Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01401 Бастапқы әскери дайындық педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілі пәні курсы магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, ағылшын тілінде лексикалық және тілдік ерекшеліктерін дамыту, шетел тілін меңгеруін және ағылшын тілде сөйлейтін елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуін қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Зерттеу бағыттарын, құрылымын, жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесін, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйесін, онтогенездің кезеңдеріндегі тұлғаның қалыптасуын, психика дамуының заңдылықтарын, қазіргі психологиялық басқарудың бағыттары мен принциптерін, психологиялық білімдер мен іскерліктерді қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың түрлі дәуіріндегі философиялық ойлардың дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі философиялық түсініктер мен теориялар, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. Пәнді зерттеуде проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау, философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды қамту көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • БӘТД оқытудың ғылыми әдістемелік теориясы
    Несиелер: 5

    БӘТД оқыту курсын ғылыми-әдістемелік талдау, әскери іс негіздері мен төтенше жағдайларда адамның өмір қауіпсіздік әрекетті тарауларын жаңартылған бағдарлама бойынша оқып білім алушыларға үйрету әдістері, әрбір бөлімнің ғылыми-әдістемелік талдауы және зерттеу әдістері, одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды, ғылыми ойларды ескере отырып, түсінігі мен шығармашылық дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі кездегі БӘТД өзекті мәселелері
    Несиелер: 6

    Магистрлерге қазіргі заманғы қауіп, террорлық актілер бойынша, ықтимал қауіп-қатерге төтеп беруге, проблеманы шешуде, сауатты білімін, шығармашылық қабілетін пайдаланады, мысалы, жасанды интеллект, сымсыз технология, әскери робототехника, жасырын бақылау жүйесі, навигациялық және технологиялық дайындықтың әскери негізділігін қарастырады. STEM бағдарламасын қолдана отырып, пәнді игеру барысында білім алушы кибер білімі қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • БӘТД оқытудың теориясы мен әдістемесін зерттеу әдіснамасы
    Несиелер: 5

    БӘТД пәнінің мұғалімін дайындау жүйесін, пәнді жоғары дәрежеде оқытуды қамтамасыз ету, сабақты оқушылардың дүниетану, ынта-ықыласын қызығушылығын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру тәсілдерін, қысқа мерзімді жоспарларды озық технологияларды қолдана отырып құру жолдарын қарастырады, одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды. Білім алушыға ғылыми ойларды дамыта отырып, түсінігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық практика
    Несиелер: 5

    Педагогикалық практика жоғары мектепте оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған; білім алушылардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін актілейтін әдістер мен тәсілдер көмегімен алған теориялық білімдерін бере отырып, докторантты қаруландыру; білімін бақылау мен бағалаудың қазіргі заманғы әдістемесін меңгеру; әртүрлі үлгідегі дәрістік, практикалық сабақтарды өз бетінше жүргізуге дайындық.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тактикалық дайындықтың арнайы тараулары
    Несиелер: 5

    Бөлімшелердің ұрыстың әр-түріндегі іс- әрекетінің жүргізу тактикасы бойынша білімді түсіну және интеграциялауды көрсету, жаңа қарудың дамуы және жалпы әскери ұрыс жүргізу тактикасы талаптарын, тәсілдерін, әскери әрекеттер жүргізу тактикасы дағдыларын зерттеу әдістерін игеруді қарастырады, тиімді жұмыс істеуде өз пікірін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өмір қауіпсіздігінің негіздері және ақпараттық технология арнайы тараулары
    Несиелер: 5

    Төтенше жағдайларда, АҚ ұйымының іс-әрекетін, атомдық, химиялық, биологиялық және күшті әсер ететін улы заттармен улану ошақтарының адам организміне әсер ету ерекшеліктермен, террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі дағдыларды зерттеу әдістерін игеруді қарастырады. Лаңкестік қауіпінің проблемалардың шешімін табуда өз пікірін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Атыс дайындығының таңдаулы тараулары
    Несиелер: 5

    Атыс қарулары, жарықшақты қол гранаталарының тағайындалуы мен ұрыстық қасиетін, олардың ұрыстық қасиетін толық пайдаланумен тиімді қолданудың зерттеу әдістерін игеру дағдыларын қарастырылады. Оқ- дәрілердің түрлері, құрылысы, ұрыстық қасиеттері мен арналуын, атыс кезіндегі жұмыс принциптерін, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау проблемаларын шешу, оларды ұрыста тиімді қолдану мен үнемі ұрыстық әзірлікте ұстау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • БӘТД жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту проблемалары
    Несиелер: 5

    Жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың мазмұнының күрделігінің өсу ретін және зерттеу әдістерін қарастырады. Зерттеу қорытындылары мен проблема шешімдерін көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады. Болашақ мұғалімдердің білім беру мазмұнын жаңартылған бағдарламаны іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптастырады. Жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін, ақпараттық мәдениетін меңгеруін көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Технологиялық дайындықтың таңдаулы тараулары
    Несиелер: 5

