Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01737 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
  • Әдебиеттану саласындағы өзекті заманауи ғылыми парадигмаларды, олардың даму динамикасын, әдебиеттанулық зерттеудің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдері жүйесін меңгеріп, әртүрлі мәтіндерді талдау және интерпретациялау дағдыларын, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жүзеге асыруға қабілетті
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • Филология саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыра және теориялық және әдіснамалық талдау дағдыларына ие болып, болжау және жоспарлау әдістерін, лингвистика және әдебиеттану саласындағы білімін синтездеп, ғылыми және практикалық мәселелерді салыстыруға және айырмашылықтарын табуға қабілетті
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
  • Қазіргі қазақ және әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары, олардың генезисі, философиялық негізі және дамудың маңызды кезеңдері туралы білімін үйлесімді қолданып, әріптестерімен өзара әрекеттестікте филологиялық ғылымда зерттеулер жоспарлауға және өткізуге қабілетті
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
  • Коммуникативтік және шешендік құзыреттілікті құрайтын элементтер туралы білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделеп, көпшілік алдында сөз сөйлеудің барлық дағдыларын қолдануға қабілетті
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
  • Тіл үйрету әдістемесі саласында қазақ тілінің педагогтары әдістемелік бірлестіктерімен, тіл үйрету орталықтарымен, тәжірибелік мамандардың қауымдастығымен білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырып, шешім қабылдау іскерлігі мен дағдыларын үйлестіре қолдануға қабілетті
Top