Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04126 Бизнес әкімшілік в Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық Бизнес Университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ұйымдарды басқару саласында қолданылатын ақпаратты жинаудың, сақтаудың және өңдеудің (редакциялаудың) ақпараттық-коммуникативтік әдістерін меңгеру; өзінің кәсіби құзыреті саласында заманауи ақпараттық-цифрлық технологияларды тиімді пайдалана білу.
  • Өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау және соның негізінде жеке өсу жолдарын белгілеу және артықшылықтарды дамыту және кемшіліктерді жою құралдарын таңдау
  • Саясаттану, әлеуметтану, философия, психология және т.б. ғылымның гуманитарлық салаларында алған білімдерін тәжірибеде қолдану.
  • Қоғамдық және жеке ұйымдарға әсерін бағалау үшін қоғамдағы макро және микро деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен процестерді талдау
  • Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде құжат айналымын жүргізу, ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияларды сауатты құру, бастапқы дереккөздерді зерделеу негізінде ғылыми мәтіндер мен мақалалар жазу.
  • Алынған білім мен дағдыларды бизнестің функционалдық салаларында қолдану, соның ішінде: өндіріс, маркетинг, логистика, менеджмент.
  • Өз бизнесін ұйымдастыру (соның ішінде Start-up-тар) және заманауи технологияларды қолдана отырып, кәсіпкерлік қызметті жүргізу.
  • Ұйымның қызметін бағалау және болжау үшін қаржылық талдаудың, есепке алудың, инвестициялық жобаларды бағалаудың, өндірістік шығындарды есептеу мен талдаудың сандық және сапалық құралдары мен әдістерін қолдану.
Top