Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07501 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) в Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Магистрант "Басқару психологиясы" пәнін оқып зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс әрекеттерді анықтайды. Еңбек ұжымын басқару мәселелерін шешуге, басқару процестерін кеңінен қолдануға, заманауи психологиялық әдіснаманың теориялық білімі мен практикалық дағдыларды қалыптастырады. Магистрант өндіріс орындарындағы, фирмалардағы ісәрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын арнайы зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Магистрант шет тілі пәнінен алған білімін қолана отырып түпнұсқада берілген ғылыми-техникалық, кәсіби мәтінді дұрыс оқу дағдысын қалыптастырады, мәтінге талдау жасау ептілігін толыққанды түсініп, ақпаратты бір жүйеге келтіруді, сонымен қатар мамандығына сай келетін әдебиетті екі жақты дұрыс аудара білуі, мәтінге аңдатпа мен оның қысқаша мазмұнын жаза алу қабілетін, тілдік сөйлеу қабілетін дамытуды қалыптастарады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясының пәні жаңа білім алу ғана емес, сонымен қатар әлемдік ғылымда қоршаған әлем туралы қалыптасқан идеялар мен ойлаудың ғылыми, ұтымды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Магистрант ғылым мен философия ғылымы тарихының даму динамикасын, ғылымның әлеуметтік-мәдени көрінісіндегі өзін-өзі тануды анықтауды, қоғамның рухани дамуы контекстінде ғылыми білімді дамытудағы құндылық бағдарларын анықтауды көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Магистранттардың педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруда, жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдістің әдіснамалық негіздері, нақты айтқанда қазіргі білім беру парадигмалары туралы білімдерін меңгеруде әр түрлі білім беру жүйесінің әдіснамалық негізі болып табылатын көзқарас мәні мен оны жүзеге асыру ерекшеліктері қарастырылған. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысын қамтитын жоғары оқу орнындағы оқытушылық қызметке магистранттарды даярлауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағдарлы оқытудағы жаңа тәсілдер

    Осы пәнді оқу барысында магистрант жоғары мектепте білім беру кеңістігінің жүйелік сапасы ретінде оқыту технологиясының мәнін талдайды, цифрландырудың әртүрлі әдіснамалық және аксиологиялық негіздерін, білім берудің ашықтығы мен сапасын ескере отырып, педагогикалық технологияларды қолданудың инновациялық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Проблемалық оқыту әдісі

    Бұл пән проблемалық оқыту негізінде сабақты оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге, ресімдеуге және зерттеу нәтижелерін талдауға бағытталған, ғылыми таным нəтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нəтижелерге жету жолының өзін де, үдерісінде меңгеру, магистранттың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды түсіндіреді және түсініктеме береді, проблемалық оқыту мамандық бойынша қорытынды жасауға, өзгеше пікір айта білуге үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) дамуының заманауи аспектілері

    Осы пәнді зерделеу барысында стандарттау мен сертификаттауды дамытудың негізгі бағыттары мен қағидаттарын талдауға оқыту көзделеді, магистрант кешенді ғылыми зерттеулерді өз бетінше жоспарлайды, жаңа және бейтаныс контекстердегі стандарттау және сертификаттау мәселелерін алу, зерттеу, талдау әдістерімен шешу, кәсіпорындарда нормативтік құжаттардың жаңа жүйесін құру үшін стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдану жұмыстарын дербес жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Кәсіби бағдарлы оқытудағы жаңа тәсілдер

    Осы пәнді оқу барысында магистрант жоғары мектепте білім беру кеңістігінің жүйелік сапасы ретінде оқыту технологиясының мәнін талдайды, цифрландырудың әртүрлі әдіснамалық және аксиологиялық негіздерін, білім берудің ашықтығы мен сапасын ескере отырып, педагогикалық технологияларды қолданудың инновациялық аспектілерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Техникалық нысандарды жүйелік талдау және диагностика жасау

