Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01103 Педагогика және психология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Цифрлы білім беру медиатехнологиясы
    Несиелер: 5

    Бұл курста ақпараттық ғасырдағы цифрлық білім беру медиатехнологияларының мәні мен мүмкіндіктері, оқу үдерісіне цифрлық медиатехнологияларды ендірудің және оларды пайдаланудың ерекшеліктері қарастырылады. Курс білімдік, тәрбиелік, зерттеушілік міндеттерді шешуде білім беру медиаөнімдері мен ресурстарын пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Электронды білім берудің теориясы және практикасы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында Интернет және мультимедиа, ақпараттық және электрондық технологиялар көмегімен білім алу мүмкіндіктері қарастырылады, сонымен қатар әлемдегі электрондық, қашықтықтан білім берудің даму тарихы, электрондық оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика және психологияның андрогогикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Аталған пәнді оқыту барысында педагогика және психологияның негізгі ұғымдарын қалыптастырудың андрагогикалық негіздері және ересектерге білім берудегі педагогикалық және психологиялық өзара әрекеттестіктің теориясы мен практикасы қарастырылып, үздіксіз білім ересек адамның даму факторы ретінде айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық–психологиялық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері
    Несиелер: 5

    «Педагогикалық–психологиялық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» пәнін оқу барысында магистранттардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетін жобалау және жүзеге асыру құзыреттілігі және зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компаративтік білім беру
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында магистранттар салыстырмалы білім берудің теориялық және қолданбалы негіздерін меңгереді. Магистранттар шетелдік білім беру тәжірибесін зерттеп, педагогикалық-психологиялық аспектіде салыстырмалы талдау жүргізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ЖОО- дағы психологиялық- педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында ЖОО-да психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологиялар мен интерактивтік оқыту әдістерін қолдану дағдысын қалыптастырады. Оқу пәні бойынша оқу үдерісі формаларын әзірлеу (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар және тағы басқада) қажетті құзыреттерді дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім берудегі психологиялық кеңес беру
    Несиелер: 5

    Пән білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен психикалық жай-күйін ескере отырып, психологиялық кеңес беру процесін ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ білім беру қызметінің әртүрлі субъектілерімен психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру кезінде әдістерді, құралдарды, техника мен тәсілдерді пайдалануға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 5

    «Білім берудегі менеджмент» пәнін оқыту барысында білім беру саласын басқарудың функцияларын ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға негізделеді. Білім берудің жана парадигмаларына сай білім беру жүйесін басқаруға жаңаша көзқарасты қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Білім берудегі HR
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқыту барысында білім берудегі HR-дың мәні, мазмұны, заңдылықтары, қағидалары қарастырылады. Аталған курста білім берудегі HR, оның әлемдік және отандық тәжірибедегі орны негізделеді. Білім берудегі HR дамуының ғаламдық тенденциялары және бағыттары талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық өлшем
    Несиелер: 5

    «Педагогикалық өлшемдер» пәнін оқу барысында диагностика және білім беру процесінің сапасын бағалау құралдары қарастырылады, Педагогикалық өлшемдер ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелілігі мен тиімділігін бағалау құралы ретінде анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогикалық квалиметрия
    Несиелер: 5

    "Педагогикалық квалиметрия" пәнін оқу барысында кәсіби құзыреттілік деңгейін қалыптастыру, бағалау және өзін-өзі бағалау үдерісін жүйелі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады және оның табыстылығын қамтамасыз ететін маңызды психологиялық-педагогикалық жағдайларды анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психометрия
    Несиелер: 5

    "Психометрия" пәнін оқу барысында тесттерді қолдану арқылы психологиялық өлшеу сұрақтары, сондай-ақ осы тесттерді дамыту негізінде жатқан методология қарастырылады. Психологиялық тесттер өмірдің көптеген салаларында қабілеттерін, жеке басын және мінез-құлқын бағалау үшін, мысалы, жұмысқа қабылдау кезінде сұхбаттасу үрдісінің бір бөлігі ретінде немесе мектептерде балаларды бағалау үшін қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоо-дағы жобалық оқыту
    Несиелер: 6

