Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02336 Қазақ филологиясы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға лингвистиканың ғылым ретіндегі мәні, оның өзге ғылымдармен байланысы, тіл білімінің ішкі және сыртқы салалары, олардың проблемалары туралы терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: тілдің табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қоғамдық функциялары, тілдің құрылымы, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасы, тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары, тіл деңгейлері. Грамматикалық категориялар, тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тіл дамуына түрткі болатын процестер мен факторлар, тілдердің типологиялық, генеологиялық топтары, жіктелісі, тіл білімінің зерттеу әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фольклор және жазба әдебиет
    Несиелер: 5

    Фольклористиканың ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдерін, оның мектептері мен бағыттарын білу; халық ауыз әдебиетінің поэтикалық ерекшелігі мен жанрлық ӛзіндік ӛзгешелігін түсіну; әлемдік әдебиет пен әдеби үдерістің жалпы дауы ӛрісінде отандық әдебиетті салғастырмалы түрде талдай білу; түрлі саладағы қолжазба және баспа құжаттарымен жұмыс жасау дағдыларын игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - халықтық сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамти отырып оның ежелгі замандардан бастап қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын фольклортану ғылымының бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты игерту. Негізгі тақырыптар: ауыз әдебиеті туралы түсінік, фольклордың жанрлары, этникалық тәсілдері мен құралдары, фольклордың зерттелу тарихы, халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы, шешендік сөздердің тарихи негізі мен зерттелуі, қазақ эпосының жанрлық құрамы мен көркемдік ерекшеліктері, ғашықтық жырлардың зерттелуі мен жанрлық ерекшеліктері, тарихи өлең-жырдың аражігі, дәуірлеу мәселесі, ол туралы ғалымдар пікірін салыстыру және тарихи жырлардың жанрлық, көркемдік ерекшелігі, айтыс және айтыс өнерінің зерттелуі, діни дастандар туралы түсінік, ғалымдар пікірі, олардың жанрлық, идеялық ерекшеліктері, балалар фольклорының жанрлық ерекшеліктері мен түрлері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттану негіздері
    Несиелер: 4

