Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01149 Неврология ересектердің, балалардың в Семей медицина университеті

  • Неврологиядағы визуальді зерттеу әдістері
    Несиелер: 8

    Нерв жүйесінің зақымдануының диагностикасындағы спондилография, краниография, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография, ангиография.

    Оқу жылы - 1
  • Стационардағы неврология, ересектер
    Несиелер: 54

    Неврологиялық стаусты бағалау әдістемесі, нерв жүйесінің зақымдану белгілері мен синдромдары. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық симптоматикасы, жіктелуі, дифференциалды диагностикасы, неврологиялық ауруларды және шекаралық жағдайларды емдеу және алдын алу туралы заманауи түсінік. Бас миының және жұлынның қан тамырлық аурулары. Перифериялық нерв жүйесінің аурулары. Экстрапирамидалық жүйенің басым зақымдануы бар аурулар. Эпилепсия. Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Нерв-бұлшықет аурулары. Жүйке жүйесінің демиелинизациялық аурулары. Жүйке жүйесінің ісіктері мен жарақаттары.

    Оқу жылы - 1
  • Неврологиядағы аспаптық зерттеу әдістер
    Несиелер: 8

    Ультрадыбыстық допплерография және қан тамырларын дуплексті зерттеуі бас пен мойынның қан айналымын бағалау критерийлері ретінде. Нейро-бұлшықет аурулары және электронейромиографияны қолдану саласы. Электроэнцефалография және эпилепсия мен ұстама жағдайларын диагностикалау мен емдеуіндегі жаңа технологиялар.

    Оқу жылы - 1
  • Ғылыми зерттеулердің менеджменті
    Несиелер: 4

    Пән сипаттама, аналитикалық және эксперименталды зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ережелерін зерделеуді қамтиды. Пән аясында білім алушылар аталған дизайндарды зерттеу ережелерін үйренеді, олар зерттеудің әр түрлі кезеңдеріндегі құрылымдық және жүйелі қателерді болдырмай, өздерінің ғылыми зерттеулерінің хаттамасын дұрыс құрастыруға көмектеседі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Биостатистика
    Несиелер: 4

    Пән аясында білім алушылар SPSS бағдарламасында Сандық және сапалық мәліметтерді талдау әдістерін үйренеді. Бұл курс білім алушы өзінің ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында жинаған статистикалық деректерді талдаудың практикалық курсы болып табылады. Курс деректерді талдау және алынған нәтижелерді көрсетуге көмек көрсетуді білдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
  • Амбулаторлы-емханалық неврология (балалар)
    Несиелер: 6

    Емдеуге дейінгі езеңде балалар жасындағы неврологиялық науқастарға шұғыл жағдайларда ерте диагностикалау мен көмек көрсету. Алдыналу. Уақытша және тұрақты еңбек кежарамсыздық мәселелері. Медициналық-әлеуметтік сараптама.

    Оқу жылы - 2
  • Амбулаторлы-емханалық неврология (ересектер)
    Несиелер: 10

    Қазақстан Республикасында амбулаториялық-емханалық неврологиялық қызметті ұйымдастыру. Есепкеалу-есеп беру құжаттамасы. Амбулаториялық қызметтің невропатолог-дәрігерінің функционалдық міндеттері. Емдеугедейінгі кезеңде неврологиялық науқастарға шұғыл жағдайларда ерте диагностикалау және көмек көрсету. Алдыналу. Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық мәселелері. Медициналық-әлеуметтік сараптама.

    Оқу жылы - 2
  • Стационардағы неврология, балалар
    Несиелер: 30

    Балалардағы нерв жүйесінің анатомо-функционалдық ерекшеліктері. Әртүрлі жастағы алалардағы неврологиялық ауруларының пропедевтикасы: неврологиялық статусын бағалау әдістемесі, балалар жасындағы нерв жүйесінің клиникалық симптоматикасы, жіктелуі, дифференциалды диагностикасы,емі мен алдын алуытуралы заманауи түсінік.Перинаталды қаурулар және жүйке жүйесінің жарақаттары. Факоматоздар. Тұқымқуалайтын дегенеративті аурулар. Эпилепсия. Жаңа деңгейде пәнконтентін меңгеру.

    Оқу жылы - 2
  • Нейрореабилитация (ересектер, балалар)
    Несиелер: 6

    Әлемде және Қазақстан Республикасында оңалту көмегін ұйымдастыру. Оңалту тексерулері. Оңалту диагнозы және негізгі оңалту құралдары. Оңалтуіс-шаралары және жоғары психикалық функциялары бұзылған, оның ішіндесөйлеу, коммуникация мен қарым-қатынасбұзылыстары бар,қосымша қозғалыс, соматикалық, неврологиялық және психикалық бұзылулары бар науқастарды қалпына келтіру динамикасын бақылау әдістері, сондайақ оңалту тиімділігінің критерийлері.

    Оқу жылы - 2
  • Неврология мен нейрореанимациядағы шұғыл жағдайлар (ересектер, балалар)
    Несиелер: 12

    Бас сүйекішілік гипертензиясы мен мидың ісінуін диагностикалау және түзету. Коматозды жағдайдағы науқастардың клиникалық көрінісі, диагностикасы және емдеу әдістері. Ми қанайналымының жіті бұзылулары, бас миының, жұлын миының және перифериялық нерв жүйесінің жарақаты бар науқастардың клиникалық көрінісі, диагностика әдістері және қарқынды терапиясы. Миастениялық криз, мигреноздық статус, эпистатус, бульбарлы синдромы бар науқастарды шұғыл емдеу. Госпитальдық кезеңде балалар неврологиясындағы шұғыл жағдайлар: диагностикасы, реанимациялықіс-шаралары. Қарқынды терапия палатасында жұмыс істеу.

    Оқу жылы - 2
  • Код ON5

    Адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті

  • Код ON4

    Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби мамандық топ құрамында жұмыс істеуге қабілетті

  • Код ON3

    Дәлелді медицина қағидаттары мен денсаулық сақтау жүйесінің талаптарына сүйене отырып, ықтимал қауіп-қатерді ескере отырып, неврологиялық бейіндегі пациентті емдеудің ең тиімді және қауіпсіз әдісін дербес анықтай алады.

  • Код ON1

    Неврологиялық патологиясы бар пациенттің шағымдары мен тарихын және мәртебесін бағалауды дербес жүргізуге, жалпы тексеру деректеріне, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлеріндегі зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелеріне сүйене отырып, клиникалық диагнозды тұжырымдауға, дәлелді практика негізінде неврологиялық пациентті жүргізу тактикасын анықтауға қабілетті.

  • Код ON2

    Науқас үшін ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін неврологиялық профильдегі пациентпен, оның қоршаған ортасымен немесе заңды өкілдерімен, сондай-ақ медицинаның байланысты салаларының мамандарымен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

  • Код ON6

    Кәсіби команданың басқа да мүшелерін өз бетінше оқуға және оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті

Top