Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04141 Менеджмент в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Менеджмент және басқару саласында кешенді шешімдер қабылдауға қабілетті, ғылыми-зерттеу дағдылары мен заманауи кәсіби басқарушы құзыретіне ие, нарықтың өзгермелі талаптарына бейімделгіш, жеке дара және командада жұмыс істей алатын жоғары білікті кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • ЖОО-дағы білім беру процесінің принциптері мен заңдылықтарын сақтап, практикалық тәжірибе мен зерттеу нәтижелерін шығармашылықпен түрлендіре отырып, шығармашылық атмосфера қалыптастыратындай, педагогикалық қызметте талап етілетін оқытудың технологиясы мен интерактивті әдістерін және жеке қасиеттерін меңгерген.
  • Корпоративтік басқару жүйесінің тетіктерін және сауда саясатын, фирманың бағдарламалық және стратегиялық нормативтік-құқықтық актілерін біле отырып, қаржы ағындарын басқаруда фирма қызметінің нәтижелерінің көрсеткіштері мен стратегиялық индикаторларын айқындап, корпоративтік мәдениет құру және сауда саласында бизнес жүргізу дағдыларын көрсетеді.
  • Цифрлық экономиканың ерекшеліктерін және оның даму жолдарын бағалауға және талдауға, ақпараттық жүйелердің озық әдістерін, технологияларын, құралдары мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кәсіпорынды цифрлық трансформациялау стратегиясын әзірлеуге қабілетті.
  • Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық білімнің негіздерін, ғылым дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын пайдалана отырып, білім беру жүйесін жаңғырту бағыттарын талдай отырып, жалпы ғылыми сөйлеу мен ауызша коммуникация дағдыларын қолдана отырып, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі тәрбиелеуге, аналитикалық және жүйелі ойлауға қабілетті.
  • HR көрсеткіштерін ескере отырып, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын бағалауға, нормативтік құқықтық актілерді, персоналға қажеттілікті жоспарлау және болжау әдістерді қолдана отырып, қызметкерлерді қолдау және ынталандыру тәсілдерін қолдануға, іскерлік этика негіздерін және персоналды басқару әдістері негізінде персоналды басқаруға және ұйымның адам ресурстарын басқару жүйесін талдауға қабілетті.
  • Стратегиялық менеджмент саласындағы заманауи даму тенденциялары мен озық халықаралық технологияларды біле отырып, бизнес процестерді жобалап енгізірп, бәсекелестік артықшылық көздерін және тиісті көрсеткіштерді анықтаай ала отырып, әртүрлі кезеңдерге бюджетті жоспарлап, стартегиялық талдау әдістерін қолданып тиімді бизнес-стратегияны әзірлейді.
  • Менеджменттегі өзекті зерттеу міндеттерін анықтай отырып, ақпаратты талдау және синтездеу үшін ғылыми зерттеу әдістемесін қолданады, , әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, тәуелсіз тұжырымдарды ауызша және жазбаша түрде баяндайды және дәлелдейді.
  • Ресурстарды пайдалану процесіне уақтылы түзетулер енгізіп және өндірістік қуаттар мен кадр ресурстарының сипаттамасын, өнімді өндіру технологиясын біле отырып, компанияның капитал жеткіліктілігінің, өтімділігі мен кредит қабілеттілігінің сенімді параметрлерін қамтамасыз етуде стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау үшін компанияның ресурстарын тиімді пайдалана алады.
  • Фирманың мүдделерін білдіріп, қорғау үшін мемлекеттік қызмет стандарттарын, өзара әрекеттесу процедураларын және іскерлік кездесулер мен хат алмасу хаттамаларын біле отырып заңды тұлғалармен мәмілелер мен операциялар жасауда, міндеттемелерді орындау мерзімдерін сақтай отырып келісімшарттық қатынастарды құқықтық қолдауды және фирма қабылдаған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Логистикалық шығындарды басқару жүйесін және логистикалық интеграция формаларын, сапа менеджменті жүйесінің талаптары мен принциптерін біле отырып, жаңа технологияларды бағалау, инновациялық шешімдерді әзірлеу және оларды енгізуді ұйымдастыру, жаңа өнімді жасау кезінде логистика тұжырымдамасын, нормативтік, әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқару құжаттамасын сақтау арқылы кәсіпорынның логистикалық стратегиясын, стратегиялық жоспарларын әзірлеу және іске асыруға қабілетті.
  • Жобаны басқару негіздерін, өндіріс, жабдықтау, сақтау, сату, тасымалдау технологиясының негіздерін, логистикалық шығындарды басқару жүйесін біле отырып, кәсіпорынның қажеттіліктерін талдау және болжау, пессимистік, базалық және оптимистік сценарийлерді ескеріп, инвестициялық көрсеткіштерді салыстыру, басқарушылық есеп принциптерін және кәсіпорынның бюджеттік процесін сақтау және тәуекел менеджментінің әдістерін қолдану арқылы бизнес-жоспарлар мен инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуге қабілетті.
Top