6B07153 Электр энергетикасы в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну үшін жағдай жасауға бағытталған технологиялар, құралдар, тәсілдер мен әдістері жиынтығын құруға қабілетті маманды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B062 Электр техникасы және энергетика
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Физика I
Физика I пәні механиканың негізгі заңдары мен принциптерін, молекулалық физика, термодинамика, атомдық және ядролық физика идеялары мен әдістерін, сонымен қатар тербелістер мен толқындық процестер теориясының негізгі түсініктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер классикалық және заманауи физиканың негізгі заңдарын, принциптерін және әдістерін игере отырып, алған білімдерін әр-түрлі қолданбалы есептерді шешуде қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математика І
Пәннің мақсаты - студенттердің математикалық талдаудың негізгі әдістерін, аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра элементтерін меңгеру. Логикалық ойлауды дамыту және жоғарғы математиканың абстрактілі ұғымдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде жоғары математика әдістерін қолдана білу, алынған сандық нәтижелерді сапалы интерпретациялау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика ІI
"Математика II" пәнін оқытудың мақсаты - студенттердің іргелі математикалық дайындық деңгейін көтеру, студенттерді көп айнымалылы фунциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеуі, метрикалық кеңістіктердің элементтері, жай дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістері мен тәсілдері, логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту, теориялық және практикалық есептерді шешуге қажетті математикалық аппараттың негіздерімен таныстыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Физика IІ
Физика ІІ пәні заттың құрылымы мен қасиеттері туралы ілімнің элементтерін,электрондық құрылғылыр (аз токтық және күштік электроника) және оларда өтетін физикалық құбылыстар мен процесстердіжан-жақты қарастырады.Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар заманауи физикалық құрылғылардың жұмыс принципін, ондағы өтетін процесстердің физикасын терең меңгере отырып, алған білімдерін өзінің кәсіби қызметінде қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пән мақсаты - мамандықтың кәсіби салалары мен түрлерін (жобалық-конструкторлық, өндірістік-технологиялық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық, монтажды-жөндеу, серсивтік-эксплуатациялық қызмет) қарастыру, энергетика жайлы негізгі ұғымдарды қалыптастыру, оның қазіргі заманғы қоғамдағы мәнін, даму тарихын түсіндіру. Энергетиканың барлық бөлімдері жайлы негізгі мәліметтер және олардың өзара байланысын, энергетикалық жүйелер мен оларда болатын түрлену процестерін, электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну, энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу қағидалары мен құрылысын, энергетиканың қазіргі кездегі деңгейі мен болашақта даму бағыттарын қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр қондырғыларындағы қауіпсіздік
Пәннің негізгі мақсаты электрмагниттік өрістен қорғауды, адамға электр тогының әсерін, адам денесінің электр тогына қарсылығын, адамның электр желісіне жанасу сұлбаларын, жанасу кернеуін және қадамдық кернеуді, электр қондырғыларының жіктелуін, электр тогымен зақымданудан техникалық қорғау шараларын, электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын, электр персоналға қойылатын талаптарды, электр қондырғыларына жедел қызмет көрсету және тексеру, электр қондырғыларында жұмыс жүргізудің тәртібі мен шарттарын, ұйымдастыру іс-шараларын, электрмагниттік өрістен, алғашқы көмек электр тогынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді оқып үйретеді
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Электроника І
