7M01511 Информатика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру қызметі саласында ақпараттық технологияларды қолдана алатын магистрлерді даярлау, оқу үдерісін басқару және мониторингті жүзеге асыру, информатиканы оқытудың заманауи әдістері негізінде дәстүрлі және жаңа идеяларды бағалау және салыстыру, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеру
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M012 Информатика педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
-
IT курс мазмұнын құрудың CLIL технологиясы
Несиелер: 5Курс CLIL технологиясын қолданып сабақтарды ұйымдастыру және жоспарлауды оқытуға бағытталады, 4С (контент, когнетивтік мүмкіншіліктер, коммуникация, мәдениет) орнатуға негізделген заманауи педагогикалық құралдарды қолдану. IT пәндер үшін ағылшын тілің қолдану.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Граф теориясында оқыту мазмұнын құрудың әдістемелік негіздері
Несиелер: 5Курс графтар теориясы негізінде информатиканы оқыту мазмұнын тұрғызу кезінде математикалық әдістерді қолданудың әдістемелік негіздерін оқытуға бағытталған. Графтар теориясының әдістерін түсіндіру және негізгі түсініктерін қалыптастырады. Оқытудың мазмұнын тұрғызу кезінде графтар теориясының әдістерін және алгоритмдерін тәжірибеде қолдануды үйретеді
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Басқару психологиясы
Несиелер: 4Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Білім онлайн-платформалары
Несиелер: 5Курс онлайн-платформаларды оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдануды, интеллектуалдық меншік құқықтарын рәсімдеуді, ашық курстарды құру процестерін және ашық электрондық білім беру ресурстарын ұсыну модельдерін оқытуға бағытталған. Онлайн платформаларда оқу курстарын құруды үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Электрондық үкімет және ашық деректер
Несиелер: 5Курс магистранттарды мемлекетті басқарудың қызметтерімен (жүйелер, бағалау, бенчмаркинг) онлайн жұмыс жасауды, мемлекеттік басқарудағы ашық деректерге сұрату жасау, өңдеуді үйретуге бағытталады, ашық деректер негізінде қосымшаларды құру, сұратулар және есептерді өңдеу біліктерін қалыптастырады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Ауқымды деректерді басқару
Несиелер: 5Курстың мазмұны деректердің үлкен көлемін сақтау және тасымалдау құралдарын және әдістерін, машиналық оқыту негіздерін оқытуға, деректер қоймаларымен жұмыс жасауға бағытталады. Ақпаратты құру, жинақтау және өңдеу процестерін зерттеуді орындау, соның ішінде деректер және білімдер моделдерін құру және талдау, оларды сипаттау және басқару тілдерін қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Информатиканы оқытудағы сабақтастық сұрақтары
Несиелер: 5Информатиканы оқыту бөлімдерінде сабақтастық жүйесінің мазмұндық құраушысын тұрғызуды меңгеру, сабақтастық принциптерін сақтап IT-пәндер бойынша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу үшін оқыту мақсатын, міндеттерін, әдісін қолдану, оқу курсының бөліктерінің арасында, оны меңгерудің әртүрлі баспалдақтары бойынша қажет байланысты және дұрыс қатынасты орната алу
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Параллель есептеулер кластері
Несиелер: 5Курсты оқытудың негізгі тақырыптары кластерді баптау, параллельді есептеулердің тиімділігін бағалауды анықтау болып табылады. Параллельді бағдарламаларды құрудың жалпы әдістемесін, параллельді алгоритмдердің тиімділігін бағалау әдістерін және мақсатты есептеуіш архитектурасында максималды қолжетімді параллелизимді меңгеру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Инноватика
Несиелер: 5Білім беруде инновациялық қызметті ұйымдастыру принциптерін және ережелерін оқыту және IT саласында оқытудың заманауи педагогикалық технологияларын қолдануды үйрету. Магистранттарды оқытудың әртүрлі инновациялық технологияларын оқу процесіне ендіруге даярлау.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Несиелер: 4Жоғары білім берудегі жаңа парадигмалар. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі замағы білім беру технологиялары. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Мультимедиялық бағдарламалық құралдар
Несиелер: 5Курс білім беруде мультимедиалық қосымшаларды қолданудың әдістемелік негіздерін меңгеру, мультимедианың заманауи аппараттық және бағдарламалық құралдарын, мультимедиа өнімдерін құру кезеңдерін және әдістерін оқып-білуге бағытталады. Мультимедиа өнімдерін құрастырушылардың инструменталдық бағдарламалық орталарын қолдану, мәтінді, графика, бейне, дыбыс, анимацияларды өңдеуді үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 1
