Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02202 Дінтану в Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі қоғамдағы діннің рөлі мен дінтану негіздерін зерттей отырып, діни құбылыстар мен діннің мәнін кәсіби тұрғыдан талдайтын, дін саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыратын, замануи ғылыми-зерттеулік, педагогикалық құзіреттерге ие, еңбек нарығында бәсекеге сай, теориялық және практикалық білімі жоғары, білікті маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M051 Дінтану және теология
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Теологиялық әдебиеттердің негізгі мазмұнын, тарихын, мәтінге қатысты сын-пікірлерді талдау. Діни жазбаларды және зерттеулерді талдауда, сараптауда, интерпретациялауда практикалық дағдыларды қолдану
  • Іскерлік қатынаста пәнаралық білім және кроссфункционалдылық таныту, мемлекеттік басқару саласында діни жағдайды сауатты талдау, тез шешім қабылдай білу, практикада тиімді басқару психологиясын терең меңгергендігін көрсете білу, ресурстарды және уақытты ұтымды пайдалануға қабілетті болу.
  • Діни радикалсыздандыру, оңалту, дінтанулық сауаттылықты арттыру бойынша қызметтерді жүзеге асыру.
  • Ағылшын тілін кәсіби салада пайдалану, ағылшын тілді дереккөздері, дінтанулық бағыттағы мәтериалдарды талдау, ағылшын тілінде ғылыми еңбектерғ мақалалар дайындау.
  • Жаңа діни ағымдарды сипаттау, әлеуметтік мәдени рөлін анықтау. Қазақстанда және әлемдегі дәстүрлі діндер мен жаңа діни ағымдардың ілімдері мен діни ғұрыптарын, дәстүрлi дiндердiң жаһандану мен модернизация үдерістеріне қатынасы мен ұстанымдарын талдауды, сонымен қатар дiни плюрализм және қазiргi заманғы саяси-әлеуметтік доктриналардың қазіргі діндерге ықпалын зерттеуді, халықаралық және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып шешімдер қабылдауды ұйымдастыру.
  • Дінаралық және конфессияішілік қатынастардың дамуына ықпал ету, қақтығыстардың алдын алуға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру, толерантты қоғам қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру.
  • Дінтанулық сараптамалық қызметті жүзеге асыру, діни және дінтанулық әдебиеттерді сараптау, талдау, сұрыптау. Дін және мемлекет қатынасындағы халықаралық, мемлекеттік құқықтық құжаттарды талдау және іс-жүзінде қолдану. Діни фанатизм, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға білікті болу.
  • Исламдағы қазіргі ағымдар мен бағыттардың пайда болуын, таралу себептерін түсіндіру, ерекшеліктерін анықтау. Қоғамдағы жаңа исламдық бағыттардың дамуын және тәуекелдік қаупін бағалау, өзіндік ой тұжырымдарын, шешімдерін ұсыну. Қазіргі таңдағы шығыстанушылардың Құран зерттеулерін игере отырып, теологиялық алауыздықтың алдын алады. Исламдағы қасиетті мәтіндерді жетік түсіндіреді, ажыратады, еркін талдайды. Тәпсір ілімінің әдістерін қызметінде жетік қолданады.
  • Дінтану саласындағы жаңа зерттеулерді оқу, түсіндіру, ұйымдастыру. Отандық және халықаралық деңгейдегі дінтанудың заманауи мәселелерін зерттеу, еліміздегі конфессияаралық қатынастарды нығайтуға ат салысу
  • ЖОО Дінтану саласында педагогикалық білімін теорияда және практикада қолдану, инновациялық педагогикалық методтарды пайдалану, сандық технологияны қолдануда біліктілгін көрсету.
  • Дінтану ғылымындағы дін феноменологиясы, дін психологиясы бағытындағы классикалық және заманауи ғылыми концепцияларды терең меңгерген, діни сананың қалыптасуы мен дамуы мәселесін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы, діни тұрақтылықтың сақталуына, қауіпсіздігіне қызмет етеді. Жаңа діндарлық феноменін түсіндіреді, қазіргі заманғы діни сенімнің мәнін зерттей отырып, қоғамдағы діндарлық құбылысын бағалайды. Діндарлықтың психологиялық аспектілерін жан жақты талдайды.
  • Дін антропологиясының тарихы мен теориясында, терминологиялық аппаратында, методологиялық базасында терең білімін көрсету, әлемдік діндердің тарихи-мәдени ерекшелігін атап көрсету, түрлі діни танымдар арасында толерантты қарым қатынас орнатуды жүзеге асыру.
  • Араб тіліндегі дерек көздерді, қолжазбаларды, діни мәтіндерді, ғылыми және әдеби материалдарды пайдалану. талдау. Араб тілінде ауызша және жазбаша ойын еркін жеткізу.
  • Ғылыми зерттеу жүргізудің классикалық және инновациялық әдістері мен әдіснамасын қолдану. Кәсіби біліктілігін арттыру, шет тіліндегі дереккөздерді салыстырамалы талдауда қабілетін, дағдыларын дамыту. Отандық және халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулер, диссертация, мақала әзірлеу, қорғау, дайындау.
Top