Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01503 Биология в Mardan Saparbaev Instityty

  • Биологияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Пән тірі организмдердің өмірін, оның заңдылықтары мен көрініс беру формаларын, тіршілік етуі мен кеңістікте таралуын қарастырады. Ол тіршіліктің пайда болуы мен оның мәнін, дамуын, өзара байланыстарын және көптүрлілігін зерттейді. Курс студенттердің биологиялық білімдерін кеңейту мен тереңдетуге және жаратылыстану-ғылыми әлемін тануына бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік дағдылар
    Несиелер: 5

    Курс бизнесті жүргізу дағдыларын теориялық зерделеуге және практикалық қолдануға, студенттердің жалпы экономикалық және басқарушылық дайындығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ұйымдастырушылық аспектілері және оның экономиканы дамытудағы мақсаты туралы білімді қалыптастыруға, нарықтық қатынастарға сәтті қатысу мәселелері бойынша кәсіпкерлік қызмет тәсілдерін зерделеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің экологиялық дүниетанымын және тіршілік қауіпсіздігі бойынша зиянсыз, әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізгі білімдерін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы қауіпті және төтенше жағдайларда адамның қауіпсіз іс-әрекетін, азаматтық қорғаныстың мақсатын, құрылымын, міндеттерін білуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Курс адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын реттейтін этикалық және заңнамалық нормаларды зерделеуге, студенттердің қоғамдық және жеке құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ қоғамға қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесі мен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған. Құқықтық мәдениеттің құрылымы мен функцияларын, Қазіргі Қазақстандағы жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың ұйымдастырушылық негіздерін зерделейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Цитология және гистология
    Несиелер: 6

    Цитология және гистология пәні жасушаның, ұлпаның құрылысы мен онда жүретiн тiршiлiк процесстерiн түсіндіреді. Ұлпалар жұйесiмен танысады: ұлпалардың қалыпты және патологиялық жағдайлардағы қызметтерi туралы, ұлпалардың онто және филогенезде дамуы жайында білімдерін қалыптастырады. Микроскоппен жұмыс істеу ережелерін меңгереді. Қарапайым препараттарды жасау ережелеріне дағдылайды. Жасушаның электронограммасын және микрофотосын ажыратып талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биохимия
    Несиелер: 5

    Тірі организмдердің химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық процестерді түсіндіреді. Дәрумендер, гормондар, ферменттердің ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің құрылымы мен қасиеттерін анықтайды. Биохимия ғылымның теориялық білімін, негізгі заңдылықтарын қалыптастыруға дағдылайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
    Несиелер: 5

    Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысын, өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктерін есте сақтатады. Өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін түсіндіреді. Студенттерге өсімдіктер дүниесінің әр түрлі систематикалық топтардағы өсімдіктердің құрылысындағы және көбеюіндегі ерекшеліктермен таныстырады. Өсімдіктердің басқа да тірі организмдермен және тіршілік ортасы арасындағы байланыстары туралы білімдерін жүйелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық базалары мен әдіснамалық негіздерін түсіндіреді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі заманауи модельдер жөніндегі ұғымдар қалыптастырады және түзету-психологиялық іс-әрекетінің технологиясы мен теориялық білім негіздерін практикада қолдануды үйретеді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізеді. Психология-медико-педагогикалық консилиумның қызметін ұйымдастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ботаника
    Несиелер: 5

    Өсімдік ағзасының құрылыс ерекшеліктері туралы білімді меңгертеді. Өсімдік құрылысын зерттеу әдістерінің дағдыларын түсіндіреді. Өсімдік ағзасының құрылысын және өсімдік жасушаларының, мүшелерінің құрылысын талдайды. Өсімдік ағзасының біртұтас жүйе екендігі туралы білімдерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жалпы химия
    Несиелер: 5