-
Білім беруде IT жобаларды басқару
Несиелер: 5Курс ақпараттық жүйелерді жобалау және жүргізудің инструменталдық құралдарын, әдіснаманы кешенді қолдануды қарастырады, АТ жобаларын басқаруға дағдыландырады, АЖ қамтамасыз ететін ішкі жүйелерді жобалау әдістемесін оқып-таниды, АТ жобаның экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесін меңгереді. Магистранттар АТ жоба кезеңдері бойынша жұмысты орындауды, жобалық жұмыстарды автоматтандыру үшін қажетті құралдарды қолдануды үйренеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Ғылым тарихы және философиясы
Несиелер: 4«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Курс компьютерлік ғылымды оқыту процесінде студенттердің даму факторы мен құралы ретінде педагогикалық үдерісті дамытудың мәнін, құрылымын, үрдістері мен келешегін зерттеуді қамтиды. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін зерттеу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Шет тілі (кәсіби)
Несиелер: 4Курстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Педагогикалық дизайн
Несиелер: 5Курс тиімді және инновациялық білім беру жүйелерін қолдану, әртүрлі мақсатты тұжырымдалған логикада зерттеу және білім беру өнімдерінің дизайнын жобалау, білім беру өнімін жобалауда пәндік, дидактикалық, психологиялық, когнитивті, эргономиялық сызықтарын келісу, білім беру ортасының ақпараттық және инструменталдық ресурстарын ажырата алу біліктерін қалыптастыруға арналған.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
LabVIEW бағдарламасында оқытуды оқыту әдістемесі
Несиелер: 5Курс LabVIEW графикалық ортасында алгоритмдер және бағдарламаларды жобалауды қолдануды, ақпаратты өңдеу процестерін, ақпараттық модельдерді құрастыруды оқытуға арналған. LabVIEW модельдеу жүйесін қолдану технологияларын және инструменталдық жүйелерін меңгеру, бағдарламалау тілінде әртүрлі күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешуді үйретеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Инновациялық технологияларды қолданумен педагогикалық зерттеулердің әдістемелік негіздері
Несиелер: 5Курс оқытудағы инновацияның теориялық және әдістемелік аспектілерін оқытуды, инновациялық технологияларды қолдану арқылы инновациялық процесті модельдеудің әдіснамалық негіздерін оқытуды, нақты педагогикалық мәселелерді шешуде алынған білімді қолдануды қамтиды.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Желілік әкімшіліктендіру
Несиелер: 5Бұл курста маршруттау хаттамалары және желілік сүзгілерді баптау сұрақтары, OSI моделі, желілер мен телекоммуникация жүйелері, олардың ішкі жүйелерінің, түйіндерінің жұмысқа қабілеттілігін талдау және болжау, жергілікті және ауқымдық желілерді жобалау және құрастыру жолдары қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Білім беру ортасын визуализациялау технологиясы
Несиелер: 5Курстың мазмұны кәсіби қызметте заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және сыни түрде бағалау түсінігін және қабілетін қалыптастыруға бағытталады, өзінің кәсіби саласында оқу жұмысының нәтижелерін визуалды ұсыну технологияларын қолдану ерекшеліктерін түсінеді.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 1
Семестр 2
-
Микророботтарды бағдарламау
Несиелер: 5Курстың мазмұны адам қызметінің түрлі салаларында робототехниканы қолдану әдістерімен, сондай ақ роботтарды құру құралдары және әдістерімен таныстыруға бағытталған. Білім алушылардың микророботтарды бағдарламалау және құрастыру (жинау) бойынша біліктерін және дағдыларын қалыптастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Мобильдік қосымшаларды программалау
Несиелер: 5Курс мобилді құрылғылардың архитектурасын, олардың операциялық жүйелерін, мобильдік қосымшаларды құрастыру үшін Android және IOS платформаларын қолдану жолдарын оқып-үйренуге бағытталады, мобильдік ДҚБЖ қолданып Java, Javascript, Swift тілдерінің көмегімен мобильдік қосымшаларды бағдарламалауға дағдыландырады
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Электронды басылымдарды әзірлеуде динамикалық объектілерді жобалау
Несиелер: 5Курс электрондық басылымдарды құрастыру кезінде, кейін қолдану мүмкіндігі үшін оқу материалы мазмұнының объектілерін жобалау және динамикалық ұсыну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім берудің электрондық ресурстарын ұйымдастыру және жүзеге асырудың заманауи әдістемелерін және технологияларын қолдану қабілеттілігі.