    Берілген пәнді оқу барысында білім беруде жобалаудың әдіснамасы, теориясы мен практикасы, педагогикалық санат ретінде жобалаудың даму генезисі, жобалау қызметінің субъектілері мен объектілері анықталады, жобалау түрлері жіктеледі. Курс жобалау қызметін ұйымдастыру, дидактиканы жобалау, ғылыми жобалау, жобалау қызметіндегі тәуекелдерді анықтау бойынша құзыреттерді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қолданбалы психология
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында: өзара байланысты салаларда (білім беру, өнеркәсіп, маркетинг, музыка, спорт, персоналға қызмет көрсету, әскери және т.б.) практикада психологияның қағидалары мен теориясы жүзеге асыру қарастырылады. Пәнді оқу барысында үш негізгі бағыт қарастырылады: клиникалық психология, қолданбалы ұйымдастырушылық психология және қолданбалы әлеуметтік психология.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім беру ортасын жобалау және сараптау
    Несиелер: 6

    Бұл пәнді оқу барысында заманауи білім беру саласындағы жобалаудың түрлері және мәселелері, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру, психологиялық-педагогикалық жобалаудың мазмұны, табиғаты мен құрылымы қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Психодиагностика технологиясы
    Несиелер: 6

    Бұл пәнді оқу барысында білім саласындағы психологиялық диагностиканың әдіснамасы, теориясы мен практикасы, диагностикалық іс-әрекет субъектілері мен объектілері, диагностикалық іс-әрекетті ұйымдастыру логикасы баяндалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім беру ортасын комфорттық моделдеу
    Несиелер: 6

    Осы пәнді оқу барысында білім беру ортасын модельдеу мен жобалаудың теориялық негіздері анықталады, "білім беру ортасы" ұғымының мәні анықталады, тарихи-педагогикалық аспектіде білім беру ортасының типологиясы мен модельдері жіктеледі. Курс психологиялық қауіпсіздік және жайлы білім беру ортасын жобалау және құру құзыреттілігін қалыптастырады, сондай-ақ оны ұйымдастыру шарттарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON8

    Жаңа білімді үздіксіз алу дағдыларын дамытуға әсер ету («өмір бойы білім алу»);

  • Код ON2

    заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру

  • Код ON3

    кәсіби іс-әрекетте заманауи медиатехнологияларды қолдану

  • Код ON1

    негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады

  • Код ON7

    Оқу үдерісін жүзеге асыру үшін сапалы персоналды таңдау мақсатында басқару жүйесінің әлеуеті және адам ресурстарын бағалау;

  • Код ON9

    Педагогика және психология бойынша ғылыми нәтижелерді жинақтау және интерпритациялауды жүзеге асыру;

  • Код ON5

    Білім бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді жобалау, модельдеу және бағалай алу, педагогика және психология саласы бойынша алған білімдерінің негізінде ғылыми жобалар құру дағдыларын меңгеру;

  • Код ON10

    Зерттеу нәтижелерін практикалық іс-әрекетке енгізуге дайындығы;

  • Код ON4

    оқытылатын пәндер аясында ғылыми және әдістемелік өнімдерді, оқу-әдістемелік кешендерді, авторлық курстарды әзірлеу әдіснамасын иегеруі

  • Код ON6

    Тәжірибеге бейімделген білім ортасының міндеттерін шешу үшін психологиялық-педагогикалық білімді кәсіби деңгейде пайдалану;

7M01103 Педагогика және психология
Магистратура

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

БББТ: M001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01103 Педагогика және психология 1
Магистратура

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: M001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01103 Педагогика және психология (1 ж)
Магистратура

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

БББТ: M001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01103 Педагогика және психология
Магистратура

Silkway Халықаралық университеті

БББТ: M001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01103 Педагогика және психология
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01103 Педагогика және психология: Білім берудегі менеджмент
Магистратура

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

БББТ: M001 Педагогика және психология

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top