    Элементтердің атомдық құрылысы мен қасиеттерін меңгертеді. Жай және күрделі заттардың молекулалық, кристалдық құрылымдарын, химияның стехиометриялық заңдары мен элементтердің периодтық жүйесін үйретеді. Заттардың сандық және сапалық қатынастарын, заттардың масса сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, эквивалент заңы, газдардың көлемдік қатынастар заңын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Педагог ғалымдардың ой-пікірлері мен ғылыми теориялық негіздерін тұжырымдайды. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Оқыту мен тәрбиенің қазіргі педагогикалық технологияларын кәсіби әрекетінде қолдануға қабілеттендіреді. Білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет түрлерін талдайды. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды әзірлейді. Қашықтықтан оқыту жүйесін құру қағидаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәңгілік Ел идеясы және рухани жаңғыру
    Несиелер: 3

    Пән қазақ халқының зияткерлік Күшін, қазақстандық мәдениеттің қуатын өзін - өзі ұйымдастыруға, ұлт пен елдің рухани, ғылыми-зияткерлік ғылыми-шығармашылық және көркемдік әлеуетін жаңартуға негізделген, Қазақстанның азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлігін, адамгершілік-рухани жаңғыруын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі рухани сабақтастық
    Несиелер: 3

    Пән Қазақстан халқының өркениеттік және дүниетанымдық тамырлары мен руханиятына деген қызығушылықты қалыптастыруға және жандандыруға, этностың мәдени тарихының құрамдас бөлігі ретінде, дүниетаным тарихы мен философияны білуге, халық ойшылдарының мұрасын зерттеуге, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныс пен дүниетанымдық түсінігі контекстінде дәстүрлі бастауларға жүгінуге, этностың өмірлік перспективаларын түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Балалар организмінің функцияларының жасқа байланысты қалыптасуы мен даму заңдылықтарын қарастырады. Болашақ педагогтарға балалар мен жасөспірімдер ағзасында жасқа байланысты болатын анатомия-физиологиялық ерекшеліктерді оқытады. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін кәсіби шешуге дағдыландырады. Жеке тұлғалардың психологиялық, физиологиялық даму заңдылықтарына, зиянды әсер ететін факторларды жою, еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөніндегі ұсыныстарды қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дәрілік өсімдіктер
    Несиелер: 5

    Дәрілік өсімдіктер пәні студенттерді құрамында биологиялық белсенді затттары бар көптеген өсімдіктер түрлерімен, оның күрделі құрылымдарымен, даму динамикасымен және тамыр жүйесінің табиғи флорадағы әртүрлі өсімдіктердегі тіршілік ортасына байланысты жағдайларымен танысып, есте сақтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 5

    Қазіргі менеджменттің мәнін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіреді. Менеджменттің жетекші заңдылықтары мен принциптерін басшылыққа алады. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттарын меңгереді. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын webex, zoom, skype платформаларын пайдалану арқылы кәсіби тұрғыдан (модерация, жобалау) үйретеді. Тұтас педагогикалық процестің диагностикасын жасайды. Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің орындалуын талдайды. Мектепті басқарудың инновациялық технологиялық моделін құрастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Омыртқасыздар зоологиясы
    Несиелер: 5

    Курсты меңгеру барысында жануарлардың ішкі және сыртқы құрылысын, таралуын және тіршілігін зерттеу, жануарлар әлемін қорғау дағдыларын қалыптастырады. Омыртқасыздардың систематикасын меңгертеді. Омыртқасыздардың әлемінің көптүрлілігінің себептерін және оның негізгі қалыптасу заңдылықтарын түсіндіреді. Типтердің көптүрлілігін және олардың құрылыстарын талдатады. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тәрбие процесінің ізгілік және гуманитарлық қағидаларын қарастырады. Қазіргі заманғы тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтарын анықтайды. Тәрбиелік жүйенің оңтайлылық, құрылымдылық, функционалдылық, интегративтілік бағыттарын меңгертеді. Педагогикалық қолдау тактикасын кәсіби қызметінде пайдалана алады. Мектеп пен сыныптың оқушы мен отбасының өзара әркеттестігін ұйымдастыруда алуан түрлі формаларды жоспарлауды үйретеді. Балалар ұжымын дамытуда тәрбие жұмыстарының стратегиясын талдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жануарлар систематикасы
    Несиелер: 5

