Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03102 Аймақтану в «Тұран» университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Мемлекеттік басқару органдарында, ғылыми мекемелерде, регионализм, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік проблемаларымен айналысатын халықаралық ұйымдарда кәсіби қызметте теориялық білімдерін қолдану, сондай-ақ дамып келе жатқан халықаралық қоғамдастықтағы құқықтық нормалар мен мақалаларды түсіндіру;
  • Аймақтанушы маман ретінде қажетті кәсіби қызмет саласында мемлекеттік және шет тілдерін еркін меңгеру;
  • Аймақтық даму динамикасын тарихтың негізгі кезеңдерімен салыстыру, сондай-ақ аймақтық процестерді мәдени, салыстырмалы және тарихнамалық талдау әдістерін қолдана алу;
  • Ақпарат көздеріне мониторинг жүргізу және сыни бағалау, бастапқы деректерді жіктеу және талдау, қолда бар дерекқорларды, цифрлық технологияларды құру және пайдалану дағдыларына ие;
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, халықаралық және өңірлік ұйымдарда кәсіби қызмет кезінде іс жүргізу, ақпараттық құжаттарды дайындау дағдыларын меңгеру; келіссөздер теориясын практикалық қолдану үшін дипломатиялық қызмет негіздерін, іскерлік қарым-қатынас өнерін меңгеру;
  • Жаһандану, геосаяси, интеграциялық проблемаларды шешудегі саяси процестерді модельдеу және болжау дағдылары мен қабілеттеріне ие;
  • Халықаралық қатынастардың тарихы мен мәселелерін, аймақтануды, әлемдік саяси, интеграциялық және миграция процестерін, аймақтық ынтымақтастықты дамытудағы халықаралық ұйымдардың рөлі мен орнын талдау және жүйелеу;
  • Халықаралық қатынастарда экономикалық факторларды, әлемдік рынок пен аймақтық бизнес процестерін талдай алады, кәсіпкерлік қызметте заманауи басқару тетіктерін шебер пайдаланады;
  • Жазбаша және ауызша сөйлеудің ғылыми стилін меңгергендігін көрсете отырып, кәсіби өзара әрекеттестік мәселелерін шешу үшін көптілді және көпмәдениетті қарым-қатынас жасай алады, өз ұстанымын дәлелдейді;
  • Аймақтық оқиғаларға қатысты әртүрлі ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамаларға авторлық ұстанымды тұжырымдау және негізді баға беру, аймақтану және жаһандану тақырыптарында ғылыми мақалалар, баяндамалар дайындау дағдыларын меңгеру;
  • Ғылыми мәселелерді анықтау және тұжырымдау, гипотезалар жасау, аймақтану және халықаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлауды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сыртқы саясатына, сондай-ақ оның аймақтық шиеленістерді шешудегі рөліне талдау жасау;
  • Аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының міндеттерін, қоршаған ортаны жақсартуды шешуге қабілетті.
Top