Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02211 Этнология және антропология в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама этномәдени мұра проблемаларымен, дәстүрлі мәдениетпен, этносаралық қатынастармен айналысатын, кәсіби проблемаларды этнология, антропология және мәдениеттанудың теориялық және қолданбалы білімдері негізінде шеше алатын; Тәуелсіз сараптамалық және жобалық қызмет, билік органдарында, мәдениет мекемелерінде және қоғамдық ұйымдарда ұлттық саясатты іске асыру қабілетімен этнологтар мен антропологтарды даярлауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B134 Археология және этнология
  • Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты тірі организмдердің тіршілік ету ортасымен өзара әрекеттесу заңдылықтары, биосфераның жұмыс істеуі, зиянды, зақымдайтын факторлардан адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздері, қауіптерден қорғау тәсілдері, авариялар, апаттар, табиғи апаттар салдарын жою жөніндегі іс-шаралар, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану туралы білімді қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - заңдылықтарды, тұжырымдамаларды, кәсіби қызметті ғылыми зерттеуді ұйымдастыру мен басқарудың ерекшеліктерін қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі ғылыми әдістемеге сәйкес ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жоспарлау дағдыларын; ғылыми әзірлемелер, ғылыми байланыстар мүмкіндігі, әр түрлі деңгейдегі ғылыми гранттарға өтінім беруге, ақпараттарды іздеу тәртібінің дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Абай ілімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби білімін, түсінігін, қабілетін елдің ынтымағы мен бірлігін нығайту, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында қолдану құзіреттілігін қалыптастыру. Қарастырылатын мәселелер:Абай ілімі туралы түсінік; Абай ілімінің қайнар көздері; Абай ілімінің құрамдас бөлімдері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімінің өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әл-Фараби және қазіргі заман
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Этнологияға кіріспе
    Несиелер: 9

    Пән мақсаты: этнологияның ғылым саласы ретінде қалыптасып, мақсат, міндеттері туралы ой қалыптастыру. Пән этнологияның зерттелу деңгейі туралы, бұл саладағы бүгінгі мәселелер туралы түсінік береді. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: этникалық тарих пен этногенез; әлем халықтарының тұрмыстық-мәдени классификациясы; заманауи этникалық процестер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын жетік білетін, құқық қолдану тәжірибесінде қолдана алатын, сыбайлас жемқорлықты дұрыс саралайтын жоғары білікті мамандарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оқытылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі, жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар, оған қарсы саясат, жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Этноархеология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – мәдени генезис және этногенез процестерін зерттеу мақсатында мәдени құбылыстардағы аналогтардың ерекшеліктерін қалыптастыру. Археологиялық және этнографиялық білімдерін біріктіре отырып, мәдениет пен қоғам туралы ғылыми білімнің ерекшеліктерін түсіну. Зерттеу барысында мыналар қарастырылады: археология ғылымының дамуы; археологиялық зерттеудің негізгі әдістерін; этнографиялық бақылаулар, кейінгі ескерткіштерді қазу, этнографиялық ақпаратты қазба материалдарымен салыстыру және байланыстарды ашу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Этнологиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 9

    Пән мақсаты - студенттерге этнологиялық аспаптардың теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру саласындағы базалық білімді беру, далалық этнологиялық материалдарды жинау әдістерін үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады:Этнологияның теориялық мәселелері. Әлем халықтарын классификациялау принциптері. Заманауи ғылымдағы этнос және этникалықтың негізі. Этносаралық байланыс. Этнологиялық зерттеудің теоретикалық әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның ежелгі және ортағасылар тарихы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты Қазақстан аумағындағы тарихи үдерістердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы көне заманнан кейінгі орта ғасырларға дейін толық түсінік беру.Пән Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының негізгі тарихи танымдарын қалыптастырады. Қазақстанның ежелгі кезеңіндегі этномәдени және этносаяси үдерістердің негізінде тарихи даму ерекшеліктері мен оның Қазақстан аумағындағы ерекшеліктері ежелгі мемлекеттердің пайда болуынан бастап моңғол шапқыншылығына дейін, көшпенділер өркениетінің генезисі. Ортағасырлық кезеңде Қазақстанның моңғол мемлекеттілігі жүйесіне кіруі (XIII ғ.), XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағындағы моңғолдан кейінгі жаңа саяси құрылымның құрылуы XV ғ. ортасында Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталды. XV ғ. ортасы мен XVIII ғ. басындағы қазақ хандығы-Орталық Азияда маңызды рөл атқарған орталықтандырылған мемлекет, біртұтас саяси жүйе. Курс Кіші жүз қазақтарының Ресей империясының құрамына кіру уақытымен аяқталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Алғашқы қоғам тарихы
    Несиелер: 9