    Жануарлар патшалығының негізгі класстарының систематикалық белгілерін түсіндіреді. Зоологиялық номенклатураның халықаралық кодексімен таныстырады. Қазақстан территориясын мекендейтін отряд өкілдерін талдатады. Түрлік алуантүрлілігінің қысқару себептерін қарастырады. Олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын түсіндіреді. Халықаралық ғылыми терминдерді меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Адам анатомиясы
    Несиелер: 5

    Адам анатомиясы адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы түсіндіреді. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формалары мен пропорцияларын, жекелеген мүшелерді және микроскопиялық құрылысымен таныстарады. Эволюция үдерісінде адамның дамуының негізгі кезеңдерін, жеке органдардың құрылымдық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайында адам ағзасының қалыптасуын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жануарлар систематикасы мен эволюциясы
    Несиелер: 5

    Жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстырады. Қазақстан территориясын мекендейтін отряд өкілдерін талдатады. Түрлік алуан түрлілігінің қысқару себептерін қарастырады. Олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын түсіндіреді. Халықаралық ғылыми терминдерді есте сақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өсімдіктер физиологиясы
    Несиелер: 5

    Өсімдіктің өмірлік процестерінің мәні, онтогенез үдерісіндегі метоболизм, судың және заттың алмасуын анықтайды, талдайды. Фотосинтездің, минералды қоректенудің, тыныс алудың, өсу мен дамудың заңдылықтарын меңгертеді. Физиологиялық құбылыстардың маңыздылығын, өсімдіктердің өнімділігін, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыруға, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларға төзімділігіне және оларды қорғауға бағытталған әдістердің теориялық негізі ретінде қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 5

    Өсімдіктер систематикасының негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстырады. Систематика көптүрлілікті реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуге, зерттеуге және пайдалануға мүмкіндік береді. Халықаралық ғылыми терминдерді есте сақтайды. Зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйретеді, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырады және жүргізу әдісін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Омыртқалы жануарлардың систематикасы
    Несиелер: 5

    Омыртқалы жануарлардың шығу тегін, дамуын қазіргі жағдайын жан-жақты зерттеп талдатады. Омыртқалылар зоологиясы жануарлар әлемінің көп түрлілігін, систематикадағы қазіргі орнын түсіндіреді. Адам өміріндегі және биосферадағы рөлін, жануарлар әлемінің эволюциясының кезеңдерін, зоологияның биологиялық ғылымдар жүйесіндегі орнын және оның комплексті ғылым ретінде білімін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы
    Несиелер: 5

    Орталық жүйке жүйесінің клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлімі екенін түсіндіреді. Жұлын мен бас мидың құрылысын өзара байланысын қызметiн, адам мен жануарлардың жүйке жүйесінің қалыптасуын талдатады. Халықаралық ғылыми терминдерді есте сақтатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Омыртқалылар зоологиясы
    Несиелер: 5

    Омыртқалылар зоологиясы жануарлар әлемінің көп түрлілігін, олардың шығу тегін систематикадағы қазіргі орнын есте сақтатады. Адам өміріндегі және биосферадағы рөлін, жануарлар әлемінің эволюциясының кезеңдерін, зоологияның биологиялық ғылымдар жүйесіндегі орнын және оның комплексті ғылым ретінде білімін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Адам биологиясы
    Несиелер: 5

    Адам денесінің құрылысы мен тарихи дамуын және қалыптасу заңдылықтарын оның қызметімен байлыныстырып оқытып меңгертеді. Адам организмінде жүретін физиологиялық және биохимиялық процестерді салыстырмалы түрде түсіндіреді. Ұлпалардың түрлері мен қызметі туралы білімдерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биологияны оқыту әдістемесі және критериалды бағалау
    Несиелер: 5

