Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07280 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Жоғары математика
    Несиелер: 5

    Сызықтық және векторлық алгебра, аналитикалық геометрияны; математикалық талдауды кіріспе; бір айнымалы функцияны дифференциалдық есептеу, анықталмаған және айқын интегралдар; бірнеше айнымалылары бар функцияны қолдану, қарапайым дифференциалдық теңдеулерді зерделейді. Қатарлар теориясын, ықтималдықтар теориясын, қолданбалы есептерді моделдеуді есептеудағдыларын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы химия
    Несиелер: 4

    Химияның негізгі заңдарын; химиялық процестер өтуінің негізгі заңдылықтарын; химиялық элементтер, заттар және қосылыстардың жіктелуін және қасиеттерін; негізгі химиялық заттар мен олардың қосылыстарының мақсаты мен қолданылу аумағын зерделейді. Заттар мен қосылыстарды химиялық зерттеудің негізгі қарапайым әдістерін; кәсіби міндеттерді шешуде жалпы химияның негізгі заңдылықтары мен әдістері қолдану дағдыларын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұхтартану
    Несиелер: 3

    «Мұхтартану» ғылымының қалыптасу және даму тарихын, М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығындағы айтулы кезеңдерін, қазақ әдебиетіндегі М.Әуезов шығармаларының рөлі мен маңызын зерделейді. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратты іздену және пайдалану; шығармаларын дербес іздену, қандай да бір мәтіннің негізгі шығармашылық құралдарын айқындау және мәселесін көруді болжайтын көркем шығармаларын аналитикалық оқу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Академиялық жазу негіздері
    Несиелер: 4

    Академиялық салада қолданылатын мемлекеттік, орыс және шет тілдерін пайдалану саласындағы коммуникативтік құзыреттілікті кеңейтеді; студенттердің мемлекеттік, орыс және шет тілдері материалдарында прагматикалық ойлау дағдыларын, тілдің вариантты бірліктерін талдай білу және коммуникацияның мақсаттары мен жағдайларына байланысты қажетті бірлікті таңдауды сауатты жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 3

    Ұлы қазақ ақынының шығармашылығын, ақын туындылары жасалуының алғышарттарын, олардың стильдік ерекшеліктерін, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды бейнелейтін философиялық, педагогикалық көзқарастарын зерделейді, олардың болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы мен рөлін анықтайды. Білім алушыларда Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасына, Отанға деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштікті қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 4

    ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерін, оқу процесінің негізгі компоненттерін; білім беру бағдарламасы туралы ақпаратты; ҚР мұнай өңдеу және мұнайхимиясының даму тарихын; берілген қасиеттер кешеніне ие функционалдық полимерлік материалдарды өндіру және өңдеу технологиясының негіздерін, полимерлік композициялық материалдардан бұйымдар алудың заманауи технологиялық әдістерін, оларды қолдану саласын зерделейді. Полимерлерді өндіру мен өңдеудің заманауи технологиясы саласындағы білімдерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Физика
    Несиелер: 4

    Материалдық нүктенің кинематикасы мен динамикасын; механикадағы сақталу заңдарын, тұтас орталар механикасы элементтерін; механикалық тербелістер мен толқындарды; молекулалық физика; термодинамика; тасымалдау құбылыстарын; нақты газдар, электростатикасы; тұрақты электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция құбылысын, тербелістер мен толқындар, кванттық физика, жылу сәулеленуі, фото әсер; кванттық электроника және атомдық ядро физикасы элементтерін зерделейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қоғамдық сананы жаңғырту және оның өзекті мәселелері
    Несиелер: 3

    Қоғамдық сана жаңғыруы және өзекті мәселелері Қоғамдық сананы жаңғыртудың ұғымдарын, түрлерін, белгілерін, ерекшеліктерін, мәнін және негізгі бағыттарын; бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, эволюциялық дамуды, жаңа идеологияны зерделейді. Ұлттық сәйкестікті сақтау, отанға қалтқысыз қызмет ету; сананың ашықтығы, өзгерістерге даяр болу, ашықтық және әлемдік үздік жетістіктерді қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Инженерлік компьютерлік графика
    Несиелер: 4

    Сызба геометриясы негізгі ережелерін, инженерлік графиканы, МЕМСТ сәйкес жалпы техникалық және арнайы сызбаларды практика-лық орындауды зерделейді. 3D-модельдеу, AutoCAD автоматты жобалау ортасында заманауи компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу, техникалық сызбаларды оқу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Физикалық және коллоидты химия
    Несиелер: 4

    Химиялық термодинамика, химиялық тепе-теңдік; су ерітінділер, газдар және электролиттер қасиеттері, фазалық тепе-теңдікті есептеу әдістері; беттік құбылыстар мен дисперсті жүйелер және коллоидты ерітінділер қасиеттері туралы білімді қалыптастырады. Өтетін химиялық процестің негізгі параметрлерін есептеу, процестің оңтайлы технологиялық параметрлерін таңдауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Органикалық молекулалардың құрылымы мен реакциялық қабілеті
    Несиелер: 5