Пән электроникада қолданылатын аспаптар мен сұлбалардың негізгі типтерін, электрондық басқару жүйелеріндегі сигналдарды өңдеуге арналған сызықты, импульстік және цифрлық құрылғылардың әрекет ету принципі мен ерекшеліктерін бақылайды, нәтижесінде электр жетегінде және автоматикада қолданылатын түзеткіштердің диагностика жүйелерін жобалайды. Инверторлардың және автоматика жүйелерінің басқада түрлендіргіштерінің әрекет ету принципі мен ерекшеліктерінің ауыстыру сұлбаларын орындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр техникасының теориялық негіздері І
Пән электр тізбектері элементтерін, олардың сипаттамаларын , тұрақты, синусоидалды және синусоидалды емес ток тізбектерінің теориясының есептерін шешеді, нәтижесінде екі полюсті және көп полюсті элементтері бар сызықты тізбектерді талдау әдістерін зерттейді. Үшфазалы тізбектердің негізгі ұғымдарын, анықтамаларын және есептеулерді орындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электротехникалық материалтану
Пәнде электр техникалық материалдардың классификациясы, олардың басқа факторлардың әсерінен пайда болатын және электр магниттік өрісіндегі күйі, материалдардың атомды-кристалды құрылысы, сыртқы факторлардың әсерінен материалдардың құрылысы мен қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары оқытылады. Материалдардың электрлік сипаттамалары, диэлектрлік материалдардың физикалық процестері, электр техникалық материалдардың классификациясы жəне негізгі қасиеттері, электр энергетикалық және электр техникалық құрылғыларында электр техникалық материалдарды қолданудың негізгі принциптері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Электроника ІІ
Пән жартылай өткізгіш аспаптардың құрылғылары мен физикалық негіздері, олардың сипаттамалары мен параметрлері, сондай-ақ аналогты электрондық схемаларды, сигнал генераторларын құрудың негізгі принциптері сұлбаларын орындайды, нәтижесінде жартылай өткізгіш аспаптардың құрылысы, дифференциалды және операциялық күшейткіштердің ерекшеліктері мен негізгі параметрлері электроника негіздерінің жұмысын бақылайды. Электрондық компоненттердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі электрондық сұлбаларда физикалық құбылыстарды зерттеу және талдау жұмычтарын жүргізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Электр техникасының теориялық негіздері ІI
Пән тізбектердегі жалпы өтпелі процестерді, қалыптасқан және өтпелі режимдерді есептеу әдістерін зерттейді, нәтижесінде тұрақты және айнымалы токтың сызықты және сызықты емес электрмагниттік тізбектерінің сипаттамасын, электр және магнит өрісі, айнымалы электрмагниттік өрістерді есептеу жолдарын таңдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жылу техникасы және жылу энергетикасының негіздері
Пәннің мақсаты өнеркәсіптік және жылутехнологиялық өндірісте энергия пайдалану жолдарын, ел экономикасының негізгі салаларының жылуэнергетикалық жүйелерін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуін, жылуэнергетикалық қондырғылардың жіктелуін, жылуэнергетикалық қондырғылардың жұмыс принциптерін және энергетикалық сипаттамаларын қарастырады. Жылу техникалық өндірістердің энергетикалық ресурстарын пайдалану, жылумен жабдықтау режимдері мен кестелерін құру принциптерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр аппараттары және өлшеу техникасы
Пәннің негізгі мақсаты студенттерді электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну кезінде қолданылатын электр аппараттарының жіктелуімен, олардың конструкциясымен, сипаттамаларымен және негізгі параметрлерімен, әрекет ету принципімен, таңдау жағдайларымен, сондай-ақ қарапайым сынау принциптерімен таныстыру мақсатын қояды. Пән сондай-ақ негізгі өлшеу құрылғыларымен: қалқанды, ақпаратты беру функциясы бар өлшеу құралдарымен, көпфункционалды өлшеу аспаптарымен, қазіргі заманғы өлшеу трансформаторларымен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергетикалық жүйелерді релелік қорғау негіздері
