Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02262 Теология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Теологиялық терең білімі бар, конфессиялар мен қазіргі заманғы діни процесстерді зерттеудің ғылыми, әдістемелік және әдіснамалық құралдарын меңгерген, құзыретті және жоғары білікті кәсіби теологтарды дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M051 Дінтану және теология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қазақ (түрік) дәстүрлі діни танымы: Ясауи философиясы
Әл-Фараби мұрасында дін және мемлекет қатынасы
Ислам теологиясының қазіргі мәселелері
Шет тілі (кәсіби)
Ислам антропологиясының қазіргі мәселелері
Ислам құқығының қазіргі мәселелері
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Құран семантикасы және герменевтикасы
Қазақстандағы ислам: тарихы мен мектептері
Жоғары мектептің педагогикасы
Салыстырмалы теология
Ғылым тарихы мен философиясы
Академиялық ғылыми жазба
Христиан теологиясының қазіргі мәселелері
Басқару психологиясы
Оқыту нәтижелері
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Түркілік-мұсылмандық өркениеттің тарихын, әдіснамасы мен философиясын меңгеріп, кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дербес жүзеге асырады
- Теологиялық мәтіндер мен мәселелерге заманауи әдістерді қолдана отырып талдау жасайды
- Ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгеріп, теологиялық бағыттағы шетелдік дереккөздерді, материалдарды еркін талдайды
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Теология саласындағы діни ілімдер және жаңадан пайда болған түрлі ағымдардың тәжірибелері мен ұстанымдарын зерттеп, қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерге сараптама жасайды
- Мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық қатынастардағы діни-құқықтық, толеранттылық шарттары мен зайырлылық ұстанымдарын сақтап, конструкциялық диалог ауқымындағы кәсіби іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен қолданады
- Дін, ғылым және философия салаларындағы білімін теологиялық мәселелерді шешуде пайдаланады