Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01407 Музыкалық білім в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Мамандыққа кіріспе (негізгі музыкалық аспап)
    Несиелер: 5

    Педагог-музыканттың кәсіби қызметтеріне теориялық тұрғыдан салыстырмалы талдама жасап, мазмұнын анықтайды. Педагог-музыкант қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздылығымен таныстырады. Студенттердің болашақ кәсіби әрекеттеріне шығармашылықпен қарауға мүмкіндік туғызады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің кәсіби дайындығы
    Несиелер: 5

    Үздіксіз білім беру жүйесіндегі орта мектепте дәріс беретін музыка мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық қызметіне талдау жасайды. Теориялық мазмұнын анықтап, негіздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ және әлем музыка тарихы
    Несиелер: 3

    Қазақ және әлемдік музыканың тарихын, ерекшеліктері мен көркемдік сипатын біледі. Қазақ және әлемдік музыка тарихын зерделеу арқылы білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттырады . Көркем талғамды тәрбиелейді,әр түрлі стиль және жанрлармен танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлем музыка тарихы
    Несиелер: 3

    Әлемдік музыкасының шығу тарихын, ерекшеліктері мен сипатын білуге тәрбиелеп оқытады. Білім алушыларға әлем музыкалық шығармаларын оқыту арқылы шығармашылықтарын шыңдау. Оқыту нәтижесінде алған білімдерін тәжірибеде қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыка теориясы және сольфеджио
    Несиелер: 5

    Музыка теориясының негіздерін сольфеджио пәнімен байланыстыра оқыту арқылы студенттердің есту, тыңдау, шығарманы дұрыс айту қабілетін дамытуды көздейді. Музыка теориясының негіздерін білу. Бір немесе бірнеше дауысты музыкалық шығармаларды нотамен айту және сольфеджиолауды үйрену

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Музыкалық аспаптар (баян, домбыра, қобыз, фортепиано)
    Несиелер: 5

    Болашақ музыка мұғалімінің музыкалық аспаптарда (баян, домбыра, қобыз, фортепиано) орындаушылық қабілеті мен шеберлігін жетілдіруді негізге алады. Музыкалық аспаптарда (баян, домбыра, қобыз, фортепиано) орындаудың әдіс-тәсілдерін үйрету. Музыкалық аспаптарда (баян, домбыра, қобыз, фортепиано) сүйемелдеу дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Оқушылардың дамуы мен өсуінің негізгі заңдылықтарын, жеке дамудың әртүрлі кезеңдерінде мүшелер мен жүйелердің қызмет ету ерекшеліктерін игергеді. Педагогикалық қызметте оқушылардың физикалық даму қабілеттілігін анықтау әдістерін және алған білімдерін оқыту мен тәрбиеде қолданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Хор класына дайындық
    Несиелер: 5

    Болашақ музыка мұғалімін хорда ән айту әдіс-тәсілдеріне тәрбиелеп оқыту. Хор класына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру. Хорды дирижерлау пәнінің теориялық және тәжірибелік жұмыстарын игеру. Вокалды-хор техникасын қалыптастыру. Хор шығармаларын орындау арқылы музыка маманының шығармашылығын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Арнайы музыкалық пән 1 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 6

    Аспаптың құрылысымен танысу, орындаушылық қимыл әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру. Сол қол саусақтары мен оң қол қағыстары қимылдарымен жұмыс жасай білу. Гамма мен арпеджиоларды ойнау. Музыкалық шығармаларды өз бетінше талдай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Хортану
    Несиелер: 5

    Хор өнерінің тарихи даму кезеңдерін білу. Хорды танудың теориялық тәжірибелік негіздерін меңгеру. Хормен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері мен дағдыларын қалыптастыру. Хормен ән салуда болашақ музыка мұғалімінің көркемдік танымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 6

    Курста орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыруда болашақ мұғалімдердің кəсіби- педагогикалық бағыттылығы мен кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру қарастырылады. Болашақ мұғалімді даярлауда кəсіби педагогикалық іс-əрекет теориясы туралы білімдермен қамтамасыз етіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Гармония және сольфеджио
    Несиелер: 6

    Музыкалық көркемдік құрылымдардың ерекшеліктері мен сипатын зерделеп, дыбыстар үндестігінің байланыстыру заңдылықтарын білетін және сольфеджиолай алатын кәсіби дәстүрлі маманды даярлау