Пән қазіргі заманғы релелік қорғаныс техникасының теориялық негіздері мен талаптарын, релелік қорғаныс схемаларын құру принциптерін, олардың жұмыс ерекшеліктерін және параметрлерін таңдауды үйретеді. Релелік қорғанысты дамытудың қазіргі заманғы және перспективалық бағыттарын, негізгі проблемалары туралы мәліметтерді, релелік қорғаныс элементтерінің қызметін, қорғаныс түрлерін, схемаларын, жұмыс істеу принциптерін, электромагниттік және электрлік апаттық режимдерінде жұмыс істеу тәсілдерін, тұтынушылардың жүктемесіне сай құрылғылар таңдауды және оларға қойылатын талаптарды қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қайта жаңаратын энергия көздерін пайдалану
Пән жаңартылатын энергия көздерін, оларды елдің жалпы энергия теңгерімінде пайдалануды, энергияны ЖЭК технологияларында түрлендіру принциптерін оқып үйренуді мақсат етеді. Жаңартылатын энергия көздері түрлерінің алуан түрлілігі, қазіргі уақытта және перспективада олардың әлеуеті, пайдалану процесінде осындай энергия қондырғыларының негізгі элементтерінің жұмыс жағдайлары, ЖЭК негізінде энергия қондырғылары жүйелерінің жұмысын басқару ұйымдарының құрылымы, ЖЭК технологиясының қоршаған ортаға және экологияға әсері зерделенеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергетикасындағы компьютерлік желілер технологиялары
Пәннің мақсаты – есептеу желілерін құрастыру концепцияларын, желілік архитектура және басқару жүйелеріндегі желі жұмысы мен негізгі типтерін, компьютерлік желілердің негізгі топологиясын және аппараттық компоненттерін, деректерді беру ортасына кіру әдістерін оқытады. Жергілікті желілердің базалық технологиялары бойынша білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станциялары
Пәннің мақсаты электрлік стансасы түрлерін, электр стансасы және қосалқы станса аппараттарының құрылысын, негізгі параметрлерін, тарату құрылғылардың электрлік сызбалары және құрылымдарын, электр энергиясын өндірудің технологиялық процестерін үйретеді. Сонымен қатар, электрлік қондырғылардың есептеме әдістерін, электр стансалары мен қосалқы стансалардың жаңартылған сұлба элементтерін, электр стансалары мен қосалқы стансалардағы автоматты басқару жүйесін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стандарттау негіздері
Пәннің мақсаты стандарттаудың негізгі ұғымдары, құрылуы, әдістері, объектілері, стандарттаудың теориялық негіздері мен стандарттау объектілерін,стандарттарды әзірлеу, бекіту, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарттар, Мемлекетаралық стандарттау, Халықаралық және аймақтық стандарттау туралы, ИСО стандарттарын және шет елдердің ұлттық стандарттарын, ғылыми -техникалық, инженерлік қауымдар және басқа қауымдық ұжымдардың стандарттарын, стандарттаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр машиналары
Пәннің мақсаты электр машиналарының және генераторлардың сипаттамаларын, жұмыс атқару принциптерін, конструкциясын, функционалды құрылымын, жұмысқа қосу режимдерін және орамдардың жалғану түрлерін, тәсілдерін, тұрақты, айнымалы ток электр машиналарын, электр қондырғыларының қуат коэффициентін жоғарылататын электр машиналарының жұмысы мен құрылысын, сонымен қатар синхронды және асинхронды машиналардың және генераторлардың сипаттамаларын, энергияның түрленулерін, жұмыс атқару принциптерін, жұмысқа қосу режимдерін, электр және механикалық энергия түрлендіру жолдарын, номинальды көрсеткіштерін, эквиваленті алмастыру электр сұлбаларының параметрлерін, құрылысы мен қолдану аймағын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтары
Пән студенттердің келесі мәселелер бойынша білім алуын көздейді: электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары, синхронды генераторларды қоздыру, синхронды генераторлар мен трансформаторлардың кернеуін реттеу жүйелері, автотрансформаторлардың негізгі жұмыс режимдері, электр қондырғыларындағы қысқа тұйықталулар, ток өткізгіштер мен коммутациялық жабдықтар, Электр станциялары мен қосалқы станциялардағы өлшеу жүйелері, электр станциялары мен қосалқы станциялардың схемалары, өз қажеттіліктерін тұтынушылар.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электрмен жабдықтау
