Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05305 Ядролық физика в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Ядролық физика тәжірибесінің тіркегіш құрылғысы
    Несиелер: 5

    "Ядролық-физикалық эксперименттің тіркегіш құрылғысы және электроникасы" курсы нейтронды детекторларды және гамма сәулелерін жоғары кернеумен қамтамасыз етуін оқытады. Берілген энергия аралықта оңтайлы спектральды шкаланы таңдау арқылы нейтрондық және гамма-сәулелер детекторлардың амплитудалық-цифрлық түрлендіруін өлшейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ядроның альфа-, бета- және гамма-ыдырауы
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында атом ядросының ыдырауы, ядролардың изотоптарын өндіру тәсілдері мен заңдарын зерттеу, маңызды субатомдық құбылыстарды ядролық өнеркәсіптегі ғылыми-техникада пайдалану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Нейтрондар және гамма-кванттар
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында фотоядролық реакцияларды, нейтрондардың түрлерін, ядролық реакторда бөлінетін энергия көзін, уран немесе плутоний ядроларын бөлудің тізбекті реакциясын және әртүрлі сәулелену түрлерінің арасында энергияның таралуын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Атомдық ядролардың бөлінуі
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында атом ядросының бөлінуі, ядролардың изотоптарын өндіру тәсілдері мен заңдарын зерттеу, маңызды субатомдық құбылыстарды ядролық өнеркәсіптегі ғылыми-техникада пайдалану қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пән жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру жүйесінде магистранттардың тұтас педагогикалық процессті ұйымдастыра білуін дамыту, кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерді меңгеруге және табысты ғылыми шығармашылық белсенділіктерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ядролық- физика тәжірибесінің электроникасы
    Несиелер: 5

    "Атомдық ядролардың бөлінуі" пәні болашақ физиктердің ғылыми мәселелер шеңберіндегі атом ядроларының бөлінуі туралы қазіргі түсініктердің дамуын анықтауға кіріспе болып табылады. Сұйық тамшы моделінен туындайтын бөлу процесі туралы негізгі түсініктерді және осы модельдің кедергілі резонанстар мен өздігінен бөлінетін изомерлерді көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ядроның статистистикалық моделі мен термодинамикалық қасиеттері
    Несиелер: 5

    Курс ядролық реакциялар кезінде пайда болатын ядро туралы қазіргі заманғы түсініктерді және ядро компонентінің ыдырауының әртүрлі сипаттамаларын есептеу әдістерін тереңдете оқытады. Курсты оқу барысында магистрант атом ядросының нейтрондармен және ядролармен соқтығысуы кезіндегі төменгі энергетикалық ядролық реакциялардың қасиеттерін оқып үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сәуле диагностикасы мен терапияның физикалық принциптері
    Несиелер: 5

    Осы курста онкологиялық аурулар диагностикасы үшін ядролық медицинада сәуле диагностика мен терапияның қолдануын оқытады. Рентгенодиагностика, ультрадыбыстық диагностика, рентгендік компьютерлік томография, радионуклидды диагностика, магниттік-резонанстық томографияның физикалық принциптерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ядро моделдері
    Несиелер: 5

    Осы курста әртүрлі ядролық модельдерде есептеулерді жүргізудің практикалық дағдыларын дамыта оқытады. Ұжымдық модельдер, бір бөлшекті модельдер, тамшылы модель, бесөлшемді гармониялық осциллятор моделі, аксиальды-симметриялық ротатор моделі, ядролық сұйықтықтың екі компонентті моделі, Ферми-газ моделі, қабық моделі және ядроның жалпыланған моделдерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Радиоизотопты диагностика мен терапияның физикалық принциптері
    Несиелер: 5

