Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07120 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау біліміне ие болуға; кәсіби орта мен социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін коммуникациялануға тиіс.
  • Теориялық және эксперименталды зерттеулерді жоспарлау және орындау, деректерді математикалық өңдеу әдістерін қолдана отырып алынған нәтижелерді түсіндіру және қорытынды жасау.
  • Органикалық қосылыстар өндірісінің заманауи жай-күйін бағалау, ғылым мен техниканың қазіргі жетістіктерінің негізінде қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіру жолдарын талдау және таңдау.
  • Материалдық және жылу баланстарын құру, технологиялық сұлбаның негізгі және қосалқы аппараттарын есептеу және жабдықтарды жобалау және жаңғырту кезінде оларды таңдау дағдыларын меңгеру.
  • Өнеркәсіптік кәсіпорынның неғұрлым тиімді қызметін экономикалық сауатты жоспарлай білу, инвестициялық жобалар бойынша ұтымды бизнес-жоспарлар құра білу.
  • Химиялық және физика- химиялық талдау әдістерін қолданып көмірсутекті шикізатты өңдеу шикізаты мен өнімдеріне сапалық және сандық талдау жүрізу.
  • Экономикалық және экологиялық факторларды ескере отырып, көмірсутек шикізатын өңдеу процестерінің заңдылықтары негізінде өндірістің ұтымды технологиялық сызбасын таңдау және негіздеу.
  • Қазіргі заманғы техникалық құралдарды, IT технологияларды, өнеркәсіптік химия кәсіпорындарында, күнделікті ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте қолданылатын арнайы бағдарламармен жұмыс істеу дағдыларын қолдану.
  • Табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары, қазақ мемлекеттілігінің негізгі даму кезеңдері туралы білімді меңгеру, рухани, эстетикалық және этикалық мәдениеттің элементтерін меңгеру.
  • Технологиялық регламентке, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларына сәйкес көмірсутек шикізатын өңдеудің технологиялық процесін басқару.
Top