    Пән биологияны оқыту әдістемесінің негіздерін, «критерий», «бағалау», «білім беру нәтижесі» ұғымдарын зерделеуге, тұрған міндеттерді айқын түсіну негізінде оқушылармен жұмыс жасау әдістемесін меңгеруге, балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білуге, оқушылардың білімін меңгеру процесін білуге, білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Адам және жануарлар физиологиясы
    Несиелер: 5

    Адам және жануарлар ағзасының жеке бөліктерінің, жасушалар, тіндер, органдар және функциональдық жүйелердің процестері мен таныстырады. Тірі ағзаның қызметтерін, механизмдерін, қарым-қатынасын анықтайды. Жеке тұлғаның эволюция процесінде пайда болуы және жеке дамуын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ботаникадан муляж дайындау
    Несиелер: 5

    Ботаника пәнінде уақытша және ұзақ мерзімді препартарды жасауды түсіндіреді. Муляжға қажетті материалдарды жинақтауды меңгертеді. Жиналған материалдарды талаптарға сай өңдеп қажетті формаға келтіруге дағдыландырады. Өңдеу барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды қалыптастырады. Жасалған муляждарды талаптарға сай сақтауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
    Несиелер: 4

    Ішкі секреция бездері жөніндегі түсініктерін қалыптастырады. Гормондардың түрлерін ажыратады. Бездердің негізгі типтерінің өкілдерімен таныстырады. Лимфа жүйесінің иммунитет қалыптасуындағы маңызын түсіндіреді. Ағзадағы зат алмасу, физиологиялық реттелу механизмін салыстырып талдау жасайды. Халықаралық ғылыми терминдерді есте сақтайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биология бойынша көрнекі құралдар дайындау
    Несиелер: 5

    Биологиялық мазмұндағы көрнекі құралдарды дайындауда студенттер теориялық алған білімдерін, шығармашылығын таныта отырып жасауға дағдыландырады. Студенттердің білімге шығармашылық көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін кеңейтеді. Көрнекі құралдардың түрлерін ажырата отырып, инновациялық технологияларды пайдалануға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулер және академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің өз зерттеу жобаларын іске асыру және халықаралық академиялық қоғамдастық нормаларына сәйкес олардың нәтижелерін жазбаша нысанда ұсыну, зерттеу әдістерін қолдану, өз зерттеу ережелерін дәлелді түрде баяндау, өз ғылыми жобасын іске асыру үшін тиісті құралдарды таңдау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жеке даму биологиясы
    Несиелер: 5

    Жеке даму биологиясы қазіргі биологиялық ілімнің негізгі бөлімі екенін түсінеді. Ағзаның жеке дамуының ұрықтану кезеңінен бастап оның эмбриональдық дамуы процестерін туылғанға дейін және тіршілігін жойғанға дейін оқып біліп, есте сақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Биологиядан экскурсия ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Бұл жүйені білу студенттерге биологияны оқытуды меңгертеді. Биологиядан экскурсия ұйымдастыру түрлі əдістерді студенттерге меңгертудің нəтижесінде нақты биологиялық білім беруге жəне осы алған білімдерін өмірде қолдануға үйретеді. Студенттердің экскурсия ұйымдастыру барысында шығармашылық көзқарасын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектептегі биология пәнінен инновациялық құралдарды пайдалану
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқып үйрену студенттерге «Биология» пәні бойынша типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының құрылымын түсінуге мүмкіндік береді. Студент жаңартылған бағдарламаның құрылымын, мазмұнын, оқыту мақсаттарын мен міндеттерін түсіндіреді, педагогикалық әдістерді қолдана алады. Студенттерге заманауи техниканы ұтымды пайдаланып, инновациялық әдіс-тәсілдерді жете түсінуге мүмкіндік береді, кәсіби қызметінде қолданады. Қашықтықтан оқыту әдістерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Генетика
    Несиелер: 5

    Тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің материалдық негіздерін, белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын қарастырады. Генетика және селекция негіздерінің зандылықтарын, принциптерін қазіргі заманғы ақпараттық білім технологиясын пайдаланып, жаңа мағлұматтарды қалыптастырады. Генетиканың басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдар жүйесінде орнын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Фитоценология
    Несиелер: 5