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орындаушылық шеберлік модулі 1(Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 6

    Негізгі музыкалық аспап және хорды дирижерлау-білім алушының қабілеті мен орындаушылық шеберлігін дамыту арқылы оқытып тәрбиелеуге негізделген. Музыкалық аспапта орындаудың әдіс-тәсілдерін үйренеді, хорды дирижерлау жұмыстарын кәсіби деңгейде іске асырады. Болашақ музыка мұғалімінің рухани мәдениеттілігін қалыптастырып, орындаушылық шеберлік модулі пәнінің әдіс-тәсілдері мен тәжірибелік жұмыс түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндірістегі еңбек қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Арнайы музыкалық пән 2 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 4

    Арнайы музыкалық пәні - білім алушының орындаушылық қабілеті мен шеберлігін шыңдауға тәрбиелеп оқытуға негізделген. Музыкалық аспаптаорындаудың әдіс-тәсілдерін үйрену. Домбыра аспабында орындаудың үлгілік нұсқаларын ойнап үйрену. Музыкалық аспапта (домбыра) ән,күй және классикалық шығармаларды орындау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орындаушылық шеберлік модулі 2 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 4

    Студенттің есту қабілетін дамытып, ойнау дағдысын қалыптастыру. Мектеп әндерін және жеңіл шығармаларды нотаға қарап оқып ойнау. Дирижерлаудың әдістемесі мен техникасын игеру. Студенттің музыкалық қабілетін дамытып, қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс Экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Болашақ мектеп мұғалімнің тұтас педагогикалық үдерісін жəне білім беру мекемесіндегі тəжірибелік іс-əрекетін жүзеге асырауда кəсіптік құзіреттілігін қалыптастыру. Білім берудегі менеджменттің теориялық-əдіснамалық негіздері мен тұтас педагогикалық үдеріс жəне мектептің педагогикалық ұжымын басқарудың ерекшеліктері жөніндегі болашақ мұғалімдердің білімін қамтамасыздандыру. Кəсіптік қызмет түріндегі педагогикалық менеджмент туралы айқын əрі саналы көзқарасты қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы
    Несиелер: 6

    Болашақ музыка мұғалімдерін Қазақстандық және шетелдік музыкалық білімнің қалыптасуы мен даму үрдерісін оқып білуге, музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгертуге бағыттау. Музыкалық білім мәселелерін педагогика тарихы тұрғысынан талдап, кәсіби бейімдеуде студенттердің тұлғалық құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау. Музыкалық білім берудің категориялары мен ұстанымдарымен таныстыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері мен отандық және шетелдік арнайы білім беру жүйесінің қалыптасу кезеңдерін түсіндіру, олардың тәжірибелеріне талдау жасай отырып, дамуында әр түрлі ауытқулары бар балалар мен жасөспірімдермен жұмыс істеу ерекшелігін меңгерту, инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: Адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Музыкалық технологияға шолу 1 /Coursera/
    Несиелер: 4

    Білім алушылардың әуендік дыбыстарды тыңдау, қабылдау, есте сақтау, орындау қабілеттерін тәрбиелеп оқытуға бағытталған. Жаттығулар, гаммалар және музыкалық шығармаларды ноталық жазбалардан оқып үйренген. Музыка шығармаларын бір және бірнеше дауыста қосылып үндестікте орындауды меңгерген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектеп хорымен жұмыс жасау практикумы 1
    Несиелер: 3

    Мектепте хор ұжымын ұйымдастырады. Хормен жұмыс жасауда біліктілігін арттырады. Хор репертуарымен дағдыларын қалыптастырады, мектеп хорымен жұмыс жасауда теориялық білімді қолданады.Болашақ музыка мұғалімі ретінде теориялық және әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Хор жетекшісі ретінде музыка пәнінен сабақта және сабақтан тыс уақытта хор ұжымымен жұмыс жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы 1
    Несиелер: 3

    Болашақ музыка мұғалімінің кәсіби орындаушылық шеберлігін дамытып, рухани мәдениеттілігін қалыптастыру. Хормен жұмыс жасау процесін ұйымдастыру. Хор класында хормен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгеру және концерттік орындаушылық әрекеттерде тәжірибе жинақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеке ән салу және сахнадағы қозғалыс 1
    Несиелер: 4