    Бұл пәнде магистрант техникалық объектілердің өмірлік циклін талдау және диагностикалау мәселелерін өзектендіруді зерттейді, объектінің техникалық жағдайын анықтау кезіңде қолданылатын әдістері мен құралдарын шебер қолданады, техникалық диагностиканың негізгі қауіпсіздік, функционалдық, сенімділік және жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді, объектінің техникалық жағдайын бағалайды, объектінің қалдық ресурстарын болжайды, нысанның техникалық жағдайын бақылайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұйымның сапа саласындағы критерийлерге сәйкестігін өзін -өзі бағалау

    Бұл пәнде сапаны басқарудағы ұйымның өзін-өзі бағалауының рөлін зерттеуге, оларды одан әрі енгізу және жетілдіру арқылы сапа менеджменті жүйесін талдау қарастырылған, осыған орай магистрант қызметкерлерді ынталандыру әдістерін және процесін анықтау, сапа саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, тұрақты жақсартуларды жүзеге асыру, ұйымдастырушылық шеберлік деңгейінде өзін-өзі бағалау критерийлеріндегі қызметті жақсарту жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру және жоспарлау

    Бұл пәнде магистрант инновациялық қызметті ұйымдастыруды, басқаруды және жоспарлауды арнайы механизм мен әдістерді шебер басқару, қолдану арқылы кәсіби түрде ие болады, себебі инновациялық өнімді жасау жоғары тәуекелділікпен ерекшеленеді, инновациялық қызмет инновациялық кәсіпкерлікпен тығыз байланысты болғандықтан магистрант инновациялық кәсіпкерліктің көмегімен жүзеге асырылады, инновациялық қызметтерді реттеу арқылы адам өмірін тек экологиялық таза өніммен қамсыздандыруға жұмыс жасайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлшеу мен бақылаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдары

    Бұл пән магистранттарды өлшеу және бақылау әдістері мен құралдарын меңгеруге, өлшеу әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, қызмет объектілерінің жай-күйі мен динамикасын талдау қабілетін қалыптастырады, магистрант өлшейтін объектілерге талдау жасай отырып, өлшеудің нәтижелерін заманға сай нақты игеріп, математикалық әдістерді пайдаланып, өңдеу жұмыстарымен тиімді жұмыс жасайды, магистрант кең ауқымды шамаларды өлшейтін құралдармен жұмыс жасап зерттеулер жүргізеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми қызметті ұйымдастыру және үйлестіру

    Бұл пәнде ғылыми танымның негізгі әдістері мен ғылыми зерттеу қызметінің кезеңдері туралы түсінік береді, магистрант ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындалады, ақпарат көздерін өңдеудің нақты әдістерін енгізеді, зерттеу қызметінде әдістерді практикалық қолдану мүмкіндігін, соның ішінде магистрлік диссертациялар жазу үшін қамтамасыз етеді, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамытады, магистранттар ғылыми білім алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұйымдардың өзін-өзі бағалауы және сапа аудиті

    Бұл пәнде ұйымда СМЖ құрудың кешенді тәсілін, оны құру және жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ Ұйымның өзін-өзі бағалау әдістері туралы білімді жетілдіру қарастырылған, магистрант кәсіпорындардағы сапа менеджменті жүйесіне аудит жүргізу және өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін, кәсіпорындағы өндіріліп жатқан өнімдер мен процестердің сапа жүйесі бірінші орынға шығуын, олардың ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуін, отандық кәсіпорындарда ISO стандартына сәйкес сапа аудитін жүргізу ерекшеліктерін анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы комплаенс қызметтердің қолдануы

    Осы пән шеңберінде оқытылады: ҚР және шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты саласындағы отандық және шетелдік заңнаманың дамуының негізгі теориялары мен үрдістері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұғымы мен қағидаттарын айқындау мәселелері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджментті дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздері. ҚР - дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу мәселелері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шарасы ретінде қолданыстағы заңнама қызметінің комплаенс мониторингі. Құқықтық актілер мен олардың жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптау мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи инжинирлік әдістер