    Әдебиеттану ғылымының зерттеу нысаны, негізгі салалары мен жанама тараулары, басты теориялық қағидалары мен ұғымдары туралы түсінік беріледі. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, образдар жүйесі, өлең құрылысы мен табиғаты, сюжет пен композиция ұғымдары түсіндіріліп, әдебиетті өнердің негізгі түрі ретінде қарап, оған тән басты ерекшеліктер айқындалады, шығарманың көркемдік, жанрлық және стилдік ерекшеліктері, суреткер шеберлігі сараланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - тіл дыбыстарын, тілдегі дыбыстық заңдар мен заңдылықтарды, тілдегі әр түрлі құбылыстарды зерделету, оларды терең түсіну үшін фонетикалық талдау әдістерін игерту. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілінің фонетика және фонология салалары, олардың зерттеу нысандары, фонет8ика және фонология салаларының бірліктері мен өзіндік ерекшеліктері, қазақ фонетикасының зерттелім дәуірлері, қазақ фонетикасының құрылымы, зерттелім бағыттары, қазіргі қазақ фонетикасының ғылыми аппараты, қазақ тілінің жасалымдық қоры, сөйлеу мүшелері: актив және пассив мүшелер, екпін, оның тілдік табиғаты, үндестік заңы, тасымал, орфоэпия мен орфография туралы түсінік, қазақ тілінің интонациялық жүйесі және оның бірліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Абайтану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – Абай шығармашылығын терең таныту, оның ұлттық әдебиеттегі маңызын зерделеу. Абай өмір сүрген қоғам, орта, өмірі мен шығармашылығы, ақын шығармаларының тақырыптық, жанрлық, идеялық ерекшелігі, қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы, ақындық мектеп және Абай дәстүрін жалғастырушылар туралы айтылады. Абай қарасөздері, оның жанрлық сипаты мен ерекшелігі, оның қазақ қоғамындағы орны зерделенді. Абайтану тарихы, ақын шығармашылығын зерттеушілер мен зерттеу еңбектері туралы мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономика және кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Студенттерді әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларымен, белгілі бір бизнес-идеяларды жүзеге асырудың белгілі бір түрін таңдаумен таныстыру. Курс Экономика мен кәсіпкерліктің мәні мен оның формаларын ашады, осы қызметтің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өндірістегі еңбек қорғау
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты өндірістік ортаның жағымсыз факторларын анықтау, адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғау, еңбек қызметінің қолайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау, кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғаудың теориялық және практикалық негіздері мәселелері бойынша білім алушыларды даярлау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Алаштың тілдік мұрасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ ғылымының, оның ішінде, тіл білімінің қалыптасу бастауында тұрған Алаш қаламгерлерінің, ғалымдарының тіл туралы еңбектері туралы филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: Алаш зиялыларының тілтанымдық бағыттағы еңбектері. Алаш оқымыстыларының зерттеулеріндегі ұлттың рухани өркендеуіндеу мәселелері, ондағы тілдің орны, тіл табиғаты мен заңдылықтары, әдістеме, терминология, әдеби тіл сияқты т.б. проблемалар. Алаштың зиялы қауым өкілдері тарапынан айтылған ой-пікірлер өміршеңдігі мен, өзектілігі игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға сөздердің лексикалық жүйеде алатын орны, шығу төркіні, қолданылу қабілеті және фразеологизмдердің түрлі парадигмалары бойынша жүйелі ғылыми-теориялық білім беру Негізгі тақырыптар: Сөзге тән белгілер, сөз мағынасының ұғымнан айырмашылығы, мағынаның кеңеюі және тарылуы, метафора, метонимия, синекдоха. Сөздің лексикалық мағыналарының негізгі түрлері, лексика-семантикалық топтары, қосалқы аталымдары. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы, шығу арналары, қалыптасуы мен дамуы. Қазақ тілі сөздік құрамының толығып даму жолдары мен қолдану сипатына қарай бөлінетін түрлері. Фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты. Лексикография. Этимология.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиеті тарихының бастаулары болып саналатын VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге (XV ғасыр) дейінгі түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби мұралар, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік және әлеуметтік мәні жөнінде жан-жақты білім беру. Негізгі тақырыптар: ежелгі әдебиеттің даму кезеңдерінің (дәуірлерінің) ерекшеліктері, бағыты, заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар, Орхон ескерткіштері: «Білге қаған», «Тоныкөк», «Күлтегін», «Қорқыт ата» және Әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Рабғузи қиссалары тағы басқа көне түркі тілінде жазылған авторы белгілі көркем шығармалардың қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны, өзіндік ерекшеліктері, тәрбиелік мәні және әлеуметтік, психологиялық мәні.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру, әлеуметке қарсы құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесін және азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер құқық және мемлекет теориясының негіздерін меңгереді, құқықтың қоғам өміріндегі орны мен рөлін түсінеді, сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әртүрлі көріністері туралы кешенді білім алады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дағдылар мен дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: Адамның қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесуін және төтенше жағдайлардағы жағымсыз факторлардан қорғау негіздерімен танысу. Курсты оқу салауатты өмір салты нормаларын сақтау қажеттілігі, тіршілік қауіпсіздігі ережелерін саналы түрде орындау туралы кешенді түсінікті қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ақыметтану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – Ақымет Байтұрсынұлының қазақтың ұлттық ғылымының: қазақ тілі туралы ғылымы мен қазақтың əдебиеті туралы ғылымның көшбасшысы, реформаторы екенін ұғындыру, оның өмірі мен шығармашылығынан филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: Оқу-ағарту идеясы – А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. А.Байтұрсынұлы – ұлттық рухымыздың ұлы тіні. А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі мен қалдырған мұрасы А.Байтұрсынұлы жасаған қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтары. Қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымыздағы «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны мен маңызы. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы А.Байтұрсынұлы жасаған терминдері мен терминжасам үлгісі. А.Байтұрсынұлы және шешендік сөздің сапалық белгілері. А.Байтұрсынұлының түркология және әлем тіл ғылымындағы орны мен рөлі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің корпустық лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - жалпы тіл білімінің даму тарихын ғылымда қалыптасқан дәуірлеу тұрғысынан оқып біледі. Тіл білімдегі түрлі теориялық ұғым-түсініктердің зерттелу мәнін, методологиясын түсінеді. Алған лингвистикалық білімдерін өз ана тілінің даму тарихын зерттеп түсіндіруде, дәуірлеуде қолданады. Тілдік құбылыстардың даму мәселелерін лингвистика тарихында қалыптасқан түрлі ағымдар, бағыттар және мектептер көзқарастары мен пікірлері тұрғысынан түсініп талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Балалар әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттер теориялық және тәжірибелік тұрғыда білім бере отырып, халық ауыз әдебиеті пәнінен алған білімдерін саралау, қазақ балалар әдебиетінің даму тарихы, балаларға арналған алғашқы оқу құралдарының шығуы, балалар әдебиетінің тәрбиелік мәні, қазіргі заман балалар әдебиеті туралы мағлұматты жан-жақты меңгерту, балалар әдебиетіндегі Абай, Ыбырай дәстүрі мен шығармашылық жетістіктерін бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кешенді-сатылай талдау түрлері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазақ ғылымының мазмұны мен жүйесін оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығы және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлесу, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Кешенді сатылай талдау түрлері арқылы қазақ тілінің ішкі заңдылықтарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көркем шығарманы әдеби талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Көркем шығарманы әдеби талдауға қатысты ерекшеліктерді білім алушыларға түсіндіру, көркем шығарманы не көркем мәтінді әдеби талдау сырларын игертіп, талдау кезінде кезеңдерге қатысты әдебиеттанушылық – зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстыру, талданып отырған шығарманың әдеби дамуға әсер етуін, олардың ерекшеліктері, көркемдігі мәселелерін талдай түсіндіру, теориялық білімді практика жүзінде қолданта білу, ақын–жазушылар шығармаларымен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету; көркем туындыны жан-жақты қарастырудың, көркемдігі иен мән-мазмұнын ашудың амал-тәсілдерін игерту; талданып отырған шығарманың әдеби дамудағы орнын, рөлін ашу; сол көркем мәтінге қатысты ой, пікір түюге, тұжырым жасауға үйрету. Негізгі тақырыптар: Көркем шығарманы (мәтінді) әдеби талдау мәселелері және филологиялық талдау. Әдеби зерттеудің тақырыбы және оның негізін жүйелеу мәселесі, Көркем шығарма (мәтін) және текстология, библиография, әдеби байланыс, Көркем шығарманы (мәтінді) талдау әдістемесі, Көркем шығарманы (мәтінді) талдау сырлары, Талдау және туынды композициясы, Образдар жүйесінің құрылымы және әдеби талдау, Көркем шығарманың идеялық мазмұны және әдеби талдау, Көркем шығарманың мазмұнын зерттеу, стиль мен тіл мәселесі, Көркем шығарманы (мәтінді) талдау түрлері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ орфографиясындағы қиындықтар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазақ тіл біліміндегі емле мәселелеріне және сөздер мен сөз бірліктерінің емлеге сай жазылу қағидаларына тоқталып, түсінік беріледі. Қиындық тудыратын кейбір сөздер мен сөздік қолданыстардың жазылу қолданыстары түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ХІХ ғасыр әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі және сол кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар мен әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар маңызын түсіндіру, осы дәуірдегі қаламгерлердің шығармашылығынан терең әдеби-теориялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХІХ ғасыр әдебиетінің басты ерекшелігі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиеттің дамуы, әдебиеттегі ағымдар. Зар заман ақындары шығармаларындағы басты идея. Дулат Бабатайұлы Шортанбай Қанайұлы толғаулары, заман шындығының айтылуы. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығындағы ата қоныс мәселесі. Әбубәкір Кердері шығармашылығы, Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі және әдебиет. Ш.Жарылғасұлы, А.Азаматқызы шығармашылығы. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері және ақындық, әншілік-композиторлық дәстүр. Ш.Уәлихановтың зерттеу еңбектері. Ы.Алтынсарин және ағартушылық идея. Абай – ұлы ақын, қазақ әдебиетінің классигі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мәтінді лингвистикалық талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – мәтін туралы, мәтін талдаудың жалпы теориясы, зерттеу әдістері мен принциптері, бағыттары туралы мағлұмат беру, мәтіндердің функционалдық-стильдік типологиясын талдау, тілдік ерекшеліктерін саралау, көркем шығармада қолданылған тілдік құралдардың мәнін ашып түсіндіру, сол арқылы түпкі нәтижеге – көркем туындының жалпы көркемдік-бейнелілік болмысын түсінуді қамтамасыз етуге қол жеткізу. Негізгі тақырыптар:Мәтін лингвистикасының теориялық мәселелері, мәтіндегі қатысым қызметінің түрлері, көркем мәтіндегі кеңістік пен уақыт категориялары, мәтіндік таңбалар, мәтіндік деңгей және мәдениет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі және концептілік құрылымдар. Мәтін бірліктері мен мәтін байласымы, мәтінді лингвистикалық талдаудың әдістері мен аспектісі, мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттары, көркем мәтінді лингвостилистикалық талдау. Мәтіндердің функционалдық стильдік типологиясы, көркем мәтінді талдау жолдары, өлең мәтіндерін талдау ерекшеліктері. Мәтін түзудегі тілек-бата сөздерінің суггестиялық ерекшеліктері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тілдік норма және жаңа сөз қолданыстары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесіндегі тілдік нормалары мен қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтарын меңгерте отырып, жаңа сөздер мен қолданыстар, олардың нормалану процесін, функционалдық стильдер арақатынасын меңгерту. Негізгі тақырыптар: Тіл мәдениетінің мәселелері мен стилистика аспектілері, қазақ тілі құрылымдық жүйесіне тән негізгі басымдықтар, қазіргі әдеби тілдің даму арналары, жаңа сөздер мен қолданыстар, олардың нормалану процесі, функционалдық стильдер арақатынасы, Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқу және олардың орын алу себептері, норманың өлшем-шарттары, сөз қолданудағы стильдік қателер, Көркем әдебиеттегі сөзқолданыс және әдеби тілдік норма, орфоэпиялық ережелер немесе сөз сазын келтіру қағидалары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ тіл білімінің пәнаралық проблемалары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын, өзге ғылымдармен байланысын, ортақ проблемаларын меңгерту. Негізгі тақырыптар: тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны, тіл білімінің пәнаралық салалары, біл білімінің тарих, этнография, география, психология, әлеуметтану, саясаттану және т.б. ғылымдармен байланысы, ортақ проблемалары, тіл білінің өзге ғылымдармен байланысынан туындайтын жаңа бағыттары (когнитивтілингвистика, нейролингвистика, социолингвистика), олардың зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ жазу тарихы
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты қазақ жазуының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттеуге бағытталған, тіл жүйесінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік деңгейлеріндегі өзгерістерге ерекше назар аударылады. Курс аяқталғаннан кейінбілім алушылар қажетті теориялық терминологияны, тарихи мәтіндердегі берілген жазуларды өз бетінше талдау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Алаш әдебиеті
    Несиелер: 5

