе, нәтиже
    Несиелер: 7

    Бұл пән спортты насихаттаудағы шетел журналистикасының тәжірибесі, ізденісі, ақпарат беру, таратудағы әдіс-тәсілдері мен ерекшеліктерін зерттеп, білуді міндеттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қысқы спорт түрлері: теориясы
    Несиелер: 7

    Спорттың ерекше бір саласы – қысқы спорт түрлерінің теориясын зерделеу болашақ спорт журналистері үшін өте маңызды. Студенттер болашақта жақсы дүние жазуы үшін қысқы спорт түрлері бойынша спортшылардың жаттығу машықтарын, олардың өсіп-қалыптасу процесін жан-жақты біліп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистиканың жанрлары мен пішіндері
    Несиелер: 7

    Білім алушылар журналистика жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің жазылу ерекшеліктерін білуі керек. Түрлі жанрларда ақпарат дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдістерін терең меңгеріп шығуы керек

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Спорт және кинематография
    Несиелер: 6

    Бүгінде спортшы өмірін деректі, көркем фильмдердерде бейнелеу өнер ретінде ерекше дамып келеді. Сондықтан студенттер курс барысында спортшы, олардың жетістіктері туралы деректі, көркем фильм түсіру үшін өнердің осы күрделі саласын жақсы меңгеруі керек. Кино түсірудің, монтаж жасаудың жолдары мен техникасын біліп шығуы тиіс

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • С.Бердіқұловтың шығармашылық мектебі
    Несиелер: 6

    Курс барысында студенттерге С.Бердіқұловтың спорт журналистикасындағы дара қолтаңбасы, редакторлық шеберлігі, оның мектебінен шыққан журналистер жайлы мәліметтер беріледі. С.Бердіқұловтың менеджерлік және шығармашылық ізденісі, сұхбат, репортаж, мақала жазудағы тапқырлығы, тілдік, стильдік ерекшеліктері талданып, жас журналистерге сауатты жазудың тәсілдері оқытылады. Жастар аудиториясына арналған басылым мазмұнын байытудағы бастамашыл идеялары үлгі ретінде ұсынылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорт журналисінің шеберханасы
    Несиелер: 6

    Спорт журналистикасында тұлға болып танылған белгілі қаламгерлердің шығармашылық шеберханасына үңілу, мамандық құпиясын зерттеу, шығармашылық тәжірибесін зерделеу арқылы шеберлігін үйрену, біліктілік деңгейін меңгеру арқылы кәсіби маман деңгейіне жету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тұлғатану: спорт журналистерінің авторлық бағдарламаларын, біліктілік ерекшеліктерін талдау
    Несиелер: 6

    Әлем және қазақ спорт журналистикасындағы танымал тұлғалардың (Н.Озеров, К.Махарадзе, С.Бердіқұлов, Н.Жүнісбаев, т.с.с) бағдарламаларын, материалдарын, кәсіби және біліктілік талаптарын зерделеу, оқып меңгеру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тұлғатану: әлемдік және қазақ спортшыларының тағлымдық бейнелері
    Несиелер: 7

    Білім алушылар әлем және қазақ спортындағы танымал тұлғалардың өсіп, қалыптасу, кәсіби шеберлік деңгейіне жету жолдарын зерделеп, білуі керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттың жекпе-жек түрлері: теориясы
    Несиелер: 5

    Спорттың жекпе-жек түрлері – күрестің барлық түрі, бокс, шығыс жекпе-жек өнері бүгінде жастарымыздың ерекше сүйіп шұғылданатын танымал спорт түрлеріне айналып келеді. Сондықтан бұл саланы студенттер жан-жақты зерттеп, болашақ қызметінде танымдық дүниелер жазу үшін оның қыр-сырын, ерекшеліктерін біліп шығуы тиіс

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ұлттық спорт және журналистика
    Несиелер: 7

    Ұлттық спорт түрлерінің медиада насихаттау, шығармашылық жұмыс барысында терминдер мен сөздерге түсініктеме беру, қазіргі кеңінен танылған ойын түрлері жайлы түсінік қалыптасады. Студенттер ұлттық спорттың әлемдік деңгейге шыққан түрлерімен танысып, оны насихаттаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ көне заманнан келе жатқан ұлттық спортты бүгінгі жаңа медиа арқылы таратудың, танытудың жолдарын үйренеді. Аталмыш тақырыпта зерттеу, сауалнама жүргізу, мақала жазу, талдау секілді әдістерді меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мультимедиалық журналистика
    Несиелер: 6

    Мультмедиялық журналистика қоғам өмірінде барынша маңызды рөльге ие, сондықтан білім алушыларға оның ерекшеліктерін, басымдықтары мен технологиясын білу міндетті/

