Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы
    Несиелер: 6

    Құқықтық терминологияны, негізгі заңды институттарды, сондай-ақ салалық және арнайы заң пәндерін білетін болады. Студенттер мемлекеттік-құқықтық шындық саласындағы теориялық-әдіснамалық базаны қалыптастыру; студенттердің негізгі мемлекеттік және құқықтық институттардың зерттеуі; студенттердің құқықтық мәдениет деңгейін көтеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикалық ілімдер тарихы
    Несиелер: 6

    Экономикалық зерттеулер мен Қазақстанның нарықтық экономикасы тарихын, еркін кәсіпкерлікті, өндірістік жабдықтарға меншік нысандарын, нарықтық баға белгілеуді, шаруашылық субъектілерінің, экономика секторларының шарттық қатынастарын, шаруашылық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптерін, тауарларды және қызметтерді өндіруді, бөлуді, бағдарламалауды және реттеуді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ҚР мен шетелдердің конституциялық құқығы
    Несиелер: 6

    Конституциялық-құқықтық реттеуге жататын қоғамдық қатынастардың аясы, конституциялық-құқықтық нормалар, институттар және қатынастар, Қазақстан Республикасының және шетелдердің конституциялық даму тарихы, мемлекеттің конституциялық құрылым негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайы, мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың құқықтық мәртебесі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы саласының және ғылымның негізгі даму тенденцияларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономикалық теория
    Несиелер: 6

    Шектеулі ресурстар жағдайында тауарларды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну, экономикалық теорияның пәні мен функциялары, тарих, түрлі бағыттар мен мектептер, экономикалық теория және ұтымдылықты, эквивалент және экономикалық теорияның элементтері сияқты адамдардың және жалпы экономикалық жүйенің жалпы мінез-құлық үлгілерін қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • ҚР Отбасы құқығы
    Несиелер: 5

    Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесін: некеге тұру, туысқандық, асырап алу, балаларды отбасына асырап алу кезінде азаматтар арасында туындайтын жеке және мүліктік меншік қатынастарын қарастырады.Отбасылық құқық некеге тұру және отбасына тиесілі болатын әлеуметтік қатынастардың белгілі бір түрін - отбасылық қатынастарды реттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнді меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Білім беру жүйесіндегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады. Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • ҚР Азаматтық құқық
    Несиелер: 5

    Қолданыстағы азаматтық заңнаманың нормаларын қолдана және түсіндіре алуы қажет, азаматтық кодекстің нормаларын сондай-ақ азаматтық айналымда туындайтын қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларымен үйлестіре алуы және анализ жасауға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Жасерекшелік психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Цифрландыру және ақпараттық құқық
    Несиелер: 5

    Құқықтың жан-жақтылығын, ақпараттарды даярлау, беру, талдау жасау, іздеу, пайдалану таратуға байланысты туындайтын барлық қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді, құқықтық кибернетика тәсілдері ақпараттық аумақтарда ақпараттарды зерттеу, басқару, объектілердің бір-бірімен байланысын құқықтық реттеуге, ақпараттық технологиялармен және құралдармен қамтамасыз етуге байланысты туындайды. Бұл ақпараттық құқықтық қатынастар орнатқан объектілер арасындағы қатынастардың сапалылығын және екі жаққа бірдей тиімділігін орнатады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Кәсіпкерлік іс -әрекетті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік және оның даму шарттары, кәсіпкерлік қызметтің түрлері, өнеркәсіптік, мемлекеттік кәсіпкерлік, іскерлік салалар: коммерциялық, қаржылық, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік, іскерлік тәуекелдікті түсіну, кәсіпкерлік ұйымдық-құқықтық нысандары зерттеледі. Меншік нысанына байланысты фирмалар және олардың түрлері, Қазақстанда бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • ҚР Әкімшілік құқық және мемлекеттік басқару
    Несиелер: 6

    әкімшілік кұқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын тақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айқындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы тараптардың қызметтерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Халықаралық экономика
    Несиелер: 6

    Әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілерінің тауарлармен, қызметтермен, еңбек, капиталмен және басқа да өндіріс факторларымен халықаралық алмасу саласындағы өзара іс-қимылының үлгісін қарастырылып, халықаралық микро және макроэкономика, сауданы, өндірісті және инвестицияларды, сондай-ақ ақша-несие және қаржы қызметін қоса алғанда, өз субъектілері арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды реттейді. Экономикалық мәселелерді болжап, қолданбалы білімді іс жүзінде қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Сыбайлас жемқорлықпен күресті құқықтық реттеу мәселелері
    Несиелер: 6

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізде білім жүйесін қалыптастыру, бұл құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық қазіргі заманның құбылысы ретінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде қоғамдық бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік; мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілері қарастырылған.Теориялық білімін іс жүзінде қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Құқық және экономика негіздерін оқытуда оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру әдістемесі, құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесінің міндеттері, қазіргі жағдайы және жетілдіру бағыттары туралы т.б. білімдерін анықтауға мүмкіндік қарастырылған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Микроэкономика және макроэкономика
    Несиелер: 7

    Микроэкономика ресурстардың шектеулігі жағдайында ұтымды шешім қабылдау туралы ғылым. Ол нарықтық қатынастар жағдайында үй шаруашылығы мен фирмалардың экономикалық іс- әрекеттерін, олардың экономикалық қарым-қатынастарын түсінуге мүмкіндік береді. Макроэкономика экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейді. Курсты меңгеру студенттерге мынадай мәселелерді түсінуге көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с. Осының бәрі болашақ маманнан экономикалық талдау қағидаларын меңгеруін талап етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу
    Несиелер: 6

    Мемлекеттік сектор теориясы саласындағы әлеуметтік саланың тұжырымдамасы және мәні. Әлеуметтік саланың міндеттері мен функциялары. Қаланың әлеуметтік саласының жұмыс істеуі мен дамуы, әлеуметтік сала объектілерін орналастыру қағидалары, экономикалық маңызы мен әлеуметтік саланың өндірістік-техникалық базасының мақсаты. Экономиканың әлеуметтік саласы және оны реформалау негіздерін қарастыру. Теориялық білімін іс жүзінде қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Инклюзивті білім берудеге арнайы педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймлдеу қызметі, әдестері мен формалары, принциптері ен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Бағалаудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 4

    Пән бағалаудың заманауи технологиялары туралы мағлұмат беріп, оқу барысында оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың заманауи үлгілерін қолдану, бағалау жүйесін ұйымдастыруды жүзеге асыру жолдарын, дифференциалды бағалаудың тәсілдерін, диагностикалаудың негіздерін, мектептегі оқыту мен басқару және өзін-өзі бағалаудың негіздерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ҚР Еңбек құқығы
    Несиелер: 4

    Меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Еңбек құқығының арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Еңбекті пайдалану, шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • ҚР Салық, банк, кәсіпкерлік құқықтары
    Несиелер: 6

    Тәртіп бойынша қоғамдық мүдде әлеуметтік аумақ ретінде: тұрғындардың тұрмыс жағдайының жақсартылуы, адамдардың күнделікті қажеттіліктерінің мейлінше, көбірек қанағаттандырылуы болып табылады. Сонымен қатар, салық, банк және кәсіпкерлік қызметтің жан-жақты құқықтық реттелуі және салалық құқықты кеңінен зерттеу мемлекеттегі жүргізіліп жатқан реформалардың жетістікке жетуінің маңызды түрткісін қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Аймақтық экономика
    Несиелер: 6

    Еліміздің кейбір өңірлерінде өнеркәсіптік секторлар мен кәсіпорындардың ұтымды орналасуын, өнімдерді сату аймақтарын қалыптастыруды қарастырады. Материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, экономиканы басқару мен реттеу тетіктері мен әдістерін жетілдіру, экономиканы дамыту, фермалардың салааралық мамандандырылған түрлерін орналастыру үшін жағдай жасау, аймақтағы өндіріс секторларын жетілдіру, өңірлік басқару жүйесін модельдеуінің проблемаларын қарастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • ҚР Қылмыстық құқығы
    Несиелер: 5

