Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02301 Қазақ филологиясы в Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Әдебиеттануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып, көркем әдебиеттің қоғамдық, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мәнін ұғындырып, оның образдық табиғатын, көркемдегіш-бейнелегіш, суреттеу құралдары арқылы түсінік беріледі. Көркем шығарма болмысын, құрылымын, ерекшелігін таныта отырып, оның мазмұндық-пішіндік, тақырыптық-идеялық, композициялық-сюжеттік, тілдің жанрын айқындау, өлең құрылысы теориясына шумақ, бунақ, буын, ұйқас ұғымдары туралы жүйелі білім беріледі.Әдеби ағымдар мен бағыттар туралы мәліметтер зерденеледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тілтаным негіздері
    Несиелер: 3

    Филологиялық мамандықтардың алғашқы курсында білім алушыларға тіл білімі ғылымының зерттеу нысаны, интра және экстра салаларынан, басқа да ғылымдармен қарым-қатынасы, өзіндік ерекшелігі, қоғамдық сипаты, тілдерді топтауда басшылыққа алынатын белгілер мен ұстанымдар, құрылым мен жүйенің бөлімдерінен, негізгі аппаратарынан, жазу, оның даму кезеңдерінен базалық білім беріледі. Оқыту үдерісінде белсенді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде әңгімелесу, пікірталас, проблемалық дәріс, ситуациялық талдау тәсілдері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 3

    Филолог-студенттерге тіл туралы ғылымның негізгі мәліметтерінен, ғылыми аппаратынан, жалпы құрылымы мен жүйесінен, ішкі және деңгейлік салаларынан түсінік қалыптастыру. Сондай-ақ тілдің шығуы мен дамуы, өзара қатынастары теорияларынан, тілдің атқаратын қызмет түрлерінен, тілдердің генеологиялық және типологиялық топтастырылуынан, тіл ғылымының өзге қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен байланыстары, қазіргі лингвистика шеңберіндегі пәнаралық байланыс ретінде тіл мен ойлау, тіл мен жазу ұғымдарынан түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің негіздері
    Несиелер: 3

    Білім алушылардың мектеп бағдарламасы көлемінде қазақ тілінен меңгерген білім, білік дәрежелерін жүйелі түрде тиянақтап, қазақ тіл білімінің салаларынан лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік кешенді талдауды кейс әдісі арқылы терең игерту, білім алушылардың жазу сауаттылығын, ауызша сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, тіл білімі салаларынан өтілетін ғылыми курстарға бағыттайды. Оқыту үдерісінде әңгімелесу, пікірталас, тәсілдері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Корпустық қазақ тілі
    Несиелер: 3

    Пән технологияның жедел дамуының нәтижесінде қазақ тіл білімінде пайда болған жаңа сала корпустық қазақ тілінің тілдік қатынас түрлері аясында электронды түрде игерілуіне негізделген. Компьютердің жадында электронды түрде сақталған қолданбалы қазақ тілінің фонетикалық жүйесі, лексикалық құрылымы, грамматикалық бірліктері толықтай қамтылған материалдар жиынтығы білім алушының базалық білімін тиянақтауға,пысықтауға септігін тигізеді, тіл білімі салаларынан өтілетін ғылыми курстарға бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жасөспірімдер әдебиеті
    Несиелер: 3

    12 жылдық және жаңартылған білім беру және критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге жасөспірім әдебиетінің эстетикасын, шартты түрдегі жіктелісін үйретіп, балалардың жас ерекшеліктеріне сай фантастикалық, шытырман оқиғаларға құрылған шығармалары, жасөспірім әдебиетінің жанр, тақырып, көркемдік және мазмұны жағынан өркендеу ерекшеліктерінен жүйелі білім беріледі. Шығармаларды талдаудың түрлерімен танысып, әдеби талдау дағдысы қалыптасады. Жасөспірімдер әдебиеті шығармаларын әлем әдебиетімен салыстыра, бағалай білуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Арнайы курс: Аксиолингвистика
    Несиелер: 3

    Пәнді игеру барысында құндылықтардың адамдық болмыстың негізін қалаушы, адам өмірінің бағыт-бағдарын анықтаушы категория екендігі, олардың құрылымы мен сипаты, құндылық пайымдаулардың табиғаты мен ерекшелігі, құндылықтарды бағалау категориясының маңызы, бағалаудың обьектісі, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды тани білудің мәні, жалпытүркілік таным, жалпытүркілік тілдік сана, жалпытүркілік ұлттық құндылықтар мәселелері жан-жақты ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда түсіндіріледі. Пәнді белсенді оқытуда әңгіме, пікірталас, түрлі медиаконтенттер әдісі пайдаланылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 3