    Студенттер органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттілігін негізгі заңдылықтарын, жүру механизмін, Органикалық заттардың қасиеттері мен реакциялық қабілеттілігінің, құрылымының байланысын зерделей алады. Реакциялық механизмдерді жіктеу бойынша білімдерін және классикалық құрылымдық үлгілер бойынша органикалық молекулалардың реакциялық қабілеттілігін болжау дағдыларын көрсете алады. Құрылымды құрудың негізгі физикалық әдістерімен талдау дағдыларынкөрсете алады: ИҚ, УК және ЯМР спектроскопиясымен.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби қызмет саласында ауызша тілдесуге қажетті сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін; кәсіби тиісті ақпаратты бөліп алып мерзімді басылым материалдарын және арнаулы әдебиеттерді оқуды, іскер қатынас хаттар және заманауи байланыс құралдарын қолданып құжаттарды жүргізу, мамандық бойынша ақпаратты шет тілінен аударуды, кәсіби бағытталған ортада әртүрлі жазбаша жұмыстарды (түйіндеме, баяндама, реферат, эссе) жазуды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өнеркәсіптік органикалық химия
    Несиелер: 5

    Өнеркәсіптік органикалық химияда қолданылатын табиғи шикізаттың құрамын, қасиеттерін, даярлау әдістері мен өңдеуді; өнеркәсіптік органикалық синтездің маңызды өнімдерін және оларды алудың заманауи әдістерін зерделейді. Зертханалық жағдайларда өнеркәсіптік органикалық химия өнімдері синтезін жүргізу; органикалық қосыластар құрылымын айқындау және тазарту, зертханалық зерттеулер нәтижелерін өңдеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сандық және сапалық талдау
    Несиелер: 4

    Аналитикалық химиядағы химиялық реакциялар және процестердің негізгі типтерін; гравиметриялық талдау әдісінде қолданылатын теория және химиялық реакциялар; титриметриялық әдістер теориясын, негізгі индикаторларды, ерітінділер концентрациясын өрнектеу тәсілдерін; титрлегендегі эквиваленттік нүктені анықтау әдістерін зерделейді. Химиялық талдау әдісі мен жүргізуді, иондарды анықтау мен сәйкестендіру; ерітінділерді даярлау әдісін таңдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Мәтіннен қажетті ақпаратты теріп алу, оны оқу-кәсіби тілдесуде түсіндіре білу дағдыларын дамытады. Тілдесу мақсаттары мен жағдайларына қарай кәсіби деңгейде қарым-қатынас орнату, сауатты қарым-қатынас тұрғызу қабілетін қалыптастырады. Кәсіби тілдесу саласында орыс (қазақ) тілінде сөйлеу мінез-құлқы бағдарламасын құру процесінде шығармашылық, инновациялық, алқалыққа бейімделу қабілетін орнатады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Полимерлердің коллоидты химиясы
    Несиелер: 6

    Полимерлік жүйелердегі фазааралық құбылыстарды, толықтырылған полимерлерде бөлшектердің құрылым-түзу және агрегатталу процестерін, полимерлік жүйелердің коллоидтық-химиялық қасиеттерін, полимерлер ерітінділерінің және олардың қоспаларының термодинамикасын, полимерлердің молекулалық сипаттамаларын анықтаудың теориялық негіздері мен әдістерін зерделейді. Дисперсиялық жүйелер мен беттік құбылыстарды зерттеудің реологиялық, оптикалық, диффузиялық, осмотикалық, адсорбциялық әдістерін пайдалана отырып тәжірибелік жұмыс дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жалпы химиялық технология
    Несиелер: 4

    Химиялық өндірістің негізгі кезеңдерін, химия өндіріс тиімділігін критерийлерін; химиялық технологияның теориялық негіздерін; гомогенді, гетерогенді және гетерогенді-каталитикалық химиялық процестердің негізгі заңдылықтарын; химиялық реакторлардың жұмыс істеу принциптерін зерделейді. Химиялық-технологиялық процес-тердің материалдық және жылулық баланстарын есептеу және талдау; технологиялық сұлбалардың элементтерін суреттеу үшін негізгі кинетикалық параметрлерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қолданбалы механика
    Несиелер: 4

    Теориялық механиканы: статика аксиомаларын; күштер жүйесін ең қарапайым түрге келтіруді; тепе-теңдік шарттарын; нүкте және қатты дене кинематикасын; материалдық нүкте және қатты дене динамикасын; материалдар кедергісі негіздерін, беріктік, қатаңдық, тұрақтылық ұғымдарын; деформация түрлерін - созылу және сығылу, бұралу, кесу, майысу, күрделі деформация; машина бөлшектерін жобалау критерийілерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Технологиялық процестердің заңдылықтары
    Несиелер: 4

