Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D08103 Өсімдіктер қоректенуінің және тыңайтқыш қолданудың ғылыми негізі в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өсімдіктердің қоректену теориясының негіздері және тыңайтқыш қолдану кезінде өсімдіктердің минералды қоректенуін оңтайландыру тәсілдерін әзірлеу сұрақтары бойынша білім беру және ғылым саласындағы заманауи эксперименталды және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті кәсіби құзыреттілігі жоғары деңгейдегі, оның ішінде кәсіби қарым-қатынас мәдениеті, азаматтық ұстанымы бар PhD докторларын дайындау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D131 Өсімдік шаруашылығы
-
Білім беру саласы 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 8D081 Агрономия
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылыми зерттеулер әдістері
Академиялық хат
Ауыл шаруашылғы дақылдарының қоректену диагностикасы және мониторингі
Өсімдіктердің минералды коректендіруін оңтайландыру жүйесі
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділік үрдістерін басқару
Топырақ құнарлылығын реттеу жолдары және теориялық негіздері
Оқыту нәтижелері
- Топырақ жамылғысының құнарлылығының күйі туралы сұрақтар мен мәселелерді талдау және баяндау, өндірістік қызметке талдау және бағалау жүргізу, топырақ құнарлылығының көрсеткіштерін арттыру, өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу. Топырақтың құнарлылығын молайту және сақтау мәселелері бойынша, жерді есепке алу және экономикалық бағалау әдістері бойынша өз көзқарасын білдіре білу. Алқаптардың мелиоративтік жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс жоспарын, органикалық және минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын қолдану жоспарын, топырақтың тиімді және потенциалды құнарлылығын арттыру тәсілдерін жоспарлау және құра білу
- Қоғамның технологиялық, әлеуметтік немесе мәдени дамуының академиялық және кәсіби контекстінде ілгерілетуге жәрдемдесу, өз білімдері мен жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қалың жұртшылыққа өсімдіктер физиологиясы теориясының білімдеріне негізделген дақылдардың минералды қоректенуін басқару тәсілдері саласында және өсімдіктердің минералды қоретенуін уақытында оңтайландыру үшін диагностика мен мониторингте оның рөліне негізделген хабарлау
- Тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесін әзірлеудегі жаңа және күрделі идеяларды талдау, бағалау және синтездеу, ауыл шаруашылығы дақылдарының берілген өнімділігін алудың технологиялық жобаларын жасау және әр түрлі агроценоздардың топырақ құнарлылығын қалпына келтіру
- Топырақтың физикалық, физика-химиялық және агрохимиялық қасиеттерінің көрсеткіштерінің параметрлерін оңтайландырудың теориялық негіздерін анықтау; топырақтың сулық, ауалық, жылулық қасиеттері мен режимдерін жақсарту және реттеу жолдарын санамалау; топырақ құнарлылығы көрсеткіштерін реттеу бойынша дұрыс шешім қабылдау және бағалау; өсірілетін дақылдарға қоректік элементтердің қажеттілігін анықтау. топырақтың микробиологиялық үдерістерін оңтайландыру тәсілдерін игеру
- Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық үдерістерін механикаландыру және автоматтандыру негіздері бойынша дағдыларды игеру және пайдалану, оларды әрі қарай кәсіби қызметте қолдану. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру үдерістерін техникалық және технологиялық қамтамасыз ету саласындағы заманауи жетістіктерді зерделеу.
- Өсімдіктердің қоректенуін кешенді диагностикалау және қоректеру мониторингін жүргізу нәтижелері бойынша өсімдіктердің қоректенуін оңтайландыру әдістерімен тәжірибеге ғылыми көзқараспен зерттеудің маңызды процесін ойлау, жобалау, енгізу және бейімдеу қабілетін көрсету. Топырақ процестерін, ресурстарды басқарудың ғылыми-негізделген әдістерін, топырақ құнарлылығын молайту және дақылдардың өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыштарды пайдаланудың ұтымды және тиімді әдістерін жоспарлау, әзірлеу, енгізу және түзету.
- Ауыл шаруашылығы өндірісін интенсификациялау, өсімдіктердің минералды қоректену, тиімді құнарлылық параметрлерін бағалау және басқару, агрожүйелердің жұмыс істеу және тұрақты даму саласындағы мәселелер мен жетістіктер бойынша зерттеу әдістемерін және дағдыларын меңгеруді жүйелі түсінуді көрсету. Өсімдіктердің қоректену ерекшеліктерінің теориялық негіздерін, олардың қоршаған орта факторларына қойылатын талаптарын меңгеру. Топырақтағы тыңайтқыштардың жылжуы мен өзгеру ерекшеліктерін, дақылдардың өнімділігін анықтайтын факторлардың өзара әрекеттесу сипатын зерттеу.
- Агроөнеркәсіптік салаға қатысты заманауи географиялық ақпараттық жүйелерді, спутниктік навигация жүйелерін, Жерді қашықтықтан зондтау жүйелерін, бағдарламаларды бақылау, есепке алу және мониторингтеу жүйелерін пайдалану дағдыларын меңгеру. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының машина-трактор паркін пайдалану және қызмет көрсету кезінде қолданылатын қазіргі заманғы геоақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын үйрену, мысалы: "дәл егіншілік" технологиялары.
- Топырақтың физикалық, агрохимиялық параметрлерінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша оперативтік араласу үшін инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану; топырақ карталарын, картограммаларды, ГАЖ технологияларды пайдалана отырып, Жер ресурстарын жоспарлау және ұтымды пайдалану; өсірілетін дақылдардың биологиялық ерекшеліктері бойынша топырақ жамылғысының құрылымын пайдалануды оңтайландыру