6B02336 Филология: қазақ филологиясы в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты «6В02336-Филология: қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының мақсаты: Тіл және әдебиет саласында жүйелі ойлауға қабілетті, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде коммуникативтік, филологиялық зерттеу дағдылары қалыптасқан, әлеуметтік ортаға бейім, цифрлық дағдыларды меңгерген мәдениетті, патриот көшбасшы маман даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл біліміне кіріспе және қолданбалы қазақ тілі
Пән тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты, тілдік бірліктер және тілдік классификациясы, тіл білімі салаларының өзіне тән белгілері мен жалпы тіл теориясы туралы білім қалыптастырады. Қазақ тілінің ғылыми негізін - дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылымы мен жүйесін қарастырады. Білімгер пәнді меңгеру барысында теориялық білімдерін мәтіндерді тілдік талдау жасауға қолданып, практикалық сабақтарда өзіндік пікір ұсынуға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Әдебиеттануға кіріспе және әдеби талдау
Пән әдебиеттанудың негізін, көркем мәтіндерді әдеби талдау мен түсіндіру принциптерін форма мен мазмұн бірлігінде қарастырады. Әдебиеттану ғылымындағы теориялық ұғымдар мен категорияларға қатысты ғылыми тұжырымдарды, көркем шығармалардың көркемдік құндылығын, идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық ерекшеліктерін меңгертеді. Білімгер туындыдағы өзекті мәселелерді ұлттық дүниетаныммен байланыста көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларын түсінуге, қазақ әдебиетінің тұжырымдамалық, теориялық негіздерін, даму тарихы мен қазіргі жағдайын талдауға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі ( А2)
Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құжаттық лингвистика
Қазақ тіліндегі құжат мәтіні, оның мазмұндық, тілдік, құрылымдық ерекшеліктері, ақпараттың мазмұнына қарай құжаттың жіктелуі пәннің негізгі мазмұны болып табылады. Пән іскерлік тіл және оның стилистикалық ерекшелігі, мемлекеттік акті, заң, ереже, халықаралық құжаттар тілінің стилі, ресми-іскерлік стильдің формальды логикалық стилін қарастырады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдануды меңгеріп, тиімді коммуникацияны жүзеге асыруға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы
Пән қазақ тілінің дыбыстық, сөздік құрамын талдап, ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын; фонетика мен лексикологияның жалпы ортақ мәселелерін, олардың даму тенденцияларын меңгертеді. Пәнді меңгеру барысында студент қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясының іргелі заңдары мен теориялары туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, білімдерін қолданып, компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы анықтамалық құрастыруға, лингвистикалық сараптама жасауға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Қаржылық сауаттылық
Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы қалыпта қарастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, тұрақтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен фольклоры
Пән халқымыздың ғасырлар бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды, ауызша нысанда көрсетілген туындылардың идеялық-көркемдік мәнін, фольклордың тарихы мен теориясын, халық өнері, олардың ішінде фольклордың алатын орны мен табиғатын, ауыз әдебиетінің туу, таралу-сақталу ерекшеліктерін оқытады. Білімгер ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттің даму процесімен байланысын зерттеуге, туындылардың идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін талдауға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
Пән қазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуір әдеби мұраларын ғылыми негізде сараптау қабілетін қалыптастырады. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірдегі, орта ғасыр және хандық дәуірлердегі әдеби мұралардың рухани, мәдени және көркемдік құндылықтарын, кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына тигізген ықпалын зерделейді, ежелгі және хандық дәуір әдебиетіне қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгертеді. Білімгер VІ-ХVІІІ ғасыр аралығындағы әдебиеттің құндылығын, даму тенденцияларын талдауда өзіндік пікір ұсынуға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Шетел әдебиеті