    Химиялық-технологиялық процесстердің жалпы сипаттамалары мен жіктелуін; химия-технологиялық жүйелерді (XTЖ) термодинамикалық талдауды; қысым, температура және реагенттердің артық мөлшері туралы Ле-Шателье принципіндегі шектеулерді; гомогенді және гетерогенді химиялық процестер кинетикасын, өту аумағын, өтудің әртүрлі аумақтарында гетерогенді процестерді күшейту жолдарын зерделейді. Реакциялық қоспаның тепе-теңдік құрамын есептеу; химиялық-технологиялық процестерді шектейтін факторларға талдау жүргізу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Химия-технологиялық процестерді математикалық моделдеу
    Несиелер: 4

    Моделдеу әдістерін және олардың қолданылу салаларын, химиялық технологиялар объектілерінің құрылымдық схемаларын, математика-лық моделді құрастыру принциптері мен кезеңдерін, химиялық түрлену процестерін математикалық суреттеуді (кинетикалық үлгілерді); заттардың қозғалу процестерін (гидродинамикалық үлгілерді); технологиялық процестерді оңтайландыру негізі ретінде математикалық моделді зерделейді. Химия-технологиялық процестерді моделдеу, химия өндірістер жұмысы тиімділігін талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Полимерлерді өңдеу процесіндегі реология
    Несиелер: 5

    Полимерлердің тұтқыр-аққыштық және жоғары-созылымды күйлеріндегі реологиялық (деформациялық) қасиеттерін, олардың әртүрлі қалыптағы арналарда аққандағы бет-алысын, полимерлер балқымаларының аққанда байқалатын ерекше әсерлерді, толықтырылған және екіншілік полимерлердің реологиялық қасиеттерін анықтаудың аспаптық әдістерін зерделейді. Технологиялық процестерді есептеуге, полимерлік материалды өңдеу әдісін дұрыс таңдауға полимерлердің реологиялық сипаттамаларын қолдану дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Полимерлерді өңдеудің теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Полимерлерді өңдеудің теориялық негіздерін, құрылым түзу механизмін, полимерлік материалдардың беттік құбылыстарының теориясын, полимерлерді өңдеудің физика-химиялық негіздерін, полимерлер балқымаларының реологиялық қасиеттерін, араластыру, экструзия, қысыммен құю, біліктеу машиналарында полимерлерді өңдеудің негізгі сипаттамаларын, реакцияға түсіге қабілетті олигомерлер негізінде композиттерді қалыптастыру талдауды зерделейді. Полимерлік материалды өңдеу әдісін дұрыс таңдау және іске асыру дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы мен физикасы
    Несиелер: 6

    Полимерлік химияның негізгі түсініктері мен анықтамаларын, жоғары молекула-лық қосылыстарды алу процестерінің әдістерін, тәсілдері мен заңдылықтарын, полимерлердің түрлену процестерін, әртүрлі күйлердегі полимерлердің бет-алыс ерекшеліктеріне сай макромолекулалардың қасиеттері мен құрылымының байланысы туралы заманауи түсініктерді, полимерлер ерітінділерінің бет-алыс заңдылықтарын зерделейді. Полимерлерді синтездеу, модификациялау, физикалық-химиялық қасиеттері мен құрылымын зерттеудің практикалық дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экожүйе және құқық
    Несиелер: 5

    Экономика, құқық, антикоррупциялық мәдениет, экология және тіршілік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік, ғылыми зерттеулер әдістері саласында интеграцияланған білімді қалыптастыру. Адам мен табиғаттың қауіпсіз өзара іс-қимылының, экожүйелер мен биосфераның өнімділігінің негіздері. Ресурстардың шектеулілігі жағдайындағы қоғамның кәсіпкерлік қызметі, бизнес пен ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі саласындағы қатынастарды реттеу. Қазақстандық құқықты, субъектілердің міндеттері мен кепілдіктерін білу, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету үшін қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуді білу және сақтау. Ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көмірсутектер химиясы
    Несиелер: 5

    Көмірсутектер және мұнай мен газдың басқа да компоненттерінің құрамын, қасиеттерін, талдау әдістерін; көмірсутектер мен мұнайдың гетероатомдық қосылыстарының термиялық және каталитикалық түрленуінің химиялық негіздерін; мұнайдың бейорганикалық және органикалық шығу тегінің негізгі гипотезаларын зерделейді. Мұнай компоненттерінің құрылымдарын айқындау үшін талдаудың аспаптық әдістерін қолдану дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биополимерлер химиясына кіріспе
    Несиелер: 4

    Ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының және полисахаридтердің құрылымдық ұйымдасу негіздерін, физикалық-химиялық қасиеттерін; негізгі биомонерлердің құрылымдық формулаларын; ақуыздар, нуклеин қышқылдары және полисахаридтердің биосинтезделу жолдарын; ақуыздар мен нуклеин қышқылдарын бөлу, тазарту және бастапқы құрылымын анықтау әдістерін; ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының ферментативті және химиялық модификациялау/деструкциялаудың негізгі әдістерін зерделейді. Биополимерлер мен биомономерлердің физика-химиялық қасиеттерін анықтау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Био-ыдырайтын полимерлер
    Несиелер: 4

    Табиғи полимерлер мен өнеркәсіптік-игерілген синтетикалық өнімдер негізінде биодеградирленетін полимерлерді алудың бағытталған синтезі мен технологиясын зерделейді. Биодеградирленетін полимерлер мен олардың негізінде материалдарды алу және қасиеттерін зерттеу, нәтижелерді математикалық өңдеу, әдебиетпен, интернет-көздермен жұмыс істеу, алынған ақпаратты талдау, берілген тақырыпқа толық баяндамалар жасау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Химиялық технологияның жылу және массаалмасу процестері
    Несиелер: 4

    Жылу және масса беру процестерін тасымалдау механизмін, процестердің негізгі теңдеулерін; жылу және масса алмасу аппаратураларының негізгі түрлерінің құрылысын; кептіру, кристалдану және ерітудің материалдық және жылулық баланстарын зерделейді. . Жылу мен масса алмасу процестерін есептеуді жүргізу және оларды жүргізудің оңтайлы параметрлерін анықтауды; осы процесті қамтамасыз ететін негізгі аппараттардың жобалық-құрастыру есептеулерін орындау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Резина бұйымдар технологиясы
    Несиелер: 5

    Жеңұш бұйымдар, тасымалдау және резинотросты таспалар, пішінді және пішінсіз бұйымдар, латекс бұйымдар, көбікті резиналар, кеуекті бұйымдар, тоқыма және металкордты, резина аяқ киімді, резина-кордты қабықшалар және үрлемелі конструкцияларды өндіру технологиясын; рецетура құрастыру, каучуктердің үйлесімділігін, резина қоспалары құрамын оңтайландыру мәселелерін; резина қоспаларын экструзиялау және каландрлеу процестерін, алынатын резиналардың құрылымының олардың физика-механикалық қасиеттерімен байланысын зерделейді. Берілген қасиеттерге ие резина бұйымдар рецептурасын жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биохимия
    Несиелер: 4

    Ақуыз молекулаларының құрылымдық ұйымдастырылуын; ферментативті катализ негіздерін, биологиялық процестердің химиялық негіздерінің заңдылықтарын, организмдегі заттар мен энергия алмасуын; биомолекулаларды бөліп алу, тазарту және құрылысын анықтау әдістерін; биохимиядағы, биотехнологиядағы зерттеулердің басым бағыттары мен даму перспективаларын зерделейді. Биополимерлер мен биомонерлердің қасиеттерін тұздармен тұндыру, хроматография, спектрофотометрия және т.б. әдістерімен талдаудың негізгі дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Суда еритін полимерлер
    Несиелер: 4

    Акриламид полимерлерін және орнын басатын акриламидтерді синтездеу әдістерін, суда еритін полимерлердің жіктелуін, физикалық және физика-химиялық қасиеттерін, акриламид полимерлерін және орнын басатын акриламидтерді қолдану саласын зерделейді. Полиакриламидтің, акриламид сополимерлерінің немесе берілген қасиеттерге ие оның туындыларының синтезін жоспарлау және жүзеге асыру, полиакриламидтің полиэлектролитті кешендерінің гидролиз, су сіңіру дәрежесін, флокуляциялық қабілеті, тұтқырлығы және гидродинамикалық кедергісін анықтау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Химиялық өнеркәсіпті аналитикалық бақылау
    Несиелер: 4

    Талдау түрлерін зерделейді: таңбалау, жылдамдық, төрелік, заттың сапасы туралы қорытынды, қателер теориясы және талдау нәтижелерін математикалық өңдеу, талдау әдісін таңдау, кәсіпорынның талдау қызметі, Талдау әдістемесін әзірлеу және таңдау, талдау аспаптары, талдау әдістемесінің дұрыстығын тексеру, стандартты үлгілерді әзірлеу. Полимерлік композициялық материалдарды талдаудың химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістерін таңдау және техникалық талдау жүргізу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Химиялық технологияның процестері және аппараттары
    Несиелер: 4

    Гидравлика, гидродинамикалық процестер мен аппараттардың негіздері, жылулық процестер, массаалмасу процестері, аппараттар мен құрылымдарды есептеу және таңдау негіздерін; аппараттар жұмысына салыстырмалы талдау жасауды, технологиялық процестерді өткізудің оңтайлы жағдайларын табуды зерделейді. Процестердің материалдық және энергетикалық есептерін жүргізу және оларды жүргізудің оңтайлы параметрлерін анықтау; осы процесті қамтамасыз ететін негізгі аппараттардың жобалық-құрастыру есептеулерін орындау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
    Несиелер: 4