    Білім алушыларға халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрлық түрлері игерту көзделеді. Сол арқылы студенттерге халықтың рухани бай тарихи мұрасы таныстырылады. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиеті аса бағалы тәрбие мен білімнің көзі ретінде проблемалық әдіс тұрғысында оқытылып, оның өзіндік сипаттары негізінде жастарға тағылым беру жүзеге асырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға ана тілінің лексикасын жүйелік сипатта түсіндіріп, сөздердің, фразеологизмдердің лексикалық жүйеде алатын орнын, сөздердің лексикалық мағынасының түрлері, оның даму заңдылықтарын, сөздің семантикалық қатынасына қарай жіктелуін, фразеологизмдердің қалыптасу заңдылықтары мен шығу арналары, сөздік түрлері туралы теориялық білімін қалыптастырады, лексикалық бірлікке кешенді талдау жасау және сөздікпен жұмыс істеу іскерлігін дамытады. Әдістер: коллаборативті оқыту, іс әрекеттегі оқыту немесе оқытудағы зерттеу, проблемалық оқыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 3

    Студенттерге балалар әдебиетінің генезисінен, даму сатыларынан, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға арналған шығармалардың ерекшеліктерінен, балалар әдебиетінің жанрлық түрлері мен ақын-жазушылар шығармаларының тақырыптық-идеялық, сюжеттік ізденістерінен жүйелі білім беріледі. Балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні туралы, қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұмат беріле отырып, әлем елдері балалар әдебиеті шығармаларымен салыстыруда қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алуды үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Арнайы курс: Қазақ тілі әлем
    Несиелер: 3

    Тілді танып білу арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін, сол ұлттың тұтастай дүние болмысын тануға болады. Өйткені тілдегі таңба-бірліктер халықтың дүние танымынан, рухани мәдениетінен, өмір тіршілігінен, менталитетінен, әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат береді. Пәннің мақсаты тілді халықтың сана-сезімінің дәрежесімен, өмір сүру салтымен, әдет- ғұрып, тұрмыс-тіршілігімен байланыстыра отырып, білу, үйрену және зерттеу болып табылады, студенттердің білік-дағдыларын одан әрі толықтырып дамытады, мемлекеттік тілді толық меңгеруге көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ жазуының тарихы және іс қағаздары
    Несиелер: 3

    Пәнді игеру барысында білім алушылар қазақ жазу тарихынан және мемлекеттік тілдегі іс-қағаздарынан толықтай мағлұмат алады. Жалпы алғашқы суретті қазақ жазуынан бастап, бүгінгі күнгі ауысқалы жатқан латын негізді әліпбиіміздің дыбыстық, әріптік құрылымы мен емле ережелері оқытылатын болады. Сонымен қатар қазақ халқының жазуындағы әдеби, мәдени, саяси жақтарынан сапалы білім беру мақсат етіледі. Мемлекеттік тілде кеңселік, іскерлік іс қағаздары, қызметтік хаттардың құрылымы мен мазмұнын, өзіндік ерекшелігі мен жазылу үлгісін, тірек сөздері мен жазылу стильдерімен және Қазақстан Республикасында қалыптасқан құжат айналымы мен түрлі құжаттардың рәсімделуіне қойылатын талаптарымен танысып, іс жүзінде меңгеретін болады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы
    Несиелер: 3

    Пән білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып қазіргі қазақ тілінің дыбыстық жүйесі,оның акустикалық артикуляциялық, перцепциялық базасының ара қатынасы, тіл дыбыстарының үндесім ерекшеліктері, кірме сөздердің орфография мен орфоэпиядағы өзгерістері туралы білім, білік ,дағды қалыптастырады. Қазақ тілтанымындағы қазақ тілінің дыбыстық жүйесі туралы ғалымдар пікірлерін сараптап жаңа ғылыми тұжырдарды практика барысында зерделеп игертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 3

    Пəнді оқытудың мақсаты – жаңартылған білім беру және 12 жылдық білім беру жүйесінде интербелсенді әдістерді қолдану арқылы педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асырудың кəсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Оқу курсы білім берудің қазіргі парадигмасына сəйкес жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, тұлғалық-іс-əрекеттік, құзыреттілік, сонымен бірге əлеуметтік-педагогикалық құбылыс ретінде тəрбиеге тарихи-педагогикалық, тарихи-жүйелілік жəне аксиологиялық тұрғыдағы жетекші идеялар негізінде эмоционалды интеллектісін басқаруды меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі және хандық дәуірдегі әдебиет
    Несиелер: 5