    Фитоценология – өсімдіктер қауымдастығы ұғымын, олардың динамикасы, құрылымы, ординациясын талдатады. Өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуын, даму себептерін түсіндіреді. Өсімдік құрылысын жан жақты зерттеу және талдауды, құрылысына қарай ажыратуға дағдыландырады. Органикалық әлемнің жер бетіне таралуы мен даму заңдылықтарына қазіргі кездегі көз қарасты қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Омыртқасыздардың систематикасы
    Несиелер: 5

    Омыртқасыз жануарлардың шығу тегін, морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктерін оқып, олардың систематикалық жіктелуін биологиясын түсіндіреді. Омыртқасыздардың систематикасын меңгертеді. Омыртқасыздардың әлемінің көптүрлілігінің себептерін және оның негізгі қалыптасу заңдылықтарын талдатады. Типтердің көртүрлілігін және олардың құрылыстарын талдатады. Халықаралық ғылыми терминдерді есте сақтатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Орнитология
    Несиелер: 5

    Құстардың көптүрлілігін және олардың қалыптасуының негізгі заңдылықтарын қарастырады. Құстардың негізгі таксондарын, систематикасы мен эволюциясын, жануарлардың экологиялық жүйелердегі орны мен маңызын талдатады. Табиғатты тиімді пайдаланудың экологиялық принциптерін меңгертіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде биологиялық заңдылықтарды есте сақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Флора және фауна
    Несиелер: 3

    «Floraquot» ұғымы бойынша; ағаштан, түрлі бұтадан, түрлі балдырлардан, сондай-ақ мүктен, саңырауқұлақтардан және т.б. сол сияқты бүкіл өсімдік әлемін талдатады. Флора және Фауна - өсімдіктер мен жануарлар әлемі, яғни ағаштар, гүлдер, шөптер, бұталар, жалпы алғанда жер бетінде өсетін барлық өсімдіктерді, барлық жануарларды, құстарды қамтитын жануарлар әлемі екенін түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Биология сабағында көрнекі құралдар дайындау
    Несиелер: 5

    Биологиялық мазмұндағы көрнекі құралдарды дайындауға дағдыландырады. Лабораториялық және практикалық сабақтарда теориялық білімін қолдана білуді түсіндіреді. Көрнекі құралдар дайындауда студенттердің шығармашылық ой өрісін қалыптастырады. Көрнекі құралдар дайындауда инновациялық әдіс-тәсілдерді ұштастыруды дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қолданбалы биология және топырақтану негіздері
    Несиелер: 5

    Ауыл шаруашылық өнімінін өндіруді ұлғайту және топырақтың негізгі түрлерін, қасиеттерін бүлінген жерлерді қалпына келтіру, тыңайтқыш қолдану жүйесі мен технологиясын қарастырады. Қазіргі кездегі ғылыми негіздегі ауылшаруашылық өндіріс системасын меңгертеді. Топырақтану, жертану, агрохимия өсімдік шаруашылығы, химия, экономика т.б. ғылымдардың байланысымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
    Несиелер: 5

    Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасының негізгі типтерінің және кластарының өкілдерін талдатады. Өсімдіктер систематикасының негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстырады. Систематика көптүрлілікті реттеу арқылы өсімдіктер әлемін танып білуге, зерттеуге және пайдалануга мүмкіндік береді. Халықаралық ғылыми терминдерді есте сақтайды. Зертханалық құралдармен жұмыс істеуді үйретеді, объектілермен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Герпетология
    Несиелер: 5

    Бауырымен жорғалаушылардың жалпы сипаттамасын және олардың систематикалық жағдайын, экологиясын қарастырады. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың құрылысы мен көбеюін және олардың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызын талдатады. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Микробиология және вирусология
    Несиелер: 5

    Микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстырады. Микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын түсіндіреді. Микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын талдатады. Зертханалық сабақтарда микроорганизмдермен жұмыс істеу әдістерін үйретеді. Микроорганизмдермен жұмыс істеу ережелерін сақтауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Вирусология
    Несиелер: 5

