Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01143 Терапиялық стоматология в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Терапиялық стоматологияны ұйымдастыру мәселелері бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар,негізгі стоматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің практикалық дағдыларын меңгерген, дәлелді медицина қағидаларына және емдеу-диагностикалық технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес әртүрлі ауруларда терапиялық емдеу әдістерін меңгерген маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R043 Терапиялық стоматология
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Бақылауды жүргізуге қабілетті, клиникалық бақылау негізінде диагнозды қояды (нақтылайды), анамнезді, клинико-лабораториялық және инструменталды зерттеу нәтижелерін жинайды, ем тағайындайды және бақылайды, оңалтуды, сонымен қатар дәлелді медицина негізінде егде жастағы науқастардағы еріннің қызыл жиегі мен ауыз қуысы кілегей қабығы, тістің қатты тіндері, пульпа және периодонт патологиясының алдын-алу шараларын жүргізеді.
  • Жоғары дәрежедегі қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ету үшін қатерді бағалап, диагностика мен емдеудің эффективті тәсілдерін таңдай алады.
  • Өзіндік кәсіби қызметінде ҚР денсаулық сақтау жүйесінің нормативті-құқылы акт аясында әрекет етуге қабілетті, сонымен қатар мемлекет тұрғындарының денсаулығын нығайту мен қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру мақсатында өздігінен / және кәсіби команда құрамында жұмыс жасай алады.
  • Өз бетінше оқуға және өзгелерді оқытуға, халықаралық ғылыми мәліметтер базасын талдау арқылы зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, конференция мен съездте белсенді қатысуға, өзінің кәсіби және ғылыми қызметінде ресми және бейресми білім алуға қабілетті.
  • Науқас және оның айналасымен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен транспаренттілік және құрмет негізінде тиімді қарым-қатынас құрайды.
  • Мультидисциплинарлық контекстте науқастарды емдеудегі үздік нәтижеге қол жеткізу үшін өзекті мәселелер мен ықтимал қауіпті анықтайды, терең жүйелік білімге ие.
Top