    «Радиоизотопты диагностика мен терапияның физикалық принциптері» пәнінің мақсаты ядролық өнеркәсіп орындарында және ғылыми зерттеу институттарында ғылыми қызметте радиациялық физика және ядролық медицина әдістерін қолдану. Радионуклидтік, радиоиммундық және мақсатты (таргеттік) терапияның негізгі бағыттарын зерттейді. Терапиялық радионуклидтердің және олардың негізіндегі радиофарм препараттарының ядролық-физикалық қасиеттері және онкологиядағы радионуклидтік терапия әдістерін пайдаланудың мысалдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғарыштық сәулелер физикасы
    Несиелер: 5

    «Ғарыштық сәулелер физикасы» курсының мақсаты ғылыми зерттеу институттарында нанотехнологиялық зерттеулер жүргізу үшін радиациялық материалдарды пайдалануды оқыту. Жақын жердегі кеңістікте жоғары энергиялық зарядталған бөлшектердің ағымын, галактикалық ғарыштық сәулелерді зерттейді. Реликтті сәуле және бастапқы нуклеосинтезді, жұлдыздардың туылуын, жаңа жұлдыздардың нуклеосинтезін, Күннің ғарыштық сәулелерін. өте күшті ғарыштық сәулелерді және ғарыштық сәулелерді тіркеуді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Нуклеосинтез
    Несиелер: 5

    "Нуклеосинтез" пәнін меңгеру нәтижесінде атом ядроларының, химиялық элементтердің пайда болуының негізгі үрдістері мен ықтимал сценарийлерін, жұлдыздар моделдерін және жаңа элементтер мен изотоптардың синтезі бойынша зертханалық зерттеудің негізгі бағыттарын оқытады. Әлемдегі термоядролық процестердің негіздерін, олардың энергетикада және эксперименттерде қолдануын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсы академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады, тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экзотикалық ядроларды және корреляцияны зерттеу кезінде ядролық-физикалық эксперименттер қою
    Несиелер: 5

    Курсты меңгеру нәтижесінде экзотикалық ядроларды және корреляцияны, ядролық-физикалық эксперименттер қою әдістерінің физикалық принциптері менгереді. Экзотикалық ядролардың келесі ерекшеліктерін қарастырады: үлкен бұрыштық момент, қозудың жоғары энергиясы, күшті деформацияланған ядролар, нейтрондар немесе протондар саны аз ядролар, протондар саны өте ауыр ядролар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ядролық-физикалық эксперимент әдістемесі
    Несиелер: 5

    Курсты оқу барысында меншікті иондалу, ұшу уақытын және нейтрондар мен гамма-кванттардың импульстік түрде бөлінуін өлшеу әдістері қарастырылады. Сонымен қатар спектрлерді өлшеу, реакциялардың кинематикалық талдауы, корреляциялық өлшеулер, қозу функцияларын өлшеу және радиоактивті сәулелердегі эксперименталдық әдістемелерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ядролық физикасындағы эксперимент мәліметтерін жинақтау және өңдеу
    Несиелер: 5

    «Ядролық физикадағы эксперименталды мәліметтерді жинақтау және өңдеу» курсының мақсаты ядролық өнеркәсіпорындарда қолданылатын заттар мен материалдардың физикалық қасиеттерін, зерттеудің тәжірибелік әдістерін қолдануды оқыту. Заманауи цифрлық тіркейтін компьютерлік және бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, эксперименталды ақпаратты алу және өңдеу әдістерінің негізгі компоненттерін оқытуды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Төмен энергиялы жеңіл иондардың атом ядроларымен өзара әрекеттесуінің механизмі
    Несиелер: 5

    Курста төмен энергетикалық иондардың зат арқылы өтуі және радиациялық ақаулардың пайда болуы кезіндегі энергия шығындары туралы оқытылады. Төмен энергия иондарының шашырауы, иондардың шашырауындағы кері емес процестердің рөлі, ионды атқылаудың әсерінен қатты денелердің бетін тозаңдату және шашыраған бөлшектердің кеңістіктік таралуының анизотропиясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ядролық эксперимент құралдары мен техникасы
    Несиелер: 5

