Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07119 Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы в ЛжКА

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамындағы электротехника мен заманауи электроника құралдарын білуінің негізінде практикалық міндеттерді талдау.
  • Көлік техникасы объектілерінің өзара әрекеттесу үрдістеріндегі жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдары мен іргелі заңдарын сипаттау.
  • Кәсіби қызмет кезінде автокөлік саласындағы IT-технологияның озық жетістіктерін таңдау.
  • Заманауи автоматтандыру және механикаландыру құралдарын қолдана отырып, автомобильдер мен жабдықтардың бөлшектерін, тораптарын диагностикалауды, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді ұйымдастыру нысандары мен технологияларын жасақтау.
  • Арнайы пәндерді оқу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби лексика мен базалық грамматиканы пайдалану мәселелерін қолдану және шешу.
  • Көлік кәсіпорындарындағы зиянды және қауіпті факторларды талдау барысында өміртіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және еңбекті қорғау бойынша заманауи тәсілдер мен білімді пайдалану.
  • Қоғамда болып жатқан әлеуметтік және рухани үрдістер, мамандық бойынша жұмыс кезінде тұлғааралық және құқықтық мәселелер бағытында білім қалыптастыру.
  • Автомобиль көлігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама негізінде заманауи диагностика құралдарын қолдана отырып, автомобиль көлігі жылжымалы құрамының бөлшектері мен агрегаттарының сенімділік көрсеткіштерін бағалау.
  • Автомобиль жүйелерінің жіктелуін, өзара орналасуын, техникалық сипаттамаларын негіздеу, автомобильдер конструкциясының негізгі есептеулері бойынша және автомобильдер мен технологиялық жабдықтардың құрылысын жобалау бойынша техникалық міндеттерді шешу.
  • Көлік саласындағы нарықтық экономиканы талдау негізінде ұйымдастырушылық-экономикалық және басқарушылық шешімдерді салыстыру.
  • Машиналарды жобалау теориялары мен принциптері негізінде беріктік пен тұрақтылықты есептеу мәселелерін шешу.
  • Әр түрлі жол жағдайларында автомобиль көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында автомобиль көлігі кәсіпорындарының техникалық деректерін, пайдалану шарттарын, әртүрлі материалдарды қолдану қағидаларын және жұмыс көрсеткіштерін салыстыру.
Top