Пән әлемдік әдебиеттануға қатысты ғылыми тұжырымдарды меңгеріп, ғылыми-теориялық мәселелерді талдап, филология саласындағы жаңа бағыттар, жаңа ғылыми тұжырымдар туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Білімгер көркем мәтіннің философиялық, көркемдік табиғатын тануға, дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан зерделей алуға, әлемдік әдебиеттің даму процесін, әлемдік өркениетте үлесі бар туындылардың идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін тануға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Пәнде синтаксистік категориялар иерархиялық сипатта: сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксисті тұтастық, мәтін деңгейінде қарастырылып, шынайы болмыстағы қатынастардың сол категориялар арқылы объективтенуі сараланады. Сөйлем модельдерінің түпкі (базистік) құрылымды болу немесе трансформациялану себебінің түрлі коммуникативтік мақсаттарға байланысты екендігі практикалық жұмыстар негізінде айқындалады. Пән арқылы білімгер синтаксис ғылымының қазіргі даму заңдылықтарын анықтауға, сандық технологияларды қолдана отырып, ғылыми жоба, эссе дайындауға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Тілдік норма және орфография
Пән қазіргі қазақ жазуында қолданылатын қағидаттардың негізінде дыбыстардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді, бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесін, қазақ тіліндегі қосымшалардың кірме сөздерге жалғану ережелерін меңгертеді. Білімгер алған білімі негізінде болашақта ғылыми зерттеу жүргізуге, мәтінді редакциялауға, қолжазбаларды түзетуге; тілдің қолданыстағы мәнін, қазіргі даму заңдылықтарын анықтай алуға машықтанады. Ғылымдағы қазіргі орфографиялық түрлі көзқарастарды түсініп, өзіндік пікір ұсынуға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абай және адамгершілік ілімі
Пән Абай ілімі туралы түсінік және Абай ілімінің қайнар көздері, Абай ілімінің құрамдас бөлімдері, Абай ілімінің категориялары, Абай ілімінің өлшеу құралдары мен Абай ілімінің мәні мен маңызы жайында білім қалыптастырады. Білімгер Абай шығармаларының көркемдік құндылығын, идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін көрсетуге, адамгершілік құндылықтарын адам бойына орнықтыруда Абай көтерген өзекті мәселелерді ұлттық дүниетаныммен байланыстыруға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы
Пәнде қазіргі қазақ тілінің сөзжасам мен морфология саласының басты қағидалары сараланады; қазақ сөзжасамының негізгі тәсілдері арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық құрылымы, атау теориясы және уәждеме теориясы, морфологиялық құрылымы, сөз таптары, грамматикалық категориялары қарастырылады. Білімгер қазақ тіліндегі сөзжасамдық және морфологиялық жүйелердің ерекшеліктерін, қазіргі даму заңдылықтарын анықтауға; сөйлемдерді қазақ тілінің сөзжасамдық-морфологиялық құбылыстарына қарай тілдік талдауға, ғылыми жоба жазуға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 8
-
Қазақ тілінің стилистикасы
Пән қазақ тілі стилистикасының зерттеу нысаны, оларға тән ұғымдар мен категорияларды, стилистиканың теориялық негізін, стилистикалық норма ұстанымдарын, әр стильдің прагмастилистикалық ерекшеліктерін қарастырады, болашақ филолог-маманның стильдік дағдыларын қалыптастырады. Білімгер антропоөзектік парадигмада қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізуге; мәдени кеңістіктегі ұлттық тіл функцияларының коммуникативтік, әлеуметтік, прагматикалық, когнитивтік-ассоциативті маңыздылығын; стилистикалық коннотация түрлерін анықтауға, өзіндік ғылыми пікір ұсынуға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абайтану
Пән Абай және оның әдеби мектебін меңгертуді, Абайдың шығармашылық мұрасы мен қазіргі әдеби шығармалардағы дәстүр мен жаңашылдықты талдау мен бағалауды, абайтану ғылымының қалыптасу жолдарын, қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы орнын тереңінен танытуды мақсат етеді. Білімгер абайтануға қатысты ілімнің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, даму тарихын талдауға, пікір қалыптастыруға, абайтанудың өзекті мәселелерін зерттеуге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын тарихы
