Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02314 Шетел филологиясы (түрік тілі) в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, филология ғылымының жаңа перспективалық бағыттарына арналған ғылыми ақпаратты жинауға, өңдеуге, талдауға, қорытындылауға, дербес жүйелі және креативті әдістерді таңдауға, қолдануға қабілетті, сондай-ақ сыни тұрғыдан ойлай алатын маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M059 Шетел филологиясы
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Көне түрік тіліндегі етістіктердің сөзжасамы
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Түркі халықтары эпостарының зерттелуі
Академиялық ғылыми жазба
Көне түрік тілінің синтаксисі
Көне түрік тіліндегі есім сөздердің сөзжасамы
Көне түрік тілінің фонетикалық ерекшеліктері
Классикалық түрік әдебиетіндегі поэзиялық шығармалардың зерттелуі І
Шет тілі (кәсіби)
Жоғары мектептің педагогикасы
Басқару психологиясы
Мешрутиет дәуірінен кейінгі әдебиет
Ғылым тарихы мен философиясы
Классикалық түрік әдебиетіндегі поэзиялық шығармалардың зерттелуі ІI
Шетел филологиясы ілімінің заманауи әдіснамасы
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарында және білім беретін қызметтерде кәсіби біліктері мен дағдыларын іске асыруға қабілетті (ОН8) ;
- Филология саласына байланысты өзекті мәселелерді зерттеу, қарастыру барысында теориялық және практикалық білімдерін қолдануға қабілетті. Қазіргі заманғы лингвистика мен халықаралық терминология саласындағы жетістіктерді зерттеушілік қызметінде жүзеге асыра алады.
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Кәсіби тәжірибеде шет тілінің негізгі принциптерін, бағыттарын, идеялары мен заманауи әдістерін қолдануға қабілетті.
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін педагогикалық қызметінде және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүргізілетін жобаларда қолданады. Ғылыми басылымдарда мақала жариялау және ғылыми деректер базаларын қолдану барысында академиялық адалдық талаптары мен қағидаларын ұстана отырып, кәсіби міндеттер мен мәселелерді құзіреттілігі шеңберінде шешуге қабілетті.
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Көркем шығармаларға тақырыптық мазмұны, жанрлық, сюжеттік және композициялық ерекшеліктері, стилі және поэтикасы тұрғысынан жан-жақты талдау жүргізеді; көркем шығарма тілін талдау барысында синтетикалық әдіс, құрылымдық және статистикалық әдіс түрлерін қолданады.