Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04108 Экономика в РИУ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді талдау және бағалау үшін экономикалық ғылымның әдістері мен принциптерін қолдану және олардың жұмысының оңтайлы (ұтымды) жағдайларын талдау.
  • Алынған ақпараттың мағынасын түсіну, түсіндіру және түсініктеме беру. Көптеген көздерден әртүрлі ақпаратты жинау және жүйелеу. Жиналған ақпарат негізінде үрдістерді анықтау, себеп – салдарлық байланыстарды ашу, мақсаттарды анықтау, құралдарды таңдау, гипотезалар мен идеяларды ұсыну. it-технологи технологиялар
  • Кәсіпкерлік қызметте бизнес - процестерді жобалау үшін есептерді моделдеу және орындау кезінде іргелі экономикалық ғылымның базалық теорияларын қолдану.
  • Ғылыми зерттеуді әдіснамалық негіздеу. Ғылыми зерттеулер мен мәселелерді талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, фактілерді ойдан, ақпаратты пікірден ажыратуға, ағымдағы жағдайды талдау негізінде баламалы шешімдерді ұсынуға, жаңа идеяларға ашық қалуға, қолданбалы жазықтықта теориялық құзыреттілікті қолдану қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелерді рәсімдеу және таныстыру, заманауи бағдарламалық өнімдер мен техникалық құралдарды пайдалану дағдысы болу.
  • Белгісіздік дәрежесі жоғары әлеуметтік және кәсіби жағдайларда шешім қабылдау үшін аналитикалық дағдылардың болуы. Топта бірлескен іс-әрекет дағдысы болу, ортақ мақсаттарды таба білу, ортақ іске үлес қосу.
  • Қоғам дамуының қандай да бір аспектісін сыни тұрғыдан қарастыру, Еңбек және азаматтық қарым-қатынас этикасын меңгеру. Кәсіпкердің кәсіби кодексіне құрмет, заңды бұзуға және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік сезіміне ие болу. Фактілерге, оқиғалар мен іс-әрекеттерге (соның ішінде меншікті) құқықтық және моральдық баға беру. Денсаулық пен қоршаған ортамен байланысты әлеуметтік ұстанымдарды бағалау.
  • Отандық және әлемдік экономиканың қазіргі жай-күйін талдау, қабылданған немесе қабылданатын басқарушылық шешімдерді және олардың қоғамдық дамуға әсерін бағалау.
  • Белгісіздіктің жоғары дәрежесі жағдайында сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіпорын стратегиясы шеңберінде экономикалық және қаржылық қызметті дербес жүзеге асыру. Елеулі өзгерістерге немесе дамуға әкелуі мүмкін кәсіпорын қызметінің процестерін жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты болу. Шешу тәсілдерін таңдау мен сан алуандығын болжайтын міндеттерді шешуге бағытталған қызметті жүзеге асыру.
  • Өзінің оқу – танымдық қызметін жоспарлауды, талдауды, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру, оқытылатын оқу пәндеріне және игерілетін қызмет салаларына қатысты өзіндік құнды бағдарларын қалыптастыру. Жылдам өзгерістер жағдайында икемділік танытуға қабілетті болу. Үздіксіз білім беру арқылы кәсіби қызметтің жаңа бейіндерін игеруге, кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге ұмтылу. Еңбек нарығындағы жағдайды тиімді пайдалану, жеке және қоғамдық пайдаға сәйкес әрекет ету.
  • Қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологиялар әдістерін қолдана отырып, Қазақстанда және шет елдерде инновациялық дамудың қазіргі заманғы бағыттарында хабардар болу.
  • Табиғатты тиімді пайдалану негіздерін және кәсіпкерлік қызметте қоршаған ортаны қорғау ережелерін білу және сақтау.
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгеру. Экономика, Менеджмент, Маркетинг, кәсіпкерлік және бизнес-ортада, сондай-ақ тиісті әлеуметтік және мәдени контекстерде (білім беру мен оқытуда, жұмыста, үйде және бос уақыттарда) жазбаша түрде (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) ұғымдарды, ойларды, сезімдерді, фактілер мен пікірлерді түсіну, білдіру және түсіндіру қабілеті болуы тиіс.
Top