    Әдебиеттегі Алаш идеясының тууы мен қалыптасуы. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдамалар. Халық ақындар шығармашылығының дамуы. Алаш әдебиеті және әдебиеттің даму бағыттары. Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындардың шығармашылығы. Ұлттық әдебиет және біртұтас Алаш идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы. Ұлттық саяси күрестің әдебиеттегі көрінісі мен жаңа ағартушылықтағы бастамашыл істер т.б..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - хандық дәуір әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. Пәннің мазмұнында ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы,көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Мазмұны: Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдің құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жырауылық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктерімен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Онда әсіресе, бұрын ауыз ідебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады. Аталған пәнде жыраулық поэзияның дамуы, жыраулар мұрасы және қазақ халқынығ елдік тарихы, жыраулар мен ақындар мұрасының көркемдік ерекшелігі хандық дәуір әдебиеті көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы арқылы оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ балалар әдебиеті дамуының жаңа кезеңі
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты – қазіргі балалар әдебиетінің заман сұранысына сай даму бағытынан және даму үдерісінен филологиялық білім беру. Курста қазіргі әлеуметтік-саяси өмір иірімдерінен балаларға арналып жазылған поэзиялық, прозалық, драматургиялық шығармалар түрлері оқытылады. Мұнда балаларға арналған қазіргі авторлық ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, сатиралық туындылар қамтылады. Қазіргі балалар әдебиеті дамуының жаңа кезеңіндегі осындай әртүрлі жанрларды меңгеру арқылы патриоттық тәрбие беру, отаншылдық идея қалыптастыру мәселесі көзделеді. Қазіргі балалар әдебиеті мен бабалар әдебиетінің сабақтастығын талдау жұмыстары арқылы меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – қазақ әдебиет сыны тарихының жасалу, жүйелену, дәуірлеу мәселелері мен белгілі деңгейде әдеби сынның мақсаты мен шегін, әдеби процестегі алар орнын, сыни мақалалар мен көрнекті сыншы ғалымдардың шығармашылық ізденістерін, олар туралы ілгері зерттеулер мен еңбектерді меңгерту. Негізгі тақырыптар:әдеби сын тарихының әдебиеттану ғылымымен, журналистикамен байланысы; әдеби сын жанры; типологиясы; қазақ сын тарихын дәуірлеу; сыни материалдарға, сыншы еңбектерін тарихи-хронологиялық жүйелеу; әр жылдардағы әдеби сын