    Сахналық мінез-құлық мәдениетінің ән айту дағдыларын қалыптастыру. Ырғақтық және өлшемдік сезіну қабілеттерін дамытуға үйрету. Шығарманы орындауда ән салу техникасын қолдана білу және физикалық іс-қимылдар мен дыбыс шығару әрекетін үйлесімді атқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Вокал класы және ақпараттық технологиялар 1
    Несиелер: 4

    Вокал класы және ақпараттық технологиялар пәні білім алушылардың әуендік дыбыстарды тыңдау, қабылдау, есте сақтау, орындау және сольфеджиолау қабілеттерін тәрбиелеп оқытуға бағытталған. Музыкалық шығармаларды ноталық жазбалардан оқып үйрену. Музыка шығармаларын бір және бірнеше дауыста қосылып үндестікте орындауды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепке дейіңгі музыкалық білім 1
    Несиелер: 5

    Мектепке дейінгі мекемелерде баланы оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі мақсат – жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуында педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану. Музыка әліппесінің алғы шарттарын үйрету, нота сауатын игеру арқылы музыкалық аспапты ойнау техникасын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыка пәнін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Қазіргі таңдағы білім берудегі модернизациялау талабына сәйкес оқыту әдістерін қолдана алатын музыка мұғалімдерін дайындау. Музыка пәнін оқыту әдістерін негіздеу, түрлі білім бағдарламалары мен музыкалық оқу әдістемелік кешенді практикада қолдану жолдарын корсете білу. Оқу-тәрбие үдерісін модельдеу және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық білім беру ортасының педагогикалық дизайны
    Несиелер: 3

    Кәсіптік білім берудегі заманауи технологиялары түрлері. «Технология» және «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдары. Оқытудың техникалық жүйелері. Тұлғалық бағытталған білім технологиясы. Ынтымақтастық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту. Модульдік оқыту технологиясы. Жобалау технологиясын қолдану әдістері. Этнопедагогикалық технологиялар. Бұл технологиялар оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Білім берудегі бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 5

    Құзыреттілік тəсілге негізделген тəрбиелеу мен оқыту тәжірибелері негізінде алған білімдерін өлшемдік бағалау технологияларымен ұштастыру. Білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, оны жүзеге асыру тəсілдерін меңгеру. Оқу жетістіктерін бағалаудың сенімді, технологиялық жүйесін қалыптастыру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Арнайы музыкалық пән 3 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 5

    Студенттің есту қабілетін дамытумен қатар, фортепиано аспабымен сүйемелдеу дағдысын қалыптастыру. Ән мен күйдің жанрлық ерекшеліктерін түсіндіре білу, нотаны бірден оқу және есту арқылы домбырада ойнау тәсілдерін меңгеру. Төкпе күйлерді ойнау. Мектеп әндерін және жеңіл шығармалардың нотасын оқып орындау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Орындаушылық шеберлік модулі 3 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 5

    Музыкалық шығармалардың әуендік, ырғақтық, гармониялық тәсілдерін меңгеріп, талдау жасау. Қазақ және шетел композиторларының шығармалары мен вариациялық формада жазылған шығармаларын орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жеке ән салу және сахнадағы қозғалыс 2
    Несиелер: 3

    Ән салу және сахналық өнер көрсету мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру. Вокалдық шығарманы орындауда ән салудың техникасын өз бетінше қолдана білу және физикалық іс-қимылдар мен дыбыс шығару әрекетін үйлесімді атқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектеп хорымен жұмыс жасау практикумы2
    Несиелер: 3

    Мектеп хорымен шығармашылық жұмыс жүргізу процесін ұйымдастырады. Мектеп хорымен шығармаларын орындайды, хор техникасын қалыптастырады. Хормен жұмыс жасау кезінде әртүрлі стильдер мен жанрлармен танысады, репертуарды таңдау принципін қалыптастырады. Алған білімдерін мектептегі музыкалық білім процесінде жүйелі және тиімді қолдана біледі, хор шығармаларымен жұмыс жасау білігі және кәсіби ойларын дамыту негізінде дирижерлық шеберлігін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы 2
    Несиелер: 3

    Музыка мұғалімінің оқыту- әдістемелік және вокалды-хор техникасын хор класында қалыптастыру. Әртүрлі жанрда, стильде жазылған хор шығармаларына талдау жасау. Концерттік орындаушылық әрекеттерде тәжірибе алған білімдерін іс жүзінде қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық технологияға шолу 2/ Coursera/
    Несиелер: 3