    Техникалық реттеу, стандарттау жүйелерін, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, заңнамалық және нормативтік құжаттар, стандарттар түрлері мен санаттарын зерделейді. Стандарттау әдістерін, сертификаттау схемаларын, техникалық регламенттер талаптарын қолдану, нарық субъектілерінің метрологиялық стандарттар мен ережелерді, стандарттау, сертификаттау бойынша талаптар сақталуын талдау; мемлекетаралық және халықаралық стандарттау, сертификаттау, метрология бойынша жұмыстың экономикалық тиімділігін бағалау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Поликонденсацияланған полимерлер технологиясы
    Несиелер: 5

    Поликонденсация реакцияларының негізгі типтерін, жүргізу шарттарын және механизмін, поликонденсациялық процестердің сатылары мен әр түрлерін, қайтымды және қайтымсыз поликонденсация заңдылықтарын, поликонденсация жүргізу тәсілдерін, бастапқы мономерлерге, поликонденсация тәсілі мен шарттарына, сополимерлердің құрылысы мен қасиеттеріне байланысты поликонденсациялық полимерлердің қасиеттерінің ерекшеліктерін зерделейді. Зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда поликонденсациялық полимерлерді синтездеу және физика-химиялық қасиеттерін зерттеудің практикалық дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Техникалық практиканың аналитикалық әдістері
    Несиелер: 4

    Мономерлердің, полимерлердің элементтік және топтық құрамын; жоғары молекулалық қосылыстардың құрылымдық-топтық құрамын анықтау әдістерін, Полимерлік материалдарды талдаудың заманауи әдістерін, полимерлердің физика-химиялық сипаттамаларын, оларды талдауға арналған жабдықтарды зерделейді. Аналитикалық жабдықпен, бақылау-өлшеу аппаратурасымен, мономерлер мен полимерлік композициялық материалдарға стандарттар мен техникалық шарттармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Полимерленген полимерлер технологиясы
    Несиелер: 5

    Полимеризациялық полимерлерді алу әдістерін, полимеризация реакциясының шарттары мен механизмін, мономер құрылымының оның белсенділігіне әсерін, полимеризацияны жүргізудің заңдылықтары мен тәсілдерін, оларды бағалаудың заманауи әдістерін, қолдану аймағын таңдауды, арнайы мақсаттағы полимерлік материалдарға техникалық талаптарды әзірлеуді зерделейді. Полимеризациялық полимерлерді синтездеудің практикалық, зертханалық және өнеркәсіптік жағдайларда полимерлердің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өндірістерді автоматтандыру
    Несиелер: 4

    Автоматты реттеу және басқару негіздерін; технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің қызметі, мақсаты және функциясын; автоматты бақылау; автоматты бақылау жүйелерінің қызметін; аспаптарды; технологиялық параметрлерді автоматты түрде бақылауды; қашықтан және телемеханикалық бақылау мен басқаруды; мұнай өнімдерін өндіруді автоматтандыруды зерделейді. Технологиялық процестерді автоматтандыру міндеттерін шешу үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өндірісті ұйымдастыру және менеджмент
    Несиелер: 4

    Қожалық етудің нарықтық жүйесінде кәсіпорынды ұйымдастыруды; өндіріс түрлерін, оның техникалық-экономикалық сипаттамаларын; өндіріс құрылымын; кәсіпорында техникалық бақылауды ұйымдастыруды; өндірісті техникалық даярлауды басқаруды; өндіріс мәні, функциялары және басқару әдістерін зерделейді. Кәсіпорын жұмысы тиімділігін жоғарылатуға, өнімділікті арттыруға бағытталған әртүрлі басқару шешімдерін құрастыру мен негіздеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Пластмассаларды өңдеу технологиясы және қолдану
    Несиелер: 4

    Пластмасса өндірісі мен қайта өңдеудің заманауи технологияларын; пластмассаны қайта өңдеуге арналған құрал-жабдықтардың негізгі түрлерінің жұмыс принциптері мен үрдістерінің сипаттамасын зерделейді. Пластмассалардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу, өңдеу процестері параметрлерін, пластмассаларды қолдану аймағын таңдау, алынған пластмасса бұйымдарының мүмкін болатын ақауларын талдау және оларды жою тәсілдерін үйрену дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инженерлік экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 4

    Экономикалық жүйелер түрлері және өтпелі экономика заңдылықтары; нарықтық экономиканың мәні мен механизмі; сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері; кәсіпкерлік қызмет туралы білімді қалыптастырады. Өз ісін құру, сауда-саттық жүргізу, құқықтық сипаттағы құжаттарды даярлау, бизнес-жоспар құрастыру дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша пәндері
    Несиелер: 12