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Когнитивті әдебиеттану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - когнитивтік әдебиеттанудың базалық ұғымдарымен таныстыру. Курста мәнмәтіннің когнитивтік жүйес, көркем концептің әдебиеттанушылық категория ретіндегі көрінісі, ұжымдық сана бірліктері, универсалиилер, стереотиптер метакатегорисы, тұлғаның когнитивтік стилі, мағына когнициясы, когнитивтік стратегиялар мен идеостиль, әлемнің тілдік бейнесі, көркем әлем концептосферасы, мәтіндегі ақпаратты өңдеуді меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазақ тілінің дамуы барысында қалыптасқан сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтары мен тәсілдерін, олардың теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымын, қазақ тіліндегі сөздердің жасалу заңдылықтарын үйрету, білім алушылардың базалық білімін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ әдебиет тарихындағы аса маңызды кезең – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекшеліктерін, әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасу арналары, оған ықпал еткен жағдайлар, әдеби бағыттар ерекшеліктері, байланыстары, олардың әдеби дамудағы рөлі мен көркемдік ізденістер жайлы терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің маңызы, сипаты, ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдардың қалыптасуы, ерекшеліктері. Әдеби бағыттар арасындағы байланыс, олардың қазақ әдебиеті дамуындағы орны. ХХ ғасыр басындағы әдеби бағыттар мен ағымдар әкелген жаңалықтар мен көркем ізденістер, олардың қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесіне қатысты теориялық білімдермен қарауландыра отырып, ұлт тілінің қыры мен сырын үйреніп, жас ұрпаққа жеткізе білуге жол ашу. Негізгі тақырыптар: қазіргі қазақ әдеби тілінің синтаксистік жүйесі, сөз тіркесі парадигмасы, олардың өзіндік белгілері, басқа тілдік единицалардан айырмашылығы, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары, сөз тіркесінің лексика-грамматикалық қатынастары, сөйлем синтаксисі мен оның түрлері, құрмалас сөйлемнің басты белгілері, оның жай сөйлемнен айырмашылықтары, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы тілдік амал-тәсілдер жүйесі, құрмалас сөйлем мен оның паратаксис, гипотаксистүрлері, төл сөздің түрлері мен төлеу сөздің айырмашылықтары, тыныс белгілерінің түрлерін, олардың қойылатын орындары, мәтін және күрделі синтаксистік тұтастық, оның белгілері, құрылымы, сөйлемдерді күрделі синтаксистік тұтастыққа біріктіруші тәсілдер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби мұра және оны жалғастырушылар
    Несиелер: 3

    «Әдеби мұра және оны жалғастырушылар» пәні білім алушының ұлттық әдеби мұраларды оқытып оны жалғастырушылардың әдебиет тарихынан алатын орнын анықтауды әдеби-зерттеушілік, сыншылық қызметтерге бағыттаушы курс болып саналады.Курстың мазмұны білім алушыны әдебиеттанудағы бағыттарға, әдеби мұраның меңгерілуі мен оны жалғастырушылар жайлы толық ақпаратпен таныстырады. Оларға әлем әдебиеттануынының және ұлттық әдебиеттанудың қалыптасу, даму тарихынан мәлімет береді. Сөйтіп, әдебиеттанушылық білім шеңберін кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға қазақ тіліндегі сөздердің тұлғалық өзгеруін, сөз және оның формаларын, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдерін, амалдарын және сөз атаулының әлденеше рет өзгеріске ұшыраған түрлері мен олардың топтарға бөлінуін, әр топқа енген сөздердің өзіне тән грамматикалық сыр сипаты жөнінде терең теориялық білім беру және тілдік тұлғаларға талдау жасай білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: грамматиканың салалары, олардың өзара байланысы, грамматикалық категория, шарттары, сөздерді таптастыру принциптері, зат есімнің лексика-семантикалық сипаты, сын есім сөз табы, ерекшеліктері, сан есім, түрлері, есімдік сөз табы, етістік сөз табы, ерекшеліктері, категориялары, үстеу, мағыналық топтары, еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер, шылау сөздер, өзіндік белгілері, одағайлар, оның түрлері, модаль сөздер, мағыналық ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жазушының шығармашылық лабораториясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Білім алушыларға теориялық білімдерді игерту, әдеби фактілер мен теориялық ұғымдарды шығармашылық тұрғыда алып қарастыруды қалыптастыру, пәннің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіріп, сол арқылы олардың әдеби-теориялық білімдерін тереңдету, қаламгерлер шығармашылығына қатысты әдебиеттанушылық-зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстыру, көркем туындының өмірге келуіне және сол шығарманың әдеби дамуға әсер ету жағдайлары, қаламгерлер шығармашылығының дара қырлары, бағыттары, олардың ерекшеліктері, қаламгерлер шығармаларының көркемдігі, өзіндік ерекшеліктері мәселелерімен таныстыру. Негізгі тақырыптар: Жазушы шығармашылық лабораториясы және суреткерлік ерекшелік, Жазушы шығармашылығы лабораториясы және шығармашылық психологиясы, Жазушы шығармашылығы лабораториясы және әдебиет тану, Жазушы шығармашылығы лабораториясы және көркем тіл, Жазушы шығармашылық даралығы және шығармашылық зертхана, Жазушы шығармашылық лабораториясы және көркем ырғақ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семасиологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму заңдылықтарын меңгертеді. Сөз және мағына, сөз және ұғым, мағына мен ұғым арақатынасы түсіндіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты: қазіргі қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін анықтап, оның құрылымдық белгілерін оқып игереді. Күрделенген сөйлемге қатысты қазіргі тіл біліміндегі зерттеу еңбектерімен танысып, даулы мәселелерге қатысты өзіндік пікір білдіруге дағдыланады. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы, жай және күрделенген сөйлемдердің граматикалық сипатын жан-жақты игереді. Күрделенген сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ерекшелігін айқындап, өзіндік ғылыми болжам жасауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму үдерістерін түсіндіру, көркемсөз өнеріндегі ұлттық идеяларды жалпы адамзаттық идеялармен ұштастыра келе қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін қарастырып, көркем шығармашылықтың даму заңдылықтарын заман, уақыт ұсынған әлеуметтік мәселелермен сабақтастырып қарастырып терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен қазіргі кезеңгі қазақ әдебиетінің даму үрдістері, байланыстары, жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, негізгі өкілдері, олардың танымал туындылары, әдеби бағыттар мен ағымдар, қазақтың тарихи прозасы, лирикалық проза, қазіргі қазақ лирикасы, қазақтың философиялық лирикасы, қазіргі қазақ поэмалары, қазіргі қазақ сатирасы, қазіргі қазақ романдары, қазіргі қазақ повестері, қазіргі қазақ әңгімелері, деректі проза, қазіргі қазақ драматургиясы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әдеби ағымдар мен бағыттар
    Несиелер: 4