    Білім алушылардың әуендік дыбыстарды тыңдау, қабылдау, есте сақтау, орындау қабілеттерін тәрбиелеп оқытуға бағытталған. Жаттығулар, гаммалар және музыкалық шығармаларды ноталық жазбалардан оқып үйренген. Музыка шығармаларын бір және бірнеше дауыста қосылып үндестікте орындауды меңгерген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Арнайы музыкалық пән 4 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 5

    Музыкалық аспапты еркін меңгеріп, музыкалық шығармаларды өз деңгейінде орындау дағдысын қалыптастыру. Қазақ және шетел композиторларының шығармаларын орындау. Шығарманы көркем, мәнерлі орындап, ансамбльдік орындау дағдыларын қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Вокал класы және ақпараттық технологиялар 2
    Несиелер: 3

    Болашақ музыка мұғалімінің ұстаздық қызметте дауысты шебер пайдалана білуге қажетті әншілік дағдыларын игеруге негізделген. Дауысты вокалдық және техникалық жағынан жетілдіру. Музыка пәні мұғалімдерін көркем орындаушылыққа тәрбиелеу. Әлемдік және ұлттық музыкалық шығармаларының үлгілік, классикалық түрлерін орындауға машықтану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қосымша музыкалық аспап 1
    Несиелер: 3

    Кәсіби орындаушылық шеберлікті жетілдіру және қосымша аспапта ойнау мәдениетін тәрбиелеу. Қосымша музыкалық аспапта (домбыра, баян, қобыз) орындаушылық негіздерін меңгеру. Әр түрлі жанр мен формада жазылған шетелдік және отандық классиктердің шығармаларын орындау, мектеп репертуарын орындау дағдылары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық психология және музыкалық білім берудің психологиясы
    Несиелер: 5

    Музыкалық білім беру процесінде музыкалық дамуының психологиялық ерекшеліктерін талдай білуі. Музыкалық психология пәнінің негізгі зерттеу бағыттары жөнінде түсінік беру

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық компьютерлік технологиялар 1
    Несиелер: 3

    Коммуникациялық әдістерді біледі, Музыкалық білім берудегі ақпараттық технологиялар туралы түсінік қалыптастырады. Ұпаймен тікелей жұмыс: талдау, сараптама, теориялық, гармоникалық құрылымдарды анықтау, жұмыстың жалпы құрылымын анықтау.Финал,Сиббелуиус бағдарламаларды пайдалана отырып тиімді жұмыс істеу дағдылары

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепте сыныптан тыс үйірмелік жұмыстарды ұйымдастыру және гармонизациялау
    Несиелер: 3

    Болашақ музыка мұғалімдеріне репертуар таңдау және ізденімпаздық ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіру. Студенттердің академиялық ән салу мәнерінің әдіс-тәсілдерін үйрету, хор партитураларын жүргізіп оқи алу дағдысын қалыптастыру. Музыкалық-теориялық білімін жетік білу. Балалар даусымен жұмыс жүргізу әдістемесін игеру. Ансамбль туралы түсінігін кеңейту және көркем орындаушылыққа тәрбиелеу

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Оқу үрдісінде заманауи компьютерлік технологиялардың тиімді әдістері мен тәсілдерін игеру және іске асыру. Білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Тиімді және өз бетінше шешім қабылдауға, құзыретті болуға және цифрлық технологиялар саласында өзін іске асыруға қабілетті бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлау

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Орындаушылық шеберлік модулі 4 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 5

    Күрделі формадағы шығармалардың мазмұны мен формасын түсініп, оларды орындаудағы әдіс-тәсілдерін меңгеру. Қазақ және шетел композиторларының күрделі формада жазылған шығармаларын ойнау және дирижерлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мектепке дейіңгі музыкалық білім 2
    Несиелер: 5

    Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу бойынша музыка мұғалімдерінің өз бетімен музыкалық білім алуға қажеттілікті қалыптастыру, алған білімдерін практикада қолдану, жалпы бала-бақшадағы топтардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескере отырып, музыкалық жұмыстардың әдістемелерін меңгеру. Өз тәжірбиелерін жинақтау үшін шығармашылық ізденуіне жағдай жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық демалысты ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Музыкалық демалысты ұйымдастырудың маңызды құндылығы ретінде студенттерге жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер жайлы түсініктер беру, ойын-сауық демалысын ұйымдастырудың қолайлы әдістерін үйрету. Ойын-сауық демалыс бағдарламаларының проектілерін жасап, сценарийлер жазу және көпшілік алдында сөз сөйлеуге практикалық бейімдер қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қосымша музыкалық аспап 2
    Несиелер: 3

