Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01103 Педагогика және психология: Білім берудегі менеджмент в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • классикалық менеджменттің теориялық білімін, басқарудың тарихи-педагогикалық бастауларын практикада қолдану; заманауи білім беру қызметтері мен инновациялар саласындағы білімді басқару проблемаларын бағалау;
  • қазіргі заманғы білім беру парадигмасы мен жаһандық мәселелерді зерттеудің пәнаралық контекстінде философиялық, психологиялық-педагогикалық және басқарушылық ғылымның тұжырымдамалық ережелерін меңгеру;
  • қазіргі менеджердің кәсіби қызметін және мәдениетаралық менеджменттің ерекшеліктерін реттейтін ұлттық және халықаралық стандарттарды қолдану.
  • корпоративтік принциптер мен академиялық адалдық мәдениетін сақтай отырып, әлеуметтік-этикалық маңызы бар мәселелер бойынша тұтас пайымдаулар тұжырымдау;
  • адам ресурстарын басқару саласындағы заманауи тұжырымдамаларды бағалау;
  • өзіндік оқу іс-әрекетінің қабілеттерін көрсету, мониторинг пен диагностиканың кешенді әдістерін қолдану арқылы IT құзыреттіліктерін меңгеру, кәсіби саладағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу және жинақтау;
  • әр түрлі білім беру жүйелеріне тән басқару процестерін модельдеу, білім беру және менеджерлерді даярлау саласында зерттеулер жүргізеді;
  • ғылыми-практикалық білімді академиялық және кәсіби мақсаттар үшін көптілді білім беру ортасында қолдану ғылыми-зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін көрсету;
  • кәсіби құзыреттілік және стратегиялық жоспарлау саласындағы міндеттерді шешу, білім беру сапасын басқаруға әсер ететін факторларды анықтау;
  • басқарушылық міндеттерді шешу мақсатында Сабақтас ғылымдардың білімін синтездей отырып, менеджменттің барлық бағыттары бойынша теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларын практикада қолдану, негізгі ойларды шет тілінде баяндау;
  • операциялық және HR-менеджменттің өзекті мәселелері бойынша оларды талқылау және сыни талдау мақсатында ситуациялық кейстер мен практикалық тапсырмаларды әзірлеу;
  • жобалық және диссертациялық жұмысты орындау процесінде ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасын қолдану; білім беру жүйелерін басқарудың заңдылықтарын, принциптерін, технологиялары мен әдістерін ескере отырып, зерттеу мәдениетін меңгеру;
Top