Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07113 Авиациядағы көлік процестерінің технологиясы в ААА

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға: тасымалдау құжаттарын ресімдеу, жүктерді тапсыру және алу, әкелу және әкету жөніндегі; тиеу-түсіру және қойма операцияларын орындау жөніндегі; көлік құралын дайындау жөніндегі ; жүктерді сақтандыру, жүктер мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу жөніндегі; әуе көлігінде ақпараттық және қаржылық қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынады.
  • Қазіргі заманғы тауар қозғалысының логистикалық жүйесінде көлік кешенінің жұмысын және оның тауар нарығы мен көлік қызметтері нарығының логистикалық инфрақұрылымымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
  • Өз учаскесінде технологиялық және басқару шешімдерін әзірлейді және негіздейді, әуе көлігінде жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша практикалық ұсынымдармен жұмыс істейді.
  • Әуе көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру бойынша технологиялық операцияларды орындау кезінде алған теориялық және практикалық дағдыларды қолданады;
  • Жолаушыларға қызмет көрсетудің белгіленген тәртібінің бұзылуына, әуе көлігімен тасымалдау кезінде багаждың жоғалуына, ұрлануына және бүлінуіне тергеу жүргізеді.
  • Ұлттық тарих пен мәдениетті терең жүйелі білуге, әлеуметтік-саяси құбылыстарды түсінуге, әлемнің ғылыми бейнесін тану тәжірибесіне негізделген рухани-адамгершілік және азаматтық ұстанымға ие;
  • Экономикалық тиімділік және экологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін ескере отырып, көлік міндеттерін шешудің басымдықтарын анықтайды.
  • Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау туралы нормативтік актілердің талаптарын орындайды, жүктермен жұмысты қауіпсіз орындау және оны қоймаларда сақтау нормаларын, әдістері мен тәсілдерін сақтайды.
  • Мемлекеттік тілді меңгерудің коммуникативтік дағдыларын және ұлтаралық/халықаралық қарым-қатынас тілдерінің бірін (орыс, ағылшын) көрсетеді, ойлар мен идеяларды ауызша және жазбаша түрде еркін баяндайды.
  • Тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды әзірлеу үшін метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін пайдаланады
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды көлік кешеніндегі басқару процестерін оңтайландыру құралы ретінде пайдаланады.
  • Тасымалдауды ұйымдастыру мен технологиясына, тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сүйене отырып, жолаушылар мен жүк тасымалы сапасының көрсеткіштерін есептейді және талдайды.
  • Осы салада ғылыми зерттеулер жүргізудің заманауи әдіснамалық және теориялық тәсілдерін жүзеге асырады және қолданады
Top