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
STEM-білім беру
Несиелер: 7STEM- білім беру тұжырымдамасына сәйкес оқытудағы пәнаралық тәсілдемені жүзеге асырудың заманауи педагогикалық технологияларын оқыту, информатика, кибернетика, математика, физика және технологияның қиылысуындағы жоғары технологиялар саласындағы кәсіби даярлаудың пәндік білімдерін қолдану жүйесін қалыптастыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Информатиканы оқыту мазмұнының ғылыми негіздері
Несиелер: 5Курс ғылыми-зерттеу тапсырмаларын қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Цифрландырылған білім және оқыту мәселелері
Несиелер: 7Курс процестерді модельдеудің заманауи әдістерін және бағдарламалық құралдарын, білім беруді ақпараттандыру әдіснамасы саласындағы білім беру жүйелерін оқытуға бағытталады, кәсіби білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі және ғылыми саласында әлемдік көзқарасты – әдіснамалық құзыреттеліктерін қалыптастыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Программалаудың есептік ойлауды дамытуға тигізетін семантикалық әсері
Несиелер: 7Курс процедуралық тәсілдемені және бағдарламалаудың негізгі түсініктерін, жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің құрылымын, ақпараттық процестерді сипаттаудың қарапайым модельдерін оқып-үйретуге бағытталады. Магистранттардың білім беруді цифрландыруды зерттеу саласындағы ғылыми және зерттеу құзыреттіліктерін дамыту
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Бағдарламалық-аппараттық қамтамасыздандыру
Несиелер: 5Бағдарламалық - аппараттық қамсыздандыруды, бағдарламалық жүйелерді тестілеу әдістерін қолдануды және сапасын бағалауды, тәуекелділіктерді және қателерді минимизациялау әдістерін оқыту, файлдық жүйелер, файлдардың түрлі форматтары, файлдарды басқару бағдарламаларымен жұмыс жасау біліктері, техникалық құжаттар және анықтамалық файлдардағы мағлұматтарды қолдана білу.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Білім жүйесін цифрландыру зерттеу жұмысы
Несиелер: 5Курс ғылыми әдістерді, проблемаларды, ғылыми-зерттеу жұмысының нысандарын, зерттеу әдістерін және оларды кәсіби салада қолдануды оқытуға бағытталған, информатиканың теориялық негіздері саласында (ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеу) жүйелі білімді қалыптастыру, сондай-ақ дискретті ақпаратты ұсыну және өңдеуге байланысты тапсырмаларды шешу әдістерін қарастырады.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Бейнедәрістер және бейнебаяндар жасау практикумы
Несиелер: 5Курстың мазмұны бейнедәрістерді құрастыру үшін арналған бағдарламалық құралдарға шолу жасауға, бейнедәрістерді құру үшін Adobe Premiere Pro бағдарламасының мүмкіндіктерін оқып-үйренуге бағытталады. Бейнеақпараттарды оқу процесінде қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар, бейнедәрістер және бейнеклиптер құрастыру.
Селективті тәртіп
Оқу жылы - 2
Семестр 1
-
Код ON1
Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
-
Код ON2
Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті қабілеттіліктерді игеру
-
Код ON3
Дидактиканың қағидаларына сәйкес зерттеу ұйымдастыруды жоспарлау және таңдау, компьютерлік пәндер курстары арасындағы қатынастардың сабақтастығын қамтамасыз ету, заманауи педагогикалық басқару әдістемесін және стратегиялық менеджментті білу
-
Код ON4
Aкадемиялық және кәсіби мақсаттар үшін программалау технологияларын оқыту әдістемесін меңгеру
-
Код ON5
Қазіргі заманауи педагогикалық оқыту технологияларын қолдана білу
-
Код ON6
Кәсіби қызметте IT саласындағы оқыту әдістерін және педагогикалық технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану
-
Код ON7
Оқу үдерісін басқаруда білім беруді цифрландыру үшін жобалау мазмұнын, оқу материалын талдау және құрылымдауды меңгеру
-
Код ON8
Аппараттық және бағдарламалық құралдардың заманауи әдістерін оқу үрдісінде қолдану
-
Код ON9
Ғылыми-зерттеу тапсырмаларын қою және шешу үшін теориялық және тәжірибелік білімдерін қолдану