    Технологиялық дайындықты оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана отырып, білім алушыларға дамытылатын білімдер мен түсініктерді, яғни технологияларды қолдану мен дағдыларды, ұкыптылыкты, түсінігі мен шығармашылық қабілетін қалыптастыру қарастырылған. Көлік құралдарын басқару негіздері және жүргізу қауіпсіздігін, күрделі жол жағдайында көлiк құралын басқару тұжырымдарын талдау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • БӘТД оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Білім алушылар БӘТД оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, білімдер мен түсініктерді және эксперименталды деректерді өңдеуде туындаған проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады, компьютерде оңтайлы енгізу әдістерімен, есептеулер нәтижелерін бағалау, практикада қолдануды, пәнаралық білімдерін интеграциялауды қалыптастыру кезінде қолданылатын негізгі дағдылары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, шығармашылық тапсырмаларды шешуін, магистранттардың әскери ғылымында интеллектуалды қабілеттерін көрсетеді, зерттеу әдістерін игеруді дамытады, ақпараттық мәдениетін меңгеруін қарастырады, тактикалық есептерді құрастыру тәсілдерін үйреніп, проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлау қабілетін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • БӘТД ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Оқыту процесінің құрылымындағы әскери технология мән компьютерлік білімдерін жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, БӘТД зерттеу әдістерін жүргізуге мүмкіндіктер береді. Қазіргі заманғы ұрысты заманауи үлгідегі көрсетілімдерінің, заманауи ұрыстық процестің симуляциялық үлгісін моделдеуді үйренеді. Мектеп БӘТД курсының ғылыми негіздерін зерттеулерде пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әскери робот техникасын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Әскери роботты техникалардың негіздерін оқып үйренуге, қолданбалы программалық білімдер мен түсініктерді қолдана алу, роботтық техникалардың және қарапайым роботтық механизмдердің жасалу технологиясын және роботтарды басқару алгоритмін, роботтарға арналған міндеттер, функционалдық, тактикалық міндеттерді қою, жергілікті жерді бағдарлау, сондай-ақ роботтың төтенше жағдайлардағы ұтымды іс-әрекетін тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • БӘТД оқытуда цифрлық білім ресурстарын пайдалану
    Несиелер: 6

    Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен, компьютерлік білімдерін жаңа ақпараттық технологияларды қолданып әскери іс-негіздері сабақтарын жүргізуге мүмкіндіктер береді. Заманауи үлгідегі казіргі заманғы ұрыс жүргізу процестің симуляциялық үлгісін моделдеуді меңгереді, өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән білім алушылардың жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • БӘТД процесстерді компьютерде модельдеу
    Несиелер: 6

    Студенттерге әскери іс негіздерін компьютерде модельдеуді қолдануда, ұрыс даласында қажетті іс-әрекеттерді моделдеудің компьютерде оңтайлы енгізу әдістерімен, есептеулер нәтижелерін бағалауды, қазіргі заманғы бағдарлану құралдары, GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС, Galileo ғылыми ойларды ескере отырып, өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • БӘТД оқытудағы ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 6

    Білім алушының бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту саласында дамытылатын білімдерді, АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана отырып ақпараттық мәдениетін, көрсете білуді қарастырады. Ақпараттық технологиялар мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және кең ауқымын пайдалану арқылы инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін, кәсіби деңгейін көтеруде пәнаралық білімдерін интеграциялауды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • БӘТД оқытудағы критериалды бағалау технологиясы
    Несиелер: 6

    БӘТД пәнін оқыту саласында критериалды бағалау- оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыру мақсатында, зерттеу идеяларын әзірлеп, шығармашылық қабілетін, пәнаралық білімдерін интеграциялауға пайдаланады. Процесстің барлық қатысушыларына білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері, бағалау жүйесі дайындалады: - формативті; - суммативті; - модерацияны жүргізу; - оқушының жетістігі туралы есеп беру рет-тәртібімен танысады және меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Лаңкестік қауіп-катер жағдайында халықты қорғау таңдаулы тараулары
    Несиелер: 5

    Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі азаматтардың атқаратын әрекеттері, түрлі деңгейдегі қауіп-қатер төнген кезде проблеманы шешу жолдарын қарастырады. Экстермизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, олардың сипаттамалық белгілерін. Қазіргі әлемдегі террористік қатердің өсу себептерін зерттеу әдістерін игеруді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    Зерттеулер контекстінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту саласында дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді;

  • Код ON3

    Әлеуметтік-этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсете біледі;

  • Код ON2

    Барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады;

  • Код ON4

    Идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастырады;

  • Код ON5

    Бастапқы әскери және технологиялық дайындық пәнін оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялайды;

Top