Пән әдеби туындының идеялық көркемдік құнын белгілеу, маңызын анықтау арқылы шығарманың бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетуге, оқыған шығарманың байыбына барып, оны дұрыс бағалауға, сын-пікір айтуға, ұлттық мүдде тұрғысынан талдауға, салыстыру арқылы көркем мәтінді интерпретациялауға, пәнді оқытуда цифрлық білім ресурстарын пайдалануға, топта креативтілік танытуға қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент өзіндік пікір ұсынуға, әдеби талдауға, зерттеу жұмыстарын жасауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік халықтарының әдебиеті
Пән түркі тілді әдебиеттердің жалпы даму заңдылықтарын, ортақ ұқсастықтарын, дәстүр жалғастығын саралауға; әдебиеттегі ортақ мотивтер мен сюжеттік желілерді, тақырыптық арналарын, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра зерттейді. Пән түркі халқы елдерінің әдебиетін ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі күнге шейін қамти оқытады. Студент туындыдағы өзекті мәселелерді ұлттық дүниетаныммен байланыста қарауға, көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларының әдеби аударма барысында сақталуын анықтауға, өзіндік ой-пікір айтуға машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Интернет лингвистикасы
Пәнді оқытуда ақпараттарды өңдеудің талдамалы негіздері; өз мамандық саласындағы ақпараттар ағыны; интернет-лингвистиканың лексикологиялық және лексикографиялық, фонетикалық, сөзжасамдық, семиотикалық ерекшеліктері; интернет-медиа тілі мен онлайн ресурстар тілі; интернеттегі тілдік қатысым, жаргон мен сленг; интернет-дискурс және мәдениетаралық коммуникацияның зерттелуі қарастырылады, практикалық талдау жұмыстары жүргізіледі. Білімгер тіл құрылымының қолданыстағы мәнін анықтауға, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ғылыми зерттеу жасауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1900-1990)
Пән кезең әдебиетіндегі тарихи сабақтастықты, шығармаларының басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын ұғындырып, тиянақталған зерттеу проблемаларын, әдеби, тарихи мәселелерін меңгертеді, сол кезеңдегі әдеби шығармалардың жанрлық- көркемдік ерекшеліктерін, тақырыптық-идеялық мазмұнын, мәселелерін зерттейді. Білімгер кезең әдебиетінде көтерілген өзекті мәселелерді ұлттық дүниетаныммен байланыста көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларын түсіне отырып әдеби талдауға, Wikipedia материалдарын өңдеуге, ғылыми зерттеу жүргізуге дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 11
-
XІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті және баспасөз тарихы
Пән XIX ғасыр әдебиетінің қоғамдық-тарихи жағдайы, даму бағыттары, көркемдік табиғаты мен қазақ баспасөзінің тарихын; әдеби ағымдар мен бағыттарды; жазба әдебиет өкілдері Абай, Ыбырай, Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын меңгертеді. Білімгер XІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздері, оның құндылығы, даму тарихы туралы өзіндік пікір ұсынуға, ғылыми зерттеу жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік лингвистика
Пән компьютерлендірудің лингвистикалық мәселелерін қарастырады. Пән мазмұны машиналық аударма жасау, автоматты түрде ақпарат іздеу, ауызша сөйлеудің транскрипциялық және бөгде тілден кірген сөздердің транслитерациялық жүйесін, арнайы лингвистикалық анықтамаларды құру тәрізді қазіргі заманғы практикалық мәселелерді қамтиды. Білімгер тіл құрылымының ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін анықтауға, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ғылыми-публицистикалық мақалалар, филологиялық сөздіктер, аналитикалық эссе, ғылыми жобалар дайындауға дағдыланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем аударманың теориясы мен практикасы
Пән көркем аударма теориясы мен практикасының ерекшелігін, құпияларын, аудармашы шеберлігі мәселелерінің сырын, көркем аудармадағы бейнелілік табиғатын меңгертеді. Білімгер көркемөнер және көркем аударма теориясындағы аса өзекті мәселелерді сандық технологияны қолдана отырып зерттеуге, көркем аударма өнерін талдаудың заңдылықтары туралы сараптама жасауға үйренеді, көркем аударма теориясы мен практикасына қатысты ғылыми тұжырымдарды түсініп, өзіндік пікір ұсына алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік лингвистика