    Критериалды бағалау жүйесі бойынша студенттерге ежелгі түркі әдебиеті кезеңдері, оның ішінде Орхон-Енисей жазба жәдігерліктері, Оғыз-Қыпшақ бірлестігі кезеңіндегі әдеби ескерткіштер, Қараханиидтер дәуіріндегі әдеби шығармалар туралы ақпарат беріледі. Алтын орда дәуіріндегі поэтикалық дастан-жырларға тоқталып, олардың көркемдік-идеялық нысандары талданады. Орта ғасыр әдебиетінің даму аумағында қалыптасқан жаңа әдеби үдерістер жүйеленеді. Соның негізінде осы дәуірге тән әдеби жәдігерлерді тарихи-көркемдік тұрғыдан, шежірелік-жылнамалық негізде салыстырулар арқылы зерттейді. Сонымен қатар Дулати, Жалаири, Бабир еңбектері талданып, зерденеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты пәннің мазмұны Қазақстан экономикасының даму кезеңдері, монополия және нақтылау, Ұлттық экономика, жұмыс істемейтін және инфляция деңгейі, алдын – ала кәсіпкерлікті ұйымдастырудың дәлдігі мен нысандары, әлеуметтік кәсіпкерлік, кәсіпкерлік тәуекел, кәсіпорындағы жаңа идеялар, тиімді бизнес-жоспарды дамыту, Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау сияқты тақырыптарды қамтитынын түсіндіру. Бизнес-жобалардың тұсаукесерлерін ұйымдастыру және өткізу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Отаршылдық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолын әдеби тарихи, теориялық, әдеби сын тұрғысынан қарастырып білім береді. Қазақ жазба әдебиеті тарихындағы бұл кезең бұрыннан бар дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңашылдықпен ілгері дамытып, жаңа ғасыр талабына сай өркендеген қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан жан-жақты дамып, әдеби ізденістер көркемдік тұрғыдан игертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ономастиканың теориясы мен тарихы және диалектология
    Несиелер: 3

    Студенттерге ұлттық жалқы есімдердің қалыптасу тарихын зерделейтін қазақ ономасиология ғылымының салалары, теориясы мен методологиясы, жалқы есімдерді лексикалық бірлік ретінде қарастырып, оның танымдық және мәдени мазмұнынан және қазақ диалектілері мен говорларының пайда болуы мен дамуы, классификациялау кезеңдері, олардың фонетика және фонология, лексикология, грамматика саласындағы ареалдық ерекшеліктері туралы жүйелі білім береді. Әдістер: коллаборативті оқыту, іс әрекеттегі оқыту немесе оқытудағы зерттеу, проблемалық оқыту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 3

    Филолог-студенттерге тарихи-салыстырмалы тіл білімінің дербес саласы ретінде түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, өзге жеке түркі тілдерінің қалыптасу, даму тарихына, тектік ортақтастығына, түркі тілдерінің құрылым-құрылысындағы ортақ сәйкестіктер жүйесіне, жалпытүркілік тектілдің дыбыстық және морфологиялық бірліктерінің болмысынан, түркі тілдерінің фонологиялық, фонетикалық жүйесі, ортақ лексикасы мен этнолингвистикалық ерекшеліктері, және түркі тілдері морфологиясының үғымдық аппаратынан жүйелі білім беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Аталым теориясы
    Несиелер: 5

    Студенттерге атаужасам заңдылықтары, осы процестегі тіл мен ойлаудың қызметінің болмыспен байланыстылығын, атау беруге негіз болған белгілердің танылуы, уәждері мен атаудың тілдік жағдайына адам факторының рөлі қарастырылып, атаудың жасалу құралдары, үлгілері мен тәсілдері туралы жүйелі білім беріледі. Атаужасам саласындағы іргелі теориялық еңбектер мен өзекті ғылыми көзқарастар 12 жылдық білім беру бағдарламасы мазмұнына сәйкес сараланады және кешенді талдау жасалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шоқантану
    Несиелер: 5

