8D10111 Қоғамдық денсаулық сақтау в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық бәсекелестік талаптарға сәйкес келетін білім беру процесін үйлестіруге бағытталған ғылыми-зерттеу және кәсіптік қызметті ұйымдастыру және жүргізу дағдылары бар заманауи медицина саласындағы кәсіби құзіреттілігі бар денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D139 Қоғамдық денсаулық сақтау
-
Білім беру саласы 8D10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 8D101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Зерттеу этикасы
Пән ғылыми зерттеулерді жүргізудегі этика мен адалдық үлесін мойындауды, қарым-қатынас жасауды түсіндіреді. Курс барысында денсаулық жағдайы үшін тәуекелдері бар халық топтарын, олардың денсаулық сақтау мұқтаждары мен қажеттіліктерін анықтап, материалдық және денсаулық жағдайын өзара байланыстырып, болжам әзірлеуді үйренеді. Оқу процесінде кәсіби қызмет шеңберінде алынған деректерді қорғауға қатысты этикалық қағидаттарды ұстанып, оны іске асыруда қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жобалық менеджмент
Пән жобаларды басқару әдістемесін әзірлеуді, жобалық басқаруды, жаңа ақпараттық технология жобаларын енгізуді үйретеді. Курс барысында стратегиялар мен саясатқа қатысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдау жүргізу арқылы денсаулықты нығайту және емдеу бойынша жаңа қызметтерді, технологияларды енгізуге болжам жасауды үйренеді. Оқу процесінде ғылыми зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын, коммуникативті - интерактивті әдістерді белсенді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауызша коммуникация
Пән ауызша коммуникация дағдыларын қалыптастыра отырып, медициналық қызметтің маңызды аспектілерінің бірі ретінде стратегиялар мен саясатты эмоционалдық зияткерлік мазмұнды жеткізу процесінде нақты ақпарат алмасуға бағыттайды. Курс барысында білімгер денсаулықты нығайту үшін қоғамдастықты дамыту стратегиясын әзірлеуді, басқару ұйымдардың әртүрлі деңгейлеріндегі денсаулық проблемаларын анықтауды үйренеді. Оқу процесінде зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, ғылыми жұмыстарын сауатты әзірлеуде, қорғауда қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы дағдылар мен білімді қалыптастыру. Бұл білім алушыға өзінің диссертациялық жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Білім алушыға ғылыми әдісті ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданудың мәні мен ерекшеліктерін түсінуге, ғылымның қазіргі заманғы деңгейіндегі ғылыми мәселелерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
PhD зерттеуге кіріспе
Пән PhD дәрежесін алуға бағытталған ғылыми зерттеулермен танысуды, зерттеу жұмысында заманауи дағдыларын қолдану мәселелерін оқытады. Курс барысында әдеби деректер қорынан мәліметтерді іздеуді, жүйелі түрде қолдана отырып күшті және әлсіз мета-талдау жасауды, хаттамаларды әзірлеу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігін бағалауды үйренеді. Оқу процесінде қолданылатын зерттеу әдістерінің, дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
- Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті.
- Мета-анализді пайдалана отырып, эмпирикалық зерттеулердің нәтижелерін қорытындылайды және мета-анализдердің күшті және әлсіз жақтарын қарастырады.
- Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды.
- Денсаулық ұйымдарының қоғамдық бөлімшелеріне және әлеуметтік қызметтерге денсаулық сақтау саласындағы ашық стратегиялар мен саясатқа қатысты ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржылық талдау жүргізу арқылы денсаулықты нығайту және емдеу бойынша жаңа қызметтерді, технологияларды, іс-шараларды енгізудің әсерін модельдейді және болжау жасайды.
- Эпидемиология саласында дағдыларға ие болу үшін эпидемиологиялық және статистикалық дағдыларын қолданып, хаттамаларды әзірлеу арқылы денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігін бағалайды.
- Қоғамдық денсаулық сақтаудың нақты шараларының, стратегиялар мен саясаттың этикалық аспектілерін анықтап, кәсіби қызмет шеңберінде алынған кез келген деректерді қорғауға қатысты этикалық қағидаттарды ұстанып және оны іске асырады.
- Әлеуметтік және саяси ұйымдардың түрлі деңгейлерінде, жаһандықтан бастап жергілікті деңгейге дейінгі денсаулықты нығайту үшін маңызы бар халықтың денсаулығындағы проблемаларын анықтап, белгілі бір қоғамдастық үшін денсаулықты нығайту және қауымдастықтарды дамыту стратегиясын жобалап, басқарып және бағалайды.
- Эпидемиологиялық қадағалау жүйелерінен алынған деректер негізінде денсаулық жағдайы үшін тәуекелдері бар халықтың топтарын және олардың денсаулық сақтау мұқтаждары мен қажеттіліктерін анықтап, материалдық орта мен денсаулық арасындағы өзара байланыс болжамды әзірлейді.