    "Ядролық эксперимент құралдары мен техникасы" пәнінің мақсаты ядролық физиканың әр түрлі салаларында қолданылатын заттар мен материалдардың физикалық қасиеттерін зерттеу және тәжірибелік әдістерін қолдану. Ядролық эксперименттік зерттеу үшін үдеткіш кешендерінде өлшеу құралдарымен жұмыс істеу принциптерін қарастырады. Ядролық сәулелерді тіркеу детекторларының жұмысын және үдетілген ауыр иондардың заттар арқылы өту процестерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Атом ядросының нуклон және кластерлік құрылымы
    Несиелер: 5

    Осы курста химиялық элементтер ядросының нуклонды құрылымының ұсынылған моделін қарастырады. Атомның электрондық және оның ядросының нуклонды құрылымын, элементтердің химиялық қасиеттерінің электрондық энергетикалық деңгейлерінің құрылымына байланысты өзгеруін оқытады. Курстың мақсаты маңызды субатомдық құбылыстарды ядролық өнеркәсіптегі ғылыми-техникада пайдалану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ядролық реакторлардың физика және теориясы
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру кезінде ядролық және нейтрондық физика негіздерін, радиоактивті ыдыраудың заңы мен сипаттамасын, ядролық реакциялар мен олардың ерекшеліктерін, ядролық реактордағы нейтрондық циклды, нейтрондардың көбеюінің тиімді коэффициентін, нейтрондардың кеңістіктік энергетикалық таралуының және меншікті энергия бөлінуінің қалыптасу заңдылықтарын оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON9

    Ғылыми зерттеу институттарында экзотикалық ядролар мен корреляцияны зерттеуге арналған эксперименттерді жүргізу, нәтижелерін бағалау.

  • Код ON5

    Ғарыш физикасының мәнін түсіну және астрофизикалық зерттеулер жүргізу үшін ядролық физиканы ғылыми зерттеу институттарында пайдалану.

  • Код ON4

    Ғылыми-зерттеу институттарында жүргізілген тәжірибеде ядролық реакциялардың негізгі механизмдері мен модельдерінетеорияны қолдану, өлшеу және бағалау.

  • Код ON6

    Ядролық өнеркәсіп орындарында және ғылыми зерттеу институттарында ғылыми қызметте радиациялық физика және ядролық медицина әдістерін қолдану.

  • Код ON8

    Ғылыми-зерттеу институттарында жүргізілген тәжірибеде төменгі энергиядағы жеңіл зарядталған және нейтрал бөлшектердің әсерлесу теориясын қолдану.

  • Код ON2

    Заманауи педагогикалық технологиялар мен коммуникативтік дағдыларды мемлекеттік басқару органдары мен білім беру ұйымдарында қолдану.

  • Код ON3

    Атом ядросының құрылымын, ядролардың қасиеттерін анықтау тәсілдері мен заңдарын меңгеру, маңызды субатомдық құбылыстарды ядролық өнеркәсіптегі ғылыми-техникада пайдалану.

  • Код ON10

    Ядролық реакциялар кезінде пайда болатын ядроның экспериментін жүргізужәне теориялық модельдерін құру. Ядролық реакция өнімдерінің бұрыштық және энергетикалық таралуын есептеу. Деңгей тығыздығын, қозу энергиясын және ядроның басқа сипаттамаларын анықтау және бағалау.

  • Код ON1

    Ғылыми жетістіктерді заманауи тұрғыда талдау, ядролық өнеркәсіп орындарындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын іздеу және кәсіби қызметте пайдалану.

  • Код ON7

    Ядролық физиканың әр түрлі салаларында қолданылатын заттар мен материалдардың физикалық қасиеттерін, процестерін, ядролық-физикалық құбылыстарды зерттеудің тәжірибелік әдістерін қолдану.

Top