    Қосымша музыкалық аспап пәні - білім алушының орындаушылық қабілеті мен шеберлігін шыңдауға тәрбиелеп оқытуға негізделеді. Музыкалық аспапта орындаудың үлгілік нұсқалары мен әдіс-тәсілдерін үйрену. Музыкалық аспапта (домбыра, қобыз, сырнай) халық әндері мен күйлерін, жеңіл музыкалық шығармаларын орындау дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық демалысты ұйымдастыру және продюсерлік қызмет негіздері
    Несиелер: 5

    Музыкалық демалысты ұйымдастыру және продюсерлік қызмет негіздерін өмір тәжірибесінде тиімді қолдануды меңгертуге бағытталған. Музыкалық демалысты ұйымдастыру жұмыстарының әдіс-тәсілдерін игеру. Музыкалық продюссерлік қызмет негіздерінен алған білімдерін өмірлік тәжірибеде жан-жақты пайдалану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (хор партитурасын оқу)
    Несиелер: 4

    Фортепиано аспабында хор партитураларын ойнаған кезінде техникалық және орындаушылық дағдыларды игеру. Хор шығармасының көркем мазмұнын ашу, әуенді дауысты жүргізіп ойнап, үйлесімділікті қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектеп хорымен жұмыс жасау практикумы 3
    Несиелер: 3

    Мектеп хорымен жұмыс жасауда балалардың музыкалық қабілеттерін дамытады. Үлкен аудиторияда өнер көрсетеді және өз шығармашылығын жетілдіреді.Эстетикалық құнды музыкалық материал арқылы көркемдік талғамға тәрбиелейді.Хормейстер ойлауын дамытады және орындаушылық шеберлікті арттырады.Кәсіби деңгейдегі хор жетекшісі маманы ретінде дұрыс шешім қабылдайды,шығармашылық шеберлігін жетілдіреді.Бәсекелестікке сай хормен жұмыс жасау қызметінде үнемі біліктілігін арттырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Орындаушылық шеберлік модулі 5 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 4

    Полифониялық шығармадағы әр дауыстың әуенін ойнау. Полифониялық шығармаларды өз бетінше талдап, мәнерлеп орындау. Хорды дирижерлық шеберлігін сахналық орындауда көрсетуге бағытталған. Хор шығармаларын орындаушы топтарды ұйымдастыру мен дайындық жұмыстарының әдіс-тәсілдерін игерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (хорды дирижерлау)
    Несиелер: 4

    Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі дирижерлық шеберлігін сахналық орындауда көрсетуге бағытталған. Хор шығармаларын орындаушы топтарды ұйымдастыру мен дайындық жұмыстарының әдіс-тәсілдерін игерту. Мемлекеттік бағдарлама шығармаларын талдауды (музыкалық-теоретиялық, вокальды-хор және орындаушылық) меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру негіздері
    Несиелер: 5

    Музыка мұғалімінің зерттеу әрекетін ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздерін игерту. Ғылыми ақпараттарды іздестіру, жинақтау және өңдей білу. Педагогикалық эксперимент мазмұнын, логикасын түзеу. Зерттеу жұмыстарының айқындаушы және қалыптастырушы эксперименттердің мазмұнын айқындау, оларды жүргізу. Түрлі типтегі білім беру мекемелерінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (негізгі музыкалық аспап)
    Несиелер: 5

    Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі пәні болашақ музыка мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін сахнада орындауға негізделген. Студенттердің бойында орындаушылық дағдыларын қалыптастыру. Түрлі бағыттағы стильдер, жанрлар мен формаларда жазылған шығармаларды орындап үйрену. Негізгі музыкалық аспапта шебер орындаудың үлгілік, тәжірибелік жолдарын көрсету. Предмет исполнительского мастерства учителя музыки основан на выполнении на сцене профессиональных умений и навыков будущего учителя музыки. Формирование у студентов исполнительских навыков. Учить исполнять произведения, написанные в различных стилях, жанрах и формах. Показать примерные, практические приемы мастерского исполнения на основном музыкальном инструменте.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Синтезатор және ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 3

