Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04102 Мемлекеттік және жергілікті басқару в «Тұран» университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты болып мемлекеттік және жергілікті басқару мен мемлекеттік қызмет аясындағы экономикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік, жобалық қызметті жүзеге асыру үшін орталық және жергілікті билік органдарының экономисттері мен жоғары білікті мамандарын, мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, өндірістік компаниялардың, холдингтердің, қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындардың менеджерлерін дайындау табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Стратегиялық жоспарлау және макроэкономикалық процестерді болжау, бюджеттеу, стратегиялық индикаторларды талдау, мемлекеттік жоспарларды іске асырудың тиімділігін бағалау, экономиканың барлық деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық жоспарлау құралдарын қолдануға қабілетті.
  • Цифрландыру жағдайында ақпаратты басқару дағдыларын меңгеруге және кәсіби қызметте кәсіби міндеттерді шешуде тиісті инновациялық технологияларды, құралдарды, базалық әдістерді, теорияларды қолдануға қабілетті.
  • Нарық пен бизнес-үдерістерді талдауға, кәсіпкерлік қызметте, оның ішінде мемлекеттік кәсіпкерлікте мақсаттарға жету үшін басқарудың басқарудың заманауи әдістерін қолдануға қабілетті.
  • Мемлекеттік қауіпсіздікті бағалауға, дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын әзірлеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл технологияларын қолдануға қабілетті.
  • Қоғамның стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерін шешу үшін басшылықпен және командада жобалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті.
  • Мемлекеттің экономикалық, сыртқы экономикалық, инвестициялық және инновациялық қызмет, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі саласындағы мемлекеттік саясатын қабілетті.
  • Мемлекеттік қызметте белгіленген жалпы мемлекеттік нормативтік-әдістемелік талаптарға сәйкес, оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласында, тендерлік өтінімдерді толтыру, кадрлық әкімшілендіру бойынша құжаттарды ресімдеу бойынша құжат айналымын жүргізуге қабілетті.
  • Тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін көптілді және көпмәдениетті коммуникацияларды орнатуға, жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін меңгеруге, өз ұстанымын негіздеуге қабілетті.
  • Мемлекеттік басқару теориясын, мемлекеттік және халықаралық стандарттарды, мемлекеттік басқару саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын білу, сондай-ақ мемлекеттік стратегиялық құжаттар мен бағдарламалардың іске асырылуын талдау және қадағалау қабілеті.
  • Командада жұмыс істей алуға, салааралық коммуникацияларға, көшбасшылық қасиеттерге және жақсы тіл табысу дағдыларына қабілетті.
  • Жаңа жағдайларға бейімделуге, белгісіздік және тәуекелдер жағдайында сыни талдау негізінде кәсіби жағдайларда дербес басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Қызметкерлерді ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге, тұлғалық және кәсіби дамуын ұйымдастыруға, ынталандыруға, белсендіруге қабілетті.
  • Аймақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін, қоршаған ортаны жақсартудың және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының міндеттерін шешуге қабілетті.
Top