    Курстың мақсаты –студентерде гоминид эволюциясын, адамның бірі түрі ретіндегі адамзат қоғамының көп векторлық дамуының, оның іздеу лабороториялық зерттеуінің кіріспесі туралы ұғымды қалыптастыру.Бағдарламаның басты мазмұны археологиялық, этнографиялық (этнологиялық), антропологиялық деректер бойынша бұрынғы адамдардың адамзат дамуын зерттеу болып табылады. Алғашқы қоғам туралы деректерді қоғамның әртүрлі кезеңдеріндегі жазба деректердің аз болуы немесе тіптен болмауына байланысты археология, антропология, этнология салалары толықтырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Әлем халықтарының этнографиясы
    Несиелер: 9

    Пән мақсаты: әлем халықтары этнографиясы және оның зерттелу тарихы туралы ой қалыптастыру.Пән әлем халықтарыынң ерекшеліктері, антропологиялық тип бойынша классификациялануы, тілдік ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі, олардың этнографиялық зерттелу деңгейі туралы түсініктер қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі этникалық топтардың рухани және материалдық мәдениеттері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Тарихи антропология
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – студенттердің тарихи антропология туралы негізгі базалық білімдерін қалыптастыру. Сонымен қоса, тарихи антропологияның негізгі базалық ақпаратын танымдық-теоретикалық құрылғыларды игеру мен түсіну арқылы зерттеу жүргізуге икемдеу. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Эволюционизмдегі адамның пайда болу мәселесі. Адам бассүйегінің дамуы. Антропогенез. Адам нәсілдері. Орта Азияның ежелгі тұрғындарының антропологиялық зерттелуі. Ежелгі Қазақстан тұрғындарының антропологиялық зерттелуі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Музейтану
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің музейтану және музейлерді жіктеу саласындағы негізгі ұғымдары туралы білімдерін, музейдегі ғылыми жұмыс типтері мен негізгі түрлерін, құрылымын, музейлік экспозицияларды құру ерекшеліктерін және мазмұнын, музейлердің қызметіндегі мәдени-білім берудің мәні мен ерекшелігін қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ халқы дүниетанымының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, студенттерге қазақ халқының мол рухани мұраларын танып-білуге, ата-бабаларымыздың таным-түсініктерін, ілім-білімдерін жан-жақты талдауға әрі оны қазіргі заман талабына сай қолдана білуге үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ халқының этногенезі және дүниетанымы. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының генезисі. Қазақ халқының космогониялық дүниетанымы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның этникалық топтарының этнографиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерді Қазақстандағы этникалық топтардың этнографиясымен және оның қалыптасу тарихымен таныстыру. Этностардың материалдық және рухани мәдениеттері ерекшеліктері туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан халықтарының полиэтникалық құрылу тарихы мен кезеңдері. Славян этностарының Қазақстан территориясына қоныстануы. Қазақстан территориясындағы балғарлар мен поляктар. Қазақстанның түрік халықтары мен дүнгендер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Медиа этнография
    Несиелер: 6