    30.40.2021 жылғы № 6 хаттама. Қосымша білім беру бағдарламасы (Мinor) (минор) – қосалқы құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында оқу үшін білім алушы анықтаған пәндер мен (немесе) модулдер және басқа да оқу жұмысы түрлерінің жиынтығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Химия-технологиялық процестерді басқару жүйелері
    Несиелер: 4

    Негізгі технологиялық объектілерді автоматтандыру жүйелерін, технологиялық процестерді басқарудың иерархиялық жүйелерін; технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің құрылымын және негізгі технологиялық параметрлерін өлшеу әдістері мен тәсілдерін, технологиялық объектілерді автоматтандыру жүйелерін, автоматтандырудың функционалдық схемаларын синтездеуді зерделейді. Технологиялық процестерді автоматтандырудың типтік сұлбаларын оқып білу; автоматтандырудың негізгі құрылғыларды және құралдарын экономикалық негіздеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Полимерлік материалтану
    Несиелер: 4

    Байланыстырғыштар және толықтырғыштардың технологиялық қасиеттерін, толықтырғыштардың композициялық материалдардың қасиеттеріне әсерін, бастапқы өнімдердің құрамын, термореактивті және термопласты байланыстырғыштардың синтезі мен қасиеттерін, арнайы қасиеттерге ие материалдарды жасау ерекшеліктерін зерделейді. Композиция қасиеттерін параметрлер бойынша салыстыру және талдау жүргізу, бұйым конструкциясының ерекшеліктерін ескере отырып материал құрамын, оны жасау технологиясын, бұйымдарды пайдалану шарттарын таңдауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Пішіндеуші жабдықты және пластмассадан бұйымдарды конструкциялау негіздері
    Несиелер: 4

    Полимерлі материалдардан жасалған бұйымдарды пайдаланудың теориялық негіздерін, пластмассаны қайта өңдеу технологиясында қолданылатын технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу принциптерін және конструкцияларын, пластмассаның негізгі түрлерін және оларды өндіруге арналған технологиялық жабдықтарды конструкциялау мен есептеудің теориялық негіздерін зерделейді. Пластмассадан жасалған бұйымдарды және қалыптаушы жарақтарды құрастыру бойынша есептерді шешудің практикалық дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Полимерлер рециклингі
    Несиелер: 4

    Полимерлік материалдарды екіншілік өңдеу жағдайын талдауды, қалдықтардың жіктелуін, қалдықтарды кешенді басқаруды, әлемдегі қалдықтардың рециклинг жүйесін, полимерлік қалдықтар рециклингінің ерекшеліктерін, полимерлерді қайта өңдеуге дайындау кезеңдерін, полиолефиндерді, полиамидтерді, термореактивті полимерлер мен композиттерді екіншілік өңдеу технологиясын, полимерлік материалдарды химиялық өңдеуді, пластмасса қалдықтарынан энергия алуды зерделейді. Полимерлік материалдарды екіншілік өңдеу әдісін талдау және таңдау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Лак-бояу материалдары және қаптамалар химиясы мен технологиясы
    Несиелер: 4

    Лак-бояу материалдары(ЛБМ) мен қаптамаларды құрастырудың физика-химиялық негіздері және теориялық заңдылықтары, даму үрдістерін, әртүрлі материалдар бетінде оларды алу технологиясын, коррозия және металдарды қорғау негіздерін, пайдалану кезінде қаптамалардың бұзылуы, еңбекті ұйымдастыру, экология және қауіпсіздік техникасы мәселелерін зерделейді. ЛБМ рецептілерін құрастыру және олардың пайдалану қасиеттерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Синтетикалық талшықтар химиясы және технологиясы
    Несиелер: 4

    Талшықты түзуші полимерлерді алу технологиясын, талшықты түзуші полимерлердің физика-химиялық негіздерін, полимерлердің деформациялық және реологиялық қасиеттерін, табиғи және химиялық текті талшықты материалдардың маңызды түрлерінің химиялық құрылысы мен физикалық құрылымының ерекшеліктерін, синтетикалық талшықтарды алудың өнеркәсіптік тәсілдерін зерделейді. Синтетикалық талшықтарды синтездеу мен физика-механикалық және пайдалану қасиеттерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Резина бұйымдарды есептеу және құрастыру
    Несиелер: 4

    Әртүрлі деформациялар мен жұмыс жағдайларында резина бұйымдардың конструкциялық материалдарының (резина және армирлеуші тоқыма және металл бұйымдары) қасиеттері туралы мәліметтерді; негізгі резина-техникалық бұйымдардың түрлерін, конструкцияларын және жобалық есептеулерін зерделейді. Бұйымдар мен технологиялық жабдықтарды есептеу, техникалық құжаттаманы әзірлеу және резина бұйымдарды қайта өңдеудің технологиялық процестерін бақылау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Пластмассаларды физика-механикалық сынау
    Несиелер: 4