Пән энергияны өндіру, беру және тарату негіздерін, электр энергиясын тұтынушылардың сипаттамаларын, жүйелердің сенімділігіне қойылатын талаптарды, коммутация және қорғаныс құралдарын, жабдықты таңдауды зерттеуді мақсат етеді. Кернеудің әртүрлі деңгейлеріндегі электр жүктемелерін есептеу принциптері;реактивті қуатты өтеу әдістері, күш және өлшеу трансформаторларын таңдау, бір сызықты схемаларды құру негіздері зерттеледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғарғы кернеулі техника
Пәннің мақсаты жоғары кернеулі қондырғыларының типтерін, құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, оқшауламалары, найзағайлық және ішкі асқын кернеулер, электрлік реактор қондырғыларын номинальды керенуіне байланысты таңдау жолдары және электр жүйесі элементтерін қорғау, техникалық жүйелерді жобалау кезеңдерін, принциптерін, әдістерін білуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр жетегі
Пәннің мақсаты электр жетегінің типтері, механикалық сипаттамалары қарастырылады. Электр қозғалтқышын жүргізу, тежеу, реверстеу процестерін басқарады. Электр жетектерінің бұрыштық жылдамдығын реттеу жолдары және схемалары бойынша оның тиімді жұмыс режимін таңдауды, жұмыс машинасының орындаушы органдарын қозғалысқа ендіру принциптерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр жабдығын және жоғары кернеулі электр қондырғыларын оқшаулау
Пәннің мақсаты – газ тәрізді, сұйық және қатты диэлектриктердегі электр разрядын, жоғары вольтты оқшаулауды бақылау және сынау әдістерін, электр өрістерінің конфигурациясын және жоғары кернеудің электр жабдықтарын оқшаулау әсерін, айнымалы және тұрақты токтың жоғары кернеулерін алуға арналған қондырғылардың жұмыс принциптерін зерттеу. Оқшаулаудың алдын алу кезінде жұмыс жүргізуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электр желілері мен жүйелері
Пәннің мақсаты электр энергетикалық жүйелер мен желілерінің құрылымы мен элементтерін, сипаттамаларын, электрлік жүктемелерін, электр желілерінің энергия мен қуат шығындарын есептеудің тәжірибелік әдістерін үйретеді. Сонымен бірге өндірісті сыртқы және ішкі электрмен жабдықтаудың схемаларын, электр қабылдағыштарын категорияларға бөлу, электр тораптарын есептеу және тұтынушыларды сапалы электрмен қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Электр энергетикасындағы өтпелі процестер
Пән энергетикалық жүйе режимінің әртүрлі ауытқулары бар өтпелі процестердің физикалық негіздері, электромеханикалық және электромагниттік өтпелі процестерді есептеу әдістері саласындағы базалық білімді үйретеді. Электрэнергетикалық жүйенің статикалық және динамикалық тұрақтылығы және оны жақсарту жолдары туралы, энергетикалық жүйелердің тұрақтылығын арттырудың өтпелі процестері туралы білімдерін қарастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖЭК электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану
Пән электр және монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздерімен, жаңартылатын энергия көздерінің электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану тәсілдері мен кезеңдерімен, нақты инженерлік-техникалық міндеттерді шешу үшін қабылдау-тапсыру құжаттамасын жүргізуін үйретеді. Студенттерді электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр техникалық жабдықтарын монтаждау, жөндеуді ұйымдастыру және орындау тәсілдерімен, кабельді және әуе желілерін монтаждау, жөндеу технологиясымен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергиясын тасымалдау және тарату
Пәннің мақсаты энергия тасымалдау жүйелеріндегі электр энергиясын өндіруін, тасымалдау әдістерін, электр қондырғылардың типтерін, құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, релелік қорғаныс элементтерінің жалғану схемасы, жұмыс істеу принциптерін, техникалық сипаттамаларын, түрлендіру жолдарын, автоматтандыру технологияларының талапқа сай жұмыспен қамтамасыз ету жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу
Пәннің мақсаты электр станцияларының электр жабдықтарын монтаждау мен іске қосу және жөндеу жұмыстары мен эксплуатациялау, электр қозғалтқыштарын, тарату құрылғыларын, әуе және кабельдік электр желілерін, электрмен жарықтандыру және тарату құрылғыларын құрастыру дағдыларын оқытады. Электр станцияларының электр қондырғыларына күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, электр жабдықтарының желілерін эксплутациялау, жөндеу және монтаждау жұмыстарын, монтаждаудың ұйымдық және техникалық сұрақтарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр желілеріндегі режимдерді есептеу
Пәннің мақсаты – электр желілері мен жүйелерінің режимдерін есептеу және талдау теориясын, оларды есептеу және оңтайландыру әдістері саласындағы білімді меңгерту. Электр режимдерін есептеу технологиясын, бастапқы деректерді анықтау әдістерін, электр жүйелерінің әртүрлі режимдерін есептеу алгоритмін зерттейді. Электр энергетикасы жүйелеріндегі перспективалық, ағымдағы және авариялық режимдерді есептеу және талдау, есептеу модельдерін қалыптастырады. Электр желілері мен жүйелерінің режимдерін есептеуде RastrWin және PSCAD бағдарламаларын қолдануды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр желілері мен жүйелерін жобалау
Пәннің мақсаты – электр желілері мен жүйелерін құрылымын жобалау және визуализациялау бойынша білімді қалыптастыру. Электр желілері мен жүйелері компоненттерінің негізгі сипаттамаларын және оларды жергілікті жерге орналастыру ерекшеліктерін, даму нұсқаларының техникалық-экономикалық негіздемесін, жұмыс режимдерін есептеу және реактивті қуат пен кернеу режимін оңтайландыру әдістерін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
Пәнде электрмен жабдықтау жүйелеріне қойылатын талаптарды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуат жүктемелерінің әртүрлі кезеңдеріндегі электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау принциптерін, жарықтандыру қондырғыларын электрмен жабдықтауды, цехтық трансформаторлардың санын, қуатын және орналасуын таңдауды, сыртқы және ішкі электрмен жабдықтау схемалары, электрлік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, электр жабдықтарын монтаждау әдістері мен кезеңдері, қабылдау-тапсыру құжаттамасын ресімдеуін үйретеді. Нақты инженерлік-техникалық есептерді шешу үшін алған білімдерін қалыптастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрмеханикалық энергия түрлендіргіштер
Пәнде энергияны электромеханикалық түрлендірудің әртүрлі жүйелерінің құрылымы, сипаттамалары және жұмыс режимдері оқытылады. Параметрлерді, статикалық және динамикалық сипаттамаларын есептеу әдістері, әртүрлі мақсаттағы электромеханикалық түрлендіргіш элементтерін таңдау қарастырылады. Теориялық білім күшті зертханалық практикуммен бекітіледі. Өңделген әдістемелерді қолдана отырып заманауи стендтер жетекші әлемдік өндірушілердің қозғалтқыштары мен түрлендіргіштерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларын жобалау
Пәннің мақсаты – әр түрлі электр станцияларын жобалау жұмыстарының мазмұнымен және оларды құрастырудың негізгі принциптерімен, станцияның бас схемасын және тарату құрылғыларының схемаларын құрумен, қысқа тұйықталу токтарын шектеу әдістерімен, жабдықтар мен ток өткізгіш бөліктерді таңдау, тексеру әдістемесімен, станциялардың, тарату құрылғыларының өз мұқтаждықтарын электрмен жабдықтауды жобалаумен және қабылданатын шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Баламалы және жаңартылатын электр қондырғыларының теориялық негіздері
Пәннің мақсаты энергия көздерінің жел, күн сәулесінің, геотермальды жер асты суының, биомасса энергияларын электр энергиясына түрлендіру әдістерін,жаңғыртылатын энергия көздеріне негізделген энергетикалық жүйелердегі қондырғылардың құрылымын, энергия үнемдеу технологияларын, гелио энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу тәртібін және оның модельдеу тәсілдерін, дербес тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың тиімді жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ЖЭК қолдана отырып, шағын электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау
Пәннің мақсаты – электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау жұмыстарының мазмұнымен және оларды құрастырудың негізгі принциптерін, жұмыс құжаттамасын жүргізуді, жобалау жұмыстарын ұйымдастыру технологиясын, электр станциялары мен тарату құрылғыларының коммутациялық және қорғаныс электр жабдықтарын таңдауды, жаңартылатын энергетика қондырғыларының жобаларын және энергия үнемдеу жобаларын іске асырудың экономикалық тиімділігін бағалау және оңтайландыру әдістерін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электронды түрлендіргіш техника
Пәннің мақсаты электрондық схемалардың технологияларын, жұмыс істеу сенімділігі мен үнемділігін, электронды элементтердің мөлшерін, көрсеткіштері мен олардың технологиялық үрдістерімен біртұтас кешені интегралды схемаларын, интегралды схемалардың негізгі артықшылықтарын, қорек көзінен аз қуатты тұтынатындығы, сенімділігінің өте жоғарылығы және тез әсер етуін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станциялары мен қосалқы станциялар
Пәннің мақсаты электрлік стансасы түрлерін, электр стансасы және қосалқы станса аппараттарының құрылысын, негізгі параметрлерін, тарату құрылғылардың электрлік сызбалары және құрылымдарын, электр энергиясын өндірудің технологиялық процестерін үйретеді. Сонымен қатар, электрлік қондырғылардың есептеме әдістерін, электр стансалары мен қосалқы стансалардың жаңартылған сұлба элементтерін, электр стансалары мен қосалқы стансалардағы автоматты басқару жүйесін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңартылатын энергия көздерін кешенді бағалау
Пән метеостанциялардағы желдің жылдамдығын бақылау материалдарын пайдалану тәртібі мен тәсілдері, автономды жел электр қондырғыларын орналастыру кезінде жергілікті жел туралы ақпаратты пайдалануды оқытады. Жел, күн режимдерінің белгілі сипаттамалары кезінде электр қондырғыларының пайдалану көрсеткіштерін бағалау әдістерін, гелиоэнергетикалық ресурстарды есептеу әдістерін, ЖЭК қолданудың техникалық-экономикалық негіздемесін үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жарықтандыру технологиясы және жобалау
Пәннің мақсаты жарық мөлшері, сәулелі энергия, олардың физика-химиялық қасиеттері туралы, жарық ағынының таралуы, жарық көздері мен жасанды жарықтандыру, жарықтандыру қондырғысын мөлшерлеу және оның түрлері мен сапасын, тағайындалуы бойынша қондырғылардың топтарға бөлінуін, жасанды жарықтандыруды есептеу жолдарын, өндірістік ғимараттардың ішкі жарықтандыруын жобалау және есептеу, жарықтандыру жүктемелерін есептеу, жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлігін жобалауды қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Трансформаторларды жобалау және құрастыру
Пәннің мақсаты трансформатордың түрлері мен құрылымын, элементтерінің және трансформатордың жұмыс режимдерін, трансформаторға қажетті материалдарды таңдау мен оны дайындау технологиясын, трансформатор орамдары және жалғану топтарын, қорғаныс аппараттарының орналасуын, салқындату жүйесі элементтерін монтаждауды, апаттық асқын жүктемеге трансформаторларды сынау және жобалауды қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өнеркәсіптік кәсіпорындар объектілеріндегі және олардың инфрақұрылымындағы энергия үнемдеу технологиялары
Пән энергоресурстарды үнемдеу, үдерістің шығуында өнім сапасын жақсарту үшін түрлендіргіштерді бірлесіп пайдалана отырып технологиялық процестерді жүргізу тәсілдерін үйретеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелерін, отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн, өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйелеріндегі техникалық-экономикалық есептеулерін, ашық және жабық тарату құрылғыларын құрастыруларын, арнайы электр қабылдағыштарды электрмен жабдықтау ерекшеліктерін, ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғаудың арттыру жолдарын қарастырады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электрмен жабдықтау жүйелерінде электр жабдықтарын монтаждау, баптау және пайдалану