    Мақсаты: студенттердің Шоқановатану минимумын меңгеруі, Ш.Уалихановтың өмірбаяны мен өмірі саласындағы орыс тарихының негізгі мәселелерін білуі. Аннотация: Бұл пән Ш.Уалихановтың тұқымын, Ш.Уалихановтың жеке басының қалыптасуының тарихи алғышарттарын, оның қызметін зерттейді. Ғылымды насихаттауды, шығыстану мәселелерін оның еңбектерінде, этнографиялық мұраны және Ш.Уалихановтың тарих ғылымына қосқан үлесін қарастырады. Ш.Уалихановтың қоғамдық-саяси және ғылыми көзқарастарымен таныстырады. Эссе жазу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге ұлттық сөз өнері тарихының ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік,стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріліп, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік,озық көркемдік әдістер мен жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігін , зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамуындағы реалистік маңызын проблемалық дәріс,сүрақ-жауап әдістерін қолдана отырып тереңдетіле меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты экологияның мақсаттары, міндеттері және әдістерімен таныстыру. Экологиялық білімнің қалыптасуы мен дамуының қысқаша тарихы. Табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарын беру. Экологиялық проблемалар, олардың қазіргі экономикалық және саяси тенденциялардағы орны мен рөлі. Экология бойынша практикалық міндеттерді шешу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты еңбек, азаматтық, отбасылық және қылмыстық құқықта мемлекеттің түрлері мен нысандары туралы түсінік пен құзыреттілікті қалыптастыруды қарастыру, студенттерге сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша жұмысты басқарудың негізгі технологиялары туралы Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркітануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Cтуденттерге шығыстану ғылымының бір саласы – түркологияның зерттеу нысаны, түркі халықтары мен тілдерінің Алтай, Ғұн, көне түркі, орта түркі, жаңа түркі, кеңес дәуірі, бүгінгі түркі даму кезеңдерінен, жекелеген түркі тілдерінің фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері мен диалектілік құрамынан, түркі тілдерінің Махмұт Қашқари, А.Ремюза, В.В.Радлов, Ф.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородский, Б.А.Серебрянников, Н.А.Баскаков, Т.Текин, И.Бецинг, К.Г.Менгес жіктеулерінің ұстанымдары мен ерекшеліктерінен жүйелі білім беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тіршілік қауіпсіздік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты біздің өміріміздегі қауіпсіз мінез-құлық саласындағы құзыреттерді қарастыру, қауіпті жағдайларда, оның ішінде қоршаған, техногендік және биосоциалдық сипаттағы қауіпті жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдау және рөлдер, салауатты және қауіпсіз өмір салтын ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Студентерге сөзжасамның зерттеу нысаны, өзіндік ерекшелігі, туынды сөз, түрлері, сөзжасамның тәсілдері, сөзжасамдық мағынаның түрлері, сөзжасамдық ұя, жұп, тізбек, тарам, саты, тип, үлгі, сөз таптарының сөзжасамы туралы жүйелі білім беріледі, кешенді сөзжасамдық талдау жасау дағдысы, туынды сөздерді салыстыру, бағалау, саралау, жүйелеу қабілеттері 12 жылдық білім беру бағдарламасы мазмұнына сәйкес пікірталас, проблемалық дәріс, төңкерілген сынып, кейс әдістері негізінде қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту; ғылыми білімге баулу, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау және қабілетін шыңдау. Пәнді оқытудың міндеттері: студенттердің ғылыми зерттеулер жүргізудегі практикалық дағдыларын дамыту; ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Компьютерлік презентацияларды пайдалана отырып, интерактивті дәрістер, белсенді практикалық сабақтар өткізу, білім беру процесіндегі ғылыми зерттеулердің АКТ-мен өзара байланыстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Гендерлік және когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Студенттерге кешенді ғылым - гендерлік және когнитологиялық зерттеулер саласында қалыптасып келе жатқан отандық тіл білімінің жаңа ізденістерінен, шетелдік, қазақ этногендерлік, когнитивтік зерттеулерінен, ғылыми ұғымдық аппаратынан, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика және фонология, лексикология, грамматика саласындағы гендерлік және танымдық ерекшеліктер туралы жүйелі білім кәсіби бейімдеу қағидаттарына негізделіп белсенді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде әңгімелесу, пікірталас, проблемалық дәріс, ситуациялық талдау тәсілдер арқылы беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Білім алушылар 12 жылдық және жаңартылған білім мазмұны бағдарламасының нормативтік-базалық құжаттарымен, үлгілік оқу бағдарламасының өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Критериалды бағалау түрлері мен ұстанымдары, қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері, жиынтық бағалаудың спецификациясы, бағалаудың негізгі мақсаттары, Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейі туралы білім беріледі. Оқу жоспарының түрлері, олардың өзара байланысы, ҚМЖ құрудың қадамдары және эмоционалды интеллектісін басқару үйретіледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып, морфологияның теориялық мәселелері, негізгі грамматикалық ұғымдар, грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория, сөз формалары, сөздерді таптастыру принциптері, сөз таптарының лексика-грамматикалық ерекшеліктері, парадигмасы туралы теориялық білім беріледі, сөз таптарын салыстыру, бағалау, саралау, жүйелеу қабілеттері, кешенді морфологиялық талдау жасау дағдысы пікірталас, проблемалық дәріс, төңкерілген сынып, кейс әдістері негізінде қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім беру менеджменті және цифрландыру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: педагогикалық менеджмент негіздерін меңгеру. Пән шеңберінде педагогикалық менеджмент негіздері оқытылады. Білім беру менеджментінің негізгі тірек элементтерінің мәні мен сипаттамалары. Білім берудегі менеджмент және цифрландыру мәселелері. Оқу процесіне цифрлық құралдар мен технологияларды енгізу. Цифрлық білім беру ортасы мен мазмұнын құру. Заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалану. Қолданылатын оқыту әдістері: IT-технологияларды (мобильді және бұлтты технологиялар), кейс-стади.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тіл мәдениеті және Телерадиожурналистика негізі
    Несиелер: 5

