Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04118 Экономика в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Экономиканың даму заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын біліп, деректерді өңдеу мен талдаудың кең құралдарын қолданып, әлеуметтік – экономикалық үдерістерді зерттеудің қолданыстағы тұжырымдамаларын сын көзбен талдап, алынған нәтижелерді өңдеп, оған баға бере отырып, экономика мен басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді.
  • Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесін біле отырып, ұлттық және әлемдік экономикадағы жаһандық проблемаларды зерттеуде тиімді шешімдер қабылдап, экономикалық дамудың негізгі үрдістерін анықтай отырып, экономиканың түрлі салаларында педагогикалық және кәсіби қызметті жүзеге асырады.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Экономикалық сараптама мәселелерінде өзіндік модельдері мен әдістерін қалыптастырып, кәсіпорынның және саланың әр түрлі стратегияларын, микро, макро ортасын, экономикалық қауіпсіздіктің ерекшелігін, бизнестің тиімділігін бағалай отырып, қажетті экономикалық көрсеткіштерді табады.
  • Салалық тұрғыда экономиканы басқару мен тұрақты даму негіздерін біліп, кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын таңдап, инновациялық кәсіпорындарды құру және жаңа енгізілімдерді басқару тетіктерін талдай отырып экономикалық ұсыныстарды тұжырымдайды және жүзеге асырады.
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды.
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
Top