    Курстың мақсаты-студенттерді ғылыми білім жүйесіндегі медиа этнографияның теориялық және практикалық маңыздылығымен таныстыру.Медиа этнография-этникалық топтар мәдениетінің әртүрлі аспектілерін зерттеу үшін қазіргі заманғы қызметтің принциптері мен әдістерін дамыту және аудиовизуалды ақпаратты әлеуметтік практикаға енгізу. Зерттеу барысында әртүрлі аудиовизуалды дереккөздерден алынған ақпарат қаралады, талданады және салыстырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақтардың этногенезі және этникалық тарихы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихының теориялық және әдіснамалық негіздерін қалыптастыра отырып, студенттерге этностың пайда болу, құрылу, даму заңдылықтары теориясын үйрету. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ халқының этногенезінің деректемелері мен тарихнамасы. Қола дәуірі тайпаларының этногенетикалық мәселелері. Қазақ халқы этногенезінде сақ кезеңі. Қазақ этногенезіндегі түркі кезеңі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихи өлкетану
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттердің өлкетану жұмыстарын өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылатын болады: өлкетану тарихы, өлкетану ғалымдарының өлкені археологиялық, этнографиялық, жаратылыстану тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, алғашқы музей қорларын құруға қосқан үлесі. республика аумағы; ең көрнекті өлкетанушылардың тұлғалары мен қызметі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Мұрағаттық этнография
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттердің мұрағат ісінің пайда болу тарихының негізгі кезеңдері, мұрағаттық этнографияның теориясы мен практикасы, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орны туралы түсініктерін қалыптастыру.Пәннің негізгі мазмұны архив ісі мен этнография мәселелерін, негізгі ұғымдарды түсінуге, сондай-ақ этнографиялық архив материалын жіктеу мен талдауға, кәсіби міндеттерді анықтау және шешу үшін әдістер мен мәліметтерді пайдалану дағдыларына және т. б. арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қолданбалы этнология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-студенттерде іргелі этнографиялық білім туралы түсінік қалыптастыру және практикалық мәселелерді шешудің өзіндік әдістерін жасау.Қолданбалы этнология-бұл іргелі этнографиялық, этнологиялық білімді және қолданбалы есептерді шешудің өзіндік әдістерін қолдануды қамтитын ғылыми бағыт. Материалды баяндау түрлі өзекті мәселелерге негізделген: ұлттардың өзін-өзі анықтау құқығы, этнотерриториялық құқық, этносаралық толеранттылық пен ынтымақтастықты тәрбиелеу және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Тарихи демография
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты-тарихи демографиядағы халықтардың қоныстануы туралы, қазіргі заманғы ұғымдар, теориялар, терминология туралы идеяларды қалыптастыру. Пәнді оқу барысында студенттер әлемдік тарихпен өзара байланыста Қазақстан демографиясының негізгі үрдістері мен заңдылықтарын білетін болады. Дереккөздер арқылы халықтың қоныстануы туралы талдаулар алады және білімін практикада қолдана білу. Пән халықтың саны мен демографияның әлемдегі тарихи үрдістер әсерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Көшпенді өркениет
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты - студенттердің көшпелі өркениеттің әлемдік өркениетке тигізген әсерін қарастыру, көшпелі халқының дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін оқыту. Көшпелі жұртшылығының шаруашылығы мен тұрмысы, өнері мен идеологиялық көзқарастары туралы білімді қалыптастырады.Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Еуразия көшпелілерінің мал шаруашылығы. Көшпелілер және отырықшы тайпалар. Көшпенділердің туыстық қатынастары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүниежүзілік тарих
    Несиелер: 6

    Курстың барысында маңызды мақсат әлем елдерінің тарихи дамуын оқыту болып табылады. Оқыту барысында басты тарихи оқиғалар олардың себептері мен жүргізулері қазіргі халықаралық системаның даму тенденцияларын маңызы оқытылады. - маңызды тарихи оқиғалар мен олардың себептерін білу, -әлеуметтік саяси ауысу кезіндегі тарихи шарттарды білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Қазақстан Республикасының этносаясаты
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты Қазақстан Республикасы этносаясатының негізгі бағыттары бойынша базалық білімді қалыптастыру. Елдегі этносаясаттың ерекшеліктерін білу: ұлттық келісім, әлеуметтік-саяси тұрақтылық, Интеграциялық саясат және ҚР-дағы мемлекеттік қауіпсіздік.Пәннің негізгі мазмұны саяси үдерістер мен қатынастарды зерттеу дағдыларына, ҚР-дағы саяси доктриналарды талдау және түсіндіру әдістеріне арналған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ диаспорасының тарихы мен мәдениеті
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: әлемдегі қазақ диаспорасының этникалық тарихын, шет жерлерге қоныстану себептерін, орналасуы мен саны жөніндегі мәліметтермен танысып, дәстүрлі мәдениетінің сақталуы мен өзгерісін айқындай білу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақ диаспорасының теориялық және әдістемелік мәселелері. Өзбекістан қазақтарының этникалық тарихы. Қырғызстан қазақтары. Моңғолия қазақтары туралы зерттеулер.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақ халқының дәстүрлі тіршілікқамы жүйесі
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: болашақ антропологтар мен этнологтарды материалдық мәдениет пен дәстүрлі шаруашылықтың тарихымен таныстыру. Курс ежелгі және ортағасырлық халықтың шаруашылығының қалыптасу тарихын және материалдық мәдениетінің даму ерекшеліктерін түсінуге, материалдық мәдениет элементтері туралы білімдерін олардың тарихи дамуында қолдануға, сондай-ақ мал шаруашылығының негізгі түрлері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Тарихи-мәдени мұраны қалпына келтіру және сақтау
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты – студенттердің мәдени мұраны – археологиялық және этнографиялық материалдарды сақтау, консервациялау мен реставрация негіздерін оқыту барысында білімдерін жетілдіру, реставрация қызметінің тарихын, пәнаралық сабақтастығы жүйесін және осы мәлелелер аясында қарастырылатын отандық және халқаралық нормативтік құжаттар топтамасымен жұмыс істеуге икемдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қала антропологиясы
    Несиелер: 9