    Синтезатор аспабында ойнауда теориялық негіздерін меңгеру. Дыбыс шығару ерекшеліктерін, аспапта дыбыстардың орналасу тәртібімен таныстыру. Орындаушылық қимыл әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игерту. Аспапта дыбыстардың орналасу тәртібін зерделеу. Дыбыс жазу ерекшеліктерін игеру. Жеңіл пьеса шығармалардың нотасын екі қолмен оқып, ойнау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арнайы музыкалық пән 5 (Негізгі музыкалық аспап, Хорды дирижерлау)
    Несиелер: 4

    Музыкалық аспапты жеке кәсіби орындаушы деңгейінде меңгертіп, концерттік орындаушылық мәдениетке бейімдеу, техникалық іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Шығарманы көркем, мәнерлі ойнауға машықтандыру. Әрбір шығарманың жанрлық ерекшелігін талдай білуге баулу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектепке дейіңгі музыкалық білім 3
    Несиелер: 4

    Мектепке дейінгі мекемелердегі музыкалық білім беру қызметінің негізгі түрлерін зерделейді: музыка тыңдау, ән айту, музыкалық - ырғақтық қозғалыстар, балалар аспаптарында ойнау, музыкалық сауаттылықты игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі (қосымша музыкалық аспап)
    Несиелер: 5

    Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі қосымша музыкалық аспаптарда кәсіби орындау мен сахнада орындау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Музыкалық аспапты меңгеруде орындаушылықтың үлгілік әдістерін игеру. Әртүрлі жанрлар мен стильдерде жазылған түрлі музыкалық шығармаларды орындай білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Синтезатор
    Несиелер: 3

    Синтезатор аспабын меңгеріп, музыкалық шығармаларды орындау, әртүрлі шығармашылық өрнектермен ойнау. Студенттердің орындаушылық шеберліктің дағдылары мен біліктерін қалыптастыру. Мектеп әндерін сүйемелдеу және шығармаларды орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Хор класы және хормен жұмыс жасау практикумы 3
    Несиелер: 3

    Хормен жұмыс жасау процесінде теориялық және тәжірбиелік негіздерін меңгереді, кәсіби түрде жұмыс жасай біледі. Жоғарғы кәсіби деңгейдегі хор жетекшісі маманы ретінде, дұрыс шешім қабылдайды, шығармашылық шеберлігін жетілдіреді.Болашақ музыка мұғалімінің рухани мәдениеттілігін қалыптастырады,әдіс-тәсілдері мен тәжірибелік жұмыс түрлерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық компьютерлік технологиялар 2
    Несиелер: 5

    Коммуникациялық әдістерді білу, музыкалық білім берудегі ақпараттық технологиялар туралы идеяларды қалыптастыру. Ұпаймен тікелей жұмыс: талдау, сараптама, теориялық, гармоникалық құрылымдарды анықтау, жұмыстың жалпы құрылымын анықтау. Музыкалық-компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып, тиімді жұмыс істеу дағдылары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON7

    Музыкалық-педагогикалық әрекетте ізденушілік қабілеттерін көрсетеді, ғылыми зерттеу әдістерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON8

    Музыкалық шығармаларды шебер орындайды, хормен кәсіби деңгейде жұмыс жасап, жаңартылған музыкалық білім беру мазмұны аясында оқу үдерісін модельдей алады.

  • Код ON2

    Музыка теориясы және сольфеджио негіздерін хор класында қолданады, мамандыққа кіріспе пәнін кәсіби деңгейде үйлестіре алады.

  • Код ON5

    Музыкалық психология мен конструктивті оқытудың әдістерін қолданады, инклюзивті білім беруді ұйымдастыра біледі.

  • Код ON6

    Білім берудегі менеджменттің негіздерін түсінеді, заманауи және бағалаудың өлшемдік технологияларын тәжірибеде қолданады.

  • Код ON3

    Музыкалық аспапта ойнау, орындаушылық шеберлік, вокалдық-хор дирижерлау техникасы мен тәсілдерін меңгерген

  • Код ON1

    Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.

  • Код ON4

    Музыкалық білім берудің теориясымен тарихын негізге алады, үйірмелік және продюссерлік қызметті ұйымдастыра біледі.

Top