Пән жалпы тіл білімі саласынан алған білімін дамыта отырып, тілдің әлеуметтік табиғатын және оның әлеуметтік функцияларын меңгертеді. Тілдің құрылымының барлық деңгейлеріндегі әлеуметтік дифференциация мәселелерін, ұлттық мәселені зерттеу жүргізуге үйретеді. Нәтижесінде білімгер ұлттық әдеби тілінің функционалдық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізуге, мәдени кеңістіктегі ұлттық тіл функцияларының коммуникативтік, әлеуметтік, прагматикалық маңыздылығын анықтауға, сандық технологияларды қолданып зерттеу жүргізуге машықтанады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Іскери корреспонденция тілі
Пән білімгерді адамдар арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға, регламенттелуіне, ұлттық және мәдени дәстүрлермен, кәсіби этикалық принциптермен анықталатын белгіленген шектеулерге бағынуға қалыптастырады. Білімгер мемлекеттік тілдің орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық нормаларын сақтай отырып, әр түрлі стильдер мен жанрлардың ауызша, жазбаша мәтіндерін жасауға және коммуникативтік әрекетті құру стратегиясын және тактикасын игеруге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің семантикасы
Пән сөздің лексикалық мағынасын, лексикалық мағынаның құрылымын және онын баска да тілдік құбылыстарға карым-қатынасын жан-жақты меңгертуді мақсат етеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде білімгер тіл құрылымының ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін, қазіргі даму заңдылықтарын, тіл бірліктерінің мағыналық, құрылымдық жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен сөз мағынасының түрлерін талдауға машықтанады, білімін қолдана алады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденциялары
Пәннің негізгі мазмұнын қазіргі әдеби үрдістегі ағымдар мен бағыттар, бүгінгі әлем және ұлттық әдебиеттегі жанрлық, көркемдік даму тенденциялары құрайды. Пәнді игере отырып, студенттер бүгінгі әдебиеттегі реалистік, романтикалық, фантастикалық, діни мистикалық мазмұндағы туындылардың көркемдік-эстетикалық қырларын таниды. Нәтижесінде білімгер ғасырлар тоғысындағы қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденцияларын ұлттық дүниетаныммен байланыста қарап, өзіндік тұжырымдар ұсынады. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму тенденцияларын, жаңа тұжырымдамалық және теориялық негіздерін талдап, пікір айта алуға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімінің негіздері
Пән тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы, тіл туралы ғылымның өткен тарихы, қазіргі күйі, негізгі бағыт-бағдары, ғылым алдында тұрған басты-басты өзекті мәселелерін, лингвистиканың бағыты аясында жаңа теорияларды, әлем мәдениеті тарихындағы тіл білімінің рөлін, жалғастық және жаңашылдық жайындағы ұғымдарды меңгертеді. Білімгер тіл құрылымының ішкі генетика-семантикалық мағынасы мен қолданыстағы мәнін, қазіргі даму заңдылықтарын түсініп, интернет ресурстарын талдай отырып зерттеу жүргізуге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәтін лингвистикасы мен теориясы
Пән әдебиет стилистикасы және лингвостилистика, автор және оқырман стилистикасы, мәтін, оның типтері, байланысы, көркем мәтіннің санаттары, оның лексика-фразеологиялық қабаты, интертекстуалды байланыстар, тілдік тұлға құзыреті, мәтіндегі троптар мен фигуралар туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер терең пәндік білімді көрсетіп, көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасауға, түсіндіру және синтездеу дағдыларын қолданып, тәжірибеде кәсіби міндеттерді шешуге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдеби аударма әдістері
Пән аударманың табиғаты мен маңызын, қазақ сөз өнеріндегі көркем аударманың дамуы мен зерттелуін меңгертеді. Білім алушылар қаламгер шеберлігінің сырларын, сөз өнерінің дамуы ұлт мәдениетінің өрістеуімен байланысты екенін ұғынады, әдеби байланыстың қайнар көзі әдеби аударма болып табылатынына көз жеткізеді, көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларының әдеби аударма барысында сақталуын сараптауды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілінің тарихы
Пән мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің тұтас тарихы, оның белгілі бір кезеңдердегі статикалық қалпы мен динамикасы, қазақтың әдеби тілін танытатын үлгілер мен олардың тілдік-көркемдік белгілері, жазба ескерткіштердің тілі, функционалдық стильдердің пайда болып, әрі қарай дамуын және жеке қаламгерлердің үлесін қарастырады. Білімгер тілдің құрылымдық мәнін түсініп, тілдік ресурстарға талдау жасауға, қазақ әдеби тілінің тарихы туралы өзіндік пікір ұсынуға дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тіл және дискурс
