Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04111 Аналитикалық экономика в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіптік қызмет үшін теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, экономикалық процестерді талдауда, әртүрлі деңгейдегі зерттеулерді ұйымдастыруда және жүргізуде, соның ішінде ауылшаруашылығы, агробизнес және экономика тұтастай алғанда салаларында құзыретті экономист-талдаушыларды дайындау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік және қазақстандық экономикалық ғылымның тұжырымдамаларын талдау, шетел ақпарат көздерін талдау үшін шет тілін білуді қолдану
  • Заманауи технологияларды меңгеру және экономикалық саладағы аналитикалық қызмет үшін қажетті коммуникациялық дағдыларға ие болу
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық қатынастарын, олардың сыртқы нарықтардағы қызметін, бизнесті жүргізудің технологиялық аспектілерін талдау дағдыларын меңгеру
  • Басқару жүйелерін, сонымен қатар ұйымның және оның функционалдық бөлімшелерінің жұмысына әсер ететін факторларды, басқарудың психологиялық аспектілерін талдау қабілетін көрсету
  • Ақпаратты талдау және жалпы экономиканың әртүрлі деңгейлеріндегі, әсіресе AӨК кәсіпорындардағы проблемаларды анықтау үшін ғылыми зерттеу әдістерін таңдау, экономикалық заңдылықтардың әрекетін ескере отырып, оларды шешу жолдарын ұсыну
  • Макроэкономикалық параметрлерді модельдеу, экономикадағы тәуекелдер мен белгісіздіктерді ескере отырып, экономикалық жоспарлауды және болжауды жүзеге асыру
  • Бизнесті дамыту үшін трендтер мен мүмкіндіктерді бағалауда, сондай-ақ экономикалық модельдеуде және нарық жағдайындағыбизнестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету стратегияларын әзірлеуде білікті болу.
Top