Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01506 Математика (бейіндік) в Yessenov University

Оқыту нәтижелері

  • Математикалық пәндер бойынша семинарлар, практикалық сабақтар өткізеді, сандар теориясының, жоғары алгебраның, геометрияның, математикалық талдаудың, математикалық физиканың таңдалған тараулары бойынша математикалық есептерді жүйелі түрде шешеді
  • Педагогикалық ұжымды басқару дағдыларына ие және менеджмент негіздерін біле отырып, мәселелерді шешеді және басқарушылық шешімдерін қабылдайды еді
  • Математика саласында эксперименттік зерттеу міндеттерін қою және шешуде зерттеу мен патенттік іздеудің заманауи әдістемелерін қолданады
  • Зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізіп, алынған нәтижелерді апробациялауды жүзеге асыра отырып, математиканы оқыту әдістемесі, пәнаралық оқыту, педагогикалық диагностика саласында зерттеулерді жоспарлайды және жүргізеді
  • Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқу сабақтарының және оқу ортасын құрудың мазмұнын анықтайды және нысандарын, әдістері мен құралдарын таңдайды
  • Оқу-әдістемелік кешендер мен авторлық курстардың әдіснамасын біле отырып, математикалық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер мен авторлық курстарды, математиканы онлайн және аралас оқыту бағдарламаларын әзірлейді
  • Тілдерді білуі мен психология негіздерін пайдалана отырып, жұмыс берушілерді, кәсіптік бірлестіктер өкілдерін оқу-тәрбие процесіне тарта отырып, кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасайды
  • Өзінің педагогикалық қызметінінің рефлексиясын және өзін-өзі бағалауды жүзеге асырады, одан әрі кәсіби даму бағыттарын анықтайды, тілдерді және практикаға бағытталған арнайы курстарда білімін қолданады, кәсіби міндеттерді табысты шешу үшін жалпы кәсіби құзыреттіліктерді дамытады.
Top