    Әдебиеттің дамуын әдебиет тарихымен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін біледі. Әдебиеттанудың тағылымдық, көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін түсінеді. Әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың сыншы ғалымдардың еңбектерінде қолданылу ерекшелігін талдайды. Осы кезең сыншы ғалымдардың шығармаларын оқып, жинақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Емле және сөз сазы
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты – тіл мамандарына дұрыс сөйлеу, сауатты жазу ережелерін меңгертіп, тыныс белгілерінің қызметін, орнын анықтау. Тақырыптары: орфоэпиялық, орфографиялық нормалардың мәнін түсіндіру, сауатты жазуға үйрету, әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру т.б..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Лингвистикалық терминдер теориясы
    Несиелер: 5

    білім алушыларды әлем тіл білімінің негізгі терминдер жүйесімен таныстыра отырып, қазақ тілінің түрлі салаларындағы терминдердің қалыптасу тарихы, уәжділігі, қызметі мен жұмсалымы туралы ғылыми-теориялық түсінік беру. Тақырыптары: Термин және терминология туралы түсінік. Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы. Терминжасам, сөзжасамдық тәсілдердің термин жасаудағы көрінісі. Қазақ терминологиясының тарихи кезеңдері. Қазақ терминологиясындағы терминжасам қағидаттары. Терминография тарихы. Терминжасам үлгілері. Қазіргі қазақ терминологиясы және арнаулы лексика. Терминологияның билингвистикалық мәселелері т.б..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға мектепте қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, практикалық дағдысын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздері, қазақ әдебиеттану салаларын мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі, пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері, әлемдік педагогика ғылымындағы жаңа әдістемелер, білім берудің жаңа технологиялар, кәсіби біліктілік пен құзыреттіліктер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты: қазақ тілін оқыту үрдісін теориялық және тәжірибелік бағытта игертеді. Қазақ тілін оқытуда жаңартылған білім беру мазмұны бойынша меңгерту жолында қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру, беру жолдарын және осы негізде жаңа әдіс -тәсілдерді қолдануды үйретеді. Пәнді оқу кезеңінде игерген теориялық білімдерін практика барысында паайдалану дағдысын қалыптастырады. Қазақтың халықтық педагогикасын қазіргі әдістеменің іргелі зерттеулерімен ұштастырып, жетістіктеріне шолу жасалады. Пәнде білім алушыларды тілдік категорияларды сабақта меңгерту жолдарының ең тиімді және жаңашыл бағыттарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты: қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің тарихи дамуы мен қалыптасуын және теориясын меңгертеді. Курста көркем әдеби туындыларды жанрлық-тақырыптық ерекшеліктеріне байланысты оқыту зерделенеді. Қазақ әдебиетін оқытуды мұғалімнің жұмыс жоспарлары мен күнтізбелік тақырыптық жоспарларға талдау жасалынады. Білім алушыларды кәсіби маман ретінде дайындау барысында қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдістеменің жаңа бағыттарымен, әдіс-тәсілдермен таныстыру көзделеді. Кәсіби педагогтық құзыреттілігін арттыру жолдары игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • 3D технология және анимация жасау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – филологиялық білім мазмұнындағы пәндерді игеру мен оқытуда 3D модельдеу негіздерін зерделеуді үйрету. Білім алушылардың ғылыми-техникалық және шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, шығармашылық және дизайнерлік қабілеттерін шыңдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шетелдердегі қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуы, жанрлық, тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, оның өкілдері, зерттелуі туралы мәлімет беру. Негізгі тақырыптар: шетелдердегі қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері мен даму үрдісі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің зерттелуі және зерттеушілер, жанрлық, тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, шетелдердегі қазақ әдебиетінің негізгі өкілдері және олардың шығармашылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы мен диалектологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ұлт тілінің ең жоғары формасы әдеби тілінің даму жолын, нормалануын, тарихи кезеңдері бойынша түсініріп меңгерту, өзге де жалпыхалықтың тіл түрлерімен салыстыра қарап, ерекшеліктерін, тарихи арналарын ұғындыру. Негізгі тақырыптар: әдеби тіл ұғымы, сипаты, қоғамдық қызметі, әдеби тілің нормалары, әдеби тілдің көркем әдебиетпен, функционалдық стилдермен арақатынасы, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы және даму кезеңдері, ол жөніндегі көзқарастар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар, қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы дәуірлер, әдеби тілдің нормалануы мен стилдік тарамдалуы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шығыс әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Курстың негізгі мақсаты – студенттерді шығыс әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру. Шығыс әдебиетінің aca үздік туындыларымен таныстыра отырып, олардың бір - бірінің рухани мәдениетіне қосатын, толықтыратын, байытатын үлес салмағының жаңаша мазмұн- мәнін айқындап, орнықты сұранысқа жол сілтеу. Қазақ әдебиетінің өзге халықтар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білу. Қазақ әдебиетінің шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы рухани байланыстың нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асқанына кеңінен тоқталу және осы дәстүрдің даму жолдары мен қайнар бастауларын анықтау. Мазмұны: Көне Үнді, Қытай, Иран, Араб әдебиеттері тарихы, сондай-ақ жапон, түрік әдебиеттері мен шығыс классикасы әдебиеттері үлгілері талданып, мазмұны таныстырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ эмигранттық әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – ұлттық әдебиеттің үлкен шоғыры саналатын шет елдердегі қазақ әдебиетшілерінің шығармашылығымен таныстыру. Оның қалыптасуы, дамуы туралы түсінік беру. Пәнді игеру барысында білім алушылар Қытайдағы, Түркиядағы, Моңғолиядағы, Өзбекстандағы және тағы да басқа шет елдердегі қазақ әдебиетін қалыптастырушы диаспора өкілдерінің мәдени-рухани өмірімен танысып, шығармашылығы туралы мағұлмат ала алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдарын, бастау көздерін, ғылыми ұстанымдарын, басым бағыттарын, мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың мақсат-міндеттері мен әдістемелік жүйесін, қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесін, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдерісін меңгертіп, әдістемелік білім беру. Негізгі тақырыптар: Қазақ тілін оқыту әдістемесі-дербес ғылым саласы, қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері, ғылыми ұстанымдары, басым бағыттары, қазақ тілі бағдарламалары, оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендердің мазмұны мен жүйесі, қазақ тілін оқытуды оқу-танымдық үдеріс ретінде ұйымдастырудың жолдары, қазақ тілін оқыту барысында пәнішілік, пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері, сол арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, танымдық дүниесін байыту жолдары, қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдебиет және эстетика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты -білім алушы әдебиет пен эстетиканың дамуы және қалыптасу тарихын біледі. Эстетиканың қоғамдық сананың өзгеше түрі ретінде өнерді зерттейтін ғылыми пән екенін ұғынады. Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдерін оқып түсінеді. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясын, әдебиеттің барлық қырларын жан-жақты ашып, көрсететін құралдарды шығарма талдауда қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Құжаттама лингвистикасы
    Несиелер: 3