    Пластмассалардың физика-механикалық қасиеттерін, пластмассаларды сынау әдістерін стандарттау және сертификаттауды, сынаудың стандартты әдістерін, полимерлер мен олардан жасалған бұйымдарға күш түсіру шарттары мен олардың механикалық бет-алысы мен механикалық қасиеттері арасындағы өзара байланысын зерделейді. Пластмассаларға физика-механикалық сынақ жүргізу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шина өндірісінің технологиясы
    Несиелер: 4

    Шиналардың жіктелуі мен құрылымын; шиналық резина қоспаларын; корд, техникалық маталар мен металл материалдарды; резина қоспаларын дайындау; тоқыма корд және маталарды өңдеу; покрышканың бөлшектерін дайындау; покрышкаларды қалыптау және вулкандау; автомобиль камераларын, тоғындық таспалар мен диафрагмалар өндірісін зерделейді. Шиналарға арналған резина қоспаларының рецептілерін құрастыру, оларды зертханалық жағдайларда сынау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Модификацияланған полимерлік материалдар
    Несиелер: 4

    Полимерлік материалдардың құрамы мен құрылымы, полимерлерге, полимерлік-битумдық, резина-битумдық байланыстырғыштарға, БАЗ үстемелері бар полимерлерге модификациялаушы үстемелерді, әртүрлі модификацияланған полимерлердің түрлерін дайындау технологияларын және оларға қойылатын нормативтік-техникалық талаптар туралы негізгі мәліметтерді зерделейді. Әртүрлі модификациялаушы үстемелері бар модификацияланған полимерлік материалдарды алу, зертханалық жағдайларда олардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Синтетикалық каучук химиясы және технологиясы
    Несиелер: 4

    Жалпы және арнайы мақсаттағы синтетикалық каучуктердің (СК) типтерін, қасиеттерін және алу технологиясын, резина қоспалары мен олардың негізіндегі вулканизаттарды, олардың қолданылу салаларын зерделейді. СК синтездеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жоспарлау және жүргізу, олардың негізінде резина қоспаларының рецептілерін құрастыру, каучуктер мен резина қоспаларының технологиялық қасиеттерін, вулканизаттардың физика-механикалық қасиеттерін анықтау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Полимерлік композициялық материалдар
    Несиелер: 4

    Полимерлік композициялық материалдарды (ПКМ) алу процестерінің заңдылықтарын, ПКМ құрамы мен алу шарттарының олардың құрылымы мен қасиеттерімен байланысын, ПКМ жасалған пайдаланылатын бұйымдардың қолданылу саласы мен әлеуетті мүмкіндіктерін зерделейді. Байланыстырғыш және толықтырғыш түрлерін, бұйымды қалыптау режимдерін таңдау, қосалқы материалдарды таңдау, ПКМ физика-механикалық және пайдалану қасиеттерін анықтау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Полимер қалдықтарын екіншілік өңдеу және утилизациялау
    Несиелер: 5

    Табиғи ортаның жай-күйі мен адамзат қоғамының техногендік әсер ету деңгейінің байланысын, пластикалық массалардың құрамын, жекелеген компоненттердің мақсатын; полимерлерді пластификациялау механизмін, пластификаторлар мен толықтырғыштардың физика-механикалық қасиеттеріне әсерін; пластмасса қалдықтарын өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтарды зерделейді. Полимерлердің қалдықтарын қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған жабдықты таңдау, әртүрлі айналымдағы полимерлі қалдықтарды дайындаудың технологиялық сызбаларын жасау, қоршаған ортаға әсерді азайтудың ұтымды тәсілін таңдау әдістеріне дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Полимер кәсіпорыны экологиясы және қоршаған ортаны қорғау
    Несиелер: 5

    Полимерлерді өндіретін кәсіпорындардың жұмыс істеуіне байланысты экологиялық проблемалардың негіздерін; өнеркәсіптік экология және қоршаған ортаны инженерлік қорғау саласындағы ғылыми және практикалық жетістіктерді; полимерлік өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру және пайдаланудың жаңа, неғұрлым тиімді процестерін әзірлеу тәсілдерін және қолданыстағыларын қарқындату мүмкіндіктерін зерделейді. Полимерлер өндіретін кәсіпорындардың қоршаған ортаның ластануынан туындайтын экономикалық залалды есептеуді орындау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жобалау негіздері және полимерлер өндіру мен өңдеу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары
    Несиелер: 5

    Жобалау объектілері, жалпы ережелері мен ерекшеліктерін; типтік полимерлік құрал-жабдықтың нысанын, әрекет ету принциптерін және классификациясын, есептеу әдістерін, полимерлерді өндіру мен қайта өңдеудің типтік құрал-жабдықтарын таңдау және салыстырып тексеру есептерін жүргізу әдістерін зерделейді. Полимерден жасалған бұйымдарды өндіруге арналған құрал-жабдықтарды таңдау және құрастыру, полимерлерді өндіру және қайта өңдеу бойынша технологиялық схеманың негізгі аппараттарын есептеу және іріктеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Жобалау негіздері және мұнай-химиясы зауыттарының құрал-жабдықтары
    Несиелер: 5

