Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07116 Вагондар в ЛжКА
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Вагондарды жобалау, жасау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің озық технологиялары негізінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Логистика және көлік академиясы
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 241
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B065 Көлік техникасы мен технологиялары
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Жылу техникасы
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Теориялық механика
Көлік машиналарын жасаудағы құрылымдық материалдар
Ғылыми зерттеу әдістері
Сұйықтық пен газ механикасы, гидро- және пневможетек
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Электротехника және электроника негіздері
Машиналар мен механизмдердің беріктігін есептеу негіздері
Қолданбалы механика
Көлік техникасы және механикаландыру құралдары
Жылжымалы құрам және теміржол инфрақұрылымы
-
3 Оқу жылы
Вагондар құрылысы
Жылжымалы құрамды бұзбай бақылау әдістері
Автоматты басқару теориясы
Тайм-менеджмент (Минор)
Машина бөлшектері және құрастыру негіздері
Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
Басқару экономикасы (Минор)
Жылжымалы құрамды жобалау негіздері (Минор)
Вагондар автотежегіштері және поездар қозғалысының қауіпсіздігі
Дәнекерлеу-балқыту жұмыстарының жабдықтары мен технологиясы
Көлік логистикасы (Минор)
Вагондар динамикасы
Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Инклюзивті көлік инфрақұрылымы
Көліктегі IT-технологиялар
Теміржол телімінің пайдалану жұмысын ұйымдастыру
-
4 Оқу жылы
Еңбекті қорғау
Power BI бизнес талдауы (Минор)
Вагондардың жөндеу технологиясы
Көліктегі ресурстарды сақтау (Минор)
Жолаушылар вагондарының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері
Жылжымалы құрамның сенімділік негіздері
Технологиялық үдерістерді автоматтандыру
Вагондарды пайдалану процестерін басқару
Вагондарды автоматты жобалау принциптері
Вагондарды жөндеуді автоматтандыру және механикаландыру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ОН1 - Қазіргі қоғамдағы рухани процестердің әлеуметтік-этикалық нормалары мен рөлін, кәсіби қызметті жүзеге асырудағы тараптардың тұлғааралық және құқықтық мүдделерін байланыстыру.
- ОН12 - Теміржол көлігі инфрақұрылымының объектілерімен өзара әрекеттесу кезінде оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін жылжымалы құрамды пайдалану көрсеткіштерін талдау.
- ОН5 - Вагон шаруашылығы кәсіпорындарында зиянды және қауіпті факторларды талдау негізінде тіршілік қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу.
- ОН11 - Механикаландыру, диагностика және автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, вагондардың бөлшектері мен тораптарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және диагностикалаудың технологиялық процесін жасау.
- ОН6 - Сұраныс пен ұсынысты талдау, көлік-логистикалық нарық конъюнктурасының динамикасы негізінде ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы басқарушылық шешімдер қабылдау.
- ОН9 - Нормативтік-техникалық құжаттар мен техникалық стандарттар негізінде диагностиканың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып, жылжымалы құрамның бөлшектері мен тораптарының сенімділік көрсеткіштерін болжау.
- ОН2 - Жаратылыстану-ғылыми пәндер білімінің негізінде көлік техникасы нысандарының процестері мен модельдерін түсіндіру.
- ОН8 - Перспективалы технологияларды талдау негізінде жылжымалы құрамда электр жабдықтары мен электрониканың тәжірибелік қолданылуын анықтау.
- ОН4 - Көлік саласы қызметінің барлық салаларында есептеу техникасының, бағдарламалық қамтамасыз етудің және IT - технологияның қазіргі заманғы құралдарының жетістіктерін интеграциялау.
- ОН3 - Мемлекеттік және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде кәсіби лексика мен базалық грамматиканы қолдана отырып, зерттелетін саладағы аргументтерді тұжырымдау және мәселелерді шешу.
- ОН10 - Жылжымалы құрам элементтерінің құрылымын, техникалық сипаттамалары мен пайдалану көрсеткіштерін оңтайландыру мақсатында олардың техникалық жай-күйі мен параметрлерін бағалау.
- ОН7 - Инженерлік пәндердің принциптері мен әдістерінің теоремалары негізінде беріктіктің, сенімділіктің және тұрақтылықтың техникалық мәселелерін шешу.