    Мемлекеттік тілде нормаға сәйкес іс-қағаздарды жүргізуді меңгереді, журналистика мамандығына қатысты қызметтік хаттар және олардың түрлерін ажыратуды үйренеді, ресми тіл-стилді сақтауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерге қазіргі заман тіл білімінің жаңа бағыттары мен салаларынан білім беру, жаңа лингвистикалық ойлау жүйесін дамыту. Пән қазіргі лингвистика проблемаларын айқындайтын функционалдық лингвистика, математикалық және статистикалық лингвистика, когнитивтік тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, нейролингвистика т.б. бағыттар мен салалардан терең филологиялық білім береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәтінмен жұмыстың филологиялық негіздері (мәтін құрау, редакциялау, аудару)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – білім алушы мәтінмен жұмыстың филологиялық негіздерін (мәтін құрау, редакциялау, аудару) меңгеріп, мәтін талдау саласымен жан-жақты танысып, мәтіннің тұлға-бірлігі, категориялары, байласымды жүзеге асыратын тілдік-амал тәсілдерді т.б. сондай-ақ қазақ, шет ел лингвистикасындағы ғалымдардың еңбектерімен, көзқарас-пікірлерімен танысып, осы сала бойынша теориялық және бекітуге арналған тапсырмаларды орындай отырып практикалық та жағынан біліммен қарулануы қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұрмағанбеттану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға ХІХ ғасыр әдебиетінің өкілі Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өмірі мен шығармашылығы, шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан игерту. Шығармаларының ұлттық таным сипаттарын меңгерте отырып, тақырыптық, идеялық қырларын меңгерту. Тұрмағанбетті зерттеуші ғалымдар мен сол кезең әдебиет өкілдерінің еңбектеріне талдау жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Академиялық жазылымның теориясы мен практикасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – білім алушылардың талдамалық мәтіндік қызметке байланысты құзыреттерін қалыптастыру, қарым-қатынастың мақсаттары мен шарттарына қатысты ойлау алу, тілдің экспрессивті қажетті бірліктерін талдай білуге байланысты лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Негізгі тақырыптар: академиялық жазылым және оның ерекшелігі, академиялық оқылым әрекеті, тақырып таңдау, ақпарат іздеу, жазылым үдерісі, сыни ойлау, мәліметтерге талдау жасау, кіріспені жазу, іс-қағаздарын жүргізу және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын, тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларымен байланысы туралы түсінік беріледі. Әдеби тіл нормаларына сай сөздердің қолданылуы, атап айтсақ, тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы) мен этика мәселелері (сөйлеу этикасының ережелері) және коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары) игертіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аударматану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- аударманың табиғаты мен маңызын ұғындыру, қазақ сөз өнеріндегі көркем аударманың дамуы мен зерттелуін меңгерту. Курста- қазақ қаламгерлерінің аударматанудағы ізденістері, көркем сөз өнерінің даму ерекшеліктері қарастырылады. Білім алушылар қаламгер шеберлігінің сырларын игереді, көркем шығарманы талдай біледі, сөз өнерінің дамуы ұлт мәдениетінің өрістеуімен байланысты екенін ұғынады, елдер арасындағы әдеби байланыстың алтын көпірі, рухани құндылықтар алмасудың қайнар көзі аударматану болып табылатынына көз жеткізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға қазақ тілі стилистика ғылымының дамуы, қалыптасуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін бере отырып, студенттерге лингвистикалық стилистиканың бағыттары және негізгі ұғымдары туралы, әсіресе функциональдық стильдер мен тіл ярустарының стилистикалық мүмкіндіктері туралы білім беру, кез келген мәтіннің қай стильге жататынын ажырата білуге үйрету. Негізгі тақырыптар: Стилистика және тіл мәдениетінің жалпы мәселелері, стилистиканың жаңа бағыттары, стилистика және жалпы халықтық тіл, мәтін туралы ғылыми көзқарастар, тіл мәдениеті туралы түсінік, лингвистикалық стилистиканың тіл білімінің басқа салаларымен арақатынасы, тіл мәдениеті және стилистикалық қателер, ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы, ғылыми стиль, терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар, публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі, тілдің фразеологиялық құралдарының стилистикалық қолданылысы, грамматикалық стилистика, құрмалас сөйлем стилистикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ономастиканың теорясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларға жалпы лексикология, оның ішінде, ономастика саласының мәні, өзге ғылымдармен байланысы, белгілі бір аймақтың топожүйесін, антропонимика, этнонимдер, жалқы есімдерге байланысты ерекшеліктерін қамти отырып, терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: ономастиканың зерттеу аспектілері мен құрылымы, зерттеу әдістері, өзге ғылымдармен байланысы, қазақ антропонимдердің әлеуметтік, линвомәдени мәндері, жалқы есімдер, тілдік қабаттар, топонимдерді мағынасына қарай топтастыру, өлке топонимдерінің семантикалық сипаты, космонимдер мен астронимдер, адамдардың тұрмыс-салтына байланысты туған топонимдер, жан-жануарлар, өсімдік әлеміне байланысты топонимдер жүйесін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып, қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық өзгерістердің рөлін, этимологиялық және этнолингвистикалық ерекшеліктерін, сөзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік, мағыналық өзгерістердің себебі мен салдарын, сөз және сөйлем құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде оқыту. Негізгі тақырыптар: қазақ халқының этногенездік құрамына сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктері, тіл дамуының негізгі кезеңдері, қазақ тілінің тарихына байланысты түркітану мен қазақ тіл біліміндегі зерттеулер, қазақ тілінің шығу тегі мен типологиялық белгілері, қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуы, фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктері, тарихи лексикология мәселелері, қазақ тілінің тарихи сөзжасамын, тарихи морфология мен тарихи синтаксис мәселелері, жалпытүркілік лексика мен қазақтың төл лексикасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Веб-бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Сайттарды серверге орналастыру және пайдаланушының қарым-қатынасына мүмкіндік беретін клиент тарапында орындалатын ActiveX, JavaScript, VBScript сияқты интерактивті технологиялар және сервер жағында орындалатын CGI, ASP, PHP, SSI технологиялары мен скриптілік программалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды жеке тіл білімі (Қазақ тіл білімі) бойынша алған білімдерін қорыта отырып, оның бастау көздері мен теориялық негіздерімен таныстыра отырып. әлемдік тіл білімінің проблемаларымен байланыстыру, жалпы тіл білімінің теориялық-әіснамалық мәселелерінен хабардар етіп, терең филологиялық білім беру. Негізгі тақырыптар: тіл білімінің теориялық мәселелері: тіл теориясының негізгі проблемалары, тіл білімінің бағыттары, оларың басқа ғылымдармен байланысы, лингвистикалық әдіс туралы ұғым, жалпы лингвистикалық және арнайы әдістер, тіл білімі тарихы: ежелгі заман тіл білімі, орта ғасыр тіл білімі, орта ғасырлық араб тіл білімі, қайта өркендеу дәуірі тіл білімі, ХVII-XIIX ғ.ғ. тіл біліміндегі ой-пікірлердің дамуы, XIX-ғасыр тіл білімі, XX-ғасыр лингвистикасы, қазіргі заман және қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы, жаңа бағыттары мен проблемалары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ терминологиясы мәселелері
    Несиелер: 5