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорт федерацияларындағы баспасөз қызметі
    Несиелер: 6

    Болашақ спорт журналистері спорт менеджменті мен маркетингін, спорттағы PR-ды да меңгеріп шығуы керек. Спорт журналистикасы білім беру бағдарламасы бойынша білім алған студенттер тек дәстүрлі, жаңа БАҚ-та ғана жұмыс істемейді, спорт федерацияларында баспасөз қызметі, қоғаммен байланыс саласында да еңбек ететін болады. Сондықтан студенттер спорт федерацияларындағы, ұйымдарындағы, ведомостволарындағы PR саласын, PR технологиясын терең біліп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Спорттағы PR
    Несиелер: 7

    Спорттағы PR осы білім беру бағдарламасындағы негізгі пәндердің қатарында. Заманауи спорт саласын дамыту бойынша PR-технологиясын меңгерген PR-мамандардың қажеттігі ерекше сезіледі. Сол үшін бағдарлама бойынша білім алушылар спорт индустриясындағы PR-дың әдіс-тәсілдерін, әдімстемелерін меңгеріп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Медиапсихология
    Несиелер: 6

    Білім алушылар осы курс барысында медиапсихология дамуындағы ерекшеліктер, өзгермелі әлемдегі адамның орны мен рөлін, мінез-құлық психологиясын зерттеп білуі керек

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорт журналистикасы және қоғам
    Несиелер: 5

    Спорт журналистикасы да қоғаммен тікелей байланыста. Барлық БАҚ-тағы спорт төңірегіндегі қоғамдық пікірді жинау, өңдеу, зерттеу, оны спортшы тұлғасын қалыптастыру үшін пайдалану болашақ осы сала маманы үшін өте қажет. Сондықтан спортшылар арасында сауалнама жүргізу және сұхбаттасу технологиясын меңгеру керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • БАҚ және спортшының танымалдық тұлғасы
    Несиелер: 5

    Спортшылардың өнер көрсетуі, жарыстарға қатысып, үлкен нәтижелерге жетуі БАҚ арқылы насихатталады. Сондықтан болашақ маман кейіпкерін танымал ету үшін спорт журналистикасын терең зерттеуі тиіс

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорт терминдері: олардың жасалу және даму жолдары
    Несиелер: 7

    Спорт журналистикасында сөйлеу техникасы, мәдениеті ерекше орын алады. Бұл, әсіресе, телерадиодағы спорт журналистеріне тән нәрсе. Бірақ спорт саласындағы терминдердің тапшылығы ойлантады. Болашақ спорт журналистерінің термин жасау, түзу, қалыптастыру саласын үйреніп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорттық психология
    Несиелер: 5

    Бүгінде психология мамандығының мына өзгермелі қоғамдағы орны ерекше байқалуда. Оның араласпайтын саласы жоқ. Спорт саласында да зор сұранысқа ие. Спортшының өсіп, қалыптасу мансабында да психологияның – психологтың алатын орны ерекше. Сондықтан білім алушы сенімді ақпарат алудың жолдарын анықтау үшін осы саланы терең біліп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорт комментаторы мен шолушысының сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Спорт журналистикасында сөйлеу мәдениеті шолушы мен комментаторға ерекше керек. Сөйлеудің түрлі тәсілдерін меңгеру, тыңдарманды, көрерменді тарту үшін дұрыс, тартымды, әдемі, әуезді, сұлу сөйлеу және білу керек

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорттық медицина
    Несиелер: 7

    Спортта жетістікке, үлкен нәтижеге, жоғары көрсеткішке жету үшін спортшының дене дайындығы, түрлі жаттығулар мен психологиялық әзірлігі ғана маңызды емес, медицинаның соңғы жетістіктерінің де ықпал-әсері мол. Қазір ғалымдар жарысқа төзімді, әртүрлі жағдайға шыдамды спортшы тәрбиелеуге медицина жетістіктерін пайдалану туралы жиі айтып жүр. Оған дұрыс тамақтану, табиғи дәрумендерді пайдалану, дұрыс жүріп-тұру, т.б. жатады. Болашақ спорт журналистері бұл жағдайды жақсы біліп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт және саясат
    Несиелер: 8

    Спорт пен саясат қатар жүреді. Спортшылардың әрбір жеңісі, нәтижесі сол елдің жеңісі, сол елдің нәтижесі. Ел туы екі рет көтеріледі. Бірі – Президенті шетелге барғанда, екіншісі – спортшыларымыз халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырында тұрғанда, еліміздің ән ұраны да осы екі жағдайда орындалады. Болашақ маман спорт төңірегіндегі саясатты дұрыс түсініп, болашақ ұрпақты патриоттық, отансүйгіштік сезімде тәрбиелеу мәселелерін меңгеріп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт саласындағы жарнама
    Несиелер: 8