    Студенттерге тіл мәдениетінің негізгі ұғым-түсініктері, әдеби тілдің нормасы, оның түрлері, нормадан уәжді және уәжсіз ауытқу, тілдің қатысымдық сапалары, қазіргі тілдік ахуал, тіл экологиясы, мәдениеттер тоғысындағы тілдік қарым-қатынас жасау мәдениеті, оның жанрларына тән ерекшеліктері, телехабарлар тілінің табиғатын, оларға қойылатын талаптар, ресми телехабарлардағы лингвоэкологиялық мәселелермен термин жасаудағы рөлі түсіндіріледі. Пәнді белсенді оқытуда әңгіме, пікірталас, түрлі медиаконтенттер мен проблемалық дәріс, кейс әдісі пайдаланылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 3

    Студенттерге ең көне дәуір жазба мұраларынан бастап ең жаңа дәуірге дейінгі аралықта қалыптасқан қазақ тілінің грамматикасынан, даму эволюциясынан, тарихынан мәлімет беріледі. Сонымен қатар қазақ этнонимі, қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны, тілдік жүйесі және фонетика, лексикалогия, сөзжасам, морфология, синтаксис салалары, оқшау сөздердің қалыптасу, даму тарихы қамтылады. Оқыту үдерісінде белсенді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде әңгімелесу, пікірталас, проблемалық дәріс, ситуациялық талдау тәсілдері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Азаттық ұранды әдебиет
    Несиелер: 5

    12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан студенттерге ұлттық әдебиет тарихындағы Алаш қозғалысы дәуірі мен Алаш әдебиетінің ерекшелігі, көркемдік қырлары туралы білім береді. ХІХ ғасырдың аяғынан бері келе жатқан әдебиеттегі ағартушылық пен сыншылдық реализммен бірге романтикалық, сентименталистік тәсілдері кеңінен көрінеді. Студенттер ұлттық әдебиеттің мазмұн, тақырып ауқымының ерекшеліктерін, көркемдік таным, қаламгердің шығармашылық дүниетанымы мәселелерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тіл тарихы
    Несиелер: 3

    Тіл тарихыда тарихи-салыстырмалы тіл білімінің дербес саласы ретінде қазақ тілінің тілдік бірліктері мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының қалыптасу тарихынан жүйелі білім беріледі. Басқа жекелеген түркі тілдерінің қалыптасу, даму тарихы, түркі тілдерінің құрылымы мен құрылымындағы сәйкестілік жүйесі, жалпы түркі прото-тілінің дыбыстық және морфологиялық бірліктерінің мәні. Оқу процесінде белсенді педагогикалық тәсіл ретінде әңгіме, пікірталас, проблемалық дәріс, ситуациялық талдау, жоба әдістері қолданылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тілдік қатынас негіздері
    Несиелер: 3

    Жаңартылған білім беру және 12 жылдық білім беру мазмұнына сай студенттерге тілдік қатынас ұғымын, түрлерін, ерекшеліктерін, негізгі сипаты мен басты қағидаларын, тілдік қатынастың құрамын, ғылыми негіздері мен сөйлесім әрекеті, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін түсіндіреді. Пәнді игеру барысында студенттер тілдік қатынастың методологиялық негізін біледі, оны құрамына қарай талдайды, қатысымдық тұлғаларды дұрыс ажыратады, сөйлесім әрекеті және оның түрлерін жан-жақты қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Студенттерге критериалды бағалау технологиясын қолданып, тіл және қоғам, тіл қызметінің түрлері, тілдік жағдаят, оның түрлері, этносаралық, тіларалық қатынастарының тең әрі тұрақты дамуына ықпал ететін демократиялық бағыттағы тіл саясаты мен этнолингвистикалық, тілдік жағдаяттар, мемлекеттік тілдің мәні, қызметі, рухани жаңғыру жағдайындағы тіл мәселесі, жазу реформасы мәселелері туралы жүйелі білім белсенді педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1960)
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму жолын әдеби тарихи, теориялық, әдеби сын тұрғысынан қарастыру курстың басты мақсаты болып табылады. Өзіндік ерекшелігі мол және қазақ жазба әдебиеті тарихындағы бұл кезең (1900-1960) бұрыннан бар дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңашылдықпен ілгері дамытып, жаңа ғасыр талабына сай өркендеген қазақ әдебиеті жанрлық тұрғыдан жан-жақты дамып, әдеби ізденістер көркемдік тұрғыдан игертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Орыс тілді аудиторияда қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушылар өзге тілді білім беру ұйымдарында оқушыларға қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі жаңартылған білім мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіре оқыту жүйесіне негізделген оқыту әдістемесімен танысады. Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа инновациялық технологиялары, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерін қарастырады. Бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері мен оқыту технологияларын қарастырып игертеді. Теориялық білімдерін әдістемелік тұрғыда қолдану машықтарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мәтінді филологиялық талдау
    Несиелер: 5