    Жалпы, вирусология вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын түсіндіреді. Вирустан туындайтын аурулардан сақтану шараларын меңгертеді. Әр түрлі топтағы вирустардың құрлысын, морфологиясын, классификациясын талдатады. Зертханалық сабақтарда микроорганизмдермен жұмыс істеу әдістерін үйретеді. Емдеу жұмыстарын және диагностикасын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны – студенттің теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және студенттердің жеке қабілетін дамытады. Зерттеу объектілерін жіктейді, сараптайды және нәтижесін өңдеп түсіндіреді. Алынған ақпаратты сыни тұрғыдан талдауға, баяндауға, биологиялық далалық және лабораториялық зерттеулерді талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кеппе шөптер дайындау әдістері
    Несиелер: 5

    Студенттерге пәнді меңгеру барысында кеппе шөпке қажетті өсімдіктерді вегетациялық кезеңін ескере отырып, оларды жинауды, тазалап кептіруге дайындаудың әдістерін меңгертеді. Жыл мезгіліне сәйкес өсімдік мүшелерін жинап өңдеуді түсіндіреді. Болашақта өсімдік мүшелерін дұрыс жинауға дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Молекулалық биология
    Несиелер: 5

    Тіршіліктің молекулалық-генетикалық және жасушалық ұйымдастырылу деңгейінің айырмашылығын есте сақтайды. Тұқым қуалаушылық материалының ген, хромосома және геномдық деңгейде құрылымдық - функционалдық ұйымдастырылу принциптерін жіктейді. Хромосомалардың әртүрлі түрлерін дифференцирлау және адамның қалыпты және патологиялық кариотипіне талдау жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның биоресурстары
    Несиелер: 3

    Қазақстан биоресурстары өсімдіктер мен жануарлар әлемі, яғни ағаштар, гүлдер, шөптер, бұталар, жалпы алғанда жер бетінде өсетін барлық өсімдіктерді, барлық жануарларды, құстарды қамтитын жануарлар әлемі екенін түсіндіреді. Пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін зерттеу тарихы мен сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды пайдалану жолдарына дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    Экономика және құқық, экология салаларындағы кәсіби дағдыларды, кәсіпкерлік пен көшбасшылық қабілеттерін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін меңгереді.

  • Код ON11

    Білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға арналған оқу-әдістемелік жұмыстарды саралай алу дағдысына ие.

  • Код ON3

    Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпараттық сауаттылықты өз бетінше көрсетеді.

  • Код ON9

    Білім берудегі инновациялық технологияларды үйренуге және қолдануға қабілеттілік, педагогикалық қызметке жоғары қызығушылық, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.

  • Код ON10

    Биологиялық білім беру саласында авторлық жаңашыл идеяны іске асыру, альтернативті шешімдер табуға, биологиялық идеялардағы жаңашылдықты туындату, сын көзбен ойлау білімдерін дамытуға қабілетті.

  • Код ON7

    Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарын, білім беру процесін ұйымдастыру жолдарын меңгереді және білім беру процесінің мониторингі, бағалау критерийлері ерекшеліктерін болашақта кәсіби қызметінде қолдана біледі және жүзеге асырады.

  • Код ON8

    Білім беру мекемелерінде биолог-педагог маман ретінде педагогикалық процесті ұйымдастырады, биология пәні бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра білуді меңгеруі қажет.

  • Код ON5

    Қоғамдық пікірге, салт-дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-мәдени құндылықтарды біледі және өз қызметінде қолдана алады. «Мәңгілік ел» жалпы халықтық идеясын кәсіби қызметінде жас ұрпақты тәрбиелеуде іске асырады.

  • Код ON12

    Биологиялық, ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістерін саралай алады және теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдана алу қабілеттілігі.

  • Код ON1

    Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшелігін терең түсінеді және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете алады.

  • Код ON4

    Кәсіптік қызметті жүзеге асыруға қажетті қазақ, орыс және шет тілдерді игерген және конструктивтік сұхбат құра білуге дағдыланған және көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болады.

  • Код ON6

    Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.

Top