Пәнде студенттер рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным, шешендік сөздердің танымдық табиғаты, тілдік құралдар, әдеби тілдегі орны туралы білімін дамыта отырып, сөйленіс, мәтін көлемі, шешендік сөздер мәтінінің мазмұнын ашатын элементтер бірлігі, мәтіннің құрылым тұтастығы, құрылым жүйесіндегі көркемдік ерекшеліктері мәселелеріне ғылыми зерттеу жүргізуге үйренеді, лингвистикалық сараптаудың түрлі әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік дәуір
Пәнде тәуелсіздік жылдары жазылып жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің шығармашылық ізденістерін, проза жанрының таырыптық дамуы туралы, драматургияның, поэзияның дамуына қатысты ілгері зерттеулер мен еңбектер оқытылады. Пәнді оқу барысында студент тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеттану ғылымының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, даму тарихын талдап, пікір қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиет теориясы
Пән сөз өнерінің табиғатын, әдебиеттану ғылымының әдістері мен методологиясын қарастырады, Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер әдебиеттануға байланысты ұғымдар мен терминдерді, ғылыми қағидалар мен ережелерді меңгереді. Әдеби шығармалардың рухани-эстетикалық құндылықтары мен заңдылықтарын, жанрлық және көркемдік жіктелімдерін, стильдік, көркемдік, эстетикалық сапасын, сюжет және композициялық тұрғыдан үндестігін, типологиялық ерекшеліктерін меңгеріп, көркем шығарманы талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы және жазу тарихы
Пән тілдің барлық салаларының даму заңдылықтары мен өзгеру бағыттарын, қазақ тілінің өзіне тән жүйелік ерекшеліктері, зерттеу нысанын, қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері мен тәсілдері және тарихи өзгерістер мен теориялық құбылыстарының тіл тарихына тигізген әсерін қазақ жазу тарихымен бірлікте қарастырады. Білімгер қазақ мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлерінің онтогенездік дамуы мен заңдылықтарын тұжырымдауға, сөздердің тарихын талдауға, зерттеуге дағдыланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Әдебиеттегі ағымдар мен бағыттар
Пән әлем әдебиеті тарихындағы әдеби ағымдар, қазақ әдебиеттану ғылымындағы ағымдардың зерттелуі мен өзіндік ерекшеліктері, даму тарихы және сөз өнеріндегі көрінісі, ықпалы т.б. сияқты мәселелерді оқытады. Әдебиеттегі ұстанымдарды ажырата алады, жеке талдай біледі. Әдебиеттануға қатысты ғылыми тұжырымдарды, филология саласындағы жаңа бағыттардың ұстанымдарын түсініп, өзіндік пікір ұсынады
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
- Заманауи әдістер мен сандық бағдарламаларды қолданып, ғылыми зерттеулер жүргізеді
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Әдеби шығарманың идеялық-эстетикалық деңгейі мен мазмұндық әлеуетін, туындыдағы өзекті мәселелердің ұлттық дүниетаныммен байланыстылығын, көркем сананың эстетикалық заңдары мен формаларын түсініп, олардың әдеби аударма барысында сақталуын сараптайды
- Мәнмәтіндердегі тіл бірліктерінің қызметін, стилистикалық коннотация түрлерін, түрлі тілдік және стилистикалық нормалардың ауытқуларын анықтап, мәтіндерді редакциялайды.
- Тіл құрылымының ішкі генетика-семантикалық мағынасын, қолданыстағы мәнін және қазіргі даму заңдылықтарын анықтайды.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Әдебиеттануға, тіл біліміне қатысты ғылыми тұжырымдарды және филология саласындағы жаңа бағыттардың ұстанымдарын түсініп, ғылыми зерттеулерінде өзіндік пікір ұсынады
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
- Қазақ тілінің тарихы, сөздердің шығу тегі мен эволюциясы, грамматикалық және лингвистикалық өзгерістер туралы білімді меңгеріп, зерттеуде тілдік талдау жасайды
- Антропоөзектік парадигмада қазақ ұлттық әдеби тілінің функционалдық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, мәдени кеңістіктегі ұлттық тіл функцияларының коммуникативтік, әлеуметтік, прагматикалық, когнитивтік-ассоциативті маңыздылығын анықтай отырып, іскерлік этикет дағдысын қалыптастырады.