    Қылмыстық құқық бұзушылық және жазаға қатысты болып табылатын, яғни қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстың және қылмыстық теріс қылықтың түсінігі,санаттары, қылмыстық жауаптылықтың түсінігі мен негіздері, жазаның мақсаттары мен түрлері, одан босатудың негіздері сияқты мәселелермен қатар, жекелеген қылмыс түрлеріне құқықты қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • ҚР Экологиялық құқығы
    Несиелер: 6

    Қазақстан Республикасының ұлттық құқық жүйесінің жеке құқық саласы ретіндегі,экологиялық қатынастарының субъектілері өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру барысында туындаған қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы мен негізгі әдістер арқылы құқықты лайықты шеңберінде зерттейді; экологиялық құқығының институттары мен нормаларының мазмұнын,экологияны қорғауды қарастырады. Теориялық білімін іс жүзінде қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Персоналды басқару
    Несиелер: 6

    Басқарудың мақсатын, тапсырмаларын, критерийлерін, ұстанымдарын, әдістерін анықтау және нақты ұйым шарттарында механизмдердің өңделуінің жүзеге асыруының теориялық әдістік көзқарастар, ортақ тұжырымдама, кадрлық саясат, экономикалық ойлаумен және кәсіптік абырой сезімінің дамуының, жоғары білікті, жауапты тұлғаның комуникативтілігі және талаптары қарастырылады. Қолданбалы білімді, әлеуметтік, шығармашылық қабілетін, ақпараттық мәдениетін кәсіби және басқарушылық проблемаларды нақты шешуді көздейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Инновациялық кәсіпкерлік
    Несиелер: 6

    Инновациялық кәсіпкерлік, оның мәні, қазіргі заманғы жағдайдағы дамуы мен даму мүмкіндіктері зерттеледі. Инновациялық кәсіпкерліктің жұмыс істеуі, инновациялық өнімдерді құруға байланысты шығындарды төмендету, инновациялық салада кәсіпкерліктің негізгі түрлері, инновациялық өнімдер, инновациялық технологиялар, әлеуметтік инновациялар, кәсіпкерлікті дамыту кезеңдері, бизнес-жоспарды қалыптастыру, зерттеу, сараптау, инновациялық тәуекелдер және оларды жіктеу, цифрлық білім ресурстарын пайдаланып, іргелі білімін практикада көрсете білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Құқық және экономика негіздерін оқытудың инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Құқықтық және экономикалық оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны (соның ішінде ҚОТ) қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON2

    әлеуметтік, саяси, құқықтық және экономикалық мәселелерді болжайды, пайымдауларды қалыптастырады және дербес шешімдер қабылдайды;

  • Код ON9

    сыни ойлауды, шығармашылық және бірлескен мәселелерді шешуді, ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазуды қолданады;

  • Код ON3

    пәндерді зерттеудің құрылымын, негізгі концепцияларын және құралдарын анықтайды,

  • Код ON1

    құқық пен экономиканың озық жетістіктеріне негізделген пәндік және пәнаралық саладағы білім мен түсінігін көрсетеді;

  • Код ON10

    құқық және экономика салаларында теориялық, іргелі және қолданбалы білімді, өмір бойы білім алу дағдыларын тәжірибеде қолданады.

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ және сандық білім беру ресурстарын пайдаланады, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;

  • Код ON7

    инновациялық технологияларды (соның ішінде ҚОТ) оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне, оқушылардың күтілетін нәтижелері мен физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес пайдаланады;

  • Код ON6

    командада және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілікті көрсетеді, академиялық адалдық қағидаттарына сүйене отырып, жауапкершілік, көшбасшылық, креативтілік көрсетеді;

  • Код ON5

    пәндер бойынша таңдалған мақсаттарға сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностиканы қолданады;

  • Код ON8

    Кәсіби саладағы мәселелерді шешу және қорытындыларды тұжырымдайды;

Top