    Мақсаты мен міндеттері: Курс мақсаты – қазіргі қаланың әлеуметтік-мәдени жіктелуі, өмір салты мен сәбмәдениетін талдау. Курс міндеттері: қаланың әлеуметтік мәдени топтарына жүргізілген заманауи зерттеулерін қарастыру. Мазмұны: курс барысыда студенттер қаладағы әр түрлі тап өкіолдерінің өзіндік салтымен мен коммуникативтілік стратегияларымен танысады. Модульді меңгеру барысында студенттер келесідей құзыреттіліктер түрін игереді: Қала антропологиясы бойынша алаңдық зерттеуді жүргізуге қажетті әдіснаманы білуі тиіс. Қаланың әлеуметтік, мәдени, антропологиялық шынайылығын зерттеуге қажетті негізгі теориялық үлгілерді меңгеруі тиіс. Кәсіби іс-әрекетінде социологиялық теория мен әдістерін қолдануға дағдылануы тиіс

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Этика антропологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерде этика және мораль тарихы, антропологиядағы этикалық нормалардың мотивтері мен құндылықтарының рөлі туралы түсінік қалыптастыру.Этика антропологиясы-антропологияның өзіндік бағыты, оның негізгі мақсаттары антропологияның этикалық нормалары мен аспектілері туралы түсінік қалыптастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Далалық этнография
    Несиелер: 9

    Пәнді игерудің мақсаты студенттерді далалық зерттеулердің этикалық, моральдық нормалары мен негізгі алгоритмдерін қолдана отырып, далалық зерттеулердің ерекшеліктерімен таныстыру. Пән қолданбалы және жалпы ғылыми зерттеулерде қолдана отырып, этнологиялық материалды жинау және талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Білім алушы пәннің сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып, далалық ізденістердің базалық қағидаттарын меңгереді, ұғымдық-категориялық аппаратты, антропологиялық және этнологиялық ақпаратты жинау әдіснамасы мен әдістерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Scientific Writing
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: қазақ/орыс/шет тілдерінде ғылыми жазу саласында мәтіндік құзыреттіліктерді дамыту. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер: ғылыми мақала мәтінінің тілдік аспектілері мен құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктерін түсіндіру; ғылыми ақпаратты талдау; ғылыми мәтін құру әдістерін қолдану, түпнұсқалыққа жету үшін аударма стратегияларын қолдану; ғылыми стильдің тілдік нормалары мен нормаларын ескере отырып, жазбаша сөйлеуді қалыптастыру; әртүрлі жанрдағы авторлық ғылыми мәтіндерді жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON1

    эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу: сипаттау, сұхбат, сауалнама, байқау, сауалнама жүргізу, салыстырмалы-функционалдық талдау;

  • Код ON4

    ғылыми – оқу, тарихи-мәдени орталықтарда, үйірмелер, орта мектептерде қосымша пән ретінде әлем халықтарының этнографиясы, түркі халықтарының этнографиясы және қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын оқыту;

  • Код ON9

    еліміздің және адамзаттың этникалық және мәдени ерекшеліктерімен байланысты мәдени-ағарту қызметтерін жүргізу;

  • Код ON5

    тарихи-мәдени орталықтарда, музей мекемелерінде ғылыми-білім беру, әдістемелік қызмет, экскурсиялар өткізу, экспозициялар құруды жүзеге асыру;

  • Код ON7

    педагогикалық зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, тиісті әдістемелікті пайдалану;

  • Код ON2

    далалық этнографиялық материалдарды тіркеу және өңдеу, оларды жіктеуді жүргізу, информатор туралы мәліметтерді зерттеу, есеп және есеп беру құжаттарын жасау;

  • Код ON10

    этнологиялық және антропологиялық жобаларды әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;

  • Код ON12

    әлемдік, ұлттық қоғамдастықтардың тарихи дамуының этно және әлеуметтік-мәдени, этносаяси, этноәлеуметтік факторларын талдау және түсіндіру.

  • Код ON11

    тарихи - мәдени және этномәдени мұраны насихаттау саласында зерделенген ғылымдардың ақпараттық-талдау базасын пайдалану;

  • Код ON8

    көші-қон, этникалық және конфессиялық процестердің жай-күйіне мониторинг жүргізу;

  • Код ON6

    антропология және этнологияның түрлі салаларында талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • Код ON3

    этнографиялық зерттеу жүргізу үшін анкеталар мен сауалнамалар құру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, этнографиялық дереккөздердің деректер базасын құру;

Top