    Спортшы көрсеткен нәтиже, жеткен табыс, оның тұлғалық жағынан танымал болуы тек PR ғана емес, түрлі жарнама жасау технологиясына да тікелей байланысты. Болашақ спорт журналисі дәстүрлі және жаңа БАҚ-та жарнама жасау технологиясын терең меңгеріп шығуы тиіс

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт индустриясындағы менеджмент пен маркетинг
    Несиелер: 7

    Нарық жағдайында спорт индустриясының менеджменті мен маркетингін меңгерген, білімді де білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жалпы және кәсіби мәдениеті, ғылыми дайындық дәрежесі жоғары маман даярлау

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорттағы атрибутика мен символдар
    Несиелер: 7

    Спорт тек жарыстар мен нәтижелерден, жеңістер мен жеңілістерден тұрмайды. Спортта түрлі атрибутика, символдар бар. Сол арқылы әрбір спорт клубтары, спорт федерациялары мен қоғамдары бедел жинайды, имидж қалыптастырады, ұйымы мен ұжымының қаржылай жағдайын түзейді. Сондықтан бұл пәнді әрбір білім алушы терең зерделеп, біліп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Телевидениедегі спорт журналисінің шеберлігі
    Несиелер: 7

    Телевидениедегі спорт журналисінің шығармашылық шеберханасы, танымалдық феномені, мен спортшының жан-дүниесін ашудағы ішкі қыр-сырын зерттеп білу

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт телекомментаторының авторлық курсы
    Несиелер: 8

    Спорт журналистикасында спорт комментаторының орны ерекше. Дәстүрді БАҚ-та репортаж жүргізу, комментарий жасаудың қыр-сырын білу, әлемдік және қазақтың танымал спорт комментаторларының кәсіби мектептерінен тәлім алу үшін түрлі тәжірибелік сабақтар жүргізу, біліктілік бағдарламаларын көрсету арқылы болашақ спорт комментаторларына шеберлік сыныптарының технологиясын үйрету

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спорт комментаторының шеберлігі
    Несиелер: 7

    Спорт комментаторының шеберлік қырлары, оның қалыптасу жолдары, ізденісі мен біліктілік деңгейі, шығармашылық табиғаты, танымалдылық тағылымдары, сөйлеу мәдениеті туралы студенттер қажет деңгейде біліп шығуы керек

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спортшы тұлғасы: өсу, қалыптасу, даму жолдары
    Несиелер: 7

    Спортшы тұлғасын қалыптастыру, олардың жан-жақты білімді, дене жағынан дамыған, мәдениетті болып өсу жолдары туралы болашақ спорт журналистері білуге міндетті

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON11

    Спортшылардың жетістіктерін көрсету және спорттық жарыстар барысында жедел материал әзірлеу үшін заманауи технологияны пайдалану;

  • Код ON1

    Жеке тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндетін шешу үшін коммуникацияға ауызекі және жазбаша түрде қазақ, орыс және шетел тілдерінде кіру.

  • Код ON13

    Спортшының ұлттық сана-сезімін қалыптастыру үшін спорттың тарихы мен дәстүрі, сондай-ақ халықтың салт-санасы мен мәдениеті төңірегінде терең білім алу;

  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістері мен түрлі құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайды сезіну.

  • Код ON9

    Қоғамда спортшының мәдениеті мен этикасын танымал ету;

  • Код ON5

    Құқықтық сауаттылықтықтың қажетті деңгейін меңгеру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларының кәсіби міндеттері мен қағидаттарын орындау.

  • Код ON3

    Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру үшін философиялық білімді қолдана білу, азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдай білу.

  • Код ON12

    Спорт жарыстары мен спорт саласындағы саясат негізінде арнайы талдама материалдар әзірлеу;

  • Код ON8

    Спортшыны сипаттау, бейнелеу, оның образын жасау технологиясын меңгеру;

  • Код ON6

    Дәстүрлі БАҚ пен заманауи бұқаралық коммуникацияларда спорт туралы материалдарды жобалау, редакциялау және жасау;

  • Код ON10

    Спорттағы PR дағдылары мен шеберліктерін меңгеру, клубтар мен федерациялардағы қоғаммен байланысты, жарыстардағы үздік нәтижелерді алға жылжыту, спорт командаларының қаржылық жағдайын нығайтуға бейімдеу;

  • Код ON2

    Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON7

    Әлемдік және республикалық деңгейдегі спорттық үдерістер туралы ақпарат жинау, жүйелендіру және өздігінше талдау дағдыларын меңгеру, олардың ара-жігін ажырата отырып өз жұмысында пайдалана білу;

Top