Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02212 Түркітану в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Түбі бір түркі халықтарының тілдері, әдебиеттері және рухани-материалдық мәдениетінің перспективалық бағыттарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастыра алатын, түркітану ғылымындағы заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару іс-әрекетін нәтижелі түрде жүзеге асыратын, кәсіби дағдыларын игерген, бәсекеге қабілетті түркітанушыларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M054 Түркітану
  • Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Түркітанымдық зерттеулердің нәтижелерін зерделейді, тұжырымдай алады, ғылыми зерттеу әдістерінің негізінде шешеді, жаңа мұрағат материалдарын және қолжазбаларды тарта отырып түркітанушы ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
  • Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды.
  • Түркітану саласындағы іргелі зерттеулерге қатысты алған білімдерін, қазіргі заман талабына сай теориялық-әдіснамалық ұстанымдарға, түркітану ғылымының концептуалды-терминологиялық мәселелерге, заманауи көзқарастар мен тенденцияларға байланысты ғылыми парадигмалар шеңберінде көрсетуге қабілетті.
  • Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
  • Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
  • Түркітану саласына байланысты ғылыми-зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, отандық, шетелдік және халықаралық деректер базасындағы басылымдарда мақала тезистерін жариялай алады, халықаралық ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, конгрестерге баяндамалар ұсына алады.
  • Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады.
  • Түркі халықтарының тілдік, әдеби және мәдени мұраларының ерекшеліктерін меңгеру нәтижесінде түркі өркениетінің озық үлгілерін және рухани құндылықтарын дүниежүзіне танытуға, насихаттауға және ұрпақ санасына сіңіруге қабілетті.
  • Түркітану бағдарламасы бойынша практикалық және семинарлық сабақ түрлерінде оқу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыра алады және іс жүзінде жүзеге асыруды жүйелі түрде ұсына алады.
  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды.
Top