Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01501 Химия (ғ/п) в ОАИУ

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Химияны оқытудың жаңа интерактивті әдістерін зерттейді және қолданады. Заманауи технологияларды сын тұрғысынан бағалайды және өзінің кәсіби қызметінде қолданады.
  • Аналитикалық химия мен сирек элементтердің әдістемелік негіздерін талдайды. Органикалық химия мен жоғары молекулалық қосылыстардың құрамы мен құрылымын түптейді.
  • Химияны оқытудағы ғылыми-педагогикалық негіздердің жаңа бағыттарын зерттейді және оларды кәсіби қызметте қолданудың тиімділігін дәлелдейді. Әлеуметтік-қоғамдық өмірде суда еритін полимерлердің кинетика және термодинамика, электрохимия және химия білімдерін қолданудың маңыздылығын дәлелдейді
  • Бейорганикалық, аналитикалық және органикалық химия теориясындағы жаңа бағыттарды зерттейді және нәтижелерін эксперименттер жүргізуде қолданады.
  • Химия-педагогикалық саладағы зерттеудің жаңа әдістерін талдайды және оларды сыни бағалап, қолданады. Жоғары мектепте химиялық эксперименттер жүргізу әдістемесін жетік меңгереді.
  • Тарих пен философияның өзекті мәселелерін табиғи ғылым ретінде философиялық пайымдаудың қазіргі әлемдік дәстүрі ретінде бағалайды. Ғылыми зерттеулер жүргізуге және арнайы пәндер бойынша жаңа форматта оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгерген.
  • Қолданбалы химия, физикалық химия бойынша жаңа химиялық байланыстарды зерттейді және ғылыми-педагогикалық жұмысында қолданады. Химиялық технологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін әртараптандырады және осы саладағы жаңа үрдістерді анықтайды.
  • Химия аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалайды, жоспарлайды, модельдейді және олардың өзектілігі мен тиімділігін дәлелдейді. Физикалық химия ғылымының дамуындағы әлемдік жағдайлар мен үрдістерді зерттейді және өзінің практикалық қызметінде сыни бағалаумен қолданады. Беттік-белсенді химиялық заттардың интерактивті әдістерін жалпылайды.
  • Жоғары мектептің талаптарына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық этика нормаларын сақтаумен және Педагогтың кәсіби қадір-қасиетін қорғаумен байланысты кәсіби талаптарға сәйкес келетін Бағдарламаларды, нұсқауларды дайындау дағдыларын көрсетеді. Сапалы нәтижеге қол жеткізуге ұмтылады, ғылыми-педагогикалық қызметте ұйымдастыру және басқару дағдыларын жетілдіреді.
  • Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын жобалайды және олардың нәтижелілігін дәлелдейді. Химия және химия технологиясы бойынша іргелі сұрақтар тізімін жасайды және оларды кәсіби қызметте қолданады.
Top