    Тіл білімінің негізгі ұғымдар жүйесі және тілдік терминдер атап айтылып, анықталады. Тілдің құрылымдық, жүйелік, танымдық болмысы, мәні жайлы түсінікті қалыптастырады. Тіл білімінің ғылым ретінде танылуы, тіл білімінің ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы, тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы баяндап, талдау жасай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - тіл білімінің теориялық негіздерінен, негізгі ұғымдар жүйесінен, тілдің табиғаты, мәні, қоғамдық қызметі, тілдің құрылымы, қазіргі тіл ғылымының негізгі зерттеу бағыттары мен салаларынан филологиялық білім беру. Пәнді меңгергеннен кейін студент тіл ғылымы жайлы теориялық тұжырымдарға қатысты өз ойларын айта біледі, пікірлерін дәлелдей алады; тіл біліміндегі жалпы ортақ ұстанатын қағидаларды сипаттайды; тіл құрылымы туралы теориялық түсініктерді жіктейді және салыстырады. ХІХ-ХХ ғасырда тіл ғылымының дамуын, тіл теорияларының бастауын, бағыттарын, ұлтаралық тілдер байланысын жүйелейді. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдағы тіл ғылымы теорияларының арақатынасын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқыту мақсаты - төл және әлем әдебиеттері тарихынан білімі, белгілі дәрежеде әдеби- теориялық ұғымы бар соңғы курс білім алушыларының көркемдік-эстетикалық білімін жетілдіру, жаңа теориялық ұғымдармен, категориялармен толықтыру, әдебиет және өнер жайлы ой-пікірлермен, ғылымның тарихымен жан-жақты таныстыру, осылардың негізінде олардың әдеби-эстетикалық, теориялық танымын қалыптастыруға ықпал ету. Әдебиет теориясы пәнін меңгеру арқылы әдеби шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін жете түсінеді. - Негізгі тақырыптар: Әдебиет теориясы – ғылым. Әдебиеттегі «көркем образ» және «образдылық» мәселелері, Шығарма идеясы мен қаламгер дүниетанымының өзара бірлігі, Өнердегі типтілік мәселесі, Тақырып және идея, Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні, Композиция мен сюжет, мазмұн мен форма, Көркем шығарманың құрылысы, Әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері, Сюжет пен фабула, Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы, Әдебиеттің тегі мен түрлері, Эпикалық шығарма ерекшеліктері, Лирикалық шығарма ерекшеліктері, драмалық шығарма ерекшеліктері, Әдеби процесс-әдеби даму, Әдеби бағыттар мен ағымдар, Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жұмсалымды грамматика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - жұмсалымды грамматиканың бастау көздерін, грамматика теорияларының қалыптасуын, функционалды жəне құрылымдық грамматиканың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін меңгерту. Курсты оқыту барысында білім алушылар жұмсалымды грамматиканың функция, функционалды семантикалық өріс, категориялық жағдаят ұғымдарына түсінік ала отырып, қазақ тіл білімінде қарастырылған функционалды-семантикалық өрістер (аспектуальдылық, темпоральдылық, шақтық локальдылық/бейлокальдылық, таксис, модальдылық, жақтау (персональдылық), анықтық-танықтық, посессивтілік (меншіктік), болымдылық/болымсыздық, сан-мөлшер (квантативтілік), сын дəрежесі) туралы филологиялық білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әдеби даму заңдылықтары
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты: қазіргі қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары, қазіргі әдеби процестің қоғамдық сипаты меңгеріледі. Қазіргі әдеби үрдістегі тәуелсіздік тақырыбының ұлттық сипаты жаңаша бағамдалады. Қазіргі әдеби процестегі лирикалық және эпикалық туындыларға талдау жасалынады, драмалық шығармалардық әлеуметтік -көркемдік сипатын айқындайды. Білім алушылар әдебиеттану бойынша ғылыми болжам жасауға дағдыланады. Қазіргі қазақ әдебиеті әлемдік әдеби процесс аясында игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заманауи веб-технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - WEB сайттарды жобалау этаптары мен принциптерін игеру және мәселенің шешілу жолдарын программалық құралдар көмегімен анықтай білу; HTML тілімен танысып, кілттік сөздер мен тэгтердің қолданылу мақсаттары мен қызметін практикалық тұрғыда толық меңгеру; JavaScript сценарийлерін WEB сайт әзірлеуде тиімді пайдалануға үйрену; WEB сайттарды құру, оларды серверлерде жариялау мақсаттарында жаңа программалық құрылғыларды тиімді қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Конструктивті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім алушының танымдық, әкімшілік-басқару, әлеуметтік-еңбектік, арнайы-кәсіби, жоспарлау-ұйымдастыру, жобалық-конструктивті және ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мультимедиалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты – білім алушыларға компьютерлік желілер негіздерін үйрену, желілік және мультимедиалық технологияларды және оларды қолдануды түсіндіру. Заманауи мультимедиялық технологияларды пайдалану, игеру қабілеттерін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәтін синтаксисі
    Несиелер: 4

