Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01709 Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетінен теориялық және әдістемелік білімді меңгерген, ғылыми-зерттеу дағдысы қалыптасқан, адами құндылықтарды құрметтейтін білім бакалаврларын даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Практикалық қазақ тілі
Тілтаным негіздері
Әдебиеттануға кіріспе
Қазақ тілі негіздері
Тіл біліміне кіріспе
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
Қазақ халық ауыз әдебиеті
-
2 Оқу жылы
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
Ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиет
Педагогика
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Аталым теориясы
Тарих және әдебиет
Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
Морфемдік жүйе
Отаршылдық дәуір әдебиеті
Арнайы курс: Қазақ тілі әлем
Түркітануға кіріспе
Балалар әдебиеті
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
Жасөспірімдер әдебиеті
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Арнайы курс: Аксиолингвистика
-
3 Оқу жылы
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1960)
Инклюзивті білім беру
Білім беру менеджменті және цифрландыру
Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Азаттық ұранды әдебиет
Тілдік қатынас негіздері
Күрделі синтаксистік тұтастық
Қазақ тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесі
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Академиялық хат
Гендерлік және когнитивтік лингвистика
Ғылыми зерттеу негіздері
Әлеуметтік лингвистика
Қазақ жазуының тарихы және іс қағаздары
Мәтінді филологиялық талдау
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2000)
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Шоқантану
Экология және тұрақты даму
-
4 Оқу жылы
Көркем әдебиет теориясы
Жалпы тіл білімі
Контрастивті лингвистика
Әдебиет теориясы және қазақ әдебиеті сынының тарихы
Абайтану және оқытудың жаңа технологиялары
Аударматану
Функционалды грамматика
Арнайы курс: Әуезовтану және қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі
Арнайы курс:Қазақ тілі оқулықтарының лингводидактикалық негіздер
Арнайы курс: Оқулықтану
Қазақ-орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы және қазіргі орыс тілінің негіздері
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Көп мәдениетті және көпконфессиялы білім беру ортасында сындарлы диалог үшін қазақ, орыс және шет тілдеріндегі коммуникация стратегияларын таңдау, белсенді тыңдау, әсер ету және шабыттандыру, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтау, командада жұмыс істеу немесе оны басқару және қақтығыстарды шешу, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алу.
- Оқытылатын саладағы озық білімге негізделген адам құқықтары саласындағы білімнің теориялық негіздерін көрсету, баланың құқықтары мен мүдделерін, педагогтың кәсіби ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын бағалау, білім алушылардың азаматтық құқықтарын құрметтеу, қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін талдау, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну, негізгі қоғамдық, экономикалық процестер мен бағдарламаларды кәсіби деңгейде қолдану.
- Қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын меңгергендігін көрсету, сөздерді, сөйлемдерді, мәтінді талдауды орындау,инновациялық технологияларды пайдалана отырып зертттеулер, талдау және зерттеу нәтижелерін бағалауды жүргізу, қазақ тілінде ауызша және жазбаша коммуникацияның әртүрлі типтерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгеру, жүйелі ғылыми ойлау мәдениеті, креативті ғылыми, инновациялық және білім беру қызметі дағдыларына ие болу.
- 12 жылдық білім беру бағдарламасының мазмұнындағы кәсіби бейімдеу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін критериалды бағалау технологиясын (ФБ,БЖБ, ТЖБ және т.б.) және мамандандырылған оқыту әдістемесін практикада қолдану, педагогикалық менеджмент саласында білімдерін көрсету, педагогикалық мониторингті жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын қолдану.
- Білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттардың негізіндегі білімін көрсете отырып негізінде педагогикалық мониторингті жүзеге асыратын білім беру менеджері ретінде мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, педагогикалық өлшеуіштер мен индикаторлар жүйесін әзірлеу, білім беру ұйымының жұмыс істеу тиімділігін болжау және т.б.
- Ғылыми зерттеулердің, академиялық жазудың әдістерін білу және лингвистика мен әдебиеттанудың теориялық ұғымдарының негіздерін қолдану, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес орта мектептің мектеп бағдарламасына енгізілген бөлімдер мазмұнын, тіл мен әдебиетті дәуірлеудің негізгі кезеңдерін сипаттау.
- Сөз өнері ретінде әдебиетке тән ерекшеліктері қалыптастыру, әдеби терминологияны пайдалану, түрлі жанрдағы әдеби мәтіндерді талдау, материалды жалпылау және салыстыру, авторлардың көркемдік әдістері мен шығармашылық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстан дәстүрлі және инновациялық технологияларды оңтайлы үйлесімді қолдану, филологиялық пәндерді жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде оқытуды ұйымдастыруда, 12 жылдық білім беру бағдарламасы, жаңартылған білім беру және критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
- Сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы сай бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалын сыни іріктеу, бағалау және әзірлеу үшін психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы білімі мен іскерлігін көрсету.