Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03101 Халықаралық қатынастар в Қазақстан-Неміс университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі әлемде болып жатқан дүниетанымдық, әлеуметтік және жеке маңызды үрдістерді түсіну, тұрақты ғылыми дүниетанымға ие болу.
  • Халықаралық қатынастарды зерттеудің категориялық аппаратын меңгеру және философиялық, саяси, құқықтық және экономикалық ойдың даму тарихы мен логикасын түсіну.
  • Академиялық мәтіндерді дайындау, оларды редакциялау және талдау дағдыларын меңгеру.
  • Жаһандық процестердің логикасы мен халықаралық қатынастар жүйесін оның экономикалық жағдаймен сабақтастығымен байланыста анықтау, жобаны басқару дағдысына ие.
  • Халықаралық құқықтың қалыптасуы мен қызмет етуінің негізгі принциптерін түсіну және пайдалану, халықаралық-құқықтық және дипломатиялық құжаттарды дайындау, редакциялау және талдау дағдысы болу.
  • Жанжалды жағдайларды талдау және оларды шешу технологияларын, оның ішінде – медиация және келіссөздер процесінің тәсілі негізінде пайдалану.
  • Шет елдердің тарихын, халықаралық қатынастардың қалыптасу және даму тарихын білу және түсіндіру, қазіргі әлемдік саясаттың және әлемдік экономиканың принциптері мен ерекшеліктерін түсіну, халықаралық қатынастар теорияларын пайдалана отырып халықаралық процестерді талдай білу.
  • Ғылыми зерттеу бағдарламасын әзірлеу, зерттеудің сапалық, сандық және статистикалық әдістерін пайдалана отырып, оның ішінде арнайы бағдарламалар негізінде жобалау жұмысын ұйымдастыру және жүргізу.
  • Дипломатиялық этикет пен хаттамаға сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеру, дипломатиялық институттардың, халықаралық және өңірлік ұйымдардың жұмыс принциптерін түсіну.
  • Қойылған міндеттерге сәйкес ақпаратты сыни ойлау және логикалық талдау, іздеу, жүйелеу және қойылған мақсаттарға сәйкес ақпаратты бағалау дағдылары болуы тиіс.
  • Сыртқы саясатты талдау дағдыларын меңгеру, Қазақстан, Германия және Еуропалық Одақтың сыртқы саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру принциптері мен ерекшеліктерін түсіну.
  • Коммуникативтік дағдыларды, оның ішінде – мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қолдану, төрт тілді (қазақ, орыс, неміс және ағылшын) осы тілдерде оқытудан өтуге, оларға аналитикалық мәтіндерді жазуға және кәсіби мәтіндерді аударуға мүмкіндік беретін деңгейде меңгеру.
Top