    Студенттерге пәннің методологиялық аспектісі, прозалық және поэзиялық, драмалық мәтінге филологиялық талдаудың мәні мен талдаудың негізгі бағыттары, сюжет және композиция шығарманың құрылымдық принципі, көркем шығарманың құрылымдық мотивінен білім беріледі. Көркем шығарма талдау түрлерін игере отырып, мәтіннің жанрлық сипаты мен мәселелерін, оның образдар жүйесін және шығарма композициясының табиғатын анықтауда кәсіби бейімдеу іске асырылады, эмоционалды интеллектісін басқара отырып, командада жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 3

    Лингвомәдениеттану курсы лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған пән. Халық мәдениетінің тілдегі әсерін антропоцентристік бағытта қарастырады. Лингвомәдениеттанудың қалыптасуы, тіл мен таным тұтастығы, құндылықтар жүйесі тіл, мәдениет сабақтастығында зерделенеді. Пәнді оқыту барысында лингвомәдениеттанудың өзекті мәселелерін зерттеушілердің ғылыми тұжырымдары сараланады, нақты тілдік деректермен дәлелденеді. Пәннің теориялық мәселелері тіл-мәдениет адам-этнос төрттағанында қарастырылады, сын тұрғысынан ойлау, пікірталас, проблемалық дәріс, кейс әдістері негізінде қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Жаңартылған білім беру және 12 жылдық білім беру мазмұнына сай студенттерге тіл ғылымының қалыптасу, даму тарихы мен кезеңдердегі негізгі ғылыми бағыттар мен мектептердің ұстанымдары, қазіргі заман тіл ғылымының теориялық проблемалары, қалпы, ішкі және сыртқы лингвистика салаларынан, тілдердің генеологиялық, типологиялық және ареалдық жіктелімінен, семиотикалық сипаты,, құрылымдық, жүйелік болмысы негіздерінен, лингвистика әдіснамасы мен парадигмаларынан теориялық білім беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Жалпы білім беретін орта мектептер үшін мұғалім даярлайтын, олардың тәжірибесі мен іскер дағдыларын қалыптастыратын пәннің – мақсаты әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, өзге тілді аудиторияда әдеби шығарманың тәжірибелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттердің көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып, таным әдісіне үйретеді. Бүгінгі жаңартылған білім мазмұны мен 12 жылдық білім берудің ерекшеліктері мен оқыту технологияларын қарастырып игертеді. Теориялық білімдерін әдістемелік тұрғыда қолдану машықтарын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттер пәнді оқытудың дидактикалық-технологиялық негіздерін, әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық материалдар мен құралдарын, жаттығулар жүйесін жасау мен тапсырмалардың өзіндік ерекшеліктерін меңгереді. Игерген білім-біліктеріне сүйеніп, ҚМЖ құруға төселеді. Тіл бірліктерінің функционалдық қырларын талдаудың және оны оқушыға меңгертудің жолдары үйренеді. 12 жылдық және жаңартылған білім беру , критериалды бағалау жүйесі негізінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің шеберлігін жетілдіруде оқытудың белсенді әдістері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Студенттер өзге тілді білім беру ұйымдарында оқушыларға мемлекеттік тілді меңгертудің ұтымды жолдарымен танысады. Жаңашыл педагогтардың тәжірибелерін талдап-тану арқылы тиімді әдістер мен тәсілдер жүйесін зерделейді. Отандық және шетелдік озық тәжірибені зерттейді, тәжірибеде қолдануға машықтанады. Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің тиімді және инновациялық технологияларын үйренеді. Замануи сабақ жоспарын құрудың механизімін игереді. Тапсырмаларды құру мен саралаудың жолын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1960-2000)
    Несиелер: 5

    Студенттерге критериалды бағалау технологиясын қолданып, қазақ әдебиетіндегі көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын, заман, уақыт ұсынған әлеуметтік құбылыс, проблемаларды игерте отырып, ақын-жазушылардың көркемдік-философиялық дүниетанымы, көркем шығармалардың идеялық-тақырыптық, жанрлық, образдық, көркемдік ерекшеліктері жөнінде жүйелі білім беру көзделеді. Тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттің өзіндік даму бағыттары, ұлттық сипаты, ұлттық әдебиеттің көркемдік-эстетикалық дамуының жайынан мәлімет беріледі. Әдеби шығармаларды талдау дағдысы қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 3

    Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша студенттерге аналитикалық, синтетикалық тәсілге негіз болатын синтаксистік тіркестердің байланысу формалары мен түрлері, сөйлем мүшелері, жай сөйлем түрлері мен олардың жасалу жолдары туралы теориялық білім беріледі. Сөйлемнің коммуникативтік мақсатына, предикативтік единицаларының санына, құрылымына, бас мүшелерінің қатысына байланысты меңгерген білім мазмұнын студент тәжірибеде шыңдайды. Білім беру жүйесіндегі репродуктивтік оқытуды және конструктивтік оқуды меңгерген маман ретінде өзін нарыққа ұсына алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы курс:Қазақ тілі оқулықтарының лингводидактикалық негіздер
    Несиелер: 3