    Осы пәнді зерделеу барысында инжиниринг әдістерін дамытудың әлемдік және отандық тәжірибесін талдау қаралады, кешенді инжинирингке жеке міндеттерді оңтайлы шешу үшін ақпарат жинақталады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін пайдалану қойылған мақсаттарға сәйкес техникалық жүйелердің (объектілердің) технологиялық, ұйымдастырушылық және қаржы-экономикалық модельдерін әзірлеу, өзгерту (жақсарту мақсатында) және іске асыруды бақылау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Авторлық және патенттік құқық негіздері

    Бұл пән нормативтік құқықтық актілер шеңберінде Авторлық және патенттік құқықтық негіздерін талдау мәселелерін зерттейді, магистрант әртүрлі мемлекеттердің патенттік ведомствоваларын, патенттік кітапханасын, ғылыми техникалық шешімдер туралы ақпараттың ең толық және жүйеленген жиынтығын, техникалық сипаттағы мәліметтермен қатар, патенттік құжаттама патент иеленушінің құқықтарын, шетелдік патенттеу бағыттары мен көлемін, құқықтардың әрекет ету мерзімін жобалайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Еуразиялық интеграция жағдайындағы техникалық реттеу

    Бұл пәнде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінің айналымындағы өнімнің қауіпсіздігін техникалық регламенттерді қолдану арқылы қамтамасыз ету жолдарын үйрету қарастырылған, осыған орай магистрант Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіндегі құжаттармен жұмыс істеу үшін, Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және жою жұмыстарын талқылау үшін деректер базасын пайдаланып өз білімін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Техникалық реттеудің өзекті мәселелері

    Бұл пәнде техникалық реттеудің жалпы қағидаттарын, өнім сапасы мен процестерді басқару үшін қажетті техникалық реттеу саласындағы міндеттерді шешуге дайындық мәселелерін зерделеу қарастырылған, магистрант техниканы реттеу саласындағы құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау қажеттілігіне қатысты негізгі мәселелерін, техникалық реттеу туралы Заңның Қазақстандық шағын және орта бизнестің және тұтынушылардың жағдайын көтеріп түсіндіре алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Технологиялық процестерді модельдеу және тиімділеу

    Осы пәнді зерделеу барысында өндірістік процестерді модельдеу, оңтайландыру және басқару мүмкіндіктерімен жұмыс істеуге оқыту көзделеді, осыған орай магистрант өнімді өндіру процесіндегі өндіріс технологиясын модельдеуді, өнімді өндіру өндірісіндегі математикалық модельдеуді, технологиялық процестерді модельдеу және оңтайландыруды, құрал-жабдықтар мен дайындаманың өзара әрекеттесуін модельдеуді, өңдеу кезіндегі динамикалық процестерді модельдеуді дербес жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетелдердің аккредиттеу жүйесі

    Осы пәнді зерделеу кезінде өнімдер мен қызметтердің сапасын бақылау бойынша шетелдік аккредиттеу жүйесі зерттеледі, халықаралық ұйымдардың құжаттары зерттеледі: ILAC (зертханаларды аккредиттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық), IAF (халықаралық аккредиттеу форумы), APAC (Азия-Тынық мұхиты аккредиттеу ынтымақтастығы), Ihaf (халалды аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум) ақпарат алмасу және озық Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесіне тәжірибесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өндіріс процестерін автоматтандыру мен механикаландыру

    Пәнде технологиялық процестерді механикаландыру мен автоматтандырудың негізгі бағыттарын, жолдарын, қоймалау мен тасымалдаудың, жүктеудің, бақылаудың қосалқы операцияларын, кешенді механикаландыру мен автоматтандырудың ерекшеліктерін оқып үйрету қарастырылған, осыған орай магистрант өндірісті механикаландыру мен автоматтандыруды, өндірісті автоматтандыру деңгейлері мен сатыларын, механикаландыру мен автоматтандырудың экономикалық және әлеуметтік маңызын жобалай алады, кәсіпорынды механикаландыру және автоматтандыру деңгейін есептейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бақылау және басқару процестерін автоматтандыру