Пән электр жабыдықтарын монтаждау,баптау және падалану мәселелерін, іске қосу-реттеу жұмыстарын дайындау, ұйымдастыру және жоспарлау мәселелерін, трансформаторларды, ажыратқыштарды, айырғыштарды, электр машиналарын монтаждау технологиясының ерекшеліктерін, тарату электр желілері мен жарықтандыру қондырғыларын монтаждау негіздерін қарастырады. Негізгі пайдалану техникалық құжаттамасы зерделенеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр станцияларының электр жабдықтарын пайдалану
Пән электр станциялары мен қосалқы стансаларының негізгі және қосалқы электр жабдықтарының (ЭСжҚС) тағайындалуы мен конструкцияларымен таныстырады. ЭСжҚС электр жабдығын пайдалану ерекшеліктерін, профилактикалық қызмет көрсетуді жоспарлауды, электр жабдығын техникалық тексеру және жөндеу стандарттарын, электр жабдықтарын алдын алу және диагностикалау әдістерін оқытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Электр энергетикасындағы SCADA жүйесін құру негіздері
Пән SCADA жүйелерінің заманауи компоненттері, жұмыс істеу принципі талдайды, нәтижесінде SCADA жүйелерінің бағдарламалық-аппараттық кешендерінің жұмысын бақылайды. SCADA жүйелерінің басқаруымен жұмыс істейтін контроллерлер мен атқарушы құрылғыларды қолданып технологиялық процестерді автоматты және автоматтандырылған басқарудың тиімді жүйелерін құру әдістерін әзірлейді. Басқару жүйелерінің функцияларын жүзеге асыруға өндірістік контроллерлерді бағдарламалау; заманауи техникалық құралдар мен технологиялық SCADA жүйелеріне негізделген басқару жүйелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Өндірістік электроника
Пәннің мақсаты электроникада қолданылатын аспаптар мен сұлбалардың негізгі типтерін, электрондық басқару жүйелеріндегі сигналдарды өңдеуге арналған сызықты, импульстік және цифрлық құрылғылардың әрекет ету принципі мен ерекшеліктерін, электр жетегінде, электр энергетикасында қолданылатын түзеткіштердің, инверторлардың және электр энергиясының басқа да түрлендіргіштерінің әрекет ету принципі мен ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Электртехникалық өлшеу құралдарын, автоматты басқару жүйелерін, электронды аспаптардың сипаттамаларын, релелік қорғаныс және микропроцессорлық кешендердің автоматикасының базасында есептерді шешеді.
- Өндіріс орындарын электрмен жабдықтауда, жарықтандыру жүйелерін жобалауда электр техникалық қондырғыларын таңдап, қалыпты және апаттық режимдерін талдайды.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шет тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынас жасайды.
- Электр машиналарының параметрлерін, автоматтандырылған электр жетектерінің элементтерін таңдайды.
- Математика және физика саласында алған базалық білімдерін жинақтайды және жетілдіреді, оларды кәсіби қызметті ұйымдастыруда көрсетеді.
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін және академиялық адалдық принциптерін қолданады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
- Электр станцияларының, кәсіпорындардың электр желілері мен жабдықтау жүйелерінің электр техникалық жабдықтарына монтаждық және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
- Жаңғыртылатын энергия көздері негізінде электр станциялары мен энергетикалық кешендердің электр қондырғыларының элементтерін таңдайды.
- Компьютерлік желілерде жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып, заманауи компьютерлік, ақпараттық технологияларды, цифрлық техниканы және электр энергетикасындағы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланады.
- Электр энергетикасы объектілері жұмысының тиімді өндірістік-технологиялық режимдерін анықтайды.