    Білім алушылар оқулықтану негіздерін меңгеру арқылы қазақ тілі оқулықтарының құрылымы мен мазмұнына сараптамалық талдау жасай алады. Қазақ тілі оқулықтарының дидактикалық, методологиялық-теориялық негіздерін меңгереді. Оқу-әдістемелік кешендерді оқып-талдауға, баға беруге, тиімді әдістемелік кешендерді құрастыра алуға машықтанады және оларды практикада қолдана білу дағдылары қалыптасады. Қазақ тілі оқулықтарын ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттері дамыйды. Өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеуге және оларды талдай білуге дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Студенттерге көркем образ болмысын, көркемдік, көркемдік қуат, көркемдік шындық категорияларын сараптау, көркем образ табиғатындағы характер, тип ұғымдарын ұғындырып талдату, көркем шығарма құрылымындағы мазмұн мен пішін, тақырып пен идея, композиция мен сюжет, көркем тіл компоненттерін аналитикалық тұрғыда сараптау, әдеби жанрлар теориясы, көркемдік процесс ұғымдарына теориялық білім беруде эмоционалды интеллектісін басқара алу көзделеді. Көркем әдебиеттегі ағым мен бағытқа, көркемдік әдіс, стильге түсініктеме беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ тілі
    Несиелер: 3

    Студенттерге іскери және кәсіби қарым-қатынас түрлері, ғылыми стильдің жанрлық ерекшеліктері, кәсіби қарым-қатынастың білік пен дағдыларын игертеді, жалпы гуманитарлық және жалпы кәсіби танымын кеңейтеді. Пәнді игеру барысында кәсіби сөздердің мағыналық, құрылымдық ерекшеліктерін, кәсіби салалық терминдердің семантикасы мен жасалу ерекшеліктерін, кәсіби саладағы сөйлеу тілі мен ғылыми стильдің ерекшеліктерін меңгереді. Белсенді оқытудың әңгімелесу, пікірталас, ситуациялық талдау әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арнайы курс: Әуезовтану және қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістемесі
    Несиелер: 5

    М.Әуезовтың алғашқы кездегі шығармашылығы, кемел жасқа жеткендегі шығармашылығы, қаламгердің басқа ел әдебиетіне көзқарасы, шетел жазушыларымен рухани байланысы, жазушы лабораториясының әрқырлылығын шығармалары, аудармалары, мақалалары, шетел әдебиетімен жүйелік байланысы қарастырылады. Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері, сабақты жоспарлаудың заманауи үлгісі, жаңартылған білім мазмұны бойынша критериалды бағалауды ұйымдастыру түрлері, әдістемелік құжаттармен жұмыс жасауға үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құрмалас сөйлем синтаксисі
    Несиелер: 3

    Құрмалас сөйлем − екі не одан да көп предикативтік компоненттердің өзара лексика-семантикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, құрылымдық, интонациялық тұтастықта тұрып, күрделі ойды білдіретін коммуникативтік бірлік. Бұл тілдік тұлғаның көп компонентті салалас, сабақтас сөйлемдерінің жасалуы туралы студенттің білімі, түсінігі қалыптасады. Творчестволық жұмыста логикалық жүйелілікті ұстанғандықтан, студент заманауи сұраныстың субъектісі бола алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Абайтану және оқытудың жаңа технологиялары
    Несиелер: 5

    Абай Құнанбаевтың әлемдік деңгейдегі поэзиялық мектебінің ерекшелігі мен сипаты, дәстүрлік болмысы мен ойшылдық тереңдігін жөнінде білім беріледі. Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білімдерді меңгеру, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану, болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамыту, еліміздегі білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асырудың жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау
    Несиелер: 5

    Студенттерге стилистика ғылымының негізгі ұғымдары, категориялары, функционалды стильдер: ресми стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі,ауызекі сөйлеу стилі; мәтін талдаудың теориялық және практикалық негіздері мен ұстанымдары,мәтін категориялары, мәтінге лингвистикалық, стилистикалық талдау жасаудың түрлері мен әдістері, мәтіндегі автор бейнесі, баяндау түрлері, мәтіндегі тірек сөздердің қолданысы, экспресивтік-стилистикалық бояуы туралы түсінік беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 3

    Академиялық мәтіндердің ұғымымен, функцияларымен және жанрларымен, жазуға қойылатын талаптармен таныстыру; дереккөздермен, кітапханалық және Интернет ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; академиялық ортада плагиат мәселелерін талқылау; академиялық мәтінді сауатты ресімдеу дағдыларын қалыптастыру (аннотация, эссе, рецензия, реферат, курстық және дипломдық жұмыс). Ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыс нәтижелерін ғылыми ортада жариялау іскерлігін дәстүрлі және инновациялық технологияларды оңтайлы үйлесімді қолдана алуды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Функционалды грамматика
    Несиелер: 3

