Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01485 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады.
  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Дене шынықтыру және әскери білім қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады.
  • Оқу-тәрбие жұмысының заманауи формалары мен әдістерін қолданып, дене шынықтыру және әскери-патриотық жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолданады және сабақ өткізеді.
  • Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық пәндерінен оқушыларды оқыту және дамыту бағдарламаларын, әдістемесін әзірлейді.
  • Білім алушылардың жеке қабілеттерін ескеріп, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындықты оқытудың жоспарларын жасайды.
  • Ғылыми- педагогикалық зерттеулерді жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгере отырып, зерттеу жұмыстарын қорытындылайды.
Top