    Пән мақсаты – білім алушыларға құрылымдық синтаксис пен қатысым синтаксисінің негізгі тұлғасы мәтін туралы терең филологиялық білім беру. Тақырыптары: мәтіннің өзіндік белгілері, құрылымдық ерекшелігі, мәтін түрлері, олар жайындағы ғалымдар көзқарастары, сөйлеммен арақатынасы, күрделі синтаксистік тұтастық-мәтін негізгі тұлға екендігі, мәтіндегі сөйлемдер құрамындағы және семантикасындағы құбылыстар т.б..

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Веб-технология негіздері: сайттар, қосымшалар және интерфейстер
    Несиелер: 5

    Білім алушылар cандық қорды пайдалану негізінде ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытады, білім алу сатысында графикалық бейнелеу, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көпкөмегін тигізеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем аударманың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - көркем аударма теориясы мен практикасының ерекшелігін, құпияларын игеріп, шеберлік, аудармашы шеберлігі мәселелері сырын, көркем аудармадағы бейнелілік табиғатын талдауға үйрету, көркемөнер және көркем аударма теориясындағы аса өзекті мәселелерді зерттеуге баулу, көркем аударма өнеріндегі талдаудың жүйелілігі мен заңдылықтары,түрлері мен тәсілдері туралы білімдерін жинақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON8

    Филологиялық білімі бойынша алған теориялық және практикалық дағдыларын қорытынды аттестаттау барысында қолданады, өз көзқарасын білдіреді және дәлелдей алады.

  • Код ON6

    Қазақ әдебиетінің тарихи дәуірлеріндегі лирикалық, драмалық, прозалық шығармалармен танысады, көркем мәтінді теориялық және практикалық тұрғыдан талдайды. Шет елдік, эмигранттық және өңірлік әдебиеттің туындыларын зерделейді.

  • Код ON7

    Қазақ тіл мен әдебиетін жаңартылған білім мазмұнында оқытудың жаңа технологияларын біледі. Педагогикалық шеберліктерін ғылыми және кәсіби қызметінде қолдана алады.

  • Код ON5

    Қазақ тілінің фоно-морфологиялық, лексика-семантикалық, синтаксистік және стилистикалық нормалар жүйесіндегі тарихи өзгерістердің заңдылығын біледі, тіл біліміндегі жаңа ғылыми зерттеулерден хабардар болады, жаңа бағыттағы тіл білімі салаларымен танысады.

  • Код ON3

    Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудағы бұрыннан зерттеліп келе жатқан салалармен қоса жаңадан қалыптасқан ғылым салаларын теориялық тұрғыдан игере отрып отырып, алған білімдерін кәсіби деңгейде меңгеріп, қолданады.

  • Код ON1

    Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық ғылымдар бойынша алған білімдерін көшбасшылығы арқылы өмір қауіпсіздігі мәдениетінде және өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсетеді.

  • Код ON2

    Қазіргі ғылыми бағыттың дәстүрлі әдістерін қолдана отырып, лингвистика мен әдебиет теориясы мәселелерінің негізгі ұғымдары мен терминдерін қолдану тәжірибесін игереді және жинақтайды.

  • Код ON4

    Қазақтың әдеби және Алаштың тілдік мұрасын, Ахметтанудың жаңа қырларын, жазушының шығармашылық лабораториясын және қазақ жазу тарихы мен қолданбалы лингвистиканың әртүрлі салалары мен тарихын меңгереді.

Top