    12 жылдық білім беру мазмұнына сай білім алушыларға функционалды грамматика теориясына қатысты негізгі ұғымдар, негізгі теориялық мәселелері, функционалды -семантикалық категориялар: аспектуалдылық категориясы, модальділік категориясы, темпоралдылық категориясы, функционалды-семантикалық өрістер: персоналдылық функционалды-семантикалық өрісі, шақтық локалдылық, бейлокалдылық, интонацияның қызметі, интонемалардың жай сөйлемдер мен күрделенген және құрмалас сөйлемдегі көріністері туралы білім беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы және қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Несиелер: 5

    Студенттерге көркем өнердегі, оның ішінде көркем әдебиеттегі көркем образ болмысын, ұғымын көркем образдың жалпылық және жалқылық мәнінде айқындау, көркем образ бен көркемдік идея арасындағы диалектикалық қатынасты сараптау. Көркем образды ашудағы жазушы шеберлігіне, көркем шығарма құрылымына аналитикалық талдау жасау, көркемдік процесс мәнін ұғындырып игертуде командада жұмыс істеу және қақтығыстарды шешу, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алу дағдығын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    12 жылдық білім беру мазмұнына сай білім алушыларға қазақ әдеби тілінің қалыптасып даму тарихын дәуірлеу мәселесіне байланысты туған ғылыми пікірлерді, әдеби тілдің әлеуметтік қызметін, оның халық тарихы, мәдениеті, әдебиеті және рухани дүниесімен байланысын меңгереді. Қазақ әдеби тілінің ұлтқа тән құндылықтарды қалыптастырушы, дамытушы, сақтаушы, кейінгі ұрпаққа жеткізуші құрал екендігін әр түрлі тәсілдер арқылы оқып таниды. Ғылыми көзқарастармен дәлелдеп, өз пікірлерін білдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арнайы курс: Оқулықтану
    Несиелер: 3

    Оқулықтану – оқулық жасау туралы ғылым. Онда оқулық және білім сапасын көтеру, оқулық сапасын бағалау әдістемесі, оқулыққа қойылатын талаптар, мектеп оқулықтарының дидактикалық аппаратын құрастыру критерийлері, оқулық құрылымы, оқулық мазмұны, меңгертуді ұйымдастыру аппараты, қабылдау аппараты, бағдарлау аппараты, иллюстрациялық материал, оқулықтың электрондық қосымшасы, оқулық эргономикасы сияқты мәселелер қарастырылады. Пәнді оқыту барысында белсенді оқытудың проблемалық дәріс, төңкерілген сынып түрлі сараптамалық талдау жасау әдістері қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің әдеби нормасы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту барысында қазақ тілінің әдеби нормасы тілдің қоғамдық қызметімен астарласып жатуы, тіл мәдениеті ұғымымен байланыстылығы анықталады. Әдеби норма ұғымы, оның түрлері зерделенеді. Әдеби нормалар, лексикалық норма, грамматикалық норма, орфоэпиялық норма, орфографиялық норма қағидаттары меңгеріліп, олардың сөзге, сөйлем жүйесіне, сөйлеу ырғағына әсері практикада дәлелденеді. Әдеби норманы сақтау тіл көркемдігіне, айтылар ойдың сындарлығына негіз болатыны сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    Тілдік қатынас негіздерін меңгеріп, жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңашыл технологияларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде тиімді қолдана отырып, ғылыми жобаларды іске асыру.

  • Код ON5

    Кәсіби пәндік және пәнаралық білімі негізінде қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін зерделеу.

  • Код ON8

    Ақпаратты алу, сақтау, және өңдеудің тиімді тәсілдерін меңгеріп, академиялық шыншылдық қағидаттарын сақтай отырып, заманауи оқыту технологиялары негізінде арнаулы кәсіби білім беру мекемелерінде және тележурналистика саласында кәсіби қызмет істей алу.

  • Код ON6

    Тілдік және әдеби деректерді талдау, қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелерін сыни тұрғыдан зерделеу, нәтижелерін академиялық жазылым түрінде ұсына алу.

  • Код ON7

    Оқытылатын пәндер негізінде кәсіби қарым-қатынас жасау іскерлігін, дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын көрсете алу.

  • Код ON1

    Қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттері дамыған, АКТ-ны меңгерген Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға белсенді қатысатын тұлғаның дүниетанымын, азаматтық және моральдық ұстанымын қалыптастыруға қажетті жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, экономика саласынан базалық білімдерін көрсете алу

  • Код ON4

    Филологиялық пәндер негізінде жинақтаған білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін саладағы проблемаларды шешу.

  • Код ON3

    Қазақ тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесінен жинақтаған білімін өздігінен жетілдіру, филология салыныдағы өзекті мәселелер мен педагогикалық үдерістегі болып жатқан барлық құбылыстарды зерттеп, кәсіби деңгейде бағалау, креативті шешім қабылдай алу.

Top