    Құрастырудың міндеттері мен конструкциялардың сапасын бағалау критерийлерін; негізгі құрал-жабдықтарды құрастыруға негізгі бастапқы деректерді; құрал-жабдықтардың сенімділігін; конструкциялардың металл сыйымдылығы мен қаттылығын; құрастырудың экономикалық негіздерін; құрал-жабдықты құру немесе жаңғырту процесінің кезеңдерін; материалды таңдауды зерделейді. Мұнай-химия процестерінің негізгі құрал-жабдықтары мен аппаратураларын таңдау және параметрлерді есептеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу негіздері және патенттану
    Несиелер: 5

    Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен кезеңдерін; эксперименталды зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз етуді; эксперимент нәтижелерін өңдеуді; зерттеу нәтижелерін графикалық баяндау әдістерін; СҒЗЖ нәтижелерін рәсімдеуді; патенттану негіздерін зерделейді. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, ғылыми мақалалар мен баяндамаларды дайындау, теориялық және эксперименттік деректерге салыстырмалы талдау жүргізу, оқу және ғылыми зертханаларда жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Құрылыстағы полимерлік материалдар
    Несиелер: 5

    Полимерлік құрылыс материалдары өндірісінің физика-химиялық негіздерін, осы процестерді басқарудың технологиялық тәсілдерін; полимерлік материалдар сапасының негізгі және қосалқы көрсеткіштерін және сапа көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды, құрылыс материалдары мен пластмассадан жасалған бұйымдардың қасиеттері мен түрлерін зерделейді. Полимерлік құрылыс материалдары саласындағы инновациялық әзірлемелерді, полимерлік материалдарды өндіру және қолдану экологиясы проблемаларын талдау; полимерлік құрылыс материалдарының композициялық құрамын іріктеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Медицинадағы полимерлер
    Несиелер: 5

    Медицинада, фармацевтикалық өнеркәсіпте және денсаулықты қорғауға қатысты басқа да қызмет салаларында қолданылатын жоғары молекулалық қосылыстарды; жоғары молекулалық қосылыстардың адам денсаулығына әсерін бағалаудың сандық және сапалық параметрлерін; полимерлік қосылыстардың химиялық және физика-химиялық параметрлерінің олардың биологиялық белсенділігімен өзара байланысын зерделейді. Медицина-биологиялық мақсаттағы полимерлерді синтездеу, полимерлік ерітінділерді, гельдерді, пленкаларды, микрокапсулаларды алу, медициналық мақсаттағы полимерлердің негізгі сипаттамаларын анықтау дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау
    Несиелер: 5

    Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау әдістерін, материалдардың қасиеттері мен құрылымын зерттеудің заманауи әдістері мен құралдарын, өлшеулерді метрологиялық қамтамасыз ету және нәтижелерді статистикалық өңдеу негіздерін, ғылыми есепті, мақаланы, баяндаманы ресімдеу ережелерін зерделейді. ҒЗЖ өз бетінше жоспарлау және орындау, зерттеу тақырыбы бойынша қажетті ақпаратты іздеу және талдау дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON7

    Полимерлер, эластомерлер, лак-бояу материалдарын өндіру мен қайта өңдеудің технологиялық схемасының негізгі және қосалқы аппараттарын есептеу, материалдық және жылу баланстарын жасау дағдыларын көрсету.

  • Код ON8

    Ғылыми зерттеулер жүргізу және эксперименттік деректердің нәтижелерін көпшілікке ұсыну.

  • Код ON2

    Дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды, ғылыми және эксперименттік зерттеулер әдістерін көрсету.

  • Код ON9

    Белсенді өмірлік ұстанымға, кәсіпкерлік дағдыларға ие болу, өмір бойы біліктілігін арттыру.

  • Код ON1

    Кәсіби қызметте түрлі ақпараттық ресурстар мен технологияларды пайдалану, кәсіби ортада және қоғамда академиялық адалдық мәдениеті мен қағидаттарын түсіне отырып қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.

  • Код ON6

    Экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, полимерлер, эластомерлер, бояулар мен лактар өндірісінің ұтымды технологиялық схемасын таңдау.

  • Код ON5

    Талдау құрал-жабдығын, бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалана отырып, шикізат пен дайын өнімнің сапалық және сандық талдауын орындау.

  • Код ON4

    Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын сақтай отырып, технологиялық регламенттерге сәйкес полимерлерді, эластомерлерді және лак-бояу материалдарын алу мен өңдеудің технологиялық процестерін жүзеге асыру.

  • Код ON3

    Инженерлік және ғылыми есептерді шешу үшін жаратылыстану-ғылыми, математикалық білімді қолдану.

Top