Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01708 Шетел тілі: екі шетел тілі в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби, коммуникативтік, мәдениетаралық, ақпараттық, стратегиялық құзыреттіліктің жоғары деңгейімен қойылған кәсіби міндеттерді шешу және шетел тілінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талдау үшін сыни ойлау стилі мен креативтілікті меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M017 Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Қазіргі түрік тілінің өзекті мәселелері
Ағылшын тілін оқытудағы грамматиканың рөлі
Ағылшын тіліндегі дискурстық талдау
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілдік білім берудің заманауи әдіснамасы
Ағылшын тілін оқытудың кәсіби құзіреттілігі
Ағылшын тілі оқытушыларының үздіксіз кәсіби дамуы
Түрік тілін оқытудың жаңа әдістері
Жоғары мектептің педагогикасы
Академиялық ғылыми жазба
Басқару психологиясы
Шет тілдік білім берудегі әлеуметтік лингвистика мәселелері
Ғылым тарихы мен философиясы
Екінші тілді меңгеру теориясы
Оқыту нәтижелері
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Қазіргі әлем тілдерінің лингвистикалық зерттеулерінің негізгі бағыттары, олардың дамудың маңызды кезеңдері туралы білімін меңгерген
- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды менгере отырып, әртүрлі мәтіндерді талдайды және интерпретациялау дағдыларын игерген
- Академиялық адалдық шеңберінде ғылыми этикаға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға, жобалауға, жүргізуге, салыстыруға және ғылыми дерекқорлармен, ғылыми баспалармен жұмыс жасауға, олардың өнімдерін пайдалануға қабілетті
- Шетел тілі теориясы мен практикасында өзекті мәселелерді тәуелсіз және сыни талдауды жүзеге асырады, өздерінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолдана отырып, психологиялық, педагогикалық және филологиялық ғылымдар саласындағы зерттеулерді жүргізе алады
- Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге деген жауапкершілігін сезінеді және өзіне жүктейді
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады
- Ғылыми саласындағы ізденістерді диагностикалауды, талдау және жинақтау негізінде кешенді мониторингті дәлдікпен жүзеге асыра отырып, ғылыми жарияланымдар жасайды
- Өз уақытын тиімді ұйымдастыруды тексереді, баға береді
- Кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын дәлдікпен жүзеге асырады