Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01738 Орыс тілі мен әдебиеті в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Коммуникативтік және шешендік құзыреттілікті құрайтын элементтер туралы білімдерін көрсете отырып, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерген.
  • Жеке ғылыми зерттеу үшін талдау нәтижелерін қолдана отырып, зерттеулерді жоспарлап, жүргізе отырып, ғылыми саладағы зерттеулерді диагностикалау, талдау және жалпылау негізінде кешенді мониторинг жүргізе отырып, рефлексияға қабілетті қалыптасқан зерттеу мәдениетін көрсете отырып, ғылымның өзекті мәселелерін дербес және сыни тұрғыдан талдауды жүзеге асыра алады.
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Қазіргі отандық және әлемдік тіл білімінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары туралы білімдерін көрсете отырып, лингвистика дамуының генезисін, философиялық негізін және маңызды кезеңдерін талдайды.
  • Әдебиеттану саласындағы заманауи ғылыми парадигмаларды, оның даму динамикасын, әдебиеттанудағы әдіснамалық принциптер жүйесі мен әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, түрлі мәтіндерді білікті талдау және интерпретациялау дағдыларын меңгерген.
  • Бастамашылық танытып және шешімдер, келісімдер мен шарттар қабылдау үшін өзіне жауапкершілік алып, ынтымақтастыққа дайындығын көрсетіп орыс педагогтарының, тіл орталықтарының, кәсіби бірлестіктер мен қауымдастықтардың әдістемелік бірлестіктерінің тәжірибесін талдап, тексеріп жинақтайды.
  • Мәдениетаралық қарым-қатынастың табысты жүзеге асырылуына ықпал ететін тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылының үлгісі мен типологиясын, мәдениеттердің вербалды және вербалды емес маркерлерін, тілдің, сөйлеу мен сөйлеу әрекетінің психологиялық және лингвистикалық аспектілерін талдайды.
Top