    Бұл пәнде IT көмегімен көп деңгейлі тармақталған автоматтандыру жүйелерін бағдарламалау және баптау бойынша жұмыстарды зерттеуді үйрету қарастырылған, осыған орай магистрант дамудың қазіргі деңгейінде процестерді автоматтандыру, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде процестерді басқарудың тәсілдерін, автоматтандыруда процестің орындалу сапасын, әдістерін арттыру жолын, процестерді автоматтандырудың негізгі принциптерін кәсіби түрде қолдана алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Патенттік зерттеулер жүргізу

    Бұл пәнде магистрант патенттік зерттеулер жүргізуге, кез келген компанияға жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеуге, коммерциялық ілгерілетуге, әзірлемелердің қайталануын болдырмау есебінен жаңа өнімді құруға арналған шығындарды қысқартуға, техника деңгейіне іздеу жүргізу барысында анықталған шешімдерді талдау арқылы алдыңғы әзірлемелерді есепке алу ең озық техникалық шешімдер туралы ақпаратты қабылдауға дағдысы бар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі заманғы аккредиттеу жүйесінің моделі

    Осы пәнді зерделеу барысында аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы мәселелер, аккредиттеу жүйесінің қазіргі заманғы модельдері қаралды, аккредиттеуге үміткерлердің белгіленген өлшемдерге, көрсеткіштерге, талаптар мен стандарттарға сәйкестігі талданады. Бұл пән аккредиттеу жөніндегі құжаттармен жұмыс процесін және салалар бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет және көрсетілетін қызметтер субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қарайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Философияның қазіргі ғылыми жетістіктері мен даму тенденцияларын талдау және бағалау әдістерінде құзыретті. Академиялық және кәсіби өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін коммуникативтік технологияларды, оның ішінде шет тілінде меңгерген, ғылыми және ресми-іскерлік сөйлеу мәнерлерінің жазбаша мәтіндерін жасайды.
  • Педагогика ғылымының мәселелерін, Педагогикалық қызметтің мәнін, оқу –тәрбие процесін құруды талдай алады. Өз қызметінің басымдықтарын анықтау мен іске асыруда және өзін-өзі бағалау негізінде оны жетілдіру тәсілдерінде Құзыретті, педагогикалық қызмет пен басқарудың психологиялық негіздері мен заңдылықтарын меңгерген.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін және ғылыми-педагогикалық қызметке инновацияларды енгізе отырып, оқытудың жаңа әдістерін қолдануға, ғылыми және зерттеу қызметінің басымдықтарын айқындауға, авторлық және патенттік ізденістің құқықтық мәселелерін талдауға қабілетті.
  • Стандарттау мен сертификаттауды дамытудың негізгі бағыттары мен принциптерін талдауға, техникалық объектілердің өмірлік циклін талдау мен диагностикалау мәселелерін өзектендіруге, аккредиттеудің заманауи модельдерін жинақтауға және қолдануға қабілетті.
  • Сапаны басқарудағы Ұйымның өзін-өзі бағалау механизмін зерттеуге, оларды одан әрі жетілдірумен және енгізумен сапа менеджменті жүйесін жасауға, жаңа ортадағы мәселелерді шешу үшін техникалық реттеу процедураларын талдауға және қорытындылауға қабілетті.
  • Бағдарламалау мәселелерін бақылау және басқару процестерін зерттеуге және көп деңгейлі кең автоматтандыру жүйелерін орнатуға, кәсіпорынның тиімділігін арттыру үшін инженерлік-кеңес беру қызметтерін жүргізуге қабілетті.
Top