Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01102 Ересектердің, балалардың акушерия және гинекологиясы в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби мамандық топ құрамында жұмыс істеуге қабілетті;
  • Науқас үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында науқаспен, оның айналасындағылармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті;
  • Клиникалық диагнозды қалыптастыруға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті;
  • Адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті;
  • Кәсіби команданың басқа да мүшелерін өз бетінше оқуға және оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті;
  • Қауіп-қатерлерді бағалауға және жоғары қауіпсіздік деңгейін және медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті;
Top